Ұйымдастырушылық ізденушілік | -Балалар қараңдаршы, ертегілер бұрышынан не көріп тұрсыңдар? -дұрыс айтасыңдар -сендер қандай ертегілерді білесіңдер? -дұрыс, сендер көп ертегілерді біледі екенсіңдер, -Мынау қандай ертегі? -Жарайсыңдар! Балалар ертегілер еліне саяхатқа барғыларын келеме? Ендеше сиқырлы кілемше отырып, ертегілер еліне саяхатқа барайық.. Күтпеген сәт! Бауырсақ жылап, балалардан көмек сұрап келеді. -неге жылап келесің? -мен әжемнен адасып қалдым. Әжемді тауып беруге көмектесесіңдерме? -онда бәріміз бауырсақпен еріп орманға барайық (сол кезде алдынан қоян шықты.) -бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін. -жемеші мені Сен оданда менің тапсырмамды орында? -Жарайды. -Сендер маған мен туралы тақпақ айтасыңдар, мен сендерді босатамын. -Қане , балалар Бауырсаққа көмектесейік. Барлығымыз бірігіп қоян туралы айтайық. Сендер орыс тілінде қоян қалай айтылады? -Рахмет сендерге, бара қойыңдар. (Бауырсақ ары қарай жүре береді. Бір кезде алдынан қасқыр шығады.) -бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін -жемеші қасқыр -онда менің сендерге қояр сұрағым сұрағым бар. Егер орындасаңдар мен сендерді босатамын. -жарайды. -Көктем туралы қандай тақпақ білесіңдер ме? Сендер орыс тілінде қасқыр қалай айтылады? -жарайды бара қойыңдар. (Бауырсақтың алдынан аю шығады) -бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін -жемеші мені аю -онда сендер мен туралы сергіту жаттығуын жасаңдар. -егер орындасаңдар мен сендерді босатамын. Сергіту сәті: -рахмет, балалар! Сендер орыс тілінде аю қалай айтылады? -аю, бізбен бірге жүр, бауырсақтың әжесін іздеуге көмектес. -жарайды. -бауырсақ домалап түлкіге кездеседі. -ах, бауырсақ мен сені жеймін. -мені жемеші! -онда мен сендерге жұмбақ жасырамын -шешуін тапсаңдар мен сендерді босатамын. Жұмбақ Өзі қу, жүрген жері айқай шу. Ол не? Қалқиып ұзын құлағы Елендеп қорқып тұрады. Қыс бойына жатады Тәтті ұйқыға батады. Итке ұқсайды пішіні Ұнатпайды ол кісіні. -Мен туралы жұмбақ білетіндерің мен қатты қуантты. -Рахмет сендерге бара қойыңдар! Сендер орыс тілінде түлкі қалай айтылады? -Түлкі бізбен бірге жүр, бауырсақтың әжесін іздеуге көмектес -Жарайды. -Балалар, бауырсақтың көңілін көтеріп ойын ойнасақ қайтеді? Ойын: «Ненің баласы?» (Сол кезде бауырсақтың әжесі келеді) -Сәлеметсіңдерме балалар? -Балалар мен бауырсағымды іздеп таба ламай жүрмін. -Бауырсақ әжесінен адасып бізге кездесіп көмек сұрады. .-Жарайсыңдар. Рахмет сендерге менің бауырсағыма көмектесікендеріңе,. Қазір мен сендерге ыстық бауырсақ пісіріп әкелейін. Тәрбиеші: Ендеше әжеге бауырсақ жасауға көмектесейік. Балалар жарайсыңдар . Бауырсақты түсі қандай? Дұрыс айтасыңдар! -Бауырсақ қандай пішінге ұқсайды? -Бауырсақты орысша не дейміз? бауырсағымызды әжеге берейік. әже бізге пісіріп әкелсін. -Ендеше, әженің бауырсағы дайын -болғанша саусақ жаттығуын жасайық. әже бауырсақты пісіріп балаларға береді. әже рахметін айтып, бауырсағын алып үйіне қайтады. Балалар осымен бүгінгі саяхатымыз аяқтала келді, аңдар ормандарына қайтады. Ал, біздер сиқырлы кілемшеге отырып, балабақшамызға қайтайық. Мінекей балабақшағада келіп қалдық. | -ертегі кітаптар -«Щалқан» -«Жеті лақ» «Шұбар тауық» «Үш аю» «Қызыл телпек» «Бауырсақ» Балалардың жауабы. Балалар әуен ырғағымен көздерін жұмып, сиқырлы кілемшеге отырып , орманды, тауды, теңізді асып ұшып келе жатқандай елестетеді. -иә, көмектесеміз Орманға барады Ильхан: 1Ұзын құлақ сұр қоян, Естіп қалып сыбдырды Ойлы-қырлы жерлермен Ытқып-ытқып жүгірді. Қанат: 2.Ақ қоян - ау, ақ қоян, Үркек қоян, сақ қоян. Қаша берсең орманға, "Қорқағым"деп ат қоям Камила: 3.Қоян, қоян тұршы, Беті қолыңды жушы. Шашыңды тарашы, Айнаға қарашы. Ералы: 4.Ақ қоян - ау, ақ қоян Кетпе деймін қасымнан Барма, сірә, мұндай аң, Өз - өзінен шошынған. Айым: Қар еріді су ақты Күнддер келді шуақты Байтақ дала келметі Түкті кілем сиякты Ахмедияр: Бүршік жарып ағаштар, Құстар ұя салады. Салдыраған бұлақтар Ағып бара жатады. Үміт: Көктем болды алақай Қуанар барлық балақаай Көктемде жаңбыр болады Бақшаға гүлдер толады. Шынтас: Бәйшешектен білеміз Көктем келіп қалғанын Мәз боламыз, күлеміз Көрсек гүлін жарғаның Дария: Көктем, көктем көктемде, Күн шуағын төккенде Күлім, күлім қағамыз, Ойнап асыр саламыз Балалар сергіті сәтін орындайды Жұмбақтың шешуін табыды. Ойындар ойнайды. Балалар ермексазбен бауырсақты жасайды. -сары -дөңгелек -колобок |