Ортасы 20минут | ІІ Жаңа сабақ: Әрбір адам- досым, сыныптасым Әрбір ісің- тіршілік, адамдық. Әрбір сабақ үйрену, оқу, іздену Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық Жұмбақ жасыру Жаңа өтілетін әріпті жұмбақ жасыру арқылы таптыру Басында үшкір істігі бар, Өзіне лайық тон пішкен, Секіріп тастан түскен. (Ешкі) Қалғиған қос құлақты, Теңбiл түрi көрiктi, Мекен жерi бұлақты, Бiлемiсiң… (Елiктi) - Оқушылар осы жауаптар қандай дыбыстан басталып тұр? - Ендеше бәріміз Е деп айтып көрейікші - Е дыбысы қалай айтылады? - Созылып айтылады 2) Е е дыбысы туралы түсінік беру Е е дыбысы дауысты дыбыс. Себебі ол созылып, тоқтамай айтылады. Е е дыбысын айтқанда дауысымыз жіңішкеріп стіледі. Е е дыбысы ерін арқылы айтылады. Сонықтан қысаң дауысты дыбыс. Е е дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында айтылады. Мысалы, емен деген сөзде е дыбысы сөздің басында және ортасында естіліп тұр. Немере деген сөзде е дыбысы сөздің ортасында және соңында естіліп тұр. 3) Е е дыбысының жазылуымен таныстыру Е дыбысының бас әрпі 2 тармақтан тұрады. Бірінші тармағы жолдың үстінде жарты шеңбер тәрізді оңға қарай салынады. Екінші тармағы жолдың үстінде жарты шеңбер тәрізді оңға қарап салынады: Е Кіші әрпі толықтай жолдың ішінде салынады: е V. Оқулықпен жұмыс Мақсаты: оқулықтағы сөздерді тұтас, буындап оқуға жаттықтыруды жалғастыру, әңгіме құрастыруға дағдыландыру, неше? Сұрағын қоюға үйрету ІІІ. Түсінгенін тексеру: 1) Оқулықтағы суретпен жұмыс Бұл суреттерге сөйлем құрау арқылы оқушылар ойын толық жеткізуге дағдыланады. Сөйлемді толықтай құрап үйренеді. Мысалы: Емен орманда өседі. Емен- үлкен ағаш. Ерді жылқыға мінгенде қолданады. Ол теріден жасалады. 2) Сөздерді оқыту Оқулықтағы қара түспен ерекшеленіп берілген сөздерді буындап оқыту: Е мен, е ден, не ме ре, не ме не, ел, ер, жел, жер, бел, бес - Сөздерде Е е дыбысы қай жерде естіліп тұр? - Сөздің басында, ортасында, соңында келеді. - Е е дыбысы нешінші буындарда кездеседі? - Сөздің барлық буындарында - 1 буында сөздерді таптыру: ел, ер, жел, жер, бел, бес - Олар неге бір буынды сөздер деп аталады? - Себебі, бұл сөздерде тек бір ғана дауысты дыбыс бар 3) Мәтінмен жұмыс - «Емен» мәтінін оқып беру - Емен ағашы туралы пысықтап сұрау: ағаш, мықты - Еменнен не жасалады? Парталар, түрлі бұйымдар 4) Неше? Нешеу? Сұрақтарымен таныстыру - Неше? Нешеу? Сұрақтары заттардың санын білдіреді. Мысалы, үш, төрт, екі Неше? Нешеу? - Бес белбеу - Белбеу – бесеу - Алты ер - Ер алтау ІV.Жаңа сабақты бекіту: - Бүгін қандай дыбыс және әріппен таныстық? - Е е әрпі және дыбысы - Е е дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? - Мысал келтірту - 2 – 3 оқушыны тақтаға шығартып, немере, еден сөздерін жаздыртып, дыбыстық талдау жасату Немере – 6 дыбыс, 6 әріп, 3 буын - Пысықтау сұрағы: Неге үш буынға бөлінеді? Еден – 4 дыбыс, 4 әріп, 2 буын - Пысықтау сұрағы: неге 2 буынға бөлінеді? | Гг әрпі, жазылу үлгісі, атауында «г»дыбысы бар заттардың суреттері |