Мотивациялық- қозғаушылық | Жылулық шеңбері (балаларды ортаға жинау) Орнымыздан тұрамыз, Қолды белге қоямыз. Бұрыламыз оңға бір, Бұрыламыз солға біз. Біздер тату баламыз, Гүл-гүл жайнап жанамыз, | Балалар шеңбер бойына тұрып,қимылдарды жасайды. |
Ұйымдастырушылық-іздестіру | Ертегіні тыңдаймыз. Қуыршақ театрын пайдалана отырып,ертегіні дауыс ырғағымен оқып береді. -Айтыңдаршы балалар бауырсақтың пішіні қандай? -Ал түсіше балалар? Ертегінің мазмұнына сай сұрақтар қойылады. Дыбыс жаттығуы Сұрақтар қойып,балаларға аюлардың дауыстарын салуды ұсынады? «Кімнің дауысы»дидактикалық ойыны Тәрбиеші әртүрлі үй жануарларының дауысын салады,балалар кімнің дауысы екенің табу керек. Тірек сызба арқылы ертегіні балаларға тағыда қайталап шығады. Сергіту сәті (ойын түрінде өткізу.) Алмаларды шашып түстеріне сәйкес себеттерге салу. Алма,алма, көп алма, Қызыл,сары, көк алма. Теріп, теріп алайық Себеттерге салайық | Балалар ертегіні тыңдайды. Домалақ Сары Сұрақтарға толық жауап береді. У-у-у-у бірге қатты дауыспен айтады. Қай жануардың дауысы екенің айтады. Өлеңді бірге айта отырып, себеттерге алманы салу. |
Рефлексивтік түзетушілік | Қорыту. «Текше» Текшені лақтырып, түскен суретке қарап,не істегендерің айтып беру. Балаларды мадақтап,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды. | |