kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Дәрумендер денсаулық кепілі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға, көкөністер мен жемістердің пайдасы жайында түсіндіру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Дәрумендер денсаулық кепілі"»

Білім беру салалары:Таным,қатынас,шығармашылық

Бөлімі: Экология негіздері,тіл дамыту,дәстүрден тыс технологияны

қолдану





Тақырыбы: «Дәрумендер денсаулық кепілі»



Мақсаты: Балаларға көкөністер мен жеміс жидектердің адам денсаулығына пайдасы жайлы түсіндіру.Олардың құрамы дәрумендерге бай екендігін, тұмау мен суық тию ауруына шалдықпаудағы күресудің жолы екенін көрсету. Ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу кезінде сөзді анық айтқызу, мәнерлі айтып жаттықтыру және еңбекке баулу.

Ұйымдастырушылық кезеңі:

Тәрбиеші: «Білер қазақ баласы,

Салем сөздің анасы»- дегендей сәлемдесіп алайық.

Тәрбиеші: «Қайырлы таң, балалар!»

Балалар: Қайырлы таң апай!

Қайырлы таң құрметті қонақтар!

Бақшамызға барамыз,

Досымызды табамыз.

Сәлемет пе, міне мен,

Доспын енді сенімен.

Тәрбиеші балаларға жыл мезгілі туралы сұрақ қояды.

Тәрбиеші:

  • Балалар,қазір қандай жыл мезгілі?

  • Қыс мезгілі.

  • Қыс айларын атаңдаршы?

  • Желтоқсан,қаңтар,ақпан.

  • Қыста ауа райында қандай өзгерістер болады?

  • Суық болады, қар жауады, боран соғады.

  • Суықта тоңып ауырып қалмас үшін не істеу керек?

  • Қалың киініп, дәрумендер жеу керек.

  • Балалар сендер қыс мезгілі жайында жақсы біледі екенсіңдер. Ал дәрумендерді қайдан аламыз?

  • Көкөністерден, жеміс-жидектерден.

  • Жеміс қайда өседі?

  • Жеміс-жидектер ағаштарда өседі.

  • Көкөністер қайда өседі?

  • Бақшада өседі.

  • Балалар бүгін біздің оқу іс-әрекеттерімізде,көкөніс пен жемістердің адам денсаулығына пайдасы жайлы біліп,қажеттілігін айтамыз.

  • Балалар мына суреттердегі жемістерді атаңдаршы? /көрсету/

  • Ал енді көкөністерді атаңдар?

  • Бұл жемістер мен көкөністердің біздің денсаулығымызға әсіресе өсіп келе жатқан сендерге өте қажет, өйткені бұларда дәрумендер көп.

  • Дәрумендердәң А,В,С,Д,Е деген түрлері болады. Оларды біз күнделікті ішіп жүрген тағамдарымыздан кездестіреміз.

«А» дәрумені: қызыл бұрышта, сарымсақта, қызанақта бар.

«В» дәрумені: қиярда, қырыққабатта, сәбізде кездеседі екен.

«С» дәрумені: қарақатта, лимонда, мандаринде кездеседі.

«Д» дәрумені: алмада, алмұртта, пиязда, жүзімде.

Осы дәрумендерді көп жесеңдер суыққа төзімді боласыңдар, сүйектерің қатаяды, бұлшық еттеріңе күш береді.

/Тұмау келеді/

/Балалар бет перде киеді/

Тұмау:

  • Сәлеметсіңдер ме, менің әлсіз де,кішкентай балаларым.Мен тұмау деген патшаларың боламын.Сендер мені тостыңдар ма? Мен жеміс-жидектерді жумай жегенді жақсы көретін балалардың қасында жүргенді ұнатамын.

Бала: Біз сені күткен жоқпыз, әрі шақырған да жоқпыз. Біз жемістерді жақсылап жуып жейміз ғой балалар.

Барлық балалар:

  • Ия! – Ия!

Тұмау:

  • Сендер менімен қалай күресу керек екенін біледі екенсіңдер! Мен сендермен дос болғым келеді. Дос болмасаңдар сиқырлап тастаймын.

Бала: Біз сенің сиқырына сиқырланбаймыз, сенімен күресудің жолын білеміз, бетперде киеміз, дәруменді көп жейміз. Денсаулығымыз күшті.

Тәрбиеші: Тұман жаман ауру. Егер тұмаумен ауырып қалсақ, қаліміз қандай болады?

Басымыз ауырады, ыстығымыз көтеріледі, достарымызбен серуенге шықпай қаламыз, мамамыз жұмыстан қалады,бізді дәрігерге апарады, балабақшаға бара алмай қаламыз.

Тәрбиеші: міне көрдіңдер ме ,тұмау жүрген жер жақсы емес. Біздер ауырып қалмас үшін не істеуіміз керек?

Балалар: Көкөністен жасалған тағамдар жеуіміз керек, жеміс-жидектен жасалған шырындар ішуіміз керек, спортпен айналысуымыз керек, тазалық сақтау керек.

Тұмау сен онда біздің көкөністер мен жемістердің балалардың денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін тыңда.

/Көкөністер мен жемістердің айтысы/

Қызанақ: Мен өте дәмдімін, адамдардың ас қорыту мүшелеріне пайдалымын.

Әсем нәзік, көріктімін,

Көктей жеуге болмайды.

Салатқа мені қосқанда,

Қияр қасымнан қалмайды.

Қып-қызыл болып пісемін,

Жәшікке лақтырып салмайды.

Жарылып қалам өйткені,

Қияр: Сен неге қып-қызыл болып мақтанып тұрсың? Менің де адам денсаулығына пайдам көп.

Сопақша көк өнім бар,

Пайдалы мөлдір сөлім бар.

Піскен кезде жинайсың,

Менің атым қиярмын.

Қазір ұзын сабағым,

Жан-жағына тарайды.

Қол ұстасқан баладай,

Бақшаны алып барады.

Картоп: Әй қойыңдар! Адамның екінші нанымын. Мен мақтаншақ картоппын. Ылғалды топырақ мекенім,

Сол жерде жақсы өсемін,

Ұраға салып қоярсын,

Мен мақтаншақ картоппын

Мені жақсы көреді

Үлкендер мен балалар.

Пияз: Егер картоп өзін-өзі пайдаланамын, бәріне қажетпін десе онда менде мақтанайын. Босқа қарап тұрамын ба!

Менсіз астың дәмі жоқ,

Күлдіре алмаймын, жылайсың.

Ащы болсам да мені,

Базардан жиі сурайсың.

Түшкіресің, пысқырсаң

Мен шипа болам.

Сәбіз: мен де де бар дәрумен, салатқа да қосады, тағамға да қосады.

Сары дәмді, ұзынмын,

Жер астына тығылдым.

Тартсаң шыға келемін,

Өсіп тұрған бұрымнан.

Күзде қазып аласың,

Тамаққа да саласың.

Егер мені көп жесең,

Биік, ұзын боласын.

Өрік: Мен жарықты,жылуды жақсы көремін, менің құрамымда иод көп.

Мен өрікпін, өрікпін,

Бақшамызға көрікпін.

Қора деген атым,

Менен де дім татыңдар.

Дәрі орнына жүретін,

Кейде менің қақым бар.

Алма: Менің жер шарында көп түрлерім бар, менің құрамымда «А», «В», «С», «Д» дәрумендерім бар. Мені көп жесеңдер ауырмайсыңдар.

Нарттай қызыл алмамын.

Мәз болады алғандар,

Жазда әдемі киінем,

Тілді балдай үйретем.







Барлығы: Жиналып қаппыз бәріміз,

Қайсымыз ең дамдіміз.

Ішімізден адамға

Тиеді көп пайдамыз.

Тәрбиеші: Барлығында дәмдіміңдер,

Шырқап айтар әнімсіңдер.

Көз тоймайтын кереметке,

Дастарханның сәнісіңдер.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізге дәрігер апай келіпті, балабақшадағы топтарды аралап денсаулығын тексеріп жүр екен.

Дәрігер:Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе дәрігер апай!

Дәрігер: балалар қазір қыс мезгілі,тұмау жүріп жатқан кез, өздеріңді қалай сезінесіңдер?

Балалар: Жақсы.

Дәрігер: Балалар сендердің топтарыңда ауырып қалған балалар жоқ па?

Балалар: Жоқ.

Дәрігер: Сендердің көңіл күйлерің, денсаулықтарың да жақсы екен. Сендер таза ауада көп серуендеп, түнде ұйықтағандарың көрініп тұр. Деніміз сау болу үшін тағы не істеуіміз керек?

Балалар: дене шынықтыру жаттығуларын жасау керек.

Дәрігер: Сендер қандай сергіту жаттығуларые білесіңдер? Маған көрсетіңдерші?

Сергіту жаттығуы:

Боран соғар оң жақтан,

Боран соғар сол жақтан.

Қар атысып ойнаймыз,

Су өтер қолғаптан.

Тәрбиеші:

Дәрігер сендерге жапсыруды аяқта деген тапсырма бергісі келір тұр, сол тапсырманы орындайық.

Жұмыстың жасалу жолымен таныстырып,түсіндіремін



Саусақ жаттығу:



Оң қолымда сақина,

Сол қолымда сақина

Санайықшы кәнеки,1,2,3,4,5

Дем аламыз біз.



Жұмыстарын бағалау балалардың



Ойын: «Біз салатпыз»



Жұмбақ жасырамын:

Қалың кигенді ұнатады

Шешіндірсең жылатады. (пияз)

Дұрыс айтасыңдар балалар,пияз денсаулыққа өте пайдалы ,оны біз

Күнделікті тамаққа қосамыз,біз оны дәрі ретінде пайдаланамыз,суықта оны көп жеген дұрыс.

Сондықтан мен сендерге осы пиязды қара құмға отырғызып,оған күнделікті су құйып күту үшін сендерге тапсырма бергім келіп тұр.

Бұл әрі табиғат бұрышына деген қамқорлық,әрі оны өзіміз пайдаланамыз.

Еңбек әрекеті: «Пиязды отырғызу.



Қорытындылау:

«Бүгін біз не білдік?»










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Дәрумендер денсаулық кепілі"

Автор: Нургазина Фарида Отарбаевна

Дата: 02.04.2018

Номер свидетельства: 464716

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) ""Д?румендер денсаулы? кепілі" "
    ["seo_title"] => string(30) "d-rumiendier-diensauly-kiepili"
    ["file_id"] => string(6) "100302"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1402376009"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Т?рбие са?аты "Д?румендер денсаулы? кепілі""
    ["seo_title"] => string(40) "trbiiesagatydrumiendierdiensaulykkiepili"
    ["file_id"] => string(6) "290503"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1454956239"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Д?румендер - денсаулы? кепілі "
    ["seo_title"] => string(31) "d-rumiendier-diensaulyk-kiepili"
    ["file_id"] => string(6) "207608"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430562488"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Ашық оқу қызметі "Дәрумендер денсаулық кепілі""
    ["seo_title"] => string(52) "ashyk_ok_u_k_yzmieti_d_rumiendier_diensaulyk_kiepili"
    ["file_id"] => string(6) "457251"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1518588315"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(52) "du_rys_tamak_tanu_diensaulyk_kiepili_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "437533"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1510080821"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства