Пән аралық байланыс: тіл- дамыту,көркем әдебиет, жапсыру
Ұйымдастыру кезеңі:
Әңгімелесу:
Балалар, бүгін ерекше күн, бізге бүгін қонақтар келіп отыр. Олай болса қонақтармен сәлемдесейік.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз,
Жарқырайды қаламыз.
Қайырлы таң, бақшамыз!
Қайырлы таң, қонақтар!
- Сендерге жақсы сөздер айтқанды жақсы көресіңдер ме? Ал ендешеі, шеңберге тұрып бір-бірімізге жақсы сөздер айтайық. (Балалар алақандары арқылы бір-біріне жылы сөздерін жеткізеді.) Балалар шеңбер бойында тұрады.
Мен бәріңе Денсаулық тілеймін! Балнұр
Мен бәріңе Қуаныш тілеймін! Расул
Мен бәріңе Мейірім тілеймін! Мерей
Мен бәріңе шуақты күн тілеймін! Аяжан
Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! Аяла
- Жарайсыңдар, балалар - Балалар, сендер осы сөздерді балабақшада күнде айтып жүріңдер. - Енді орнымызға отырайық. (Балалар орындарына отырады)
Тәрбиеші: Балалар қане есімізге түсіріп көрейікші, ертегілердің басы қалай басталады?
Балалар: «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөрте де», «Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпір тұрыпты» және де т.б.
- Ал балалар, бүгін қандай ертегіні тамашалайтындарыңды білгілерін келе ме? Еңдеше мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер щешуін тауып көріндер.
1. Өзі қу, жүрген жері айқай – шу. (түлкі)
2. Далада жұр шапқылап, керемет тым саққұлақ, Тек есектен басқа да, оған ұқсар жоқ құлақ. (қоян)
3. Ит сияқты пішіні, ұнатпайды ол кісіні. (қасқыр)
4. Қыс бойына жатады, тәтті ұйқыға батады. (аю)
5. Өзі қып-қызыл болып піседі Күнге ұқсас келеді. (бауырсақ)
- Сонымен балалар, бұл кейіпкерлер қай ертегіде кездеседі екен? Тәрбиеші балаларға «Бауырсақ»ертегісін еске түсіруін ұсынады. Балалар мазмұнын айтып береді.
-Ал енді балалар, біз олай болса бауырсақ ертегісін сахналап көрейік. ( балалар «Бауырсақ» ертегісін көрсетеді).
Ата: -Кемпірім енді қайтеміз, бауырсағымыз қашып кетті?
-Апа білмеймін деп күрсінеді?
Тәрбиеші:Ата- апа, сіздер уайымдамаңыздар, қазір біздің балалар, сіздерге көп бауырсақ дайындап береді. (ата мен апаны ортаға шақыру)
-Балалар ата мен апаға көмектесейік пе?
- Жақсы, олай болса, біз бауырсақты жапсырмалайық.
Бауырсақтың суретін көрсету.
-Балалар қараңдаршы мынау не? (бауырсақ)
-Бауырсақтың пішіні қандай? Түсі қандай?(балалар жауабы)
Тәрбиеші:
-Қағазды , не үшін пайдаланамыз?
- Ал қайшыны ?
1.Өте жақсы онда ең алдымен сары түсті қағазды тандап алайық.
2.Берілген үлгіні қағаз бетіне койып қарандашпен домалақ пішінді бастырып алайық (балаларға көрсету)
(-Балалар, қайшымен жұмыс жасауда абай болындар, және желімді ұстаған кезде қолымызбен аузымызды, көздерімізды ұстамаймыз )
3. Қайшыны алып қағазды қиямыз , енді дайын пішінді ақ бетке жапсырмалаймыз
4.Енді біздің бауырсағымыз көру үшін не керек? (көз)
- Көзді қиып домалатып жапсырамыз
5.Сөйлеу үшін не керек? (ауыз)
-Бауырсақтың аузын қызыл қағазды қиып жапсырайық.(балаларға көрсету)
Қане бәріміз бір демалып алайық.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Орнымызды табайық.
Көрме ұымдастыру: Ал қараңдаршы кімнің бауырсағы әдемі жақсы шығыпты? Пішіні қандай? Түсі қандай?
- Ал енді балалар жасаған бауырсақтарыңды мына табаққа салып ата мен апаға апарып берейік.(ата мен апаға бауырсақты апарып беру)
Ата мен апа балаларға рахметін айтады.
Қорытынды:
-Бүгін біз қандай ертегіні сахналадық?
-Ертегіде бауырсақ нелерге жолығады?
-Саған не ұнады?
- Ал саған ше?
Балалар мадақталып, қонақтармен қоштасады. Балалар шеңбер құрайық, Қонақтармен қоштасайық. Қол ұстасып тұрайық, Шеңберді біз құрайық Көріскенше күн жақсы Сау, саламат болайық!