Ортаңғы «Шаңырақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Күні:06.02.2020ж
Тәрбиеші:Фаткуллина К.С.
Білім беру саласы: Шығармашылық
Пән: Сурет салу
Өтпелі тақырып: «Алуан- алуан кәсіп бар, таңдай біл де, талап қыл!»
Тақырыбы: «Ұшақ»
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: ұқыптылыққа тәрбиелеу.
2.Дамытушылық : Көліктер туралы түсініктерін бекіту, ұсынылған тапсырмаларды дұрыс орындауға, сөйлем құрастыруын қалыптастыру
3.Оқыту : Ұшақтың суретін сала білуге және бөліктерін дұрыс орналастырып бейнелеуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар: ойын,дамыту
Ресурстармен қамтамасыз ету: Ұшақ суреті, үлгі жұмыс, түрлі - түсті карандаштар, ақ парақ. үн таспа.
Билингвалдық компонент: ұшақ самолет
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Тәрбиеші: балалар, бүгінгі күнімізге сәттілік тілеп, бір - бірімізге жақсы көңіл – күй сыйлайықшы. (бір - біріне жылы лебіздерін білдіріп, апайлармен амандасады.)
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты!
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, апайлар!
Осы кезде үнтаспадан ұшақтың дыбысы естіліп, топқа Дымбілмес келіп кіреді.
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендерге алыстан қонаққа келе жатырмын.
(балалар Дымбілмеспен амандасады).
Тәрбиеші: - Қош келдің, Дымбілмес.
- Сен қандай көлікпен келдің, алыстан?
Дымбілмес: - білмеймін бір темір құспен ұшып келдім, ішінде менен басқада адамдар мініп алыпты.
Тәрбиеші: - Дымбілмес, ол темір құс емес.
- Балалар, айтыңдаршы сендер жаңа дауысын естідіңдер ғой, не екенін білесіңдер ме?
Балалар ұшақ екендігін айтады.
Дымбілмес:
- Ол не ұшақ деген? Балалар маған айтып беріңдерші.
Балалар: - ол адамдар отыратын көлік, әуеде ұшып адамдарды баратын жеріне жеткізеді. Ұшақты ұшқыш жүргізеді.
Дымбілмес: - Рахмет, балалар! Алдағы уақытта ол туралы біліп жүретін боламын.
Тәрбиеші: - Дімбілмес, онда сен бүгін бізбен бірге бол. Балалар, бүгін біз сол ұшақты толықтай білу үшін, тақтаға назар аударайық.
тақтаға назар аударып, ұшақ түрлері және Ұшқыштар туралы әңгімелеу. Ұшқыштар ұшақпен ұшады. Аспанды қорғайды. Ұшқыштар өте ақылды және мықты. Олар ұшақты басқару үшін білімді болуы керек, сол үшін олар көп оқу керектігі туралы түсіндіріледі.
Жұмбақ:
Құстан аумайды,
Көкте зулайды. (ұшақ)
Сергіту сәті:
Қане, қанат жазайық,
Ұшақ боп ұшайық.
Ұшып - ұшып алайық.
Орнымызға қонайық.
Әдемі етіп сурет салайық. (балалармен бірге Дымбілместе өлең жолдары арқылы жаттығулар жасайды).
Тәрбиеші: - балалар, енді менің қолымдағы пішіндерді таңдау арқылы өз орындарына отырып, тапсырманы орындайық. (балалар пішіндерді таңдап, үш топқа бөлініп, үш түрлі әрекет арқылы ұшақты бейнелейді).
1. Үшбұрышты таңдаған балалар: ұшақты суретін
2. Төртбұрышты таңдаған балалар:
3. Дөңгелекті таңдаған балалар:
- Дымбілмес сенде балалармен қосылып сурет сал. (Дымбілместе балалармен бірге отырады).
- Ал, балалар «Не қайда жүреді?» ойын ойнайық. (суретті парақша арқылы жолға белгісіне жолда жүретін көліктерді белгілесе, суға белгісіне судағы көліктерді белгілесе, әуеге белгісіне әуе көліктерін белгілейді).
Дымбілмеспен бірге «Ұшты – ұшты» ойынын ойнайды.
Аяқталған жұмыстарын талдау, мадақтау, бағалай отырып, үздік жұмыстардан көрмеге ұйымдастырылады.
Дымбілмес балалар жұмысына риза болып, балалармен қоштасып кетеді.
Қорытынды:сұрақ жауап арқылы