Мақсаты: балаларға ертегіні оқытып таныстыру арқылы ойлау қабілеттерінің дамыту, ертегінің мазмұнын түсініп, өз ойларын жеткізе білу, бір-біріне қамқор болуға, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Арыстан мен тышқан»
Арыстан мен тышқан
Мақсаты: балаларға ертегіні оқытып таныстыру арқылы ойлау қабілеттерінің дамыту, ертегінің мазмұнын түсініп, өз ойларын жеткізе білу, бір-біріне қамқор болуға, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Біз шеңберге тұрамыз,
Шаттық шеңбер құрамыз.
Арайлап атқан таңды
Алтын арай таратты.
Армысың алтын күн,
Армысың ашық аспан,
Армысың асыл жер ана,
Армысыз қонақтар .
Сәлеметсіздерме, бүгінгі күн сәтті өтсін!
жұмбақ:
Нан атасы киелі,
Барлығы ауыз тиеді.
Ол не?
«Мен атамнан қаштым, мен әжемнен қаштым»
-бұл өлеңнің сөздері қай ертегіде кездеседі?
Бауырсақ ертегісінің кейіпкерлері кімдер?
Жұмбақтың жауабын тапсаңдар, жаңа ертегімен таныс боласыздар.
Айбарлы түсі бар,
Қанжардай сұсы бар,
Күйжірейген жалды
Білсең айт бұл аңды.
Үй ішін аралап,
Түнде көп жорытады.
Қаптарды жарып,
Мысықтан қорқады.
Арыстан азулы аң патшасы, ол үлкен, мықты , әдемі, үлпілдек жүні бар. Оның тістері және тұяқтары өте өткір. Ол жылдам жүгіреді және жемтігін жақсы аулайды. Арыстан ашуланғанда күркіреген дыбыс шығарады.
Тышқан кішкентай кеміргіш, тісі өткір, өзі жылдам жүреді. Кішкентай болғанына қарамастан жылдың басында тышқан тұрады.
Сөздік жұмыс:
Қайырым-жақсылық жасау, көмек көрсету деген мағынаны білдіреді.
Кәдеге жарармын- бір кезде мен де жақсылық жасап, көмек беруім мүмкін деген мағынаны береді