kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?уелсіздік –туым, ?астерлім-тілім мен дінім, ?аруым-білімім

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:

«Т?уелсіздік-туым,?астерлім-тілім мен дінім,?аруым-білімім»

Саба?ты? ма?саты: Елімізді? т?уелсіздігін атап ?ту,жеткен жетістіктеріміз туралы о?ушыларды? білгендерін орта?а салу.

Дамытушылы?: ?лтты? сана,?лтты? болмысымызды, намыс,рух ?асиеттерін ?алыптастыру.

Т?рбиелік: Ту?ан еліні? болаша?ына ?лес ?осып,тілін дамыту,тарихын,елі ?шін ?ызмет етуге т?рбиелеу.

К?рнекілігі:          Елбасы суреттері,б?ктемелер,?анатты с?здер,

кітаптар к?рмесі.

М??алімні? кіріспе с?зі:

     ??рметті ?стаздар, о?ушылар! Б?гін біз елімізді? сан мы? жылдар бойы арманда?ан, сол жылда ?асырлар бойы найзаны? ?шымен,ерлерді? ерен ісімен біріктіріп, ел етіп, ?аза?стан Республикасыны? Т?уелсіздік ал?анына 21-жыл толды. Осы орайда ?аза? тілі мен ?дебиетіні? онк?ндігіні? «Т?уелсіздік-туым,?астерлім-тілім мен дінім,?аруым-білімім» атты ?орытынды кешімізге ?ош келіпсіздер!

1-ж?ргізуші: С?леметсіздер ме,?ымбатты ата-аналар,?стаздар мен о?ушылар!

2- ж?ргізуші: Армысыздар, ??рметті ?она?тар!

?аза? тілі-?з тілім, ана тілім

Абай, М??тар с?йлеген дана тілім

?астерлейді ?л-?ызы? м??гі сені

Болаша?ым, ба?ытым, дара тілім!

?аза? тілі ?те бай,к?ркем тілдерді? бірі. ?азіргі ?аза? тілі-кез-келген ?дебиетті бас?а тілден аудару?а, с?йлеп жазу?а м?мкіндігі мол кемелденген тіл.

1-ж?ргізуші:

 Тіл дегенім-т?сіністік ??ралы,

Тіл ар?ылы адам б?рін ??ады.

Татулы? та,бірлік,досты?,береке,

Б?рі-б?рі осы ??ым?а сияды.

Д?ниені? есігін ашып, жары? д?ниеге келген со? аялы ала?ан,ананы? а? с?тімен бой?а даритын ана тілі жайлы тебіренбеген адам кемде-кем. ?р ?лтты? тілі-оны? елдік тарихыны? айнасы.Олай болса,ту?ан тіліміз туралы «Т?уелсіздік-туым,?астерлім-тілім мен дінім,?аруым-білімім» атты та?ырыпта сыр шертілсін.

2- ж?ргізуші: Ал на?ыз тілді білемін деген адам М.?уезовты? «Абай жолы»романын о?у керек. Себебі одан хал?ымызды? салт-д?ст?рі,тілі,?ні бар. ?.Мырза-?ліні? с?зімен айтса?:  ?зге тілді? б?рін біл,?з тілі?ді ??рметте.

     (?аза? тілі туралы ?ле?дер)

1-ж?ргізуші:

-Ей,т?к?ппар д?ние,

Ма?ан да бір ?арашы!

Танисы? ба сен мені,

Мен-?аза?ты? баласы!-деп ?асым а?ын жырла?ан ?аза? тілі-?аза? баласыны? ма?танышы.

2-ж?ргізуші:

Т?уелсіздік пен тіл.Осы бір ?асиетті ??ымдарды егіз ?озыдай ?атар айту ?мірімізді айшы?тайды,я?ни тілсіз,-т?уелсіздікті?, т?уелсіздіксіз тілді? ??мырыны? баянды болуы м?мкін емес.

1-ж?ргізуші: 

Ана тілін жырлап ?ткен талайлар,

Жырлап ?ткен Ыбырай мен Абайлар!

?асиетті мені? ана тілімде

?шпес м??гі алаула?ан арай бар! Деген ?ле? жолынан б?гінгі жас ?рпа?ты? ту?ан тілге деген ысты? махаббаты мен с?йіспеншілігін к?руге болады.

(тіл туралы ?ле? шума?тары)

3-ж?ргізуші:

Ия, ?аза?стан –т?уелсіз ел! Т?уелсіздік туымен бірге ?ааза?станны? тамыры тере? тартып,жапыра?ы жай?ала бастады.

    Т?уелсіздік ар?асында ?аза?ты? асыл арманы ас?а? ?нге айналды,дербес елдермен тереземіз те?есіп,керегеміз ке?ейді.

?н: «?аза? елі»

  1. ж?ргізуші:

Т?уелсіздік! Д?ниеде б?дан ас?ан ??ым,б?дан ас?ан ?ымбат игілік жо?. Арыстарымызды? ?анымен,жанымен келген т?уелсіздігімізді алып,?лгеніміз тіріліп,?шкеніміз жан?андай.

2-ж?ргізуші: Тарих беттерін пара?таса?, ?аза? хал?ы ?зіні? тарихында талай ?анды ?ыр?ындарды,зорлы?-зомбылы?тарды бастан ?ткерді.Талай жыл?ы ашу-ыза осыдан 20-жыл б?рын Алматы ?аласында бол?ан жастар ереуіліне ?келді.

М??алім: Т?н. К?дімгі миллионда?ан т?ндерді? бірі, біра? б?л т?н ?згеше т?н еді. Себебі, б?л т?нде ?аланы? кез – келген т?сынан ?стал?ан ?аза? жастарын ?рып – со?ып, ?лімше халге жеткізді. Осындай ?атыгездікті к?рген, олар?а араша т?сем деп ж?ргендерді? арасында ?айрат Рыс??лбековта бар.

К?рініс: «Ай?ас ала?ы»

Екі – ?ш милиция, жаса?шылар орта?а шы?ып жастарды ?рып со?а бастады. «?лтшылдар!», «Б?за?ылар!», «Т?ртіпсіздер!» деп ортадан ?уа бастайды.

  О?ушы милиционер:

-         ?ста?дар,б?за?ыны! ?кеті?дер, жауып таста?дар!

-         Савицкийді ?лтірген сен бе?

-         Жо?, мен емес.

-         Сен ?лтірген! Мойны?а ал!

 -         Мен ?лтірген жо?пын. ?тірік жала жаппа?дар.

(?айратты ?рып со?а бастайды)

?айрат:

?айрат деген атым бар,

?аза? деген затым бар.

«Еркек то?ты – ??рбанды?»,

Атам десе? аты?дар.

Милиционер: Алып кеті?дер. Б?рібір ??тылмайсы?, б?за?ы!

?айрат:

Шы??ырдым да, шынды?ты айтып жа??ырдым,

Кете бардым жетегінде та?дырды?.

Бірге ?ткізген студенттік ша?тарды,

Хош аман бол,

Оралам ба, жан ??рбым?!

  М??алім: Ол ?ділетті?, шынды?ты? же?етіне іштей сенді. ?айрат орысша – ?аза?ша?а бірдей, ?те сауатты, ?з ойын ашы? айтатын жігерлі, отты жігіт еді. ?айраттан ?оры??ан Колбин мен оны? ?олшо?парлары одан тез ??тылу ?шін «Атылсын!» деп ?кім шы?арды.

           ?кінішке орай, 1988 жылы 13 мамырда Семей т?рмесіне ?келінген ?айрат Рыс??лбеков 21 мамыр к?ні та?да ?мірмен ?оштасты.

1-ж?ргізуші:

Т?уелсіздік бізге о?ай келмеді,

Ж?ртым мені? не ?иынды? к?рмеді.

Жылап т?рып аналарым б?л жолда

Сан перзентін ?ара жерге жерледі.

(Т?уелсіздік туралы ?ле? шума?тары)

М.Шаханов: «Т?рт ана»

1-ж?ргізуші:

Тілімізді,дінімізді,т?уелсіздігімізді,Отанымызды са?тап ?алу ?шін-адал,білімді,е?бек с?йгіш ?рпа? т?рбиелеп ?сіруіміз ?ажет.

2-ж?ргізуші:

Б?л міндетті ?р халы? салт-д?ст?ріне ?арай іске асырады.Я?ни, халы? ?асырлар бойы салт-д?ст?рін жас ?рпа?ты т?рбиелеуде пайдаланып келеді.

1-ж?ргізуші:

Бала т?рбиесі тек мектеп ?абыр?асында ?ана берілмейтіні аны?. Ол ананы? а? с?тімен ж?не бесік жырынан басталады.

К?рініс:  Бесікке салу.

2- ж?ргізуші:

Осы «Би»деген с?зді? ма?ынасы нешеу? Ма?ан соны т?сіндіріп берші.

1- ж?ргізуші:

«Би» деген с?зді? екі ма?ынасы бар.Біреуі-халы?ты? к?кейіндегісін айт?ан ойын жары??а шы?ар?ан,?ділет жа?таушысы, шешені деген ма?ынаны білдірсе,екіншісі-денені ?имылдату ?нері дегенді білдіреді.Сен оны неге с?рады??

2-ж?ргізуші:

С?ра?ан себебім, «Жа?сыменен с?йлессе? ??мары?ды ?андырады,жаманменен с?йлессе? к??ілі?ді ?алдырады» дегендей сенімен с?йлесіп біраз н?рсеге к?зім ашылып ?алды.

Би: «?аза? биі»

1-ж?ргізуші:

Абылай заманы- батырлар заманы.Найзаны? ?шымен, ?ылышты? ж?зімен ?асы? ?аны ?ал?анша ел мен жер ?шін ай?ас?ан бабалар аманатын жал?астыр?ан бозда?тар ?аншама!

К?рініс:   «Жо??ар хан ордасы»

2- ж?ргізуші:

Жал?анны? жартысындай ?аза? елі

Ал?андай к?зді? жауын с?лу жері

А? пейіл,дархан к??іл хал?ымыз бар,

Бол?анда бірі сері, бірі батыр.

1- ж?ргізуші:

Наша?ор деп ?лтшыл деп

?аза??а к?йе жа??ан к?н,

Базары кетіп бар к?нде

?ділідік пен шынды?ты

?тірік жала ?ктем к?н

Надан жаса?ан с?мды?тан

Адамдар азап шеккен к?н.

2- ж?ргізуші:

Озбырлы? к?шпен т?ншы?ып,

?мітті? оты ?шкен к?н

Жанына таппай бір шынды?

Ер ?айрат кеткен ?ыршын к?н

Енді ?айтып келмесін,

Сол бір ?ар?ыс ат?ан к?н!

(желто?сан туралы ?ле?дер)

1-ж?ргізуші:

Тарихым жатыр тасында

Тіл ?атып келер ?асырда

Азатты? дейтін ??ымны?

Желто?сан т?р басында

Хор: «Желто?сан желі».

  2- ж?ргізуші:

Желто?сан,т?уелсіздік-

Егіз ??ым сия?ты

Кеуделерден ?уен шал?ып,к?й атты.

Т?уелсіздік та?ынан біз к?реміз

Алда т?р?ан асыл арман, м?ратты

Жа?сы арманны? жал?асы,

М?нанда биік сам?ашы,

Т?уелсіз ?аза?станым,

?анат ?а? биік, талмашы.

М.Шахановты?: «Желто?сан ала?ы» ?ле?і о?ылады.

1- ж?ргізуші:

?аза?стан-ту?ан Отан, алтын ба?,

?лы жол?а т?сті келіп жар?ылдап.

?аза?стан-бізді? ту?ан ?лы Отан,

Жайнай бер сен, жайнай бер сен м??гілік!

2- ж?ргізуші:

Айнымайды аспаннан

Бізді? туды? бояуы

Оны халы? ?ашанда

Биікке іліп ?ояды

К?к аспанда-жас ?ыран

Естілгендей бізді? ?н

Сол ?арышты? астынан.

Т?уелсіздік-е? басты ??ндылы?ымыз. Т?уелсіздік ал?ан 21 жыл ішінде еліміз экономика мен мемлекеттік ??рылыста ?лем та? ?алатындай н?тижелерге ?ол жеткізді.

1-ж?ргізуші:

  Біз ба?ыттымыз ! Егеменді ел атанып, алтын к?н астында ?алы?та?ан ?ыраны бар к?к туымызды, к?ллі тарихымызды бедеріне сый?ыз?ан,Елта?бамызды бекітіп, ар?ы-бергімізді т?гендеп т?йіп, Сарыар?а т?рінен айбарлы елордамызды? іргесін к?теріп,е?сесін тіктеді.

М??алім:  Т?уелсіздік ал?аннан кейін небір таржол тай?а? кешулерден с?рінбей ?тіп,?аза?стан б?кіл ?лемдік ?ауымдасты?та ?з орны бар абыройлы мемлекетке айналды. ?аза?стан таяуда?ы жылдар ішінде ?лемдік б?секеге барынша ?абілетті 50 елді? ?атарына кіруі тиіс. Б?л дегеніміз –б?секеге т?теп беру. Ол ?шін к?шті рух пен білім керек.

?н хор:  «Елім мені? ж?регім»

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?уелсіздік –туым, ?астерлім-тілім мен дінім, ?аруым-білімім»




М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебі






Қорытынды кеш



Тақырыбы: «Тәуелсіздік –туым,

қастерлім-тілім мен дінім,

қаруым-білімім»




Дайындаған: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

Жұмабаева Гүлжан Ауғанбайқызы









Сабақтың тақырыбы:

«Тәуелсіздік-туым,қастерлім-тілім мен дінім,қаруым-білімім»


Сабақтың мақсаты: Еліміздің тәуелсіздігін атап өту,жеткен жетістіктеріміз туралы оқушылардың білгендерін ортаға салу.


Дамытушылық: Ұлттық сана,ұлттық болмысымызды, намыс,рух қасиеттерін қалыптастыру.


Тәрбиелік: Туған елінің болашағына үлес қосып,тілін дамыту,тарихын,елі үшін қызмет етуге тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Елбасы суреттері,бүктемелер,қанатты сөздер,

кітаптар көрмесі.


Барысы: І. Ұйымдастыру

Қазақстан – туымен тұғырлы.

Елтаңбасымен еңселі  

Әнұранымен айбатты



1. Бөлім «Мақтанышым ана тіл»


2. бөлім «Тәуелсіздіктің туын көтерген Қазақстаным!»


3. бөлім «Қайсар рухты қазағым»


4. бөлім «Ел болмысы-өткен тарихтан»

(сахналық көрініс)


Қорытынды бөлім: М.Шаханов «Төрт ана» өлеңі оқылады




Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жылда ғасырлар бойы найзаның ұшымен,ерлердің ерен ісімен біріктіріп, ел етіп, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына 21-жыл толды. Осы орайда қазақ тілі мен әдебиетінің онкүндігінің «Тәуелсіздік-туым,қастерлім-тілім мен дінім,қаруым-білімім» атты қорытынды кешімізге қош келіпсіздер!

1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме,қымбатты ата-аналар,ұстаздар мен оқушылар!

2- жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар!

Қазақ тілі-өз тілім, ана тілім

Абай, Мұқтар сөйлеген дана тілім

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым, дара тілім!

Қазақ тілі өте бай,көркем тілдердің бірі. Қазіргі қазақ тілі-кез-келген әдебиетті басқа тілден аударуға, сөйлеп жазуға мүмкіндігі мол кемелденген тіл.

1-жүргізуші:

Тіл дегенім-түсіністік құралы,

Тіл арқылы адам бәрін ұғады.

Татулық та,бірлік,достық,береке,

Бәрі-бәрі осы ұғымға сияды.

Дүниенің есігін ашып, жарық дүниеге келген соң аялы алақан ,ананың ақ сүтімен бойға даритын ана тілі жайлы тебіренбеген адам кемде-кем. Әр ұлттың тілі-оның елдік тарихының айнасы.Олай болса,туған тіліміз туралы «Тәуелсіздік-туым,қастерлім-тілім мен дінім,қаруым-білімім» атты тақырыпта сыр шертілсін.

2- жүргізуші: Ал нағыз тілді білемін деген адам М.Әуезовтың «Абай жолы»романын оқу керек. Себебі одан халқымыздың салт-дәстүрі,тілі,әні бар. Қ.Мырза-Әлінің сөзімен айтсақ: Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте.

(қазақ тілі туралы өлеңдер)


1-оқушы: Ана тілім-менің алтын қазынам

Құлақ түрем туған тілдің сазына

Тіл дегенде шалқып,тасып,асқақтап,

Кетемін кейде шабыттана жазып ән.

Қазақ тілі- сөз жетпейтін бай тілім,

«Ана тілі»-деп,шығып,батты ай-күнім.

«Ана тілі»-деп, сыбырласа табиғат,

Шапқылайды «Өз тілім»-деп,тай-құлын.

2-оқушы.

Ана тілім-дана тілім,айбарым

Сырың терең тұнығындай қайнардың

Ана тілім-қасиетті,қастерлім

Бір өзіңнен бақыт нәрін алғанмын

Көңіліңде күдіктер бар әр қилы

Жан қарыған аязындай ақпанның

Санамызға сан сұрақты туғызды.

Сенің шұбарланып бара жатқаның.

3-оқушы:

Ақ ниет ақыл ойдың тұжырымы

Анамның ақ сүтімен жуылған тіл

Қашаннан сөзім-әуен,сазым өткір

Тіл-тірлік,қазағымның жаны деп біл

Күнде-күн арамызда күрмелмесін

Әйтеке,Төлеби тіл,Қазыбек тіл.

Ана тілім талайларды ақын етті

Адасқан Махамбетті батыр етті

Көтерген төбесіне ана тілін

Көтерем мен төбеме Ахметті.

Білмеймін тілім барда мен қайғыны

Білмейді тілім барда ел қайғыны

Қазақша миллион ақын жырласа да

Тілімнің таусылмайды ен байлығы.

4-оқушы:

Ана тілі-туған тілім,бас тілім.

Сен арқылы дүние таным,талпындым.

Сен арқылы әлемге аян бар ісім

Сен өмірде таусылмайтын асылым

Ана тілім сенен асқан шың бар ма?

Сен арқылы жарып кірем шыңдарға

Сенсіз маған әуен қайда,жыр қайда?

Мен шалқимын құдіретің тұрғанда

5-оқушы:

Дұрыс сөйле шала қазақ атанба

Өз тіліңде сөйлеп кеткен атаңда

Қадірлей біл тілің менен дініңді

Саған берер менің осы батамда

1-жүргізуші:

-Ей,тәкәппар дүние,

Маған да бір қарашы!

Танисың ба сен мені,

Мен-қазақтың баласы!-деп Қасым ақын жырлаған қазақ тілі-қазақ баласының мақтанышы.

2-жүргізуші:

Тәуелсіздік пен тіл...Осы бір қасиетті ұғымдарды егіз қозыдай қатар айту өмірімізді айшықтайды,яғни тілсіз,-тәуелсіздіктің, тәуелсіздіксіз тілдің ғұмырының баянды болуы мүмкін емес.

1-жүргізуші:

Ана тілін жырлап өткен талайлар,

Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар!

Қасиетті менің ана тілімде

Өшпес мәңгі алаулаған арай бар! Деген өлең жолынан бүгінгі жас ұрпақтың туған тілге деген ыстық махаббаты мен сүйіспеншілігін көруге болады.

(тіл туралы өлең шумақтары)

3-жүргізуші:

Ия, Қазақстан –тәуелсіз ел! Тәуелсіздік туымен бірге Қаазақстанның тамыры терең тартып,жапырағы жайқала бастады.

Тәуелсіздік арқасында қазақтың асыл арманы асқақ әнге айналды,дербес елдермен тереземіз теңесіп,керегеміз кеңейді.

Ән: «Қазақ елі»

  1. жүргізуші:

Тәуелсіздік! Дүниеде бұдан асқан ұғым,бұдан асқан қымбат игілік жоқ. Арыстарымыздың қанымен,жанымен келген тәуелсіздігімізді алып,өлгеніміз тіріліп,өшкеніміз жанғандай.

2-жүргізуші: Тарих беттерін парақтасақ, қазақ халқы өзінің тарихында талай қанды қырғындарды,зорлық-зомбылықтарды бастан өткерді.Талай жылғы ашу-ыза осыдан 20-жыл бұрын Алматы қаласында болған жастар ереуіліне әкелді.

Мұғалім: Түн. Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі, бірақ бұл түн өзгеше түн еді. Себебі, бұл түнде қаланың кез – келген тұсынан ұсталған қазақ жастарын ұрып – соғып, өлімше халге жеткізді. Осындай қатыгездікті көрген, оларға араша түсем деп жүргендердің арасында Қайрат Рысқұлбековта бар.

Көрініс: «Айқас алаңы»

Екі – үш милиция, жасақшылар ортаға шығып жастарды ұрып соға бастады. «Ұлтшылдар!», «Бұзақылар!», «Тәртіпсіздер!» деп ортадан қуа бастайды.

  Оқушы милиционер:

-         Ұстаңдар,бұзақыны! Әкетіңдер, жауып тастаңдар!

-         Савицкийді өлтірген сен бе?

-         Жоқ, мен емес.

-         Сен өлтірген! Мойныңа ал!

-         Мен өлтірген жоқпын. Өтірік жала жаппаңдар.

(Қайратты ұрып соға бастайды)

Қайрат:

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

«Еркек тоқты – құрбандық»,

Атам десең атыңдар.

Милиционер: Алып кетіңдер. Бәрібір құтылмайсың, бұзақы!

Қайрат:

Шыңғырдым да, шындықты айтып жаңғырдым,

Кете бардым жетегінде тағдырдың.

Бірге өткізген студенттік шақтарды,

Хош аман бол,

Оралам ба, жан құрбым?!

  Мұғалім: Ол әділеттің, шындықтың жеңетіне іштей сенді. Қайрат орысша – қазақшаға бірдей, өте сауатты, өз ойын ашық айтатын жігерлі, отты жігіт еді. Қайраттан қорыққан Колбин мен оның қолшоқпарлары одан тез құтылу үшін «Атылсын!» деп үкім шығарды.

Өкінішке орай, 1988 жылы 13 мамырда Семей түрмесіне әкелінген Қайрат Рысқұлбеков 21 мамыр күні таңда өмірмен қоштасты.

1-жүргізуші:

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Жұртым менің не қиындық көрмеді.

Жылап тұрып аналарым бұл жолда

Сан перзентін қара жерге жерледі.

(Тәуелсіздік туралы өлең шумақтары)

М.Шаханов: «Төрт ана»

(Күй ойнап тұрады)

1-оқушы:

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,

Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға

Әр адамда өз анасынан басқа да,

Демеп жүрер ,жебеп жүрер арқада,


Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері-түп қазығы,айбыны,

Туған тілі –сатылмайтын байлығы.

Туған дәстүр,салт-санасы,тірегі,

Қадамыңда шуақ шашар үнемі

Және туған тарихы,

Еске алуға қаншама

Ауыр әрі,қасіретті болсада

Құдірет жоқ төрт анаға тең келер,

Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.

Өзге ананың ұлылығын танымас,

Төрт анасын менсінбейтін пенделер

Төрт анадан сенім таба алмаған,

Тамырсыздық басы қайда қалмаған.

Төрт анасын сыйламаған халықтың,

Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төрт ана-тағдырыңның тынысы,

Төрт ана үшін болған күрес-күрестердің ұлысы.

2-оқушы:

Тіл тәуелсіздік!-

Егіз ұғым сияқты

Кеуделерден әуен шалқып күй атты

Тәуелсіздік таңынан біз көреміз

Алда тұрған асыл арман мұратты.

3-оқушы:

Тәуелсіздік бақ туым

Қолға ұстаған сәт бүгін

Болсын дәйім шат күнім

Болашаққа серпін нық

Көкке атады бөркін жұрт

Тәуелсіздік-ынтымақ

Тәуелсіздік еркіндік

Қыста келген бақыт бұл

Қыспай келген жақұт нұр

Аппақ қардай пейілін

Әлемге нұрын шашып тұр.

4-оқушы:

Сан ғасырлы тарихы бар кең дала,

Өзің жайлы өлең жаздым толғана

Тәуелсіздік-бақытымсың,бағымсың

Өзіме тек ең қымбатсың сен ғана

Туған жерім, кең байтақ, құт мекенім

Қазақ елім,ғажап елім,ұлы елім

Өлгенімше сыйлап сені өтемін

Болашағыңды өзім жарқын етемін

5-оқушы:

Қасқалдақ ұшып көлінен

Шүрегей келіп қонған күн

Қыранды қуып көгіне

Қарғалар билік алған күн

Адал мен арсыз айырды

Айырып халық ұққан күн

Саф алтынға бәз баяғы

Сары жез болып шыққан күн

1-жүргізуші:

Тілімізді ,дінімізді,тәуелсіздігімізді,Отанымызды сақтап қалу үшін-адал,білімді,еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіруіміз қажет.

2-жүргізуші:

Бұл міндетті әр халық салт-дәстүріне қарай іске асырады.Яғни, халық ғасырлар бойы салт-дәстүрін жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келеді.

1-жүргізуші:

Бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана берілмейтіні анық. Ол ананың ақ сүтімен және бесік жырынан басталады.

Көрініс: Бесікке салу.

2- жүргізуші:

Осы «Би»деген сөздің мағынасы нешеу? Маған соны түсіндіріп берші.

1- жүргізуші:

«Би» деген сөздің екі мағынасы бар.Біреуі-халықтың көкейіндегісін айтқан ойын жарыққа шығарған,әділет жақтаушысы, шешені деген мағынаны білдірсе,екіншісі-денені қимылдату өнері дегенді білдіреді.Сен оны неге сұрадың?

2-жүргізуші:

Сұраған себебім, «Жақсыменен сөйлессең құмарыңды қандырады,жаманменен сөйлессең көңіліңді қалдырады» дегендей сенімен сөйлесіп біраз нәрсеге көзім ашылып қалды.

Би: «Қазақ биі»

1-жүргізуші:

Абылай заманы- батырлар заманы.Найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен қасық қаны қалғанша ел мен жер үшін айқасқан бабалар аманатын жалғастырған боздақтар қаншама!

Көрініс: «Жоңғар хан ордасы»

2- жүргізуші:

Жалғанның жартысындай қазақ елі

Алғандай көздің жауын сұлу жері

Ақ пейіл,дархан көңіл халқымыз бар,

Болғанда бірі сері, бірі батыр.

1- жүргізуші:

Нашақор деп ұлтшыл деп

Қазаққа күйе жаққан күн,

Базары кетіп бар күнде

Әділідік пен шындықты

Өтірік жала өктем күн

Надан жасаған сұмдықтан

Адамдар азап шеккен күн.

2- жүргізуші:

Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің оты өшкен күн

Жанына таппай бір шындық

Ер Қайрат кеткен қыршын күн

Енді қайтып келмесін,

Сол бір қарғыс атқан күн!

(желтоқсан туралы өлеңдер)

1-оқушы:

Желтоқсанның он алтысы Алматыда

Он бір болды осы кезде сағаты да

Шаршы алаңда мыңдаған тұрды адам

Ішінде бар-Ләззаты,Қайраты да


Үкіметтің үкімін шықпау қолдап

Студенттерге ,жастарға түсті салмақ

Барлығында күйзелткен біреу ғана

КССР-дің басшысы-Колбин болмақ


Деген ой туды: «Олар неге қарсы?»

Қарсылықтың мынадай бар барысы

Қазақты еш танымас Колбин келді

Тұрғанда Қонаевтай өз арасы

2-оқушы:

Жас арудың жанарында –желтоқсан,

Қонды ғасыр табанында-желтоқсан

Қаралы өмір қайыстырған халқымның

Қар тұман қабағында-желтоқсан.

3-оқушы:

Ауыздықты жасаған да –желтоқсан,

Жаңа ғұмыр бастаған да-желтоқсан

Жазықсыз көз жасында жуынып,

Абақтыға тастағанда-желтоқсан

4-оқушы:

Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын,

Желтоқсанда шықты алаңға жастарым,

Әр ұрпақтың құрбандары жеткілік,

Дербестікке кім сұрамақ басқа құн.

5-оқушы:

Жаңа ғана қазағымның таңы атты,

Алу мақсат Ел деп алғыс сауатты.

Әр отбасы ,әрбір қазақ, әр адам,

Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты

1-жүргізуші:

Тарихым жатыр тасында

Тіл қатып келер ғасырда

Азаттық дейтін ұғымның

Желтоқсан тұр басында

Хор: «Желтоқсан желі».

Желтоқсан бірде,

Ел тосқан түрде,

Келетін мүлде жайдарлы.

Сол жылы бірақ,

Әдеттен жырақ,

Көрінді шын – ақ айбарлы.

Тоңдырды мені, тоңдырды сені,

Желтоқсан желі ызғарлы.

Солдырды гүлді,

Оңдырды нұрды,

Көңілде мұңды із қалды.

 Шайқалды күнім,

Шайқалды миым,

Бомбалар жиі жарылды.

Малым да кеміп,

Қинады берік жанымды.

  2- жүргізуші:

Желтоқсан ,тәуелсіздік-

Егіз ұғым сияқты

Кеуделерден әуен шалқып,күй атты.

Тәуелсіздік таңынан біз көреміз

Алда тұрған асыл арман, мұратты

Жақсы арманның жалғасы,

Мұнанда биік самғашы,

Тәуелсіз Қазақстаным,

Қанат қақ биік, талмашы.

М.Шахановтың: «Желтоқсан алаңы» өлеңі оқылады.

1- жүргізуші:

Қазақстан-туған Отан, алтын бақ,

Ұлы жолға түсті келіп жарқылдап.

Қазақстан-біздің туған ұлы Отан,

Жайнай бер сен, жайнай бер сен мәңгілік!

2- жүргізуші:

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды

Көк аспанда-жас қыран

Естілгендей біздің үн

Сол ғарыштың астынан.

Тәуелсіздік-ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік алған 21 жыл ішінде еліміз экономика мен мемлекеттік құрылыста әлем таң қалатындай нәтижелерге қол жеткізді.

1-жүргізуші:

Біз бақыттымыз ! Егеменді ел атанып, алтын күн астында қалықтаған қыраны бар көк туымызды, күллі тарихымызды бедеріне сыйғызған,Елтаңбамызды бекітіп, арғы-бергімізді түгендеп түйіп, Сарыарқа төрінен айбарлы елордамыздың іргесін көтеріп,еңсесін тіктеді.

Мұғалім: Тәуелсіздік алғаннан кейін небір таржол тайғақ кешулерден сүрінбей өтіп,Қазақстан бүкіл әлемдік қауымдастықта өз орны бар абыройлы мемлекетке айналды. Қазақстан таяудағы жылдар ішінде әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі тиіс. Бұл дегеніміз –бәсекеге төтеп беру. Ол үшін күшті рух пен білім керек.

Ән хор: «Елім менің жүрегім»





 









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Т?уелсіздік –туым, ?астерлім-тілім мен дінім, ?аруым-білімім

Автор: Ж?мабаева Г?лжан Ау?анбай?ызы

Дата: 26.12.2015

Номер свидетельства: 270369


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства