Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Тақырыбы: «Жол тәртібін білейік!»
Мақсаты: Жол жүру ережелерін қайталау, бағдаршамның белгілерінің айырмашылығын жолда және көшедегі қауіпсіздік ережесі, жол белгілері туралы түсініктерін кеңейту. Балаларды жол жүру ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтар: Жол белгілері, суреттері, бағдаршам, обруч, қорап, көліктер.
Музыка әуенімен балалар музыкалық залға кіреді, қатарға тұрады.
Топ басшысы:Тобымыз!
Топ балалары: «Ақ сұңқар».
Топ басшысы: Ұранымыз!
Топ балалары: Ережені білеміз,
Көшеде еркін жүреміз.
Біздің ұран осындай,
Сіздерге айтып береміз.
Әділжан: Бас көшеде қырағы,
Үш көзді дәу тұрады.
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп біл үш сөзін.
Айнара: Егерде қызыл түс жанса,
Жолдан өту қауіпті.
Даяна:Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Дария: Жасыл көзін ашқанда,
Жүре бергін жасқанба.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар өз орындарымызға отырамыз. Мен қазір сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Жұмбақ
Бір көзім «кідір» дейді,
Бір көзім «жүгір» дейді,
Бір көзім «абайла» дейді,
«Қарап ал маңайға» дейді
(Бағдаршам)
Осы кезде Дымбілмес кіріп келеді. Дымбілмес Ой, ой, ой, ауырып барады? Балалармен амандасады.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе? Сіз кім боласыз?
Дымбілмес: Өзін таныстырады.
Жүргізуші: Сізге не болды?
Дымбілмес: Жолда өтіп бара жатып едім, мені бір көлік соға жаздады.
Жүргізуші: Сен жолдан қалай өттің?
Дымбілмес: Ойнап өтіп бара жатыр едім
Жүргізуші: Балалар жолда ойнауға болады ма?
Балалар: Жоқ
Жүргізуші: Дымбілмес міне сенің қателігің!
Дымбілмес: Балалар сендер маған жол ережесін үйретесіңдер ме?
Жүргізуші: Балалар көмектесеміз бе?
Жүргізуші: Балалар Дымбілмеске бағдаршам туралы тақпағымызды айтып берейік, Дымбілмес тыңдап отырсын.
Дымбілмес: Оның бәрін қалай есте сақтайсың?
Жүргізуші: Бағдаршам белгілерін жеңіл ұғып алу үшін “Бағдаршам” ойынын ойнайық.
Ойын: «Бағдаршам»
Жүргізуші: Ойын шартымен түсіндіреді, мен кезекпен түстерді көрсетемін
Қызыл түс- тұрасыңдар
Сары түс- Шапалақ ұрасыңдар
Жасыл түс- бір орында жүресіңдер
Жүргізуші: Дымбілмес сен жолда ойнадың, жолда ойнауға болмайды
Дымбілмес: Неге ? Енді қайда ойнаймын?
Жүргізуші: Балалар қайда ойнауға болады?
Балалар: Спорт алаңында балаларға арналған алаңдарда, және балабақша ауласында.
Жүргізуші: Жарайсыңдар! Өз орнымызға жайғасып отырамыз. Келесі дайындаған тақпақтарымызды тыңдайық.
Камилла:
Автобусқа асығып
Жолдан кесіп өтпеймін
Доп тепкендей асырып
Жолды асырып өтпеймін
Аян:
Жол шетіне келгенде
Тоқтай қалып мен демде
Көз саламын арнайы
Белгісі бар жерлерде
Дидар:
Қауіпті ғой көше тым
Қумай жолдың төтесін
Жолақшаларды іздеймін
Жаяу адам өтетін.
Жүргізуші: Келесі кезекті қыздарымыздың «Бағдаршам» биіне берейік.
Жүргізуші: Дымбілмес сен бәрін бүлдірдің? Енді қалай балалармен ойын ойнаймыз ?
Дымбілмес: Балалар маған көмектеседі.
Жүргізуші: Балалар мен сендерге жол ережелерінің белгілерін дайындап койып едім. Бірақ Дымбілмес басқа суреттермен араластырып жіберді. Әр топтың капитандары шығып жол белгілерін дұрыс тауып алу керек: Қайсы капитан командасы тез табады. Сол жеңіске шығады.
Ойын. «Самокатпен кедергілерден өту».
Шарты: Әр команда бір машинамен өтеді, машинаны келесі ойыншыға алып келеді. Осылайша ойын жалғасады.
Дымбілмес: Балалар менің кететін уақытым болды. Сендерге үлкен рахмет. Өз ризашылығын білдіреді.
Жүргізуші: Балалар біз Дымбілмеске жолда жүру ережесін түсіндірдік, үйреттік. Дымбілмеске өздеріңнің білімдеріңді көрсеттіңдер. Ал, Дымбілмес сендерге алған білімі үшін ризашылығын білдіріп сыйлығын алып келді.
Жүргізуші: Қорапты ашып тарату.
Жүргізуші: Балалар енді тәттілеріңді алып өз тобымызға барып алайық. Рахмет сендерге балалар менде қуаныштымын.
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт