kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Е баспа әрпімен танысу"

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Мектепалды даярлық «Қуыршақ» тобындағы ұйымдастырылған

оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 06.01.2020                                                                                                                                 Тәрбиеші: Абенова М.К.

Білім беру саласы: Коммуникация                                                                                                                                   Пән: Сауат ашу                                                                                                                                                                    Өтпелі тақырып: «Қыс қызығы»                                                                                                                                                Тақырыбы: Е баспа әрпімен танысу.

  Тәрбиелік: Балаларды адамгершілікке, ізеттілікке, білім алуға тәрбиелеу;                                                                                                                                                                   - Дамытушылық: Ойын арқылы балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, оқуға, жазуға қызығушылықтары мен ынта-талаптарын арттыру, ой қозғау, әңгіме құру арқылы сөздік қорын молайту.                                                                                                                                            -Оқыту: «Е» дыбысы және әрпі жайлы түсініктер қалыптастыру.

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы,дамыту,денсаулық

Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер, Е әріпі                                                                                                      Билингвалдық компонент:

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Е баспа әрпімен танысу"»



Мектепалды даярлық «Қуыршақ» тобындағы ұйымдастырылған

оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 06.01.2020 Тәрбиеші: Абенова М.К.

Білім беру саласы: Коммуникация Пән: Сауат ашу Өтпелі тақырып: «Қыс қызығы» Тақырыбы: Е баспа әрпімен танысу.

Тәрбиелік: Балаларды адамгершілікке, ізеттілікке, білім алуға тәрбиелеу; - Дамытушылық: Ойын арқылы балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, оқуға, жазуға қызығушылықтары мен ынта-талаптарын арттыру, ой қозғау, әңгіме құру арқылы сөздік қорын молайту. -Оқыту: «Е» дыбысы және әрпі жайлы түсініктер қалыптастыру.

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы,дамыту,денсаулық

Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер, Е әріпі Билингвалдық компонент:

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезеңі

Балаларға проблемалық сұрақтар беру;

-Балалар,сендер «қыс» деген сөзді естігенде қандай сөз айтқыларың келеді?

-Неге?

-Дұрыс,қыс мезгіліне байланысты сөз айтқыларың келеді.

-Қандай сөзді үнемі қолданасыңдар?

«Қар»сөзін естігенде көз алдарыңа нені елестете аласыңдар?

(аппақ,қар,мұз,салқын,жылтырайды)

-Күртік қарды нағыз қарды қолданбай-ақ қалай жасауға болады?

-Қандай заттар бізге көмектеседі. (қағаз,мата) Қиылған қар бүршіктерінен қар үйіндісін жасау.

-Балалар қар жауғанда ең әдемі қандай қысқы құбылыс болады?

-Ол қалай аталады?

-Қар жауғаннан кейін қандай жерлерді қар басады?(жер,ағаш,үй төбелерін)

ІІ. Негізгі бөлім.
Жаздың әсем күнінде емен ағашы жайқала өсіп тұрды. Бір күні еменнің көлеңкесіне ешкі келіп аяңдайды. Ешкі шаршаған, қарны ашқан аш еді

-Е-е-е-е-мен, сені жұрт көп мақтайды, мықты ағаш деп. Кәне, мықтылығыңды көрсетші,-деп жапырағына жармаспақшы болды.

-Е-е-е-еш-кі-деді емен. Ешкі екеніңді ісіңнен-ақ білдім.

-Балалар, ешкіге еменнің жапырағын жегізіп қоямыз ба?

-Ендеше еменге көмектесейік. Өсіп тұрған ағаш қалай аталады екен?

Біліп жүріңдер !

Балалар емен ағашына үш-төрт адам тұрып құшақтағандағы құлашы әзер жетеді. Оның діңі сондай жуан болады екен. Емен 1000 жылға дейін жасайды. 80 жылда биіктейді. Ол суда шірімейді,  сондықтан көпір салғанда, кеме, вагондарды емен ағашынан жасайды екен. Біз отырған парталар да емен ағашынан жасалады. Сонымен қатар емен ағашының емдік қасиеті да бар. Емен жаңғағынан крахмал, спирт дайындайды. Шеберлер неше түрлі бұйымдар жасайды. Ал енді балалар осы емен ағашының да жаңғақтары болады екен. Оны орысша желудь дейді. Біздер қазір осы емен жаңғағын жинау арқылы емен ағашына көмектесеміз.

Ойын: « Жаңғақ жинау»Әр жаңғақтың астында сұрақ бар

  1. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

  2. Дыбыс дегеніміз не?

  3. Әріп дегеніміз не?

  4. Дауысты дыбыстар деп неге атаймыз?

  5. Дауыссыз дыбыстарға не кедергі келтіреді?

  6. Ендеше, емен, ешкі сөздері қандай дыбыстан басталып тұр?.

  • Міне біз еменге көмектестік.Сендерге үлкен рахмет айтып емен ағашы өз жаңғақтарын сыйлады. Ағаштарға осылай үнемі қамқор боп жүріңдер!

Білімімізді әрі қарай жалғастырайық. Бүгінгі сабағымызды ой қозғау тапсырмасы арқылы анықтап, қандай дыбыспен танысатындарыңды білетін боласыңдар. Мына тақтаға назар аударайық! Тақтада сөздер жазылады

( етік, жер, бес, ел, ер, жел, кесе, емен, есен) осы сөздерден қандай дыбысты көп естідіңдер! Тақтадағы сөздердегі «Е» әрпінің астын сызып көрсетемін. Сонымен бүгінгі өтетін «Е» дыбысы мен әрпі.

-Дұрыс, енді е дыбысын айтып көрейік.(айнаға қарап,айтқызу)

Е дыбысын артикуляциясына сай дұрыс дыбыстатып, қайталау.

Сергіту жаттығуы:

  Әліппе әні

Е-МЕН, Е-ДЕН, Е-ЛІК, КЕ-СЕ бұл сөздерде Е дыбысы қалай естіледі? Е әндетіп, еш кедергісіз, ұзақ айтылса оны дауысты дыбыс дейміз. Сендер білесіңдер дауысты дыбыстар жуан және жіңішке болып бөлінеді. Дауысты дыбыстар қандай түспен белгіленеді?

 Жуан дауысты дыбыстарға – А, О, Ы, Ұ.

 Жіңішке дауысты дыбыстарға бүгінгі өткен Е дыбысын жатқызамыз.

 -Е дыбысын қай үйге кіргіземіз?

Жұмбақ

Келесі жұмбақты тыңдаңдар

Қанаты жоқ – ұшады,

 Аяғы жоқ – қашады. (Жел)

  • Жел  сөзіне дыбыстық талдау жасату. Жетелеуші сұрақтар арқылы сөздегі жалпы дыбыс санын,оның ішіндегі дауысты,дауыссыз дыбыстарды санатады.

Келесі жұмбақты тыңдаңдар

Оқу-бiлiм аспабы,

Қоймасының бас қабы.

Бөлмесi де бiрнешеу,

Тиегi бар ашпалы.   (Сөмке)

Ал осы сөздерде е дыбысы қай жерде естіледі?

Басында,ортасында,аяғында

  • Осы сөздерді буынға бөлейік, қанша буын бар екен! (Е-МЕН, Е-ДЕН, ЕР,ЕЛ, ЖЕР)

  • Дөңгелекшелер арқылы дыбыстық талдау жасау.

Дидактикалық ойын: «Дыбыстың орнын тап»

Балаларға қорапшадан  графикалық сөзді және бір тау тасты алу ұсынылады.

  • Қазір мен сөз айтамын,егер сөз е дыбысысынан басталса тасты  сөздің бас жағына қоясыңдар.,егер е ортасында естілсе ортасына ,ал е дыбысымен аяқталса, соңғы жағына қоясыңдар. 

  • Сөздер: Елік,жер,мен,ет,етік, төре,сөре,есек.

 Оқулықтағы тапсырмаларды тақтада көрсетіліп тұр. (суреттерді атайды) Е әрпі сөздің басында, ортасында және соңында кездеседі екен.

Дәптермен жұмыс

 Балалар Е дыбысының жазылуына қарайық. Үлкен Е дыбысының бас әрпінің баспа түрі 4 элементтен тұрады, ал кіші е дыбысы 2 элементтен тұрады. 

  1. Ауада көрсету

  2. тақтаға жазып көрсету

. Ал, балалар қолдарына қалам алып ауаға жазыңдар. Енді оқулығымызға Е әрпін жазыңдар!. 5 мин

Ал енді балалар ой қозғау тапсырмасы арқылы мына ребусты шешейік (кесе, кеше).

Жаңылтпаш жаттайық:

Шеше,шеше!Неше кесе сынды кеше

Сөйлем құрайды (Самат, кесеңді ал).                            ?

 Е дыбысына байланысты «Тез ойла, сөз ойла» ойынын ойнайық. (Жұлдызша беріледі, кім көп жұлдыз жинаса сол жеңіске жетеді І,ІІ.ІІІорын)

 -Сабақты қорытындылау: е дыбысынан буындар құрау

ІІІ. Қорытынды.

-Е дыбысы қандай дыбыс ?

 -Е дыбысы жуан дауысты ма, әлде жіңішке дауысты дыбыс ма?

 -Е дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?

 -Е дыбысы бар сөздерді атайықшы?




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Е баспа әрпімен танысу"

Автор: Абенова Мирамкуль Каппасовна

Дата: 02.03.2020

Номер свидетельства: 541681

Похожие файлы

object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Гг дыбысы мен әрпімен танысы"
    ["seo_title"] => string(30) "ggh_dybysy_mien_rpimien_tanysy"
    ["file_id"] => string(6) "451942"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1516707417"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Ш дыбысы ж?не ?рпі."
    ["seo_title"] => string(16) "shdybysyzhnierpi"
    ["file_id"] => string(6) "283678"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453873501"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Шш дыбысы және әрпі. 26 – бет"
    ["seo_title"] => string(30) "shsh_dybysy_zh_nie_rpi_26_biet"
    ["file_id"] => string(6) "371656"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1482222551"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) ""ж дыбысы мен ?рпі""
    ["seo_title"] => string(20) "zh-dybysy-mien-rpi-2"
    ["file_id"] => string(6) "252266"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447348551"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Б ?рпі мен дыбысы "
    ["seo_title"] => string(17) "b-rpi-mien-dybysy"
    ["file_id"] => string(6) "207612"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430563160"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства