1.Бүгінгі күнімізді бір-бірімізге жақсы тілектер айтудан бастайық. Балалардың назарын сабаққа аудару. 2. Жаңа сабақ -Балалар бір аптада неше күн бар санайық: Дүйсенбі, сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі, жұма,сенбі,жексенбі. -Неше күн екен? Яғни, жеті күн бар екен. Біздің ата-бабаларымыз жеті атасын білу міндет! – деген. Қане, кім біледі екен? Жеті атамыз: 1.Ата 2.Әке 3.Бала 4.Немере 5.Шөбере 6.Шөпшек 7.Немене. Барлық жерде «жеті саны» жиі кездеседі ия балалар? Мысалы жеті ата, жеті шелпек, жеті күн, жеті қазына. Олай болса тыңдаңдар: Балалар біздің қазақ халқы жеті санын « қасиетті, киелі сан» -деп есептейді. 3.Ертегі оқу. Арыстан барлық аңдарды жинап кімнің күшті, ақылды, епті екенін білгісі келеді.Барлық аңдар өз пікірлерін айтып, ең күшті ақылды деп арыстанды айтады.Бірақ ит үндемейді.Оған арыстан сен неге үндемейсің депті,ит оған ең ақылды, қайратты-адам депті.Арыстан оған ашуланады.Ит осылай аңдардан бөлініпті.Содан бері ит адамның досы, серігі, қорғаушысы болыпты. 4.Сөздік жұмысын жүргізу: Мадақтау-біреудің жақсы қасиетін мақтап ,көкке көтеру ,дәріптеу. Аластау-біреуді ығыстыру,қуып тастау. Жағымпаздана-жағыну,жарамсақтану,жалбақтау 5.Сурет бойынша жеті қазына туралы мағлұмат беру. Қазақ халқы жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады. 1.Жүйрік ат-қанаты. 2.Құмай тазысы- абыройын асырар сенімді серігі. 3.Қыран бүркіт-қуаты. 4. Берен мылтық- қақарлы оты. 5.Қақпан- серті. 6.Майланғыш ау- әдіс айласы. 7. Өткір кездік-сұсы. Қазақ халқы жеті қазынаны жеті ырыс деп те атайды. 6.Сергіту сәті: Сәл тынығып алдық, сабақты жалғастырамыз. 7.Ертегіні сахналау: Арыстан,түлкі, қасқыр,ит 8.Жеті саны туралы мақал-мәтел: 1.Ақылды адам айтқызбай біледі. Қыран қаққызбай іледі. 2.Жеті атасын білмеген жетесіз. 9. «Адасқан сандарды ретімен орналастыр» ойыны. Шарты: -Балаларға тақтаға ілінген сандардың орынын тапқызу. |