Ұйымдас-тырушылық-ізденістік | -Балалар біз ертегіні жақсы көреміз бе? -Қәне қандай ертегілерді білесіңдер? -Балалар бүгін бізге қонаққа ертегі кейіпкері бауырсақ келді. -Балалар, Бауырсақпен амандасайық. -Бауырсақ бізге қалай келдің? Бауырсақ: Мен атамнан қаштым Әжемнен де қаштым Домалап-домалап Балабақшаға келдім Бауырсақ сен неге атаң мен әжеңнен қаштың? Мен ойнағанды жақсы көремін. Атам мен әжем менімен ойнамайды. Мен балабақшаға келдім, мұнда жақсы және көңілді. Балалар бір бірімен ойнайды. Балабақшада сондай қызық. Сендерге ойнаған ұнай ма балалар? -Бауырсақ, бізге домалап келген жолың ұзақ болған шығар? сен жолда шаршаған боларсың? - Ия шаршадым және тоқтайын десем де, тоқтай алмадым. Неге екенін білмеймін. Балалар, бауырсақ неге тоқтай алмады? Сөздік жұмыс: домалау. -Балалар Бауырсақпен ойын ойнайық. Билингвальді компонент: бауырсақ-колобок - ban, дөңгелек круглый. «Ұсақ пішіндерді тап» ойыны. Үстел үстіндегі әртүрлі геометриялық пішіндегі заттардың суреттері тұр. -Балалар Бауырсаққа ұқсас пішінді тауып көрейікші? Ал Бауырсақ олардың дұрыстығын тексереді. -Бауырсақ, неге тоқтай алмағаныңды енді түсіндің бе? Домалақ нәрсе дөңгелейді. Балалар, жапсыру үшін бізге не қажет? Балалардың назарын үлестірмелі тапсырмаларға аударады. Алдымен қағазды жырту тәсілімен жол жасаймыз, желімдейміз. Мен шаршыны аламын. Түсі қандай? Мен неге осы түсті таңдадым? Сары шаршының бұрыштарын әдемілеп, дөңгелектеп қиямыз. Екінші жағына желім жағып, суреттегі жолға желімдейміз. Сергіту сәті Балалар, қане бәріміз орнымыздан тұрып, сергіту жаттығуын орындайықшы. Нан қоқымын шашпаңдар Жерде жатса баспаңдар Теріп алып қастерлеп, Торғайларға тастаңдар | Ия, жақсы көреді. Бауырсақты көріп қуанады.Бауырсақпен амандасады. -Ия, ұнайды Бауырсақ домалақ болғандықтан тоқтай алмады. қайталайды: домалау Қайталайды: бауырсақ-колобок -ban, дөңгелек-круг. Балалар суреттерден домалақ пішінді заттарды табады. -Қайшы, қағаз және желім Үлестірмелі материалды қарастырады. Сары түсті, себебі бауырсақ қамырдан жасалып, майға пісіріледі. Балалар қайшымен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережелерін естеріне түсіреді. Мәтінге байланысты қимыл-қозғалыстар жасайды. |
Рефлексиялық- түзетушілік | Енді бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылайық? Негізі бауырсақ ертегісі қалай аяқталады? Түлкі бауырсақты жеп қойғысы келген, бірақ бүгін ертегіміз сәтті аяқталды! Бауырсақ ағаштың артына тығылып, қашып кетеді. Бауырсақ ән шырқайды Апамнан да қаштым Атамнан да қаштым Қояннан да қаштым Қасқырдан да қаштым Аюдан да қаштым Түлкіден де қаштым Бауырсақпын осындай. Ертегіміз аяқталды, Сәтті болды күніміз! Жарайсыңдар балалар, бүгінгі ұймдастырылған оқу қызметіне сендер өте тамаша қатыстыңдар. Сендерге өте жақсы деген көңілді бауырсақтар таратамын. Келген қонақтарға сау болыңыздар дейміз. Сау болыңыздар! | Балалар бауырсақпен қоштасады. |