Просмотр содержимого документа
«Дымбілмес бізде ?она?та. Ашы? саба?»
Дымбілмес бізде қонақта
Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерін пысықтап қорыту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын бекіту. Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру. Дыбыстарды, сөзді анық, дұрыс айтуды меңгерту. Дыбыстарды, сөзді анық, дұрыс айтуды меңгерту. Тапсырмаларды түсініп өз беттерінше орындай білуге тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері: Біз қазақтың баласы,
Сәлем сөздің анасы.
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен,
Иіліп сәлем береміз.
Есіктен Дымбілмес келеді.
Дымбілмес: Менің мектепке барғым келеді, бірақ мектепке дайын емеспін.
Балалар маған көмектесесіздер ме?
Тәрбиеші: Балалар Дымбілмеске көмектесеміз бе?
Балалар: Ия, көмектесеміз.
Тәрбиеші: Ендеше мына сиқырлы кітапшада тапсырмалар бар. Тапсырманы Дымбілмеспен бірге орындайық.
Д/О: «Бұл қай ертегі?» Ертегілерден суретті үзінділер слайд арқылы экраннан көрсетеді. Балалар қай ертегі екенін тауып айтады. ( Қарлығаштың құйрығы неге айыр?. Түлкі мен тырна. Жеті лақ. Мақта қызбен мысық. Үйшік.
Тәрбиеші: Дымбілмес мектепке бару үшін жаңылтпаш, тақпақтар білу керек, сен қандай жаңылтпаш білесің?
Дымбылмес басын қасып, қипақтап жауап бере алмайды.
Д/О: «Кім қандай жаңылтпаш біледі?»
Балалар дыбыстарға байланысты жаңылтпаштар айтады.
Айша қанша арша алса,
Ғайша сонша арша алды.
Аршаламаған аралар,
Алас ұрып жалады.
2. Топ - топырымен
Топтасқан тоқылдақ,
Тоқтамай томарда,
Тоқтамай тоқылдат.
3. Уықтардың барлығын,
Уық қапқа сал күнім.
Уыз қапқа салған соң,
Уыздан жеп ал күнім. Т. б
Д/О: «Ретімен орналастыр»
І. Жансүгіровтың «Малта» әңгімесін сурет бойынша ретімен тақтаға әңгімені айта отырып орналастырады.
Д/О: «Мына суреттегі заттар қандай әріптерге ұқсайды?»
Слайд арқылы көрсету.
Саусақ жаттығуы: «Күн мен гүл»
Көтерілсе күнім,
Ашылады гүлім.
Кешкісін күн батады,
Гүл ұйқыға жатады.
Д/О: «Төртіншісі артық»
Д/О: «Сөздік ойын»
Тәрбиеші: Мен қазір бір сөз айтамын сендер сол сөздің аяғындағы дыбысқа байланысты сөз айтасыңдар.
Д/О: «Мен бастаймын сендер аяқтаңдар»
Буынға буын қосып сөз құрайды. Мысалы: АЛ - МА. ӨР - ІК. ҚАР - БЫЗ т. б
Сергіту сәті:
Тәрбиеші: Қане, балалар орнымыздан тұрып күлімсірейік
Жоғары - жоғары көтеріліп,
Иықтарды тік ұстап,
Бір көтеріліп бір түсір.
Оңға бұрыл, солға бұрыл,
Қолды тізеге түсір.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық.
Үлестірмелі материалдармен жұмыс. Тапсырмаға қарап есеп шығарады.
Д/О: «Пішіндерден бейне құрастыр» Балалар әртүрлі пішіндерден әр түрлі заттар құрастырады.
Тәрбиеші: Дымбілмес саған балалармен бірге ойын ұнады ма?
Дымбілмес: Ия, маған оқыған ұнады. Мен балалардан көп үйрендім, енді мен де оқимын.
Тәрбиеші: Балалар, Дымбілмес мен сендерге сыйлыққа кітап беремін.
Кітапты оқып үйреніңдер. Кітаппен дос болсаңдар жақсы оқушы боласыңдар, көп нәрсені оқып үйренесіңдер.
Кері қайту
Материал рейтингісі:
«Жол әліппесі»
(Ата-аналармен өткізілетін сайыс)
Құрметті ата-аналар, біздің кішкентай сүйкімді бүлдіршіндеріміз!
Бүгінгі «Жол әліппесі» деген тақырыпта «Мақсат» тобының ата-аналары арасында сайыс өткізгелі отырмыз. Бұл сайысымыз жолда жүру ережелерін білу өз өмірлеріңіз үшін, балаларымыздың қауіпсіздігі үшін қажеттілігін түсіндіру, көліктің адам өмірінде алатын орнын білдіру мақсатын көздейді.
Көрініс: «Үш көзді дәумен кездесу»
Көшеде әрлі-берлі жүрген машиналар, ортада бағдаршам.
Ортаға жүгіріп бала шығады.
Бала: Қап, мына көшеден қалай өтіп кетсем екен а, жолда машиналар көп екен. «Тәуекел» көшені кесіп жүгіріп өтіп кетейін.
Бағдаршам: - Әй, тоқта! Қайда барасың?
Бала: -Сен кімсің?
Бағдаршам: -Мен бағдаршаммын, сен көше тәртібін бұздың.
Бала: -Қалай? Қашан?
Бағдаршам:- Сен қызыл көзім жанып тұрғанда көшені кесіп өтпек болдың ғой, сенің бұның дұрыс емес.
Бала: - енді қалай өтуім керек еді.
Бағдаршам: - Сен мені жақсылап тыңда. Мына менің қызыл көзім жанғанда жолға қарай жүруге болмайды, ал сары көзім жанғанда жолдан өтуге дайындал- деген белгі берем, ал жасыл көзім жанғанда жолдан өтуге рұқсат, өте бер, - деген белгіні білдіремін.
Бала: -Жарайды, айтқаныңызды ұқтым, енді сенің айтқаның бойынша жүретін боламын.
Әрқайсысының қылығына әділ баға берелік – дей келе, осы сайысымызға әділ баға беретін әділ қазыларымызды сайлап алайық.
Жүргізуші. Ал қанекей, үйренейік жолда жүру тәртібін,
Ережені жақсы білер, жатқа білер бар кімің.
Шарттарымен танысып, бәріне дайын болайық.
Құрметті ата-аналар бүгінгі сайысымыз бастайық:
«Мына жол белгілері нені білдіреді?» - деген сұраққа жауап беру.
Ата-аналарға жол белгілерінің суретін ұсынылады, бір ата-ана көзі жабулы болады, оның қандай белгі екенін, қандай мақсатта айтылғанын атап беруін ұсыну.
Көңілді тест сұрақтары. Сіздерге қолдарыңызға парақ беріледі. Тест сұрақтары оқылады, дұрысын таңдап белгілейсіздер.
4. Көлікпен келе жатқанда қандай жатқан жануарды кездестіресіз?
А) түлкі В)зебра С)түйе
5. Жол бойына балалардың ойнауына неге қатаң тыйым салынған ?
А) машинаға жол беру үшін
В) бала қауіпсіздігі үшін
С) тыйым салынбаған
Жұмбақтарды шешу:
Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсыз бір үзім (Жол)
Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам елемейдіб
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап тез жөнейді
(Трамвай)
Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та
Бақырайған үш көзі бар бірақта (Бағдаршам)
Көліктің қаншасын жонынан өткізген
Іргеден басталып, алысқа жеткізген.(Жол)
Жүргізуші: Шуақты өміріміз күндей күліп
Жүректе бүршік атып, гүлдейді үміт
Арманға сапар тарту мүмкін емес
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
4)Сергіту сәті.
Әуен ойнап тұрады. Қызыл жанғанда қатып қалу. Жасыл-билейміз, сары- бір аяғын көтеріп тұру.
5)«Көше тәртібі» тақырыбына сурет салу, әңгімелеу.
6)Балалармен ойын: «Автомобиль мен торғайлар»
7) «Сөз құрастыр» . Екі топқа бір сөзден беріледі. Берілген сөзден бірнеше сөздер тізбегін құрастыру.
(Бағдаршам және жолаушылар)
8) Қорытындылау. Марапаттау
Әділқазы алқасына сөз береміз.
Көше тәртібін сақтау –сенің міндетің! Жолда сақ бол! Көше тәртібің есінен шығарма!
«Көшеге саяхат» (Балабақшада ата- аналармен өткізілетін сайыс) Құрметті ата- аналар, тәрбиешілер және біздің кішкентай сүйкімді бүлдіршіндеріміз!
Бүгінгі « Көшеге саяхат» деген тақырыпта « Мақсат» балабақшасының ата- аналары арасында сайыс өткізгелі отырмыз.Бұл сайысымыз жолда жүру ережелерін білу өз өмірлеріңіз үшін, балаларымыздың қауіпсіздігі үшін қажеттілігін түсіндіру, балаларды бағдаршаммен таныстыру, көліктің адам өмірінде алатын орнын білдіру мақсатын көздейді.
Әдемі: Арманға алда күткен асығармыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жұру ережесін жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!
Айжан:
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой ілем деген.
Бүгінгі біз келген қонақтарға,
Ойынымыз басталсын сәлемменен!
Көрініс: «Үш көзді дәумен кездесу».
Көшеде арлы- берлі жүрген машиналар, ортада бағдаршам.
Ортаға жүгіріп бала шығады.
Бала: Қап, мына көшеден қалай өтіп кетсем екен а, жолда машиналар көп екен. «Тәуекел» көшені кесіп жүгіріп өтіп кетейін.
Бағдаршам: — Әй, тоқта! Қайда барасың?
Бала:- Сен кімсің?
Бағдаршам: — Мен бағдаршаммын, сен көше тәртібін бұздың.
Бала:- Қалай? Қашан?
Бағдаршам:- Сен қызыл көзім жанып тұрғанда көшені кесіп өтпек болдың ғой,сенің бұның дұрыс емес.
Бала:- Енді қалай өтуім керек еді.
Бағдаршам:- Сен мені жақсылап тыңдап айтқандарымды ұғып ал. Мына менің қызыл көзім жанғанда жолға қарай жүруге болмайды, ал сары көзім жанғанда жолдан өтуге дайындал- деген белгі берем, ал жасыл көзім жанғанда жолдан өтуге рүқсат, өте бер,- деген белгіні білдіремін.
Бала:— Жарайды айтқаныңызды ұқтым, енді сенің айтқаның бойынша жүретін боламын.
Мансұр:
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.
Жол жүру ережесі заңды тәртіп,
Ол ортақ!
Үлкен кіші баршамызға!
Камила:
Баратын жеріңнің тұрағын,
Үн-түнсіз жол сілтеп тұрамын.
Күндіз де, түнде де жанады,
Көк түске боялған шырағым.
Думан:
Қызылмен боялған аумақты,
Тыйымшыл белгімін салмақты,
Мен тұрған жерлерден жүрйге болмайды,
Қауіп бар бағдарла жан-жақты.
Жүргізуші: Қол соғып қошеметпен ортаға ата-аналарды шақырайық!
Жол тәртібі кімге керек, бірге ойланып көрелік,
Әрқайсысының қылығына әділ баға берелік- дей келе, осы сайысымызға әділ баға беретін әділ қазыларымызды таныстырайық.Алма Маратқызы.
Осы мекеменің құрылтайшысы Шарбану Шағиқызы және меңгеруші
Жүргізуші: Ал қанекей, үйренейік жолда жүру тәртібін,
Ережені жақсы білер, жатқа білер бар кімің.
Шарттарымен танысып, бәріне дайын болайық,
«Жол тәртібін жадыңда ұста» атты мына сайыстың.
Құрметті ата- аналар бүгінгі сайысымыз бес бөлімнен тұрады:
1) «Мына жол белгілері нені білдіреді?»— деген сұраққа жауап беру.
Ата- аналарға жол белгілерінің суретін көрсете отырып, оның қандай белгі екенін, қандай мақсатта айтылғанын атап беруін ұсыну.
2) Тест сұрақтары.
Сіздерге қолдарыңызға тест сұрақтары беріледі. Ол сұрақтарда 3 жауап берілген. Сол жауаптардың дұрыс жауабын белгілейсіздер.
3) Жұмбақтарды шешу:
Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсыз бір үзім. (Жол)
2.
Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам елемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап тез жөнейді. (Трамвай)
3.
Көліктің қаншасын жонынан өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)
4.
Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақта. (Бағдаршам)
Жүргізуші: Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес,
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
4) «Көше тәртібі»тақырыбында сурет салу, әңгімелеу.
Келесі соңғы сайысымыз балаға байланысты мақал- мәтелдер, нақыл сөздер айту.
Ата- аналар кезек — кезек өздері білетін бала жайында мақал- мәтелдер айту.
Жүргізуші: Жол тәртібі кімге керек, бірге ойланып көрелік,
Әрқайсысының қылығына әділ баға берелік,- дей отырып әділқазыларға сөз береміз.
Көше тәртібін сақтау- сенің міндетің! Егер жол ережесін бұзсаң, тек өзіңе қауіп төндіріп қоймай, басқа адамдарға да зияныңды тигізесің. Сондықтан, жолда сақ бол! Көше тәртібін есіңнен шығарма!