Саба?ты? ма?саты: о?ушылар?а ?з ?йлері туралы айта алу?а ?йрету, та?ырып бойынша белсенді с?здік ?орды ме?герту, ? дыбысыны? жі?ішке дауысты дыбыс екені? ?йрету.
К?тілетін н?тиже:
П?ндік: ?она? б?лмесі, балалар б?лмесі, жатын б?лме, ас ?й, жуынатын б?лме деген с?здерді ме?геру, ?з ?йлері туралы ??гімелей алу, ? дыбысыны? жі?ішке дауысты дыбыс екенін ?йрену.
Т?л?алы?:.тазалы??а, ??ыптылы??а ?мтылу.
Ж?йелік-?рекеттік: саба? барысында ме?герген белсенді с?здік ?ор мен ?арапайым ?лгі ??рылымдарды ?зіне таныс ?мірлік жа?даяттарда орынды ?олдана алу.
2- тапсырмада о?ушылар сурет бойынша ?р б?лмені жеке-жеке атайды. Мысалы: Мынау – ?она? б?лмесі. Мынау – балалар б?лмесі.
3- тапсырмада о?ушылар б?лмелерге ?атысты ?олданылатын ке? ,таза, жары? деген с?здерді ?олдану?а жатты?ады. «Б?лме ?андай?» деген с?ра??а жауап ретінде ?олданылаты? с?здер ?атарын ме?гереді.
4- тапсырмада алды??ы екі тапсырмада ?йренген с?йлем ?лгілерін біріктіре ?олдану?а жатты?ады. Осы тапсырмада берілген с?йлесу ?лгісі бойынша о?ушылар б?лмені атай алады ж?не б?лмені? ?андай екені? айта алады.
5- тапсырмада о?ушылар аудиотаспадан м?тінді ты?дайды, м??ерлеп о?иды. Осы ?лгі ойынша ?з ?йлері туралы ??гімелейді. 6- тапсырмада?ы с?йлесу ?лгісі бойынша о?ушылар ? дыбысыны? жі?ішке дауысты дыбыс екенін ?йренеді.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға өз үйлері туралы айта алуға үйрету, тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгерту, ө дыбысының жіңішке дауысты дыбыс екенің үйрету.
Күтілетін нәтиже:
Пәндік: қонақ бөлмесі, балалар бөлмесі, жатын бөлме, ас үй, жуынатын бөлме деген сөздерді меңгеру, өз үйлері туралы әңгімелей алу, ө дыбысының жіңішке дауысты дыбыс екенін үйрену.
Тұлғалық:.тазалыққа, ұқыптылыққа ұмтылу.
Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.
Өткен бөлім мен жаңа сабақты сабақтастыру.
Жаңа сабақ
Оқушылардың назарын 1-тапсырмадағы суретке аудару арқылы «үй» сөзі еске түсіріледі. Мұғалім оқушыларды бөлмелермен (қонақ бөлмесі, балалар бөлмесі, жатын бөлме, асүй, жуынатын бөлме) таныстырады. Аудиотаспа арқылы, хормен, жекелей қайталау арқылы белсенді лексикамен жұмыс жүргізіледі.
2- тапсырмада оқушылар сурет бойынша әр бөлмені жеке-жеке атайды. Мысалы: Мынау – қонақ бөлмесі. Мынау – балалар бөлмесі.
3- тапсырмада оқушылар бөлмелерге қатысты қолданылатын кең ,таза, жарық деген сөздерді қолдануға жаттығады. «Бөлме қандай?» деген сұраққа жауап ретінде қолданылатың сөздер қатарын меңгереді.
4- тапсырмада алдыңғы екі тапсырмада үйренген сөйлем үлгілерін біріктіре қолдануға жаттығады. Осы тапсырмада берілген сөйлесу үлгісі бойынша оқушылар бөлмені атай алады және бөлменің қандай екенің айта алады.
5- тапсырмада оқушылар аудиотаспадан мәтінді тыңдайды, мәңерлеп оқиды. Осы үлгі ойынша өз үйлері туралы әңгімелейді. 6- тапсырмадағы сөйлесу үлгісі бойынша оқушылар ө дыбысының жіңішке дауысты дыбыс екенін үйренеді.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-граматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.
ІҮ. Сабақты бекіту. «Қандай сан жоқ?» деген тапсырманы оқушылардың қисынды ойлау қабілетіне байланысты «Ойланып айт» сайысын өткізу
Ү. Қорытындылау. Сұрақ - жауап
ҮІ. Үй тапсырмасын беру. Жаңа сөздерді жаттау,________________
Сабақтың тақырыбы: Мынау- менің бөлмем
Сабақтың мақсаты: өз бөлмелері туралы айта алуға үйрету, тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгерту, ү дыбысының жіңішке дауысты дыбыс екенін үйрету.
Күтілетін нәтиже:
Пәндік: өз бөлмелері туралы айта алу, ү дыбысының жіңішке дауысты дыбыс екенін меңгеру.
Тұлғалық: өз бөлмелеріне ұқыптылықпен қарауға, тазалыққа ұмтылу.
Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрвлымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.
Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру
Жаңа сабақ
1-тапсырма арқылы оқушылар өткен сабақпен байланысты лексиканы еске түсіреді, бөлме, жарық, таза деген сөздердің өз бөлмелеріне қатысты қолданысымен танысады.
2- тапсырмада суреттер арқылы бөлмеге қатысты жаңа сөздер қатарымен танысады. Үстел, орындық, шкаф, кітап сөресі, есік, терезе, кілем, төсек деген сөздерді хормен және жекелей қайталау арқылыесте сақтайды. 3- тапсырмадағы сурет арқылы оқушылар еден және қабырға деген сөздермен танысады, оларды қайталау, бөлмеден(сыныптан) көрсету арқылы есте сақтайды. 4- тапсырмадағы суреттен оқушылар еденде жатқан кілемді және қабырғада ілулі тұрған кітап сөресін көреді. Осы сурет бойынша « Еденде кілем жатыр. Қабырғада кітап сөресі ілулі тұр.» деген сөйлем үлгілерін үйренеде. Оны үлестірмелі материал дайындау арқылы бекіте түсуге болады. Мәселен, оқушыларға бөлменің қабырғасы мен едені сызылған парақ таратылады(1-сурет), оқушылар оған қабырға және еден деген сөздерді жазады( 2- сурет), содан кейін оқушылар еденге кілемнің суретін, қабырғаға кітап сөресінің суретін салады.5- тапсырмада оқушылар
ҮІ. Үй тапсырмасын беру. Жаңа сөздерді жаттау,________________
Сабақтың тақырыбы: Менің ойыншықтарым
Сабақ мақсаты:
І. Білімділік: Тақырып бойынша жұмысты жалғастыру. Сөздік
қорларының сапасына мән беру, тілдесім әрекетін
жандандыру
ІІ. Дамытушылық: Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын
II. Өткен бөлімге шолу; жаңа сабақтың мақсаттарымен таныстыру.
III. Жаңа сабақ
1-тапсырмада берілген суреттер арқылы оқушылар ойын-шық атауларын қайталайды. Ойыншық атаулары аудиотаспадан тыңдалады. Оқушылар мұқият тыңдай отырып, сол сөздердің айтылуын қайталайды.
2-тапсырмада берілген мәтін мәнерлеп оқытылады.
«Есте сақта!» айдарындағы сөздерге оқушылардың көңілін аудара отырып, мұғалім ойыншық, қонжық, қуыршақ сөздері тәуелдік жалғауы жалғанғанда қалай өзгеретінін тағы бір еске салады. Мұнда БДҚ-ның кестесін тиімді пайдалануға болады.
3-тапсырмадағы диалогті сюжетті суреттер арқылы оқушылар аудиотаспадан тыңдайды, қайталайды, оқиды. Оқушылардың назары «Неден жасаймыз? Кім не жасайды?» сұрақтарға ерекше аударылады. Оқушылардың назарын суреттерге аудару керек. Әр суреттегі кейіпкер сөздерін аудиотаспадан тыңдатып, қайталату керек. Сондай-ақ ермексаз сөзіне де ерекше көңіл аудару қажет. Оқушылар ойыншықтардың ермексаздан жасалғанын айта алуға жат-тығады. Осыдан кейін «Есте сақта!» айдарында берілген ерекшеліктер түсіндіріледі.
4-тапсырмада оқушылар берілген сұрақтарға 3-тапсырмадағы суреттер бойынша жауап береді.
Сергіту сәті
5-тапсырмада кесте бойынша сөйлеуге үйренеді, осы тапсырманы орындау барысында оқушылар «Мен ермексаздан қуыршақ (машина, доп, текше, айдаһар, қоян) жасаймын» деп айта алуы тиіс.
6-тапсырма ермексаз сөзі мен түстерді қайталауға бағытталған. Оқушылар берілген үлгі бойынша өзінің не жасайтынын, оны неден жасайтынын және оның түсі қандай болатынын айта алуға үйренеді. Оқушылар «Мен ермексаздан аю жасаймын. Аю қоңыр болады. Маған қоңыр түсті ермексаз керек.», «Мен ермексаздан дoп жасаймын. Доп көк болады. Маған көк түсті ермексаз керек», «Мен ермексаздан қоян жасаймын. Қоян аң болады. Маған ақ түсті ермексаз керек»-деп айта алулары қажет.
Жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.
IV. Жаңа сабақты қорытындылау
Мұғалім оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып, сабақты аяқтайды.
ҮІ. Үй тапсырмасын беру. Жаңа сөздерді жаттау,________________
Сабақтың тақырыбы: Мен бөлмемді жинаймын
Сабақтың мақсаты: өз заттарын қалай жинайтын туралы айта алуға үйрету, тақырыпқа қатысты белсенді сөздік қорды меңгерту.
Күтілетін нәтиже:
Пәндік: өз заттарын (ойыншықтар, киімдер, кітаптаар) қалай жинастыратынын айта алу, сұрақ қою, сұраққа жауап бере алу дағдыларын қалыптастыру.
Тұлғалық: үлкендерге, ата-анасына көмек көрсету, ұқыптылыққа ұмтылу.
Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Оқушылар и дыылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.
Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру
Жаңа сабақ
1-тапсырмадағы кесте боынша оқушылар ойыншықтар, киімдер, кітаптар деген сөздерді жинаймын сөзімен байланыстыра қолдану үлгісімен таныстыру ( мен ойыншықтарымды жинаймын. Мен киімдерімді жинаймын. Мен кітаптарымды жинаймын).
2-тасырмада оқушылар оқудықта берілген сөйлдемдерді оқиды. Сол сөйлемдерге сәйкес келетін суретті тауып айтқызу ( мен киімдерді шкафқа ілемін 2-сурет, Мен кітаптарымды сөреге қоямын -3сурет, Мен ойыншықтарымды қорапқа саламын -1-сурет).
3- тапсырмадағы сөздерді сәйкестендіріп оқу арқылы сөреге қоямын, қорапқа саламын, шкафқа ілемін деген тіркестерді бекіту.
4-тапсырмада оқушылар бөлме, бөлмедегі заттар туралы мәтінмен танысады, мәтінді мәнерлеп оқуға жаттығады. Берілген үлгі бойынша өз заттары туралы әңгімелету.
5-тапсырмадағы сөйлемдерді толықтырып оқу арқылы сөреге қоямын,қорапқа саламын, шкафқа ілемін деген белсенді лексиканы тағы бір бекіту.
6-тапсырмада оқушылар и дыбысының әрі жуан, әрі жіңішке болып келетінімен танысады. Мұғалім мысалдар арқылы ( тиын, тиін) түсіндіреді.
IV. Жаңа сабақты қорытындылау
Үй тапсырмасын беру. Жаңа сөздерді жаттау,________________
Сабақтың тақырыбы: Менің қуыршағым
Сабақ мақсаты:
І. Білімділік: Тақырып бойынша жұмысты жалғастыру. Сөздік
қорларының сапасына мән беру, тілдесім әрекетін
жандандыру
ІІ. Дамытушылық: Оқушылардың сауатты оқу, сөйлеу, жазу дағдыларын
дамытуды жалғастыру
ІІІ. Тәрбиелік: Оқушылардың сабақ жне ойын барысында әділетті
болуға баулу, тәрбиелік мақсатта әңгіме құру.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Баяндау, түсіндір, көрнекілік, ойын, сұрақ-жауап,
жаттықтыру, қайталау
Сабақ көрнекілігі: Тақырыптық суреттер
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі, сурет
Меңгерілетін сөздер: бар, жоқ, сөзжұмбақ
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу
ә) оқушыларды түгендеу
б) Сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Өткен сабақтағы жаңа сөздерді қаншалықты меңгергендігін тексеру
Үйге берілген жаттығудағы суреттерді көрсете отырып жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрату
ІІІ. Жаңа сабақ:
-Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Қуыршақ» деп аталады. Ол қыз баланың кішкентай кезінен бастап ойналатын ойыншығы. Оқушылардан қуыршақтың қандай болатындығын сұрау.
а) сөздік жұмысы.
Қазақша
Орысша
Қазақша
Орысша
бар
есть
сөзжұмбақ
кроссворд
жоқ
нет
ә) тапсырмалармен жұмыс.
1-тапсырма. Оқылым әрікетіне берілген диалогпен жұмыс жасау. Оқылым әрікетінен кейін тапсырмаға ұқсас диалог жасату. Оқушылардың әкелген ойыншықтарымен практикалық жұмыс жасату.
2-тапсырма. Сұрақ-жауап бойынша жұмыс жасау. І және ІІ жақта сөйлеу дағдыларын тапсырма арқылы бекіту. Тапсырманы сурет салу жұмысымен жалғастыру.
Мынау кімнің шары? Бұл – менің шарым.
Мынау кімнің қуыршағы? Бұл – менің қуыршағым
3-тапсырма. Қисынды ойлау қабілетіне берілген аударма жұмысын ауызша орындап, «қуыршақ» атты өлеңді оқу. Мағынасын түсіну.
Жуынбайды жуынсақ,
Бұл не деген қуыршақ?
Тығылмайды тығылсақ,
Бұл не деген қуыршақ?
4-тапсырма. Қисынды ойлау қабілетіне берілген сөзжұмбақты шешу. Жаңа сөздермен жұмыс жасау.
д
о
п
қ
о
я
н
м
ы
с
ы
қ
қ
о
н
ж
ы
қ
қ
у
ы
р
ш
а
қ
ІҮ. Сабақты бекіту. Тапсырманы тақырыпты бекіту мақсатында орындау.
Оқушылармен өтілген тақырып бойынша «Мәре-сөре» ойынын өткізу. Ойыннан кейін оқуышалрдың өз таңдауы бойынша бір суретті таңдап алып, атауын жазуға тапсыру.
Ү. Қорытындылау. Сұрақ - жауап
ҮІ. Үй тапсырмасын беру. Жаңа сөздерді жаттау. ,________________
Сабақтың тақырыбы: Тазалық
Сабақтың мақсаты:
Тазалықты сақтауға қатысты іс-әрекеттерді үйрету. Жуамын, тараймын, тазалаймын етістіктерін орынды қолдануға үйрету.
Күтілетін нәтиже:
Пәндік: беті-қолының таза, кір екенін айта алу, таза, тақырып аясындағы сөздерді орынды қолдануға жаттығу, берілген құрылымдық үлгі бойынша сұрақ қоя алу, тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгеру.
Тұлғалық: өз денсаулығын құту, тазалық сақтау.
Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу.
3-тапсырмада оқушылар сәйкестендіріп оқу арқылы жуамын, тараймын, тазалаймын етістіктерін орынды қолдануға жаттығу.
Сергіту сәті
4-тапсырмада оқушылар Сен таңертең не істейсің? сұрағына жауап беруге үйрету.
5-тапсырма оқылым дағдысын жетілдіруге бағытталған. Сөйлемдердің қасында берілген суреттер оның мазмұнын түсінуге көмегін береді. Оқушылар сөйлемдерді дұрыс оқуға жаттықтыру.
6-тапсырмада оқушылар Саған не керек? Сен не істейсің? сұрақтарына жауап беруге жаттығады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып, достарының жауаптарын тыңдап дағдыландыру.
Жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.
IV. Жаңа сабақты қорытындылау
Мұғалім оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып, сабақты аяқтайды.
ҮІ. Үй тапсырмасын беру. Жаңа сөздерді жаттау. ,________________
Сабақтың тақырыбы: Денсаулық – зор байлық
Сабақтың мақсаты:
Ата-анасына қандай көмек көрсететіні туралы айта алуға үйрету, жинаймын етістігінің болымды / болымсыз түрін үш жақта дұрыс қолдана алуға жаттықтыру. Сұрақ қою / жауап беру дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
Пәндік: Ата-анасына қандай көмек көрсететіні туралы айта алу, «мен кітаптарды (ойыншықтарды, киімдерді) жинаймын» деген үлгідегі сөйлемдерді орынды қолдана алу, тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгеру.
Тұлғалық: үлкендерге, ama-анасы мен туған-туыстарына көмек көрсету, отбасы мүшелерін құрметтеу, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу.
Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу.
1-тапсырмадағы сурет бойынша оқушылар аудиотаспадан сөйлемдерді тыңдайды, қайталайды, оқиды.
2 – тапсырмада оқушылардың оқылым дағдысын дамытуға көңіл бөлінген. Оқушылар кесте бойынша Мен кітаптарды (ойыншықтарды, киімдерді) жинаймын-сөйлемін айтып жаттығады.
3-тапсырмада оқушылар сөздердің жекеше / көпше түрде қолданылуын қайталайды, жазылуына, айтылуына мән береді.
4-тапсырмадағы сурет бойынша оқушылар «Бала не дейді»? сұрағына жауап беру арқылы меңгерген сөйлемдерді қайталайды, есте сақтайды.
«Есте сақта!» айдары бойынша жинаймын етістігінің болымды/болымсыз түрі үш жақта қайталанады.
Сергіту сәті
5-тапсырмада оқылым әрекетіне көңіл бөлінеді. Оқушылар сұхбатты рөлге бөліп оқу арқылы жаттығады. Осы үлгі бойынша өз беттерінше сөйлесуге дағдыландыратын тапсырмалар беруге болады.
6-тапсырма алдыңғы тапсырманың желісіне құрылған. Алдыңғы тапсырманы жақсы түсінген оқушылар Ажардың нені жинайтынын / жинамайтынын бірден тауып айта алады. Оқушылар «Ажар кітаптарды жинамайды. Ажар ойыншықтарды жинайды. Ажар киімдерді жинамайды» деп толықтырып оқулары керек. Сұраққа үшінші жақта жауап беруге дағдыланады.
Жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.
IV. Жаңа сабақты қорытындылау
Мұғалім оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып, сабақты аяқтайды.
Сабақтың тақырыбы: Дені саудың-тәні сау
Сабақтың мақсаты:
Тазалықты сақтауға қатысты іс-әрекеттерді үйрету. Жуамын, тараймын, тазалаймын етістіктерін орынды қолдануға үйрету.
Күтілетін нәтиже:
Пәндік: беті-қолының таза, кір екенін айта алу, таза, тақырып аясындағы сөздерді орынды қолдануға жаттығу, берілген құрылымдық үлгі бойынша сұрақ қоя алу, тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгеру.
Тұлғалық: өз денсаулығын құту, тазалық сақтау.
Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу.
3-тапсырмада оқушылар сәйкестендіріп оқу арқылы жуамын, тараймын, тазалаймын етістіктерін орынды қолдануға жаттығады.
4-тапсырмада оқушылар Сен таңертең не істейсің? сұрағына жауап беруге үйренеді.
Сергіту сәті
5-тапсырма оқылым дағдысын жетілдіруге бағытталған. Сөйлемдердің қасында берілген суреттер оның мазмұнын түсінуге көмегін береді. Оқушылар сөйлемдерді дұрыс оқуға жаттығады.
6-тапсырмада оқушылар Саған не керек? Сен не істейсің? сұрақтарына жауап беруге жаттығады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып, достарының жауаптарын тыңдап дағдыланады.
Жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.
IV. Жаңа сабақты қорытындылау
Мұғалім оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып, сабақты аяқтайды.