kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: "Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі"

Мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларымыздың салауатты өмір салты жайлы білімін тереңдету, адам денсаулығының қымбаттылығын, жат қылықтардан сақтай отырып, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру.

2.Дамытушылық: өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.

3.Тәрбиелеу: өзін-өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа,әдемілікке, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.

Барысы:

Денсаулық - жеке адамның басты байлығы. Денсаулық - адам тіршілігінің ең бірінші шарты. Бүгінгі дені сау ұрпақ - елдің ертеңгі жалғасы.
-Бүгінгі тәрбиелік іс-шарамыздың тақырыбына байланысты әңгімеміз тек денсаулық жөнінде болмақ. Денсаулық деген сөз-деніңнің саулығы деген мағынаны білдіреді. Деніңнің аурудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі-денсаулықтың белгісі. Дене мүшелерінің, ішкі ағзалардың бірі ауырса, адамның денсаулығы нашарлап, көңіл күйі түседі, еш нәрсеге зауқы болмайды.

(Есікті қағып Жалқаубек келеді)
- Сәлеметсіздер ме? Сіздерде керемет сабақ өтіп жатқанын естіп, балалармен бірге тамақтану құпиясын білейін деп келдім және балаларға тәтті сусын, сағыз, чипси әкелдім.
Міне сендерге әкелдім деп сөмкесінен шығара бастайды.
Мұғалім: -Жалқаубек асықпа, бізбен бірге отыр. Қазір сенің әкелген тамақтарың туралы білетін боламыз.
- Газды сусынның құрамында консерванттар, бояғыш пен ароматизатор беретін, иіс беретін заттар кіреді, олар асқазанға жағымсыз әсер етеді. Газды сусында мөлшерден көп қант тіс құртының пайда болуына себепкер. Сусынның құрамында дәрумендер мен минералды заттар жоқ.
Мұғалім:- Ал, көп балалар жақсы көретін сағыздың құрамында да қант көп, соның әсерінен іш ауруы, ішегінің тас болып қатып қалуы, абайсызда жұтып қоюуы өте қауіпті. Ал чипсидің құрамында бірнеше зиянды заттар бар, Бұл заттар жүйке жүйесіне улы әсер етеді.
Мұғалім: - Жалқаубектің әкелген тамағын аласыңдар ма?
- Ал қандай тамақ пайдалы?

- "Тәні саудың -дені сау" демекші, егер адам әрдайым жақсылық жасап, алғыс алып жүрсе оның жан дүниесі, тәні таза болады. Егер тәнің сау болса, онда денің де сау болады.
Үлкен кісілермен амандасып жүр. Сау болғың келсе, баршаға саулық тіле. Жалғыз басты кәрі кісілерге, мүгедектерге көмектес. Сонда сен алғыс аласың, достарың да көп болады.
Қызғаншақ болма! Өз бойыңдағы жалқаулықты, қорқақтықты таста! Өтірік айтпа, жаман ойлардан аулақ бол. Ауыра қалсаң, көп уайымдама. Бастаған істі аяқта! Жақсы оқы.
- Адамның ішкі ойы таза болса, дені де сау болады. Барлық уақытта адамдар мен айналаң туралы жақсы ойласаң және оларға жақсылық тілесең, өзіңді әрқашан жақсы сезінесің.

Гүл ұстаған балалар шеңберге дөңгелене отырады, бір-біріне жылы,жақсы лебіздерін айтып, денсаулық тілеп, гүл ұсынады. Гүл шоқтары бірте-бірте көбейіп, жылы лебізді бастап тілеген баланың өзіне бір құшақ гүл- «Тілек шоғы» болып оралады.
«Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасаса, ол өзіңе- ақ оралады», - деп мұғалім қорытынды жасайды.
- Міне, балалар, неткен керемет нұсқаулар айтылды, күнделікті іске асырайық.
1-оқушы:
Денсаулық - ол күлуің,
Көңіл-күйің жадырай.
Денсаулық - ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.

- Балалар, деніміз сау және күшті болып өсуіміз үшін не істеуіміз керек?
- Иә, дұрыс ол үшін күн тәртібін сақтау керек. Уақытымен ұйықтап, ұйқыдан тұрған соң төсек орнымызды жинап, жуынып таңғы жаттығу жасауды әдетке айналдырып, таза жүрсек, өз-өзімізді күте білсек, деніміз сау болады. Әрдайым күліп жүруіміз керек Сендердің күлкілерің әдемі болуы үшін тісті күтуге байланысты ережелерді мұқият орындауымыз керек.

- Балалар, денсаулыққа байланысты қандай мақал - мәтел білесіңдер?
1.Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.
2.Ісің түсіп тақсырға барма,
Аурулы болып бақсыға барма.
3. Бақсы көрінсе дерт қозады,
Ұста көрінсе таға тозады.
4.Жарлының байлығы - денінің саулығы.
5.Ауру атанды да шөктірер.
6.Қотыр қолдан жұғады,
Таз тақиядан жұғады.
7.Бас ауырса жан қорқады.
8.Жұғын бар жерде - шыбын бар,
Шыбын бар жерде - шығын бар.
9.Екі ауру бір келсе, ажалыңның жеткені.
10.Жан ауырса - тән азады,
Қайғы басса - жан азады.
11.Өліспеген көріседі.
12.Қасқырдың ойлағаны арамдық,
Қойдың ойлағаны - амандық.
13.Тәуіптің жақсысы - ауруға ауру қоспағаны.
14.Мың жұмақтан - бір күн тірлік.
15.Қасапшыға мал қайғы,
Қара ешкіге жан қайғы.
Сергіту сәті
Ойын: «Иісіне қарай ажырат».Бұл ойында 3 оқушы алға шығады. Олардың көздерін байлап алма, апельсин, пияздың иісін искетемін. Олар соны тауып атын атау қажет.
-Біздің денсаулығымызға тағы бір қажетті нәрсе бұл - дәрумендер. Жеміс-жидектер мен көкөністерді өз қажетінше, көп жеу керек, өйткені олар - дәрумендер мен пайдалы заттарға бай. Олардың құрамындағы дәрумендер сіздердің бойларыңыздың өсуіне, ағзаларымыздың дұрыс дамуына және көздің көруінің жақсаруына көмектеседі.

«Әлемдегі ең пайдалы азықтар»
Балық: Қартаюға қарсы ең жақсы азық,миды және жүректі қорғайды. Рухани жағдайды реттеп, қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді.
Сүт: Витамин, минерал және пайдалы бактерияларға өте бай.
Жаңғақтар. Жүректің қызметін реттейді. Бір күн үшін 25 грамдық, бадам (миндаль), жаңғақ, жержаңғақ, орман жаңғағы жеткілікті.
Қызыл ет: Жайлауда жайылған малдың еті, яғни өңдеуден өтпеген қызыл еттер пайдалы.
Жұмыртқа: Ең зиянсыз ас. Миды қорғайды және көз саулығын күшейтеді.
Көк шәй: Ішектердің, тыныс жолдарының жұмысын реттейді. Салмақ реттелуін оңайлатады.
Алма - дәрілерден аспирин орнына жүреді. Сүйекті қуаттандыратын K витамині бар.
Шие - күніне 20 шие бір аспириннің әсерін береді.
Пияз және сарымсақ - инфекцияларды жояды. Жүрек ауруы қаупін 20%-ға азайтады.
Айран, сүзбе, ірімшік - тістің саулығы үшін пайдалы, кальцийдің қоры
Қызылша - бүйректерге пайдалы, тұз мөлшерін реттейді.
Банан - жүректің соғуын дұрыстайды, қан қысымын реттейді.
Қауын - жарты қауын бір күндік С дәрумені қажеттілігін қамтамасыз етеді. Бүйректерге пайдалы.

- Балалар, енді жұмбақтар шешіп көрейік.
Дымқылдап күнде сен,                        Шомылған баланы,
қолыңа сүйкесең.                                 Аймалап алады.
Кетіп кір-ласың,                                   Сүртеді қолын да,
Тап-таза боласың. (Сабын)                 Сүртеді жонын да. (Сүлгі)

Аузы жоқ, көзі жоқ,                             Біз едік, біз едік,
Тілі жоқ, өзі жоқ.                                 Отыз екі қыз едік.
Бірақ та тісі бар,                                   қатар-қатар тізілдік,
Басыңмен ісі бар. (Тарақ)                    Кезек-кезек үзілдік. (Тіс)
 

1- оқушы:- Халық даналығында «Денсаулық - зорбайлық» деген сөз бар. Ерте заманнан бері ата-бабаларымыз денсаулыққа көп көңіл бөлген. Баланың дені сау, шымыр болу үшін 4-5 жастан бастап атқа мінгізген, садақ тарту, найза шаншу, күрес секілді денені шынықтыратын жаттығулармен жаттықтырған. Осының нәтижесінде бұлшық ет қатайып, бой өсіп, кеуде кеңейіп, күш молаятынын ертеден - ақ білген.

2- оқушы: -Ал қазір мектепте дене шынықтыру сабақтары жүргізіледі. Онда арнаулы мамандар иесі қабілетін анықтап, бағыттап отырады. Спорттың түрлері өте көп. Стол теннисі, шахмат, хоккей, бокс, баскетбол, футбол сияқты түрлері кеңінен тараған. Кейінгі кездері жылдамдықты, тездікті талап ететін спорттың түрлері де пайда болды. Олар: у-шу, дзюдо, айкидо, таэквондо. Сонымен қатар денені шынықтыратын ұлттық ойындар да бар. Олар: «Бәйге», «Қызқуу», «Көкпар», «Аударыспақ», «Жамбы ату».

Қорытынды сөз: - Балалар, біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық? (Денсаулық)
- Нені ойға тоқып, жадымызда сақтауға тиіспіз? (Жаман әдеттен аулақ болуымыз керек)
- Сіздер, қандай азамат болып өсулерің қажет? (Дені сау, ақылды, білімді, адал болып)
- Балалар, олай болса, денсаулықтың достарын атайықшы.

- «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл - үшеуімен бақытты болады өмір», - демекші, дені сау, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсейік, ешқашан ауырмай, өз денсаулықтарыңды күтіңдер!. Сондықтан болашақта сендерден дені сау, мықты да шымыр, отбасына тірек болатын азамат, азаматша шығады деп сенемін.
Бәрі:- Тазалықты сүйеміз,
Таза болып жүреміз.
Біз баламыз шыныққан,
Денсаулығы мықты жан.

-Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі тәрбие сағаты»

Бекітемін:__________

Мектеп директорының тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары Сеитова Ж.Т

Тақырыбы: "Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі"

Мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларымыздың салауатты өмір салты жайлы білімін тереңдету, адам денсаулығының қымбаттылығын, жат қылықтардан сақтай отырып, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру.

2.Дамытушылық: өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.

3.Тәрбиелеу: өзін-өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа,әдемілікке, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.

Барысы:

Денсаулық - жеке адамның басты байлығы. Денсаулық - адам тіршілігінің ең бірінші шарты. Бүгінгі дені сау ұрпақ - елдің ертеңгі жалғасы.
-Бүгінгі тәрбиелік іс-шарамыздың тақырыбына байланысты әңгімеміз тек денсаулық жөнінде болмақ . Денсаулық деген сөз-деніңнің саулығы деген мағынаны білдіреді. Деніңнің аурудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі-денсаулықтың белгісі. Дене мүшелерінің, ішкі ағзалардың бірі ауырса, адамның денсаулығы нашарлап, көңіл күйі түседі, еш нәрсеге зауқы болмайды.

(Есікті қағып Жалқаубек келеді)
- Сәлеметсіздер ме? Сіздерде керемет сабақ өтіп жатқанын естіп, балалармен бірге тамақтану құпиясын білейін деп келдім және балаларға тәтті сусын, сағыз, чипси әкелдім.
Міне сендерге әкелдім деп сөмкесінен шығара бастайды.
Мұғалім: -Жалқаубек асықпа, бізбен бірге отыр. Қазір сенің әкелген тамақтарың туралы білетін боламыз.
- Газды сусынның құрамында консерванттар, бояғыш пен ароматизатор беретін, иіс беретін заттар кіреді, олар асқазанға жағымсыз әсер етеді. Газды сусында мөлшерден көп қант тіс құртының пайда болуына себепкер. Сусынның құрамында дәрумендер мен минералды заттар жоқ.
Мұғалім:- Ал, көп балалар жақсы көретін сағыздың құрамында да қант көп, соның әсерінен іш ауруы, ішегінің тас болып қатып қалуы, абайсызда жұтып қоюуы өте қауіпті. Ал чипсидің құрамында бірнеше зиянды заттар бар, Бұл заттар жүйке жүйесіне улы әсер етеді.
Мұғалім: - Жалқаубектің әкелген тамағын аласыңдар ма?
- Ал қандай тамақ пайдалы?

- "Тәні саудың -дені сау" демекші, егер адам әрдайым жақсылық жасап, алғыс алып жүрсе оның жан дүниесі, тәні таза болады. Егер тәнің сау болса, онда денің де сау болады.
Үлкен кісілермен амандасып жүр. Сау болғың келсе, баршаға саулық тіле. Жалғыз басты кәрі кісілерге, мүгедектерге көмектес. Сонда сен алғыс аласың, достарың да көп болады.
Қызғаншақ болма! Өз бойыңдағы жалқаулықты, қорқақтықты таста! Өтірік айтпа, жаман ойлардан аулақ бол. Ауыра қалсаң, көп уайымдама. Бастаған істі аяқта! Жақсы оқы.
- Адамның ішкі ойы таза болса, дені де сау болады. Барлық уақытта адамдар мен айналаң туралы жақсы ойласаң және оларға жақсылық тілесең, өзіңді әрқашан жақсы сезінесің.

Гүл ұстаған балалар шеңберге дөңгелене отырады, бір-біріне жылы,жақсы лебіздерін айтып , денсаулық тілеп, гүл ұсынады. Гүл шоқтары бірте-бірте көбейіп, жылы лебізді бастап тілеген баланың өзіне бір құшақ гүл- «Тілек шоғы» болып оралады.
«Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасаса, ол өзіңе- ақ оралады», - деп мұғалім қорытынды жасайды.
- Міне, балалар, неткен керемет нұсқаулар айтылды, күнделікті іске асырайық.
1-оқушы:
Денсаулық - ол күлуің,
Көңіл-күйің жадырай.
Денсаулық - ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.

- Балалар, деніміз сау және күшті болып өсуіміз үшін не істеуіміз керек?
- Иә, дұрыс ол үшін күн тәртібін сақтау керек. Уақытымен ұйықтап, ұйқыдан тұрған соң төсек орнымызды жинап, жуынып таңғы жаттығу жасауды әдетке айналдырып, таза жүрсек, өз-өзімізді күте білсек , деніміз сау болады. Әрдайым күліп жүруіміз керек Сендердің күлкілерің әдемі болуы үшін тісті күтуге байланысты ережелерді мұқият орындауымыз керек.

- Балалар, денсаулыққа байланысты қандай мақал - мәтел білесіңдер?
1.Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.
2.Ісің түсіп тақсырға барма,
Аурулы болып бақсыға барма.
3. Бақсы көрінсе дерт қозады,
Ұста көрінсе таға тозады.
4.Жарлының байлығы - денінің саулығы.
5..Ауру атанды да шөктірер.
6.Қотыр қолдан жұғады,
Таз тақиядан жұғады.
7.Бас ауырса жан қорқады.
8.Жұғын бар жерде - шыбын бар,
Шыбын бар жерде - шығын бар.
9.Екі ауру бір келсе, ажалыңның жеткені.
10.Жан ауырса - тән азады,
Қайғы басса - жан азады.
11.Өліспеген көріседі.
12.Қасқырдың ойлағаны арамдық,
Қойдың ойлағаны - амандық.
13.Тәуіптің жақсысы - ауруға ауру қоспағаны.
14.Мың жұмақтан - бір күн тірлік.
15.Қасапшыға мал қайғы,
Қара ешкіге жан қайғы.
Сергіту сәті
Ойын: «Иісіне қарай ажырат».Бұл ойында 3 оқушы алға шығады. Олардың көздерін байлап алма, апельсин, пияздың иісін искетемін. Олар соны тауып атын атау қажет.
-Біздің денсаулығымызға тағы бір қажетті нәрсе бұл - дәрумендер. Жеміс-жидектер мен көкөністерді өз қажетінше, көп жеу керек, өйткені олар - дәрумендер мен пайдалы заттарға бай. Олардың құрамындағы дәрумендер сіздердің бойларыңыздың өсуіне, ағзаларымыздың дұрыс дамуына және көздің көруінің жақсаруына көмектеседі.

«Әлемдегі ең пайдалы азықтар»
Балық: Қартаюға қарсы ең жақсы азық ,миды және жүректі қорғайды. Рухани жағдайды реттеп, қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді.
Сүт: Витамин, минерал және пайдалы бактерияларға өте бай.
Жаңғақтар. Жүректің қызметін реттейді. Бір күн үшін 25 грамдық, бадам (миндаль), жаңғақ, жержаңғақ, орман жаңғағы жеткілікті.
Қызыл ет: Жайлауда жайылған малдың еті, яғни өңдеуден өтпеген қызыл еттер пайдалы.
Жұмыртқа: Ең зиянсыз ас. Миды қорғайды және көз саулығын күшейтеді.
Көк шәй: Ішектердің, тыныс жолдарының жұмысын реттейді. Салмақ реттелуін оңайлатады.
Алма - дәрілерден аспирин орнына жүреді. Сүйекті қуаттандыратын K витамині бар.
Шие - күніне 20 шие бір аспириннің әсерін береді.
Пияз және сарымсақ - инфекцияларды жояды. Жүрек ауруы қаупін 20%-ға азайтады.
Айран, сүзбе, ірімшік - тістің саулығы үшін пайдалы, кальцийдің қоры
Қызылша - бүйректерге пайдалы, тұз мөлшерін реттейді.
Банан - жүректің соғуын дұрыстайды, қан қысымын реттейді.
Қауын - жарты қауын бір күндік С дәрумені қажеттілігін қамтамасыз етеді. Бүйректерге пайдалы.

- Балалар, енді жұмбақтар шешіп көрейік.
Дымқылдап күнде сен, Шомылған баланы,
қолыңа сүйкесең. Аймалап алады.
Кетіп кір-ласың, Сүртеді қолын да,
Тап-таза боласың. (Сабын) Сүртеді жонын да. (Сүлгі)

Аузы жоқ, көзі жоқ, Біз едік, біз едік,
Тілі жоқ, өзі жоқ. Отыз екі қыз едік.
Бірақ та тісі бар, қатар-қатар тізілдік,
Басыңмен ісі бар. (Тарақ) Кезек-кезек үзілдік. (Тіс)


1- оқушы:- Халық даналығында «Денсаулық - зорбайлық» деген сөз бар. Ерте заманнан бері ата-бабаларымыз денсаулыққа көп көңіл бөлген. Баланың дені сау, шымыр болу үшін 4-5 жастан бастап атқа мінгізген, садақ тарту, найза шаншу, күрес секілді денені шынықтыратын жаттығулармен жаттықтырған. Осының нәтижесінде бұлшық ет қатайып, бой өсіп, кеуде кеңейіп, күш молаятынын ертеден - ақ білген.

2- оқушы: -Ал қазір мектепте дене шынықтыру сабақтары жүргізіледі. Онда арнаулы мамандар иесі қабілетін анықтап, бағыттап отырады. Спорттың түрлері өте көп. Стол теннисі, шахмат, хоккей, бокс, баскетбол, футбол сияқты түрлері кеңінен тараған. Кейінгі кездері жылдамдықты, тездікті талап ететін спорттың түрлері де пайда болды. Олар: у-шу, дзюдо, айкидо, таэквондо. Сонымен қатар денені шынықтыратын ұлттық ойындар да бар. Олар: «Бәйге», «Қызқуу», «Көкпар», «Аударыспақ», «Жамбы ату».

Қорытынды сөз: - Балалар, біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық? (Денсаулық)
- Нені ойға тоқып, жадымызда сақтауға тиіспіз? (Жаман әдеттен аулақ болуымыз керек)
- Сіздер, қандай азамат болып өсулерің қажет? (Дені сау, ақылды, білімді, адал болып)
- Балалар, олай болса, денсаулықтың достарын атайықшы.

- «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл - үшеуімен бақытты болады өмір», - демекші, дені сау, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсейік, ешқашан ауырмай, өз денсаулықтарыңды күтіңдер! . Сондықтан болашақта сендерден дені сау, мықты да шымыр, отбасына тірек болатын азамат, азаматша шығады деп сенемін.
Бәрі:- Тазалықты сүйеміз,
Таза болып жүреміз.
Біз баламыз шыныққан,
Денсаулығы мықты жан.

-Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі тәрбие сағаты

Автор: Имангалиева Гулжиян Сайлауовна

Дата: 07.11.2017

Номер свидетельства: 437533


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства