kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ. Тақырып: "Ертегіде қонақта"

Нажмите, чтобы узнать подробности

ТРИЗ әдісі элементтер арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ. Тақырып: "Ертегіде қонақта"»

Ашық сабақ Тақырып: «Ертегіде қонақта»

Мақсаты: ТРИЗ әдісі элементтер арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін дамыту.



Міндеттер:

1.Балалардың позитивтік эмоцияларын оятып, эмпатия сезімін білдіре білу ерекшеліктерін дамыту;

2.Салыстыру, жинақтау, талдау тәсілдер арқылы ой жүтірту дағдыларын дамыту;

3.Логикалық тапсырмаларды шеше білу дағдыларын қалыптастыру;

4. Балалардың сөздік қорларын ынталандыру, байланыс тілін дамыту;

5. Балаларды таныс қазақ, орыс және шетелдік халық ертегілерді тануға

үйрету;

6. Көмек көрсетуге, ықылас білдіруге, білуге құмарлықтарын тәрбиелеу.

Білім саласылардың интеграциясы: «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық»

Сөздік жұмысы: заттардың қасиеттерін, заттардың белгілерін белгілейтін сөздермен тілдерін белсендіру.

Көрнекіліктер: бұдақ, «Сиқырлы сандық», ішінде Бауырсақ кейіпкер, сызықтар түрі ертегі кейіпкерлердің портреттері, қағаз парақтардың бетінде балауызбен бейнеленген гүлдер, қылқаламдар, бояулар, көпірге арналған «тақтайлар» (үстінде суреттер), «Жас сиқыршы» эмблемалар, жүйелі оператор, мнемотаблица.

Алдын ала жұмысы: ертегілер оқу, сызба бойынша жұмыс, мәселе ахуал шешу, заттарды қарастыру (неден жасалған, одан не істеуге болады, бұрын ол не болды).

Сабақ барысы

-Балалар, күлімсіреп біздің қонақтармен амандасайық.

 Тәрбиеші:

-Балалар, сендер ертегі ұнатасыңдар ма? Көп ертегі білесіңдер ме? Қазір, біз оны тексеріп аламыз. Менің қолымда сиқырлы бұдақ, біз оны бір-бірімізге кезек-кезек бере отырып, ертегінің атын, бұл ертегі қай халыққа жататынын еске салып айтасыңдар.

Жарайсыңдар, балалар, көп ертегі білесіңдер екен. Сендер бүгін ертегіге қонаққа баруларын келе ме? Сиқырлы бұдақ бізге жол көрсетіп көмектеседі (кілем үстінен сандыққа дейін бұдақты лақтырады).

Тәрбиеші:

Соқпақпен жүреміз,

Көпірді өтеміз.

Көпірге жақындаймыз, ол сынып тұрғанын көреміз.

(«Көпір» — тақтайлар үйінді боп жатады)

Тәрбиеші: Балалар, бұл көпір үстінен өте алмаймыз ғой. Өзеннің басқа

жиегіне қалай жетеміз?

Балалардың жауаптары: көпірді жөндеу керек.

Тәрбиеші: Көпірді жөндеу үшін сендерге тапсырманы орындап беру керек. Мына тақтайлардың бетінде сурет бар – сендерге өз жұп суретін табу керек (қарама-қарсы мағыналы белгіленген сөз жұп болады).

Балалар өз жұбын табады және қарама-қарсы сөздерді айтады.



Балалар көпірді өтіп, матамен жабылған заттын қасына келеді.

Тәрбиеші: Бұл не екен? Балалар, сендер «Иә-жоқ» деген ойынды ойнап, мата астында не бар екенін білгілерін келе ме?

«Иә-жоқ» ойыны

Балалар сұрақтар қойяды, мата астында сандық екенін шешеді.

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, бұл сиқырлы сандық екен (балалар орындықтарына барып отырады).

Тәрбиеші: Қане, қарайықшы, ішінде не бар екен (тәрбиеші ішіне қарайды). Мында ертегіден заттар жатыр екен (Бауырсақты шығарады). Балалар, бұл кім екен?

Балалар: Бауырсақ.

Тәрбиеші: Бауырсақ қандай? Түсі қандай? Бұрын Бауырсақ кім (не) болды?

(Жүйелі оператор арқылы балалар жауап береді)



Тәрбиеші: Балалар, ертегі бойынша Бауырсақпен не болды? (балалардың жауаптары) (СЛАЙД 1)



Тәрбиеші: Балалар, мнемотаблица арқылы кім түлкі туралы әңгімелеп береді?

Түлкінің жақсылық пен жамандығы туралы не айтуға болады?



Тәрбиеші: Қарайықшы, сандық бізге тағы не дайындап береді екен? Балалар, қараңдаршы, бұл портреттер екен, бірақ олар керемет, портреттер-сызықтар. Сызық бізге кейіпкердің мінезін бейнелеп көрсетіп тұр.

Сызық портреттермен жұмыс

Тәрбиеші: Бұл қандай сызық? (тәрбиеші толқынды сызықты көрсетеді)

Балалар: Бұл толқынды сызық.

Тәрбиеші: Бұл сызықпен қандай кейіпкерді бейнелеуге болады, ол қандай мінезді болу керек?

Балалар: Кейіпкер аялы, мейірімді, арайлы, еңбекқор, қамқоршы болу керек.

Тәрбиеші: Мынадай мінезді ертегі кейіпкерлерді атап беріңдерші.

Балалар: Машенька, Золушка, Алдар-Көсе, Қызыл Телпек, Ешкі-ене, Бақбақ ханшайын, Василиса Премудрая.

Тәрбиеші: Дұрыс, балалар. Неге сендер оларды тандап атадыңдар?

Балалар: Олар барлығы мейірімді, аялы, арайлы, қамқоршы.



(Тәрбиеші толқынды сызық қасына Василисаның портретін орналастырады) (СЛАЙД 2)

Тақта үстіне сынық сызықты орналастырады.

Тәрбиеші: Балалар, қалай ойлайсыңдар, мына сынық сызықпен мейірімді кейіпкерді бейнелеп беруге бола ма?

Балалар: Жоқ, болмайды.

Тәрбиеші: Бұл сызық неге ұқсайды?

Балалар: сынық шыныға, тікенекке, инеге, найзағайға.

Тәрбиеші: Бұл сызықпен қандай мінезді кейіпкерлерді бейнелеуге болады?

Балалар: Қатал, қызғаншақ, жүрексіз, қайырымсыз.

Тәрбиеші: Оларды атап беріндерші. Егер сендер дұрыс атасаңдар, экран үстінде бейне шығады.

Балалар: Кашей, Змей Горыныч, Жалмауыз кемпір, Сайран бай, қасқыр. (Кашей Бессмертный) (СЛАЙД 3)

Тәрбиеші: Балалар, бұл кейіпкерлер қай ертегіден? Қараңдаршы, балалар, біздің Василисамыз өте көңілсіз екен. Василисаның көңілін көтере аламыз ба? Немен оны қуантамыз екен?

Балалар: Жауап береді.



Тәрбиеші: Дұрыс балалар, Василиса барлық қыздар сияқты гүлдерді ұнатады. Мен сендерге Сиқыршы болуға ұсынамын.

Тәрбиеші: Көздерімізді жұмып, сиқырлы сөздер айтайық:

Топ – топ, хлоп – хлоп,

Айналамыз, айналамыз,

Сиқыршы боламыз!



Тәрбиеші: Міне, біз сиқыршымыз, ал бізге мына сиқыршы қылқаламдар мен қағаз парақтар көмектеседі. Мына парақтарды бояумен бояу керек, сонда сендер не болып шығатынын көресіңдер.

(Балалар жұмысқа кіріседі. Қағаз парақ үстінде гүлдің суреті шығады).

Балалар өз суреттерін сиқырлы сандыққа салып, Василисаға жібереді. Балалар көздерін жұмып, сиқырлы сөздерді айтқан кезде, тәрбиеші слайдты ауыстырады, экран үстінде қолына гүл үстаған Василисаның суреті шығады. Ол балаларға ризашылығын білдіріп, сыйлық сыйлайды.

(Сандық ішінде сыйлық – «Жас сиқыршы» деген эмблемалар)

Тәрбиеші балаларға эмблемаларды қадап береді.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Шаттандырдыңдар! Ал қазір, бізге өз тобымызға қайтуға уақыт келді – бұдақтың жібін үстап топқа қайтайық.

Топ – топ, хлоп-хлоп,

Айналамыз, айналамыз,

Тобымызға біз қайтамыз!

Тәрбиеші:

Балалар, сендерге ертегіде қонақта болуға ұнады ма?

Қандай ертегілерде қонақта болдық?

Сабақ бойы ең астам не ұнады?






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ашық сабақ. Тақырып: "Ертегіде қонақта"

Автор: Мизерная Гульнар Канапьяновна

Дата: 06.11.2018

Номер свидетельства: 483794

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "?ас?ыр мен 7 ла?. 7 санын "+" "-" (Ертегілер ?леміне саяхат) "
    ["seo_title"] => string(59) "k-ask-yr-mien-7-lak-7-sanyn-iertieghilier-lieminie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "170454"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1423561032"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Ертегілер.Оны? та?ырыптары мен т?рлері."
    ["seo_title"] => string(45) "iertieghilier-onyn-tak-yryptary-mien-turlieri"
    ["file_id"] => string(6) "257141"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448281115"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Мырыш ж?не оны? ?осылыстары "
    ["seo_title"] => string(31) "myrysh-zh-nie-onyn-k-osylystary"
    ["file_id"] => string(6) "178075"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424773162"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "?аза? тілінен ашы? саба? та?ырыбы "М?тін""
    ["seo_title"] => string(43) "k-azak-tilinien-ashyk-sabak-tak-yryby-m-tin"
    ["file_id"] => string(6) "249333"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446885458"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Та?ырыбы «Ертегілер еліне саяхат»"
    ["seo_title"] => string(36) "takyrybyiertieghilierieliniesaiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "261226"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449080363"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства