kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Мен өскенде кім боламын?" тақырыбындағы бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектеп: «Ақын Сара атындағы орта мектеп»КММ            Мерзімі:_______

Мұғалім: Сембай А.Н.               Сынып: 3 «Г»                     Оқушылар саны:_____

Тақырыбы: «Мен өскенде кім боламын?»

Мақсаты: Мамандықтар туралы түсінік беру. Оқушыларға әр мамандықтың маңызын түсіндіре отырып, болашақта қандай мамандық таңдаудың алғашқы баспалдақтарын құру.

Міндеттері:

Білімділік: Мамандық түрлерін атауға, сұрақ-жауап арқылы сұхбатқа үйрету. Фонетикалық жаттығулар, «Балық аулаймыз» ойыны, құрастырмақ арқылы мамандықтардың түрлері мен қажетті құрал жабдықтарын атай білуге білуге үйрету, рөлдік ойын(Дымбілмес) арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

Дамытушылық: есте сақтау, көру, ойлау, сөйлеу, танымдық процестерін, қиялын, қызығушылығын дамыту, зейінін шоғырландыру;

Тәрбиелік: Үлкендерді құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелеу, суретпен жұмыс.

Көрнекілігі: Мамандық иелерінің және олардың құрал-жабдықтарының суреттері, дидактикалық материалдар, презентация, аудио.

Іс-әрекет кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру

Сәлемдесу – тәрбиенің басы,- деп, келген қонақтармен амандасып алайық

Арайлап атқан таңға сәлем!

Жылуын шашқан күнге сәлем!

Жайнап өскен бізге сәлем!

Білім беріп тәрбиелеген,

Апайларым сіздерге сәлем!

«Көңілді тіл» туралы артикуляциялық ертегі.(түсіндіре отырып көрсету арқылы айтады).

Ертеде бір көңілді тіл өмір сүріпті. Өзінің шағын ғана үйі болыпты. Тіл күнде таңертең тұрып күлімдеп, үйінің есік-терезесін ашып желдетіп тұрады. Жуынып, тісін тазалап болған соң, кесемен шай ішкенді ұнатады. Тіл тәтті тосап, тәтті түтікше, құймақ жегенді ұнатады екен. Тамақтанып алған соң, далаға шығып сырғанақтан сырғанап ойнайды екен.

«қаша», «тіс тазалау», «кесе», «тәтті тосап», «түтікше», «құймақ», «сырғанақ» артикуляциялық жаттығуларын жасайды.

Дыбыстық жаттығу.

Мақсаты: Дыбыстық гимнастикамен таныстыру, денені тынықтыру.

Барысы: Дыбыстық жаттығуды бастамас бұрын, өзімізді бірқалыпты, жайлы сезінеміз, тік тұрамыз, арқамызды тік ұстаймыз. Алдымен мұрнымызбен терең дем аламыз, ал дем шығарғанда дыбысты қатты, әрі қуатты етіп шығарамыз.

Келесі дыбыстарды «әндетіп» айтамыз:

«А» - барлық ағзаға;

«И» - миға, көзге, мұрынға, құлаққа;

«О» - жүрекке, өкпеге;

«Я» - барлық ағзаның жұмыс істеуіне;

«М» - барлық ағзаның жұмыс істеуіне;

«Х» - көңіл-күйді көтеруге әсер етеді.

Әндетіп айтады.

Ал, енді, оқушылар, қазір сендерге сұрақтар қоямын, мұқият тыңдап, толық жауап беруге тырысыңдар.

  • Қазір қай мезгіл?
  • Көктем мезгілі қандай болады?
  • Нұрлан, сенің оң жағыңда кім отыр?

 

  • Диана, сыныпта неше оқушы отыр?
  • Көктем мезгілі
  • Күн жылынады, құстар қайтып келеді,..
  • Менің оң жағымда. отыр.
  • Сыныпта. оқушы отыр.

Жаңа сабақ

Ал енді балалар мен сендерге өлең оқып берейін

Мамандықтың жақсы бәрі,

Армандай біл таңда да,

Бір маман болып шығады,

Күні ертең бар бала.

  • Балалар өлең не туралы айтылған?
  • Дұрыс, балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Мен өскенде кім боламын».

-         Есік қағып тұрғандай, балалар, бұл кім екен, көріп келейін (көңілсіз болып Дымбілмес келеді).

-         Сәлеметсің бе, сен кімсің?

-         Мен Дымбілмеспін.

-         Сен неге көңілсіз болып тұрсың, төрлет.

-         Мен түк те білмеймін, мен үлкейгенде кім болатынымды білмеймін, ешқандай мамандықты білмеймін.

-         Мұнайма, біздің балалар саған көмектесіп көрсін. Жүр, мына жерге отыр.

  • Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі. Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.
  • Оқушылар Дымбілмеске мамандық түрлерін табуға көмектесейік?
  •  Балалар саған тақпақ айтып берсін, сен не туралы екенін айтып көр.
  • Мамандық туралы айтылған

 

Оқушылар өз ойларын білдіреді.

1-бала: Қарап тұрсаң не керек,

Елдің бәрі жұмыста.

Гүл сорады көбелек,

Дән тасиды құмырсқа.

2-бала: Біз ұшқыш та, ғарышкер,

Батыл жандар намыскер,

Көк күмбезін құшамыз,

Ғарышқа да ұшамыз.

3-бала: Біз дәрігер, дәрігер,

Ауруды емдеп жазамыз.

Науқас келсе, әбігер,

Боламыз да қаламыз.

4-бала: Біз мұғалім, ұстазбыз,

Игі істерге құштармыз.

Білім беріп шәкіртке,

Шақырамыз тәртіпке.

Сергіту сәті.

«Балық аулайық» ойыны.

Нұсқау: оқушылар аквариумда жүзіп жүрген балықты (постерде акварим суреті, үстіне балықтар ілінген, әр балық шатастырылған жіптермен қармақтарға байланған, қармақты тартқанда қай балық орынынан қозғалса, соны алады) аулау арқылы артында жасырылған сұрақтарға жауап береді.

Оқу білім-бағдары,

Заманының бағбаны. /Ұстаз

Жаңалықтың жаршысы,

Қаламының «жолшысы». /Тілші

Араша тұрар өлімге,

Қай маман бұл-өмірде? /Дәрігер

Балғасы, күрегі, қалағы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? /Құрылысшы

-Ожауы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? /Аспаз

-Комбайыны бар астында,

Кімді айттым ойымда? /Диқан

Әр балықты таңдау арқылы артында жасырылған сұрақтарға жауап береді.

Бекіту.

Тапсырма. Оқушылар алдарыңда тұрған мамандық иелерінің таңдап, бояймыз. Бояп болған соң, осы маманға қажетті құрал-жабдықтарды тиісінше ораластырамыз.

Қорытындылау.

  • Балалар біз бүгін қандай тақырып өттік?
  • Мамандықтың қандай түрлері бар екен?

 «

  •  

Бағалау

Тігінші қыстық киім тігіпті, түймесін тағуды ұмытып кетіпті. Егер сендерге сабақ ұнаса, қызыл түсті түйме тағыңдар, ұнамаса көк түсті түйме тағыңдар.

Дымбілмес: - Міне, мен көп білім алдым. Өскенде кім болатынымды білдім. Сендерге рахмет, мына сыйлық сендерге, мына дәрігер саған, мына мұғалім саған.

- Сау болыңдар! (Дымбілмес кетеді)

Өз қалауларымен киімге түймелерді жапсырады.

Соңғы тыныштық сәті.

  • Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
  • Рахмет. Осымен сабағымыз аяқталды, келген қонақтарымызбен қоштасайық.

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Мен өскенде кім боламын?" тақырыбындағы бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары»

Мектеп: «Ақын Сара атындағы орта мектеп»КММ Мерзімі:_______

Мұғалім: Сембай А.Н. Сынып: 3 «Г» Оқушылар саны:_____

Тақырыбы: «Мен өскенде кім боламын?»

Мақсаты: Мамандықтар туралы түсінік беру. Оқушыларға әр мамандықтың маңызын түсіндіре отырып, болашақта қандай мамандық таңдаудың алғашқы баспалдақтарын құру.

Міндеттері:

Білімділік: Мамандық түрлерін атауға, сұрақ-жауап арқылы сұхбатқа үйрету. Фонетикалық жаттығулар, «Балық аулаймыз» ойыны, құрастырмақ арқылы мамандықтардың түрлері мен қажетті құрал жабдықтарын атай білуге білуге үйрету, рөлдік ойын(Дымбілмес) арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

Дамытушылық: есте сақтау, көру, ойлау, сөйлеу, танымдық процестерін, қиялын, қызығушылығын дамыту, зейінін шоғырландыру;

Тәрбиелік: Үлкендерді құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелеу, суретпен жұмыс.

Көрнекілігі: Мамандық иелерінің және олардың құрал-жабдықтарының суреттері, дидактикалық материалдар, презентация, аудио.

Іс-әрекет кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру

Сәлемдесу – тәрбиенің басы,- деп, келген қонақтармен амандасып алайық

Арайлап атқан таңға сәлем!

Жылуын шашқан күнге сәлем!

Жайнап өскен бізге сәлем!

Білім беріп тәрбиелеген,

Апайларым сіздерге сәлем!

«Көңілді тіл» туралы артикуляциялық ертегі.(түсіндіре отырып көрсету арқылы айтады).

Ертеде бір көңілді тіл өмір сүріпті. Өзінің шағын ғана үйі болыпты. Тіл күнде таңертең тұрып күлімдеп, үйінің есік-терезесін ашып желдетіп тұрады. Жуынып, тісін тазалап болған соң, кесемен шай ішкенді ұнатады. Тіл тәтті тосап, тәтті түтікше, құймақ жегенді ұнатады екен. Тамақтанып алған соң, далаға шығып сырғанақтан сырғанап ойнайды екен.

«қаша», «тіс тазалау», «кесе», «тәтті тосап», «түтікше», «құймақ», «сырғанақ» артикуляциялық жаттығуларын жасайды.

Дыбыстық жаттығу.

Мақсаты: Дыбыстық гимнастикамен таныстыру, денені тынықтыру.

Барысы: Дыбыстық жаттығуды бастамас бұрын, өзімізді бірқалыпты, жайлы сезінеміз, тік тұрамыз, арқамызды тік ұстаймыз. Алдымен мұрнымызбен терең дем аламыз, ал дем шығарғанда дыбысты қатты, әрі қуатты етіп шығарамыз.

Келесі дыбыстарды «әндетіп» айтамыз:

«А» - барлық ағзаға;

«И» - миға, көзге, мұрынға, құлаққа;

«О» - жүрекке, өкпеге;

«Я» - барлық ағзаның жұмыс істеуіне;

«М» - барлық ағзаның жұмыс істеуіне;

«Х» - көңіл-күйді көтеруге әсер етеді.

Әндетіп айтады.

Ал, енді, оқушылар, қазір сендерге сұрақтар қоямын, мұқият тыңдап, толық жауап беруге тырысыңдар.

  • Қазір қай мезгіл?

  • Көктем мезгілі қандай болады?


  • Нұрлан, сенің оң жағыңда кім отыр?


  • Диана, сыныпта неше оқушы отыр?



  • Көктем мезгілі

  • Күн жылынады, құстар қайтып келеді, ... .

  • Менің оң жағымда ... отыр.

  • Сыныпта ... оқушы отыр.

Жаңа сабақ

Ал енді балалар мен сендерге өлең оқып берейін

Мамандықтың жақсы бәрі,

Армандай біл таңда да,

Бір маман болып шығады,

Күні ертең бар бала.

  • Балалар өлең не туралы айтылған?

  • Дұрыс, балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Мен өскенде кім боламын».

  • Есік қағып тұрғандай, балалар, бұл кім екен, көріп келейін (көңілсіз болып Дымбілмес келеді).

  • Сәлеметсің бе, сен кімсің?

  • Мен Дымбілмеспін.

  • Сен неге көңілсіз болып тұрсың, төрлет.

  • Мен түк те білмеймін, мен үлкейгенде кім болатынымды білмеймін, ешқандай мамандықты білмеймін.

  • Мұнайма, біздің балалар саған көмектесіп көрсін. Жүр, мына жерге отыр.

  • Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі. Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.

  • Оқушылар Дымбілмеске мамандық түрлерін табуға көмектесейік?

  • Балалар саған тақпақ айтып берсін, сен не туралы екенін айтып көр.





















  • Мамандық туралы айтылған











Оқушылар өз ойларын білдіреді.




1-бала: Қарап тұрсаң не керек,

Елдің бәрі жұмыста.

Гүл сорады көбелек,

Дән тасиды құмырсқа.

2-бала: Біз ұшқыш та, ғарышкер,

Батыл жандар намыскер,

Көк күмбезін құшамыз,

Ғарышқа да ұшамыз.

3-бала: Біз дәрігер, дәрігер,

Ауруды емдеп жазамыз.

Науқас келсе, әбігер,

Боламыз да қаламыз.

4-бала: Біз мұғалім, ұстазбыз,

Игі істерге құштармыз.

Білім беріп шәкіртке,

Шақырамыз тәртіпке.

Сергіту сәті.

«Балық аулайық» ойыны.

Нұсқау: оқушылар аквариумда жүзіп жүрген балықты (постерде акварим суреті, үстіне балықтар ілінген, әр балық шатастырылған жіптермен қармақтарға байланған, қармақты тартқанда қай балық орынынан қозғалса, соны алады) аулау арқылы артында жасырылған сұрақтарға жауап береді.

Оқу білім-бағдары,

Заманының бағбаны. /Ұстаз

Жаңалықтың жаршысы,

Қаламының «жолшысы». /Тілші

Араша тұрар өлімге,

Қай маман бұл-өмірде? /Дәрігер

Балғасы, күрегі, қалағы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? /Құрылысшы

-Ожауы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? /Аспаз

-Комбайыны бар астында,

Кімді айттым ойымда? /Диқан

Әр балықты таңдау арқылы артында жасырылған сұрақтарға жауап береді.

Бекіту.

Тапсырма. Оқушылар алдарыңда тұрған мамандық иелерінің таңдап, бояймыз. Бояп болған соң, осы маманға қажетті құрал-жабдықтарды тиісінше ораластырамыз.


Қорытындылау.

  • Балалар біз бүгін қандай тақырып өттік?

  • Мамандықтың қандай түрлері бар екен?

«

Бағалау

Тігінші қыстық киім тігіпті, түймесін тағуды ұмытып кетіпті. Егер сендерге сабақ ұнаса, қызыл түсті түйме тағыңдар, ұнамаса көк түсті түйме тағыңдар.

Дымбілмес: - Міне, мен көп білім алдым. Өскенде кім болатынымды білдім. Сендерге рахмет, мына сыйлық сендерге, мына дәрігер саған, мына мұғалім саған.

- Сау болыңдар! (Дымбілмес кетеді)

Өз қалауларымен киімге түймелерді жапсырады.






Соңғы тыныштық сәті.

  • Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

  • Рахмет. Осымен сабағымыз аяқталды, келген қонақтарымызбен қоштасайық.

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Мен өскенде кім боламын?" тақырыбындағы бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары

Автор: Сембай Аида Нуртайқызы

Дата: 28.04.2017

Номер свидетельства: 412181


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства