kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?рпа?ына ?лгі бол?ан батырлар!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Класс: 8Б

Та?ырыбы: ?рпа?ына ?лгі бол?ан батырлар!

Ма?саты: О?ушыларды адамгершілікке, Отанын с?юге, оны ?ор?ау?а баулу ж?не ардагерлерімізді?  майданда ж?не тылда к?рсеткен ерен е?бегін т?сіндіре отыра,  жас ?рпа?ты отанс?йгіштікке, елжандылы??а, жаупкершілкке т?рбиелеу.
К?рнекілігі: интерактивті та?та, суреттер, портреттер, кітаптар.
?н: Бабалар жыры (?уанышова Балн?р )

М??алім: Армысыздар, ?стаздар, о?ушылар, ?она?тар!
Б?гінгі іс - шара со?ыс ардагерлеріне, ?здеріні? тылда?ы ?ажырлы е?бектерімен же?істі шы?да?андар?а, ?ан майданда ?келері мен ?лдарынан, бауырларынан айырыл?ан ?рбір жан?я?а, ?айтып оралма?ан ?а?армандарды еске алу?а, Же?істі? 69 жылды? тойына арналады.
Екпінін жауды? басу?а
?лесімді ?осамын.
Т?сау болып асу?а
Жайды? алдын тосамын.
?ыз деме?дер, а?алар,
?айратымды сынайын.
Ерлермен т?рып пара - пар
?иынды??а шыдайын.
Монтаж (Видеоролик)
А?ниет:С?м со?ыстан аман сау ?ал?ан ерлер,
Отан ?шін от?а да жан?ан ерлер,
Б?рі?із де біздерге ?ымбатсыздар,
??рметті де ?адірлі ардагерлер!

Шерхан: Д?л осынау жадыра??ы жай к?ні,
Болсада?ы ?ай ?асырды? ?ай жылы.

?лы Отаным басымды иіп бір минут
Есіме алам сол бір апат ?ай?ыны.

Айгерім:  Алпыс то?ыз жыл бейбіт к?ктем та? ат?алы,
Алпыс то?ыз жыл шуа?ты к?н таратты ?нін
Есімде содан бері алпыс то?ыз рет
Ашылды же?іс к?нні? пара?тары.
 Артур: Талай ??с содан бері ?айта оралды.
Талай ба? ?леміне ?айта оранды.
Со?ыста ?лгендер тек оралмайды
Тек ?рпа? олар жайлы айтады ?нді.
А?мырза:  Мезгілсіз ?лген ардагер ?лдар айбыны
Желбіре тулар толы?сып т?рса май г?лі,

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?рпа?ына ?лгі бол?ан батырлар!»

Күні: 09.05.2014ж.

Класс: 8Б

Тақырыбы: Ұрпағына үлгі болған батырлар!

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу және ардагерлеріміздің майданда және тылда көрсеткен ерен еңбегін түсіндіре отыра, жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа, жаупкершілкке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, портреттер, кітаптар.
Ән: Бабалар жыры (Қуанышова Балнұр )

Мұғалім: Армысыздар, ұстаздар, оқушылар, қонақтар!
Бүгінгі іс - шара соғыс ардагерлеріне, өздерінің тылдағы қажырлы еңбектерімен жеңісті шыңдағандарға, қан майданда әкелері мен ұлдарынан, бауырларынан айырылған әрбір жанұяға, қайтып оралмаған қаһармандарды еске алуға, Жеңістің 69 жылдық тойына арналады.
Екпінін жаудың басуға
Үлесімді қосамын.
Тұсау болып асуға
Жайдың алдын тосамын.
Қыз демеңдер, ағалар,
Қайратымды сынайын.
Ерлермен тұрып пара - пар
Қиындыққа шыдайын.
Монтаж (Видеоролик)
Ақниет:Сұм соғыстан аман сау қалған ерлер,
Отан үшін отқа да жанған ерлер,
Бәріңіз де біздерге қымбатсыздар,
Құрметті де қадірлі ардагерлер!!!

Шерхан: Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болсадағы қай ғасырдың қай жылы.

Ұлы Отаным басымды иіп бір минут
Есіме алам сол бір апат қайғыны.

Айгерім: Алпыс тоғыз жыл бейбіт көктем таң атқалы,
Алпыс тоғыз жыл шуақты күн таратты әнін
Есімде содан бері алпыс тоғыз рет
Ашылды жеңіс күннің парақтары.
Артур: Талай құс содан бері қайта оралды.
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.
Ақмырза: Мезгілсіз өлген ардагер ұлдар айбыны
Желбіре тулар толықсып тұрса май гүлі,
Қуану керек, қуану керек десек те
Ұмыту қиын, ұмыту қиын қайғыны
Ақмерей: Қамықпаған қиындықтың үрейінен
Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен
Бүгінгі ұрпақ бақытты ұрпақ атаның
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!

Ислам: Күткен жеңіс жарқ етті сәуле шашып,
Жеңіс келді, қуандық көңіл тасып,
Жауды жойып батырлар елге оралды.
Ата - анамен қауышты құшақ ашып.
Динара: Мамыр келді ағаштар бүрін жарып
бейбіт өмір оралды күні жарық
«Шүкір»- деп әжелер жүр ақжаулықтың
Ұшымен көздің жасын сығып алып.
Ерзат: Аспанда күн жарқырап күліп тұрды.
Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.
Соғыстан соң сәби күлкісімен
Қара күндер қайғысын ұмыттырды

Жігер:

Бейбіт елге бір зұлмат басталды күн.
Сұм фашистің тарихтан білеміз ғой,
Қырық бірде соғысты ашқандығын.
Және біздер білеміз қырық бесте
Бас сауғалап олардың қашқандығын.
Жаулап алам деп келіп,
Бабамыздың
Жеңе алмаған рухының асқарлығын.
Отан үшін от кешкен батырлардың,
Ерліктері өшпейтін дастан бүгін.
Даңқтарын олардың тілеймін мен,
Ғасырлардан ғасырға асқандығын.
Байқап тұрсаң сол жылдар келісті кім?
Қазанынан қайғының ел ішті мұң.
Жарылған бомбалардың әсерінен, 
Сорпасы қайнап жатты жер үстінің.
Батыс жақтан бір қауіп төніп келді,
Тарылтам деп Кеңестің кеңістігін.
Ақырында бабалар Берлинді алып,
Біржолата құлатты неміс туын.
Есепсіз ерліктердің арқасында,
Тойлап жүрміз біз бүгін ЖЕҢІС КҮНІН!!!


Мұғалім: Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік (1 минут үнсіздік)

Ән: «Әлия» орындайтын Зарипова Назгүл, Бержанова Ақниет

Әлия

Сөзін жазған: Бәкір Тәжібаев
Әнін жазған: Сейдолла Бәйтереков

Қобда, Нева суларын сүйіп өскен,
Әсем гүлін құшаққа жиып өскен.
Аққу құстың бейнебір баласындай,
Сұлу сазды, жастықтың күйін кешкен.

Қайырмасы:

Әлия - ару қызы сен халқымның,
Әлия - батыр қызы сен халқымның,
Ерке құсы сен даламның!

Саған белгі орнаттық мәрмәр тастан,
Саған күнде қызыққан мөлдір аспан.
Саған күнде жазылған көркем дастан,
Саған күнде құшағын көктем ашқан.

Қайырмасы:

Әлия - ару қызы сен халқымның,
Әлия - батыр қызы сен халқымның,
Ерке құсы сен даламның!

Шолпан жұлдыз - өзіңсің шоқтай жарық,
Көз алмаймыз көркіңнен тоқтай қалып.
Туған жердің төсінде мәңгілікке,
Тұр ғой сенің жүрегің оттай жанып.

Қайырмасы:

Әлия - ару қызы сен халқымның,
Әлия - батыр қызы сен халқымның,
Ерке құсы сен даламның!


2 - жүргізуші: Соғыс кезінде жақын адамынан айрылмаған жанұя жоқ шығар сірә. Алдарыңызда сол бір қаралы жылдардан көрініс
Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды!  (Оқушылар соғыс жылдары туралы білетін мағлұматтарын айту.)

Көрініс: Автор: Ақмерей. Солдаттар: Абзал, Дәулет, Бексұлтан, Ақтілек. Ана: Айгерім. Жары: Балнұр.

Жаутаңдап қарап дала тұр,
Көз жасын сүртіп жаңа бір.
Хабарсыз ұлын сұрауға
Жолыңды тосып ана жүр.
Қанша үйдің ұрлап адамын,
Қанша үйде сөніп қалды оттар
Көрдің бе ұлын ананың,
Соғыстан қайтқан солдаттар.

Кешікпей жарым келер деп,
Төрінен сайлап орынды.
Батысқа қарап елеңдеп,
Ару жүр тосып жолыңды.
Көтерді бәрін ауырдың
Азамат болып арды ақтар.
Көрдің бе жарын арудың,
Соғыстан қайтқан солдаттар.

Кетерде солдат жарының
Ішінде қалған ана жыл.
Көкемді айтпай танырмын
Деп бір сәби бала жүр.
Қайырылмай қалай кетесің
Хабарсыз қалай ол тоқтар.
Көрдің бе оның көкесін,
Соғыстан қайтқан солдаттар.
Қаралы қағаз жіберіп,
Қаншама қайғы салды оқтар.
Барады үнсіз түнеріп,
Соғыстан қайтқан солдаттар!


Хор: «Если завтра война»
Мұғалім: Соғыс өтті жалмап талай өмірді,
Қаншама қан еш жазықсыз төгілді.
Соғыс аты естілгенде құлаққа
Елестетер қара тажал өлімді.
Келді міне, күндей жайнап гүл көктем,
Самал желі, шашты тарап, бетті өпкен
Ұмытуға қақымыз жоқ оларды
Олар біздің бақыт үшін қан төккен.

Жеңіс, Жеңіс!
Елге таза ашық таң атырды
Ақ жаулықты күлімдеп ана тұрды!
Ақ боз атты балалар сүйінші сұрап,
Ақ бұлақтай аспанға шаң атылды.
Ендеше оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды.

Ұлы Жеңіс ардагерлерді құттықтаумен аяқталады.












































№5 орта мектеп









«Ұрпағына үлгі болған батырлар!»

(Тәрбие сағаты)






















Өткізген: Елубаева Гүлсезім Құрманғазықызы

Класс: 8«Б»








2014-2015 оқу жылы

Шалқар қаласы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
?рпа?ына ?лгі бол?ан батырлар!

Автор: Елубаева гульсезим Курмангазиевна

Дата: 07.06.2016

Номер свидетельства: 333193


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства