kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Бабалар дәстүрі ұрпаққа үлгі»

Нажмите, чтобы узнать подробности

мектепке дейнгі балаларға арналған оқу қызметінің технологиялық картасы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Бабалар дәстүрі ұрпаққа үлгі»»

Ақтөбе облысы

Қобда ауданы

Талдысай ауылы

Тәрбиеші: Калдыбекова Н.А.



 Білім беру саласы: Коммуникация

 Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Бабалар дәстүрі ұрпаққа үлгі»

 Мақсаты: бабаларымыздан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру Балаларды ұлттық салт-дәстүр, әдеп-ғұрпын үйренуге және сыйлап құрметтеуге шақыру. Салт-дәстүр арқылы балалардың бойына мәдени, рухани және адамгершілік құндылықтарды дамыту. Қазақ халқының салт-дәстүріне, өнеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу және ұлтына жанашыр ұрпақ тәрбиелеу.

Көрнекілігі:слайд, нақыл сөздер, қазақы бұрыш т.б.

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық-қозғаушылық

Музыка әуенімен балалар кіреді.

Балалар, бүгін ерекше күн.Біздің оқу қызметіне сонау алыс, алыс шалғайлардан қонақтар келіп отыр.Олай болса, балалар, қонақтармен амандасайық.Салеметсіздер! Здравствуйте!

Көтеріліп шаңырақ
Уықтары шаншылып
Керегелер керіліп
Өрім дей болып өрілер
Бәріміз бірге жүрсек айналып, киіз үй болып көрінер.





Балалар салемдеседі



Қолдарын жоғары көтереді

Қолдарын жоғары көтереді

Алақандарын ашады

Қолдарын белге қояды

Айналып жүреді

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар, біз қазақтың ұлдары мен қыздары.Сондықтан, біз ұлтымыздың ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерімізді ұмытпауымыз керек. Балалар, қазақ халқы сөз қадірін біліп, қастерлеп өнеге тұтқан. Бүгін біздің тәрбиелік оқу қызметімізде ата-дәстүріміз бен өнеріміз туралы өткізілмек. «Бабалар дәстүрі ұрпаққа үлгі» атты оқу-қызметіміз тағылымымыздың мәні ана сүтімен даритын салт-дәстүр жайлы болмақ.Балалар, сендер Отан, тәрбие туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме?

-Ал енді балалар, қазір сендермен бірге «Қыз куу»деген ойынды ойнап жіберейік.Ойынның шарты: бір қыз бен бір бала кезекпен апайдың дайындаған сұрақтарды суырып, жауап береді. Кім сұраққа көп жауап берсе, соның аты алда келіп, жеңімпаз болады. (жауап берген бала бір қадам алға жылжып отыру керек), (Мадақтау асық беріліп отырады)

Сұрақтар(Асықтар беру сыйлығы)

1.Қуанышты хабарды жеткізуші адам не алады?

2.Бала дүниеге келегенде қандай той болады?

3.Қай тойда беташар айтылады?

4.Үлкен адамдардың алдынан не істеуге болмайды?

5.Тойда не шашылады?

6.Кішкентай бала енді жүріп жатқанда қандай рәсім жасалады?

-Енді балалар біз әр топқа саяхат жасаймыз.

1топ «Өнер алды-қызыл тіл»







2 топ «Қыз бен бала айтысы»

Ұл

Сөзін тыңда қарағым,

Мен секілді баланың

Сен осында қаласың

Мен мектепке барамын.

Қыз

Қайда барсаң онда бар,

Семіргенің жөн болар.

Тәртібіңнен алайда,

Болмай тұр-ау оң хабар.

Ұл

Айналайын сұлуым,

Тәртіпті айтып не істесің.

Жамандыққа бармаймын,

Ата-жолың жалғаймын.

Туған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең,

Жұрт айтады надан деп.

Сергіту сәті: «Қара жорға»

3 топ «жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Ғажайып сәт:

Сәлден соң есік қағылып, Әдемі қыз топқа кіреді. Бізге қонаққа Әдемі қыз келіпті.

-Сәлеметсіздер ме, балалар! Менің атым-Әдемі қыз.Мен сендерге құр қол келгенім жоқ.Тапсырмалар ала келдім.

-Балалар, бізге Әдемі қыз суреттер алып келіпті.Сол суреттер бойынша сөйлесейік.Жама әдеттерді қара қалтаға саламыз.Жақсы әдеттерді қызыл қалташаларға саламыз.(тақтаға ілдіру)

-Өте жақсы, енді екінші тапсырмам.

-Сендер мамаларың мен папаларыңа көмектесесіңдер ме?

-Қәне, қалай көмектеседі екенсіңдер көрейік.

-Бұл үлкенді қалай құрметтейміз, қалай сыйлаймыз?

Әдемі қыз:

Балалар, сендер өте тәрбиелі, жақсы мен жаманды ажырата біледі екенсіңдер, үлкенді сыйлай білетін, құрмет көрсете білетін жақсы балалар екенсіңдер. Мен сендерге риза болдым. Сендерге рахмет(топтан шығып кетеді)

-Сонымен балалар, жақсы бала қандай болады?

-Көлік ішінде егде адамдарға не істейміз?

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.















1 бала (Отан)

Алтын ұяң-Отан қымбат,

Құт-берекең-атаң қымбат,

Аймалайтын-анаң қымбат,

Асқар тау-әкең қымбат(Қазыбек би)

2 бала(Тәрбие)

Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын.

Алдыңғы арбаның доңғалағы қайда жүрсе,

Соңғы арбаның доңғалағы сонда жүреді.

3 бала (Еңбек)

Еңбек ет те егін ек, жарымасаң маған кел.

Белді бу да бейнет қыл,

байымасаң маған кел.









Сүйінші

Шілдехана

Үйлену тойында

Кесіп өтуге болмайды

Шашу

Тұсау кесу





1.бала

Біздер бұрын көрмеген,

Салт-дәстүрін білмеген.

Үйренеміз дәріптеп,

Заманымда өрлеген.

2.бала

Қонақ күту салтымыз,

Оқып-біліп жатырмыз.

Салт-дәстүрі сақталса,

Арта берер даңқымыз.

















































Үлкеннен бұрын сөйлемеу,алдын

кеспей құрметтеу керек.

1 бала

Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса.

Үлкен болған кезіңде,

Сыйлы болмақ өзі де.

Таза жүректі, әдепті, үлкенді

тыңдайдын, кішіге қамқор болатын.Үлкенге орын беру, амандасу.

Рефлексивті -түзетушілік

-Әдемі қыздың әкелген тапсырмаларын орындады Біздің балалар жамандық пен жақсылықты ажырата біледі. Көптеген тәрбиелі мол түсініктер алды. Оқу қызметімізді аяқтамас бұрын, Ұлы ақын Абай атамыздың қара сөзі және нақыл да, тәрбиелі өліңімен аяқтайық.































-Балалар, сендер осы Абай аталарыңнын қара сөзі мен нақыл өлеңін мәңгі жадыларыңда сақтап, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп, әрқашанда білімді, еңбекқор, өтірік айтпай, мақтаншақ болмай, тәрбиелі азамат пен азаматшалар болып өсулеріне тілектеспін!



Бала:

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол.

Адам болам десеңіз,

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек бекер мал шашпақ.

Бес дұшпанын білсеңіз,

Талап, еңбек терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой.

Қара сөзі:

Төғызыншы сөзі:

Осы мен өзім-қазақпын.Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе? Егер жақсы көрсем,қылықтарын қостасам керек еді. Уә әрнешік бойларынан адам жақсы көрерлік, көңілге тиянақ қыларлық бір нәрсе тапсам керек еді.

Он төртінші сөз:

Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені-батыр кісі дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле алмайды.Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар-жүрек ісі.

Жиырма тоғызыншы сөз.

Біздің қазқтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар. Әуелі «Жарлы болсаң, арлы болма» дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып жэүрген құрысын.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: ұлттық тәрбие туралы

 Игереді: ұлттық салт-дәстүр, әдеп-ғұрпын үйрену

Меңгереді: мәдени, рухани және адамгершілік құндылықтарды дамытуды









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
«Бабалар дәстүрі ұрпаққа үлгі»

Автор: Калдыбекова Нургуль Амангельдиевна

Дата: 15.05.2018

Номер свидетельства: 469709

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "?рпа?ына ?лгі бол?ан батырлар!"
    ["seo_title"] => string(33) "u-rpag-yna-ulghi-bolg-an-batyrlar"
    ["file_id"] => string(6) "333193"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1465293430"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Ұлт азаттық көтерілістің шығу себептері"
    ["seo_title"] => string(46) "u_lt_azattyk_kotierilistin_shyg_u_siebieptieri"
    ["file_id"] => string(6) "396827"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1488348151"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(26) "Салт-д?ст?рлер "
    ["seo_title"] => string(15) "salt-d-sturlier"
    ["file_id"] => string(6) "139142"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1417669693"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "?лт руханияты-?рпа? аманаты.?зін-?зі тану саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(60) "u-lt-rukhaniiaty-u-rpak-amanaty-ozin-ozi-tanu-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "294013"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455591853"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Ашы? саба? "1916 жыл?ы ?лт-азатты? к?теріліс." "
    ["seo_title"] => string(48) "ashyk-sabak-1916-zhylg-y-u-lt-azattyk-kotierilis"
    ["file_id"] => string(6) "201075"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428976535"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства