Ұйымдастыру - іздестіру | Кіріспе әңгіме. -Балалар,бүгін бізде ерекше сабақ болады. Менің сендерге жасыратын жұмбағым бар,сендер оны дұрыс әрі жылдам табуға тырысыңдар. Қар мұз еріп, су көбейіп, Сай салаға толады. Бүршік жарып, жарық ашып, Гүл бәйшешек басады Бұл қай мезгіл? - қанеки кімнің ойы жүйрік? Өте жақсы, көктем мезгілі. Көктем мезгілінде неше ай бар? Кәне, кім айтып береді?
Тәрбиеші: Ал енді орнымызға отырайық. Есік қағылып, Дымбілмес келеді. Оу, сәлеметсіңдер ме, балалар! Ал, бұл жерде не болып жатыр? Тәрбиеші: Біздің балаларымыз мектепке барады, солардың білімдерің тексеріп отырмыз. Мен де мектепке барушы едім, досым Білгішбек менің білімімді байқау үшін маған мына бір дискіні беріп еді, бірақ та мен ештеңе ұқпадым, мында бір суреттер мен жазулар бар,онда не жазылғанын, қандай сурет, кітап екенін білмей-ақ қойдым. Соны маған түсіндіріп беріңдерші. Балалар, көмек көрсетеміз бе? қанеки Дымбілмес сен маған дискіңды беріп,өзің төрге шығып отыр. Жарайды мен ендеше жайғасайын. Тәрбиеші теледидарға қосады. Балалар біз Дымбілмеске барлығын түсіндіріп берейікші.
1 тапсырма Бұл дискінің бірінші тапсырмасы жұмбақ жасырыпты. Соны таба аласыңдар ма балалар? Жеті бауыр туыспыз Атымыз өзге демесең, Жұмған жұдырық уыспыз. (Апта күндері) Ал, бір аптада неше күн балалар? Апта күндерін атап беріңдерші? Біз балабақшаға неше күн келеміз? Неше күн демаламыз? 2. Логикалық тапсырма: Ойын: «Кім шапшаң?» Логикалық сұрақтар беріліпті мұхият тыңдаймыз. 1.Екі мысықтың аяғы нешеу? 2.Екі киттің құйрығы нешеу? 3.Үш бұрыштың неше бұрышы бар? 4.Бағдаршамда неше көз? 5.Аспанда неше күн бар? 6.Адамда неше көз бар? 7.Кемпірқосақ неше түстен тұрады? 8.Саған жаным, күнім, ботам, құлыншағым дейтін кім? 9.Дөңгелектің неше бұрышы бар? 3 Тапсырма: «Тура және кері санау» 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1 1-10-ға дейін орысша, ағылшынша санату 4. Тапсырма: «Ретімен санау» «Жеміс-жидектерді ретімен санау» –Сол жақтан санағанда шие нешінші болып тұр? Апельсин оң жақтан санағанда нешінші тұр? Алманың оң жағында,сол жағында не тұр? - Ал, балалар сендер шаршап қалған шығарсыңдар бойларыңды жазып, Дымбілмеспен бірге серігіп алыңдар. Сергіту сәті: Экраннан 5. Тапсырма: «Кеңістікті бағдарлау» Футбол алаңында допты тебу. Допты оң жақ жоғары бұрышқа ұшты,енді допты сол жақ төменгі бұрышқа, доп алаңның ортасына ұшты, оң жақ төменгі бұрышына, сол жақ жоғары бұрышына ұшты. Жарайсыңдар, балалар! 6 тапсырма «Есепті құрастыр» Сұраққа жауап беріп есепті шығарыңдар. Есеп неше бөліктен тұрады? Мысалы: Алма ағашында жеті алма өсіп тұрды, жел соғып біреуі түсіп қалды. Қанша ағашта алма қалды? 7 тапсырма «Уақытты бағдарлау» Жұмбақтар шешу. Қай уақытта біз тұрамыз? Төсегімізді жинап, беті қолды жуамыз? Біз тәртіпті боламыз, сабақты да оқимыз.Серуенге шығамыз, қыдырамыз. Бұл қай кезде болады?
Ойын ойнап жүргенде ата-анамыз келеді. Бұл қай уақытта болады? Жарқырап жұлдыздар, демалады бар әлем. Қай уақытта болады? Жарайсыңдар, балалар! 8. Тапсырма «Қанша зат сонша санды көрсет» 9. Тапсырма: « Сиқырлы геометриялық пішіндерден бейне құрастыр» (қоян, аю, түлкі, қасқыр, мысық, әтештің Valeo зияткерлік жиынтығымен бейнесін құрастыру) -Ой рахмет балалар, сендер өте білімді екенсіңдер. Міне Дымбілмес сенде енді біздің балалармен бірге мектепке баратын болдың. Мен сендерге құр қол келмедім, өзіммен бірге тәттілер ала келдім, мен енді үйіме қайтайын. Сау болыңдар! | Жұмбақтың шешуі Көктем 3 ай бар Наурыз, сәуір, мамыр Дымбілмес балалармен амандасады. Иә, көмектесеміз. 7 күн бар Апта күндерін атайды 5 күн келеміз 2 күн демаламыз Балалардың жауаптары Жеміс-жидектерді ретімен санайды Балалар іс қимыл келтіріп қайталайды. тәрбиеші нұсқауымен орындайды 3 бөліктен тұрады Шарты, сұрағы, жауабы Ағашта 6 алма қалды Таңертең Түс Кеш Түн Балалар орындарында отырып, сандарды көрсетеді |