Просмотр содержимого документа
«Аппликация технологиялы? карта»
Білім беру саласы: Шығармашылық. Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Аппликация
Тақырыбы: «Достарыма арналған үй»
Мақсаты: қоршаған орта және үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту; балаларды қайшымен жұмыс істеуге үйрету; техникалық қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіру; төртбұрыш, шаршылармен үйдің қабырғасын, үшбұрышпен үйдің шатырын жасауға болатындығын түсіндіру. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Қайырымдылыққа тәрбиелеу
Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: ит пен мысықтың түрлі тұқымының суреті, түрлі түсті қағаздан жапсырмалар, қайшы, сулық, желім, үлестірмелі материалдар, қиылып алынған ит пен мысық жапсырмалары
Тақтаға иттің және мысықтың түрлі тұқымдарының суретін ілу
Жұмбақ
Ырылдайды үреді,
Үй маңында жүреді
Иесін ол біледі
Бөтен біреу келсе егер
Үріп белгі береді
Мақал
Ит- адамның досы
Жұмбақ
Түссе күннің шуағы
Көзін жұмып алады
Жылы жерді сүйеді
Беті-қолын жуады
Сөздік жұмыс: шуақ, адал
Иттер - ең сақ және адал достар. Жер бетінде ит тұқымдасының түрлері өте көп. Олар бізге қызмет етеді, үйді күзетіп , қиыншылыққа тап болған адамдарды құтқарады.
Пекинес - кішкентай ит. Ол өзіне көп көңіл бөлгенді ұнатады, балалардың өзін құшақтап, жұлмалағын , сипалағанын қаламайды.
Пудель- өзінің иесіне берілген үнемі байлауда ұстаса да еш қарсылықсыз көрсетпейтін көнбіс ит. Балалармен ойнағанды жақсы көреді. Пудельдер еш себепсіз үре береді. Олар үнемі әдемі шал үлгісін көрсететін көрмелерге қатысады, сәнқой ит.
Болонка – сәндік көрнекі ит. Көрмелерге қатысады. Бұл иттер аурушағ келеді, сол себептен оларға дер кезінде екпе жасап отыру қажет.
Чау-чау - арыстанға немесе аюға ұқсайды. Олар өте байсалды , бірақ үйретуге келмейді. Өте сақ, иесіне адал болады.
Мысықтар адаммен бірге үйде өмір сүреді, тышқан ұстайтын пайдасы бар. Мысықтың неше түрлі тұқымдары болады
Ангор мысығы - көңілді , қылықты мысық. Ойынпаз,адамды жатырқамайды. Белсенді үйірсек,кіммен болсын тіл табысады.
Сібір мысығы – ірі денелі, байсалды, сабырлы мысық, Қылықты , балалармен ойнағанды жақсы көреді, тіпті ересек мысықтың өзі де ойынпаз келеді. Жүні айрықша жұмсақ , үлпілдек болғанымен ерекше күтімді қажет етпейді.
Канадалық және дондық сфинкс – жұмсақ тыным таппайтын белсенді әрі байсалды және ешкімді жатырқамайтын мысық. Тіпті үйде пайда болған өзге хайуанаттарға да қырсылық білдірмейді. Балалармен жақсы ойнайды, жалы көрпенің астында ұйықтағанжы жаны сүйетін, адамға емдік қасиеті бар мысықтар.
Суреттерді қызға қарайды
Жұмбақты шешеді
Жауабы: ит
Мақалды тыңдайды, қайталайды
Жұмбақты шешеді
Жауабы: мысық
Ұйымдастырушылық ізденістік
Ғажайып сәт
-Балалар бізге ит және мысық қонаққа келді. Олармен танысайық.
Жұмсақ ойыншықтар: ит және мысықты көрсетеді
Біздің қонақтарымыз Дос және Мурка Олар сендерден көмек сұрау үшін келіпті. Олардың тұратын үйлері жоқ екен. Не істейміз? Оларға көмектесіп, үйшік салып береміз бе?
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Аппликация
Күні:
Тақырыбы: «Шалғындағы саңырауқұлақтар»
Мақсаты: қоршаған орта және саңырауқұлақ туралы білмдерін кеңейту , жеуге жарамды және жарамсыз саңырауқұлақтар туралы түсінік беру; тіктөртбұрыштан дөңгелек қию тісілін және жабыстыру ережесін; беткі жағына желім жағып, суретті басып жабыстыруды; қылқаламмен аздап желім алып, сулықпен қағаздың үстіне жабыстырманы басуды үйрету. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Табиғатты аялауға тәрбиелеу
Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: саңырауқұлақ ата (ойыншық), «орман алқабы» суреттелген кілем, Мухомор киіміндегі бала, ашық жасыл түсті қағаз , жеуге жарамды саңырауқұлақ жабыстырмалары: қоңыр қалпақша және сары аяқтары; мухамор:қызық қалпақша және ақ аяқтар; жасыл қағаздан жасалған шөптер, қайшы, желім, қылқалам, үлестірмелі материалдар
Алдын ала орындалатын жұмыс: орманда өсетін өсімдіктермен таныстыру
Сөздік жұмыс: Саңырауқұлақ ата
Билингвальді компонент: Саңырауқұлақ-гриб
Оқу іс-әрекетінің
кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық -қозғаушылық
Ғажайып сәт
Балалар бізге қонақ келді
Саңырауқұлақ атамен таныс болыңдар
Саңырауқұлақ ата балалармен амандасады
Саңырауқұлақ атамын
Орманда менің тұрағым
Тәртіпті мен қараймын
Саңырауқұлақты санаймын
Сөздік жұмыс: Саңырауқұлақ ата
Саңырауқұлақ ата балаларды орманға серуендеуге шақырады. Саңырауқұлақ ата күздің белгілері туралы әңгімелейді.
-Күзде күн қысқарады, ауа райы суытады, жаңбыр жауады, жерде шалшық су пайда болады, жапырақтар түседі, құстар жылы жаққа ұшады
Қызығушылық танытады, қонақпен амандасады
Қайталайды: Саңырауқұлақ ата
Балалар келісім білдіреді
Саңырауқұлақ атаны тыңдайды әңгімеге кіріседі
Ұйымдастырушылық ізденістік
Балаларға жұмбақ жасырады:
Қарашы, маңызды жан
Ақ аяқ
Қызыл қалпақ
Қалпағында ақ бұршақ
Мухамор киімін киген бала шығып өз-өзін қызыға мақтайды
Балалар жұмбақты шешеді
Жауабы мухамор
Қызыл қалпақ, ақ бұршақ
Келбетің сенің керемет –ақ
Себетке біз сені салмаймыз
өте,өте қауіптісің
Егер балалар қиналса, көмектесу. Саңырауқұлақ ата балаларға маухамордың суретін көрсетедіү Мухамордың улы саңырауқұлақ екенін, қолмен ұстауға болмайтынын айтады
«Алақаныңды жасыр» ойыны
Үлестірмелі материалға назарларын аударады
Жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді.
Тіктөрбұрыштан жарты дөңгелекті кесуді көрсетеді. Жабыстыру тәсілдерін еске түсіріп аппликация үлгісін көрсетеді.
Алдымен қағаздан қалпақшаны қиып, сосын аяқтарын қиямыз. Осы бөлшектерден саңырауқұлақ құрап, шалғынға қоямыз. Беткі жағына қылқаламмен желім жағамыз. Суретті сулықпен басып желімдейміз. Жасыл қағаздан жасалған шөптерді жабыстырамыз, шөп саңырауқұлақтың аяқ жағын жауып тұруы керек.
Саңырауқұлақ атаның атынан балларға кеңес беріп көмектеседі
Билингвальді компонент:
Саңырауқұлақ- гриб
Балалар саңырауқұлақтың баскиімін мұқият қарап, түстерін ажыратып айтады
Балалар шеңбер бойымен тұрады. Шеңбер ішінде мухомор жүгіріп жүріп, балалардың алақанын ұстап қалуға тырысады.
Үлестірмелі материалды қарастырады
Жұмыстың орындалу ретімен танысады
Жұмысқа кіріседі,тапсырманы жасайды
Өайталайды:
Саңырауқұлақ -гриб
Рефлексиялық түзетушілік
Саңырауқұлақ ата балалардың жұмысына қызығып қарайды. Балаларды мадақтайды
Қуаныштарын білдіреді Дайын жұмыстарын көрмеге іледі
Күтілетін нәтиже:
біледі: Саңырауқұлақ туралы және олардың түрлері туралы біледі;
игереді: түсті қағаздармен ұқыпты жұмыс жасауды
меңгереді: Қағаз бетіне саңырауқұлақты желіммен әдемі жапсыру жолын
Білім беру саласы: Шығармашылық. Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Аппликация
Тақырыбы: «Қонжыққа арналған пирамида»
Мақсаты: қоршаған орта және ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту , ойыншықтың келбетін көшіріп, аппликация жасауға үйрету.Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу
Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: ойыншық қонжық, пирамидалар,(үлкен және кіші), қайшылар, желім, сулық, үлестірмелі материалдар
Алдын ала орындалатын жұмыс: сақиналарды үлкеннен кшіге қарай, кішіден үлкенге қарай, жуаннан жіңішкеге қарай, жіңішкеден жуанға қарай топтастырып үйрету
-Балалар біздің ойын бұршымызға қонжық бар. Бүгін маған қонжық сүйікті ойыншығы – пирамиданың сынып қалғаны туралы айтты
Қалай ойлайсыздар біз қонжыққа көмектесе аламыз ба?
Тапсырма : «Пирамиданы құрастыруға көмектес»
Балалар бір-бірден шығып, сақиналарды үлкеннен кішіге дейін құрастыруға көмектесіңдерші
- Сақиналардың пішіні қандай?
Қызығушылық танытады,
Қонжыққа көмектесуге ынта білдіреді
Пирамиданы жинайды, түсін және пішінін айтады
Дөңгелек
Ұйымдастырушылық ізденістік
Аппликация жасау үшін бізге не керек?
Үлестірмелі материалға назарларын аударады
Жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді
Сопақ пішінді тіктөртбұрыштың бұрыштарын дөңгелетіп қиямыз. Сонда сопақша пішін шығады.
- пирамидадағы дөңгелектердің (сақиналардың) түсі және пішіні әртүрлі сондықтан тіктөртбұрыштар да әртүрлі. Маған олардың түсін атап беріңдерші
Сөздік жүмыс: түрлі түсті пирамида
Билингвальді компонент:
қонжық- медвежонок, пирамида- пирамида
қиылған сопақ пішіндерді үлкеннен кіші пішінге дейін қоямыз, үстіне домалақ шарды қоямыз. Енді бәрін желімдейміз.
Сопақ пішінін, екінші жағынан желімді жағып, әдемілеп желімдейміз. Сосын келесі пішінді - оның үстіне кішісін және тағы біреуін солай желімдейміз. Қауіпсіздік ережелерін еске түсірейік:
1. ӨЗінің үстеліндегі ғана жұмыс істеу
2. Қайшының астыңғы жағын үстіне қаратуға болмайды
3. Қайшымен жүріп бара жатқанда және тұрғанда кесуге болмайды
4.Достарыңа қайшымен жұмыс істегенде жақындауға болмайды
5. Қайшыны үстелдің шетіне қоюға болмайды, қайшының басы жабық болуы керек.
Қазақтың өнеріне қызығушылықтарын тудыру,тілдерін дамыту.
Тақырыбы
Сәукелені әшекейлейміз
Әдістер
Сұрақ-жауап, ойын
Тәрбиелік
Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру, Отанға деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
қазақтың ұлттық киімдері мен баскиімдерінің суреті
Қос тілділік
Әдемі-красивый
Әрекет кезеңдері
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Ғажайып сәт
Топқа қазақтың ұлттық киімін киген Айсұлу келеді.
-Балалар, бізге қонаққа Айсұлу келді.
Балалар, қазақтың «Үш ағайынды және Айсұлу» ертегісі естеріңде ме?
Педагог қазақтың ұлттық киімін киген қыздарының суреттерін көрсетеді.
-Сәукеле-үйлену тойында қалыңдық киетін баскиім.
-Қазақ қыздары өздеріне көйлек тігіп, сәукелесін әшекейлеген. Ол биік баскиім, неше түрлі әшекейлермен ,моншақ, қымбат тастармен, шашақ жіптермен әшекейленген.Басты бөлігі –желек, жеңіл матадан тігілген. Сәукеленің жоғарғы бөлігіне тіл-көзден сақтайды деген тұмар ретінде үкі таққан.
Сөздік жұмыс: сәукеле, тұмар.
-Ал біздің Айсұлумыздың сәукелесі айын емес.Әдемі аппликация жасап, көмектесейік.
Қызығушылық көрсетеді. Қуыршақпен амандасады, киімдерін қарастырады,
Жұмысқа кіріседі, тапсырманы орындайды, сәукелеге дайын жапсырмаларды жапсырады.
Рефлексивтік-жинақтаушы
Күтілетін нәтиже
Білу керек
Түсінеді
Қолдана біледі
Білім беру саласы: Шығармашылық. Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Аппликация
Тақырыбы: «Бауырсақ»
Мақсаты: шаршыдан дөңгелектерді қиюға үйрету, жұмысты соңына дейін бітіруге дағыдыландыру, қайшымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасын сақтауды үйретуді жалғастыру; балалардың шығармашылық ойын дамыту. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Халық ертегілеріне деген қызығушылыққа тәрбиелеу
Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: «Бауырсақ» ертегісінен суреттер, желім, сулық, үлестірмелі материалдар
Алдын ала орындалатын жұмыс: бейнетаспадан «Бауырсақ» ертегісінің желісін көріп, ертегі кейіпкерлерімен таныстыру
Сөздік жұмыс: домалау
Билингвальді компонент: бауырсақ – колобок, дөңгелек- круг
Оқу іс-әрекетінің
кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық -қозғаушылық
Балаларға жұмбақ жасырады:
Атасынан да қашты
Апасынан да қашты
Өзінің домалақ басына
Жоқ боп кетті бір күні
- Балалар Бауырсақ жоғалмапты, мінекей ол ( ойыншықБауырсақты көрсетеді)
- Бауырсақпен амандасайық, балалар. Балалармен бірге ойыншық бауырсақпен амандасады.
-Бауырсақ мұнда қалай келдің?
Бауырсақ:
Мен атамнан қаштым
Әжемнен де қаштым
Мен олармен бірге
Болудан жалықтым
- Бауырсақ сен неге атаң мен әжеңнен жалықтың?
- Ме ойнағанды қатты жақсы көремін. Атам мен әжем менімен ойнамайды. Мен балабақшаға келдім, мұнда жақсы және көңілді. Балалар бір-бірімен ойнайды. Балабақшада сондай қызық. Сендерге ойнаған ұнай ма, балалар?
- Бауырсақ сен жолда шаршаған боларсың? Бізге домалап келген жолың ұзақ болған шығар?
-иә, шаршадым және тоқтайын десем де, тоқтай алмадым. Неге екенін білмеймін.
Балалар Бауырсақ неге тоқтай алмады?
Сөздік жұмыс: домалау,
Балалар , баурсақпен ойын ойнайық
«Ұқсас пішіндерді тап» ойыны. Үстелде әртүрлі геометриялық пішіндер және суреттер тұрады
Балалар соған ұқсас пішіндерді табады
Ал сен, Бауырсақ тексересің
- Бауырсақ неге тоқтай алмағаныңды енді түсіндің бе? Домалақ дөңгелейді. Сен жалықпасын деп, біз саған өзіміз жасаған аппликацияларды бауырсақтарды сыйға тартамыз.
Билингвальді компонент: бауырсақ- колобок, дөңгелек- круг
Тыңдап,жұмбақты шешу
Жауабы: бауырсақ
Бауырсақты көреді, бауырсақпен амандасады.
Диалогті тыңдайды
Иә, ұнайды
Бауырсақ домалақ болғандықтан тоқтай алмады
Қайталайды: домалау
Балалар домалақ пішінді заттарды суреттерді табады. Домалатып көреді
Қайталайды:
Бауырсақ –колобок
Дөңгелек-круг
Ұйымдастырушылық ізденістік
- Балалар аппликация жасау үшін бізге не қажет?
Үлестірмелі материалға назарларын аударды.
Жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді
-Алдымен қағазды жырту тәсілімен жол жасаймыз , желімдейміз
-Мен шаршыны аламын. Түсі қандай? Мен неге осы түсті таңдадым?
- Сары шаршынын бұрыштарын әдемілеп қайырып, дөңгелектеп қиямыз.
-екінші жағынажелім жағып , суреттегі жолға желімдейміз.
-ал оны не күтіп тұр?
-бұған бірдене жетіспей тұрған сияқты
-жұмысқа кіріспес бұрын, қайшымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасын еске түсірейік
Сергіту сәті
Оңға, оңға түзу тұр
Солға, солға түзу тұр
Алға қарай бір адым
Жоғары, төмен қарайық
Орнымызды табайық
Жұмысқа кірісуді ұсынады. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
-қайшы, қағаз және желім
Үлестірмелі материалды құрастырады.Сұрақтарға жауап береді. Жұмыстың орындалы ретімен танысады.
сары түсті, себебі бауырсақ қамырдан жасалып қуырылған
түлкі
оған көз, мұрын және ән айту үшін ауыз жабыстыру керек немесе салу керек.
Балалар естеріне түсіріп айтады
Қимыл –қозғалыстар жасайды
Жұмысқа кіріседі, аппликацияларды жасайды
Рефлексиялық түзетушілік
Түлкі бауырсақты жеп қойғысы келген бірақ бүгінгі ертегіміз сәтті аяқталады
біледі: бұрыштарын дөңгелектеп, шаршыдан дөңгелек қияды, қарындашпен немесе фломастрмен аппликацияларды толықтырады;
игереді: домалақтың бұрышы болмайтындығын , еркін домалайтындығын;
меңгереді: қайшымен еркін жұмыс істейді және мұқият жабыстырады, сулықты қолданады
Білім беру саласы: Шығармашылық. Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Аппликация
Күні:
Тақырыбы: «Табақты әшекейлейміз»
Мақсаты: балаларды қазақ халқының тұрмысымен таныстыруды жалғастыру, ұлттық өнерімен таныстыру, табақты өрнектермен әшекейлеуді үйрету . ұқыпты желімдеуге жаттықтыру, әшекейдеу дағдыларын арттыру, сұлулықты сезіне білуге тәрбиелеу, қазақтың өнеріне қызығушылығын тудыру. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Отанға деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу
Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: дастарқан суреті, желім, қайшы, үлестірмелі маериалдар
Алдын ала орындалатын жұмыс: «Ұлттық дәстүрлі дастарқандағы оюлар» атты слайдты көрсетіп, ыдыс-аяқтармен таныстыру
- ерте, ерте, ертеде , ешкі жүні бөртеде Мыстан кемпір болыпты. Ол әдемілікті көрмейтін, сезімбейтін, дүниеде тек жамандық жасайтын жан екен. Зұлымдық жасаудан қолы босамайды. Сол мыстан кемпір бірақ ыдыстардан әдемі ою-өрнектерді үрлеп, өшіріп тастайды.
-Балалар , қараңдаршы. Ою-өрнектер үстел үстінде жатыр.Ыдыстарға осы ою-өрнектерді желімдеп өрнектейік
Ертегіні тыңдайды
Дыстарды өрнектеуге ынта білдіреді.
Ұйымдастырушылық ізденістік
- бірақ алдымен жан-жағымызға қарап, сұлулықты іздейік. Терезенің әр жағында аспанда ақ бұлттар қандай әдемі! Сұлулықты қайдан көріп тұрсыңдар? Терезенің әр жағынан ба? Топтан ба? Достарыңнан ба?
- Сендердің қолдарың да әдемілікті жасай алады. Сендер қазір ыдыстарды ою-өрнектермен әшекейлейсіңдер. Ұқыпты желімдеңдер, желімнің ізі қалмауы керек.
Саусақ жаттығуы:
«Қонаққа барамыз»
Тыңдап сұрақтарға жауап беру
Басбармақтың үйінде
Келді бүгін қонақтар
Бес саусағың бақытың
Сонда балам , бар құтын
Бес саусағың біріксе
Текке кетпес уақытың
Барлық саусақ тату дос
Бір-біріне көмектес
-әдемі әуен бізге жақсы жұмыс істеуге көмектеседі. (Қазақтың әдемі әуені шырқалады)
Сөздік жұмыс: өрнек
Үлестірмелі материалға назарларын аударады.
Жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді.
- Ыдыстың ортасынан бастап, өрнектейміз. Ең үлкен элементтерді таңдап, қошқармүйіз бен құстұмсық оюларын желімдейміз.
- Қағаздың түрлі түсті жағын астына қаратып, желімді жағамыз. Өрнекті негізгі бетке әдемілеп жабыстырып , сулықпен басамыз, артық желімді сүртіп тастаймыз. Енді ыдыстардың шетін өрнектейміз. Гүл келтесі оюының ұшын ыдыстың шетіне қаратып желімдейміз
игереді: «қошқармүйіз», «құстұмсық», «гүл күлтесі» оюларының мәнін
меңгереді: қағаздан ою қияды, симметриялы етіп орналастырады.
Білім беру саласы: Шығармашылық. Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Аппликация
Күні:
Тақырыбы: «Шыршаны шарлармен безендіреміз»
Мақсаты: Жаңа жыл мерекесі туралы білімдерін кеңейту; шаршыдан дөңгелектерді қиюға үйрету жұмысты соңына дейін бітіруге дағдыландыру. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ұқыптылыққп тәрбиелеу
Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: шырша суреттері, шыршаның қағазға желімдеген үлгі суреті жасыл түсті қағаз желімдеген үлгі суреті жасыл түсті қағаз желім, қайшы,үлестірмелі материалдар.
Алдын ала орындалатын жұмыс: шырша туралы әңгімелеу, суреттерін көрсету
Сөздік жұмыс: қобдиша
Билингвальді компонент: жаңа жыл – новый год, шырша - елка
Оқу іс-әрекетінің
кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық -қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Күнім күлім қағады
Шуағын маған шашады!
Қуан, қуан алтын Күз!
Қуан, қуанЖер –көгім!
(Г.Бектұрова)
-Балалар, қараңдаршы, сиқырлы қобдша тауып алдым.
Сөздік жұмыс: қобдиша
Балаларшеңбер жасап тұрады, өлең жолдарын бірге қайталайды
Қызығушылық танытады
Қайталайды: қобдиша
Ұйымдастырушылық ізденістік
- сиқырлы қобдишада не бар екен? Оның ішінде қағаз бар екен, қағазда жазылғанды оқып көрейік.
Ағаштардың көріктісі
Мәңгі жасыл бұтағы
Мекен ғып тау , өлкені
Кәусар ауа жұтады
Бұл не?
-Қобдишада тағы сиқырлы таяқ бар екен
-Мен сиқырлы таяғымды сермегенде, шыршада моншақтар пайда болады. Сиқырлы таяқшасын әрі-бері сермейді, бірақ шыршада моншақ пайда болмайды
Балалардан көмек сұрау
«Пішінді ата» дидактикалық ойыны
Үлестірмелі материалдар назарларын аударады.
Жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді. Моншақ жасау техникасын түсіндіру: домалақ және сопақша моншақтарды алу үшін тіктөрбұрыштардың және шаршылардың бұрыштарын дөңгелектеп қиямыз. Пішіндері әртүрлі моншақтарды кезектестіріп орналастырып, шыршаға мұқият және түзу жапсыруды көрсетеді.
Сергіту сәті
Сағатты тіліндей
Иіліп оңға бір
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір
Жаттығу жасаймыз
Балаларға жұмысқа кірісуді ұсынады. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
Билингвальді компонент: жаңа жыл-новый год, шырша -елка
Тыңдайды, жұмбақты шешеді
Жауабы: шырша
Балалар көмек көрсетуге ынталарын білдіреді
Ойынға кіріседі, пішіндердің атауын айтады : дөңгелек , сопақша, шаршы
Біздің шыршамыз әдемі болып кетті. Аязата мен Ақшақарға көрсетеміз. Шыршадағы моншақтарды балалармен талдайды. Мадақтайды
Балалар өз жұмыстарын тамашалайды, талдау жасайды
Күтілетін нәтиже:
біледі: домалақ және сопақша моншақтарды алу үшін тіктөрбұрыщтардың және шыршалардыың бұрыштарын қиып, пішіндері әртүрлі моншақтарды кезектестіріп жабыстырады.
игереді: шыршаны тек Жаңа жыл мерекесінде ғана безендіретіндігін.
меңгереді: оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдыларды
Білім беру саласы: Шығармашылық. Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Аппликация
Күні:
Тақырыбы: «Ақшақар»
Мақсаты: қоршаған орта және қыс туралы түсініктерін кеңейту; шаршыдан дөңгелктерді қиюды үйрету; қайшымен және желіммен жұмыс істеу дағдыларын меңгерту және бекіту. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Табиғатты аялауға тәрбиелеуү
Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: Жаңа жыл мерекесінің суреттері,түрлі түсті қағаздан жапсырмалар,қайшы,желім, сулық, үлестірмелі материалдар, қуыршақ Ақшақар
Сөздік жұмыс: тон
Билингвальді компонент: Ақшақар- снегурочка , қар -снег
Оқу іс-әрекетінің
кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық -қозғаушылық
Балаларға ән айтқызу
О, алақай, Аязата
Келе жатыр алыстан!
Кел билейік, үйренейік,
Ол келгенше жаңа жыр,
Құтты болсын , құтты болсын
Құтты болсын...
Жұмбақ жасырады.
Тікен , тікен тік пісте
Қысы-жазы бір түсте
Ол ...
Жаңа жылда бізге кім келеді?
Балалар жетіспейтін сөзді айтады
Жаңа жыл
Шырша
Аязата, Ақшақар
Ұйымдастырушылық ізденістік
Қуыршақ ақшақарды көрсетеді. Үстіне көк тон киіп алғанын айтады
Сөздік жұмыс: тон
-Балалар , ақшақар деп неге атаған?
-Қазір дала аяз, бұл Ақшақар ұнататын ауа райы. Ақшақар бізді серуендеуге шақырып тұр.
Сергіту сәті
Денсаулықты сүйеміз,
Шынығамыз күнде біз
Бір, екі, үш
Бір,екі, үш
Бұлшық етте, міне, күш!
Ал,балалар, тұрайық
Алақанды ұрайық
Оңға қарай иіліп
Солға қарай иіліп
Бір отырып, бір тұрып
Бойымызды созайық
Белңмңздң жазайық
Билингвальді компонент: Ақшақар –снегурочка, қар –снег
Балалар бүгін біз ақшақардың аппликациясын жасаймыз.
Үлестірмелі материалға назарларын аударады.
Жұмыстың орныдалу ретін түсіндіреді
Алдымен шаршыдан шыршаны жасаймыз, шаршыны екіге бөліп, қиямыз, шыршаны екіге бқліп, қиямыз, шыршанықұрастырамыз
жапсырамыз.
Ақшақарды жасауды тонынан бастаймыз. Ол үлкен үшбұрыш болады. Басы мен бетіне дайын жапсырмаларды қолданамыз. Қолы да ұшбұрыш . Ал енді жұмысқа кірісейік.
Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
Қуыршақты қарастырады, сұрақтарға жауап береді.
Қайталайды: тон
-себебі ол қардан жасалған
Қимыл-қозғалыстар жасайды
Қайталайды: ақшақар- снегурочка, қар –снег
Үлестірмелі материалды қарастырады. Сұрақтарға жауап береді. Жұмсытың орындалу ретімен танысады.
Жұмысқа кіріседі
Рефлексиялық түзетушілік
Қуыршақ Ақшақар балаларды мадақтайды, балаларға ризашылығын білдіреді.
Балалармен қоштасады.
Балалар жасаған жұмыстарын көрсете қояды. Ақшақармен қоштасады.
игереді: Ақшақардың қардан жасалған қыз екендігін , шырша меркесінің қонағы екендігін
меңгереді: оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдыларды.
Білім беру саласы: Шығармашылық. Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Аппликация
Күні:
Тақырыбы: «Түлкі бикеш»
Мақсаты: жабайы аңдар туралы түсініктерін кеңейту , апликацияда бірнеше бөліктерден бейнелерді суреттеуге баулу, түстерді тану білімін тексеру. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру . Жануарларды қорғауға тәрбиелеу
Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: жабайы аңдар және олардың төлдерінің суреттері, түлкінің бейнесі салынған сурет,жұмсақ ойыншықтан жасалған Түлкі , желім, сулық, үлестірмелі материалдар.
Алдын ала орындалатын жұмыс: аңдар туралы әңгімелесу
Балалар жабайы аңдардың төлдерін атайды, аю-қонжық, түлкі- жаутаң, қоян- көжек, қасқыр –бөлтірік , жұмбақ шешеді
Шешуі түлкі
Түлкінің аппликациясын жасауға ынта білдірді.
Бірінің артына бірі тұрып,қолдарын жайып, ұшақтың ұшуын бейнелеп көрсету
Ұйымдастырушылық ізденістік
Үлестірмелі материалға назарларын аударады, суретті көрсетеді.
- Түлкінің денесі, түсі қандай?
Жұмыстың жасалу ретін түсіндіреді.
Үлкен үшбұрыштан шаршыдан қиып аламыз. Үлкен үшбұрыштан денесін жасаймыз, бұдан кішірек үшбұрышты алып, түлкінің басын жасаймыз. Енді құлақтарын желімдейміз. Түлкіміз қандай болып шықты!
Сергіту сәті
Қыстың күні ызғарлы
Жел соғады, қар жауып,
Қоян ағаш еңбегінде
Отырады бүрісіп
Қу түлкі де ықтайды
Жасырынып бораннан
Боранның ашуы басылып
Шуақтарын шашты күн
Қоян да жүр секектеп
Шықты ортаға түлкі де
Бізде енді жүрейік
Орманымызға кетейік
Қауіпсіздік техникасын еске түіреді.
Жұмысқа кірісуге ұсыныс жасайды. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
Үлестірмелі материалды қарап, сұрақтарға жауап береді
Түлкі туралы қандай ертегі білесіңдер? Мен сендерге ертегілерден үзінді оқимын сендер қандай ертегі екенін еске түсіріп, айтыңдар.
1.Бір қасқыр мен бір түлкі жолдас болыпты. Қасқыр түлкіге айтыпты: «Менің басым ауырып барады, тамырымды ұстап берші»,- дейді. Сонда түлкі тамырын ұстап тұрып айтады. «Басын жазылуы үшін олай-бұлай»жүгіріп, құйрығыңды ойықтағы мұлға сала ғой»-дейді
2. Түлкі жолбарыстың алдына түсіп таңдана жүріп отырады. Жолбарысты көрген аңдар мен құстардың зәресі ұшып, тым-тырақай қашады. Ұялары мен індеріне тығылады , аспанға ұшады
3. Бір күні түлкі тырнаны қонаққа шақырыпты
Маған қонаққа кел, мен дәмді амақ пісіріп қоямын
4. «Менің құлағым естімеуші еді, әніңді менің мұрныма отырып,қайталап шырқашы» Тамаша! Қандай неніертегі білесіңдер? ертегілерді түлкі қандай? Оны қалай атайды?
Бір-бірінің жұмыстарын қарайды, қуаныштарын білдіреді
Ойынға кіріседі, ертегілердің атын айтады
«Қасқыр мен түлкі»
«Қу түлкі»
«түлкі мен тырна»
«Бауырсақ»
Ертегілерде түлкі қу болады. Оны қу түлкі деп атайды.
Күтілетін нәтиже:
біледі: қайшыны дұрыс ұстап, қиялы, қағаз бетінде заттардың суретін дұрыс орналастырады, ұшбұрыштардан түлкінің денесін құрастырады.
игереді: жабайы аңдар орманда мекендейтін , ертегілерде түлкі қу болатынын
меңгереді: жұмбақтарлы шешеді0 оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдыларды
№ 1 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Шағын Орталық « а » тобы
Ай апта
4.09.2015
Мақсаты
Білім саласы
Шығармашылық
Білімділік
Қоршаған орта және үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту,балаларды қайшымен жұмыс істеуге үйрету,
техникалық қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіру.
Кіріктірілген білім саласы
Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Жапсыру
Дамытушылық
Төртбұрыш, шаршылармен үйдің қабырғасын, үшбұрышпен үйдің шатырын жасауға болатындығын түсіндіріп, тілдерін дамыту.
Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.
Тақырыбы
Достарыма арналған үй
Әдістер
Жұмбақ, мақал,түсіндіру
Тәрбиелік
Қайырымдылыққа тәрбиелеу
Көрнекіліктер
Ит пен мысықтың түрлі тұқымының суреті,түрлі түсті қағаздан жапсырмалар, қайшы, сулық, желім, үлестірмелі материалдар.
Тақтаға иттің және мысықтың түрлі тұқымдарының суреттерін ілу.
Жұмбақ
Ырылдайды, үреді,
Үй маңында жүреді.
Иесін ол біледі,
Бөтен біреу келсе егер,
Үріп белгі береді.
Мақал
Ит-адамның досы.
Жұмбақ
Түссе күннің шуағы,
Көзін жұмып алады.
Жылы жерді сүйеді,
Беті-қолын жуады.
Сөздік жұмыс: шуақ, адал.
Иттер-ең сақ және адал достар. Жер бетінде ит тұқымдасының түрлері өте көп. Олар бізге қызмет етеді, үйді күзетіп, қиыншылыққа тап болған адамдарды құтқарады.
Пекинес-кішкентай ит. Ол өзіне көп көңіл бөлгенді ұнатады, балалардың өзін құшақтап, жұлмалағанын, сипалағанын қаламайды.
Пудель-өзінің иесіне берілген, үнемі байлауда ұстаса да еш қарсылық көрсетпейтінкөнбіс ит.
Балалармен ойнағанды жақсы көреді. Пудельдер еш себепсіз үре береді.Олар үнемі шаш үлгісін көрсететін көрмелерге қатысатын сәнқой ит.
Болонка- сәндік көрінетін ит.
Көрмелерге қатысады. Бұл иттер аурушаң келеді,сол себептен оларға дер кезінде екпе жасап отыру қажет.
Чау-чау-арыстанға немесе аюға ұқсайды.Олар өте байсалды, бірақ үйретуге келмейді.Өте сақ, иесіне адал болады.
Мысықтар адаммен бірге үйде өмір сүреді, тышқан ұстайтын пайдасы бар.Мысықтың неше түрлі тұқымдары болады.
Ангормысығы-көңілді, қылықты мысық.Ойынпаз, адамды жатырқамайды.Белсенді, үйірсек, кіммен болсын тіл табысады.
Сібірмысығы-ірі денелі, байсалды, сабырлы мысық.
Қылықты, балалармен ойнағанды жақсы көреді, тіпті ересек мысықтың өзі де ойынпаз келеді.
Жүні айрықша жұмсақ, үлпілдек болғанымен, ерекше күтімді қажет етпейді.
Канадалықжәнедондықсфинкс-
жұмсақ, тыным таппайтын белсенді әрі байсалды және ешкімді жатырқамайтын мысық.
Тіпті үйде пайда болған өзге хайуанаттарға да қарсылық білдірмейді.Балалармен жақсы ойнайды, жылы көрпенің астында ұйықтағанды жаны сүйетін, адамды емдік қасиеті бар мысықтар.
Суреттерді қызыға қарайды.
Жұмбақты шешеді.
Жауабы: ит.
Мақалды тыңдайды, қайталайды.
Жұмбақты шешеді.
Жауабы: мысық.
Қайталайды: шуақ, адал.
Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды, иттің және мысықтың тұқымдары туралы мағлұмат алады және ұсынылған иллюстрацияны қарайды.
Ұйымдастыру
шылық-ізденістік
Ғажайып сәт
-Балалар, бізге ит және мысық қонаққа келді.Олармен танысайық.
Тәрбиеші жұмсақ ойыншықтар: ит және мысықты көрсетеді.
-Біздің қонақтарымыз Дос және Мурка.Олар сендерден көмек сұрау үшін келіпті.Олардың тұратын үйлері жоқ екен.Не істейміз? Оларға көмектесіп, үйшік салып береміз бе?
-Балалар, бүгін біз Ақшақардың аппликациясын жасаймыз.
Үлестірмелі материалға назарларын аударады.
Жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді. Алдымен шаршыдан шыршаны жасаймыз, шаршыны екіге бөліп, қиямыз, шыршаны құрастырамыз,жапсырамыз.
Ақшақарды жасауды тонынан бастаймыз. Ол үлкен үшбұрыш болады.Басы мен бетіне дайын жапсырмаларды қолданамыз. Қолы да үшбұрыш. Ал енді жұмысқа кірісейік.
Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі.
Қуыршақты құрастырады.
Сұрақтарға жауап береді.
Қайталайды: тон.
-Себебі ол қардан жасалған.
Қимыл- қозғалыстар жасайды.
Қайталайды: Ақшақар- Снегурочка, қар- снег.
Үлестірмелі материалды қарастырады. Сұрақтарға жауап береді. Жұмыстың орындалу ретімен танысады.
Жұмысқа кіріседі.
Рефлексивтік-жинақтаушы
Қуыршақ Ақшақар балаларды мадақтайды, балаларға ризашылығын білдіреді.
Балалармен қоштасады.
Балалар жасаған жұмыстарын көрмеге қояды.
Ақшақармен қоштасады.
Күтілетін нәтиже
Білу керек
Геометриалық пішіндерден Ақшақар құрастыруды.
Түсінеді
Ақшақардың қардан жасалған қыз екендігін, шырша мерекесінің қонағы екендігін.
Педагог жұмысты жасау ретін түсіндіреді, көрсетеді.
Денелерінің пішінін анықтап, педагог балаларға сопақ пішінді балықтың денесін, құйрығын, қанатын қалай қиятынын түсіндіреді, қию үлгісін, оны құрау әдісін, жабыстыру тәсілін көрсетеді. Тіктөртбұрыштың шетін қайырып- дөңгелету, сопақшалар қию-балықтың денесі, оларға кішкентай үшбұрыштар қосу-құйрықтарын жасау.
Қайшымен жұмыс істеудегі техникалық қауіпсіздікті еске түсіреді. Жұмысқа кірісуді ұсынады.
Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
Білетін балықтарды атайды.
-Қанаты, құйрығы әртүрлі болып келеді.
-Басы, денесі, құйрығы қанаты.
-Балықтардың қанаты мен құйрығы суда жүзуге көмектеседі.
-Қабыршақ балықтың денесін қорғайды.
Қайталайды: балық-рыба, су-вода.
Үлестірмелі материлды қарастырады, суреттерді қарап жауап береді.
Жұмысты жасау ретімен танысады.
Балалар қайшымен жұмыс істеудегі қауіпсіздік ережелерін айтады.Жұмысқа кіріседі, тапсырманы орындайды.
Рефлексивтік-жинақтаушы
-Балалар, сендерге достарыңның
жұмысы ұнады ма? Сендерге қандай жұмыстар ұнады?
-Арманымызды орындайтын алтын балық болса, не болар еді? Балалар, алтын балықтан не сұрар едіңдер?
Ойланыңдар!
Ойын: «Балық қайда тұрасың?»
Балалар бір-біріне балықты шеңбер бойынша беріп, кімге «тұрасың» сөзі түскенде, сол бала балықтың қайда тұратынын айтады.
Балықтарды күту ережелерін еске түсіреді.
Балықтардың үйін қорғайық, оларды күтіп баптайық. Олар тірі жан екенін ұмытпайық, тамақтандырып, суын тазалап отырайық. Сонда балықтар бізді көркімен қуантады.
Жұмыс біткеннен кейін кепкенше үстел үстіне қояды. Содан кейін ата-аналарға арналған көрмеге іледі.
Ойынға кіріседі. Бір-біріне балықты шеңбер бойынша беріп, кімге «тұрасың» сөзі түскенде, сол бала балықтың қайда тұратынын айтады (теңізде, өзенде, көлде, мұхитта, аквариумда, т.б)
Педагогті тыңдайды, өз пікірлерін айтады.
Күтілетін нәтиже
Білу керек
Қию және жабыстыру тәсілімен ұсақ бөлшектерді (қабыршақтарды) өзі қалауы бойынша жабыстырады.
Түсінеді
Аквариумда балықтар, ұлулар, өсімдіктер болатынын (балық жүзеді,ұлу жорғалайды, балдыр өседі, балықтар үшін қорғаныс және азық болады).
Қолдана біледі
Табиғат бұрышында тұрған аквариумдағы балықтарды күтуде оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдыларды.
Көлік туралы түсініктерін кеңейту; қайшымен жұмыс істеудегі қауіпсіздік техникасын естеріне салу; тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, дербестікке тәрбиелеу.
Кіріктірілген білім саласы
қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Жапсыру
Дамытушылық
Тілдерін дамыту.Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.
Тақырыбы
Ұшақтар самғайды
Әдістер
Әңгімелеу, ойын.
Тәрбиелік
Ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
Ойыншық ұшақ.
Қос тілділік
Ұшақ-самолет,ұшқыш-летчик.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекет
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Тәрбиеші топқа ұшақ ойыншықты әкеледі,тақпақ оқиды.
Құстар қайда ұшады?
Биікте, биікте.
Ұшақ қайда ұшады?
Алысқа,алысқа.
Жұлдыз қайда жарқырайды?
Үстінде, астында.
Біздің батыл ұшқыштар
Алдында,алдында.
-Балалар, аспанда не бар?
-Балалар ұшақты кім ұшырады?
Қызығушылық көрсетеді,тақпақты тыңдайды.
Ойланады,жауап береді.
-Аспанда күн бар,құстар,ұшақтар ұшады,аспанда бұлт болады.
-Ұшқыш.
Ұйымдастыру
шылық-ізденістік
Ұшақпен саяқатха шығыуды ұсынады.
-Ұшу үшін ұшақ керек,ұшақ жасайық,біз оны аспанға жіберміз.
Билингвальді компонент:
Ұшақ-самолет, ұшқыш-летчи,аспан-небо.
Сергіту сәті
«Ұшақ» ойынын ойнатады.
-Енді орнымызға ұшып келдік.
Үлестермелі материалға назарларын аударады.
-Бұл қандай пішіндер?
Тәрбиеші жұмысты жасау ретін түсіндіреді,қию үлгісін көрсетеді.Ұшақты қалай жабыстырғанын айтады.Тіктөрбұрыштың шетін қайырып, ұшақтың денесін жасаймыз, қанаты да дәл солай жасалынады.
-Ұшақтарды құрастырып, жабыстырамыз .Иллюминаторы үшін дайын жапсырмаларды қолданамыз, Күн мен бұлттың суретін саламыз.
-Балалар,қайшымен жұмыс істеу қауіпсіздік техникасын кім айтып береді?
Тәрбиеші жауаптарды толықтырады
Жұмысқа кірісуге ұсыныс жасайды.
Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
Қызығушылық танытады.
Қайталайды:
Ұшақ-самолет, ұшқыш-летчик, аспан-небо. Әуенге балалар ұшақтың қимыл-қозғалыстарын келтіреді, ұшақты оталдырады, топты айналып ұшады, отырады.
Үлестірмелі материалды қарастырады, сұрақтарға жауап береді, тіктөртбұрыш, дөңгелек.
Жұмысты жасау ретімен танысады, тәрбиешіні тыңдайды.
Балалардың жауаптары.
Жұмысқа кіріседі, дайын ұшаққа иллюминаторларын (дайын жапсырмаларды)
жабыстырады, қылқалам мен бояу алып (сары және көк), күн мен бұлттың суретін салады.
Рефлексивтік-жинақтаушы
Балаларды мадақтайды.
«Ұшқыштар ойынын ұйымдастырады.
Жұмыстарды қарап, бір-біріне пікірлерін айтады.
Ойын ойнайды.
Күтілетін нәтиже
Білу керек
Ұшақ бөлшектерін қиып, жапсырады.
Түсінеді
Ұшақтың әуе көлігі екендігін, иллюминатор ұшақтың терезесі екендігін.
Қолдана біледі
Ұшақ жасауда оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдыларды.
Тәрбиеші балаларға аппликацияның жасалу ретін және үлгісін көрсетеді.
-Алдымен дайындаған қағазымызды ортасынан төменге дейін біріктіріп, дәл ортасынан қайшымен қиамыз.
Енді бізге гүлдің сабағы керек.Жасыл түсті қағазды алып, гүлдің сабағын қиямыз.
Тіктөртбұрышты қағазды алып, одан жапырақтың жобасын жасаймыз.Бұрыштарын абайлап кесеміз.
-Біз бұл гүл шоқтарын қайда орналастырамыз?
-Құмыраға арналған қағазды алып, бұны да бүктеп, дәл ортасынан қиямыз (көрсетеді).
-Мінекей біз ашық хатқа керектінің бәрін дайындап болдық.
-Бірінші құмыраны, одан кейін гүлдің сабағын, гүл бөлігі мен жапырақтарын орналастырамыз.
-Енді желім жағатын қылшаны аламыз, дайындалған заттарымызға теріс жағынан желім жағамыз, абайлап жұмыс жасаймыз. Енді жапсырамыз, оның үстін арнайы дайындалған сулықпен тегістеп, жабыстырамыз.
Қауіпсіздік техникасын еске түсіреді. Жұмысқа кірісуге ұсыныс жасайды.
Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
Қайталайды:
Сыйлық-подарок,
Рефлексивтік-жинақтаушы
-қандай гүлдер гүлдеді біздің ашықхатта? Сүйіспеншілік пен құрметіміз, нәзіктік сезіледі.
Бұл гүлдер ешқашан солмайды.
Аналарымызды қуантады.
Тәрбиеші балаларға ана туралы тақпақ айтуды ұсынады.
Қазақтың өнеріне қызығушылықтарын тудыру,тілдерін дамыту.
Тақырыбы
Сәукелені әшекейлейміз
Әдістер
Сұрақ-жауап, ойын
Тәрбиелік
Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру, Отанға деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
қазақтың ұлттық киімдері мен баскиімдерінің суреті
Қос тілділік
Әдемі-красивый
Әрекет кезеңдері
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Ғажайып сәт
Топқа қазақтың ұлттық киімін киген Айсұлу келеді.
-Балалар, бізге қонаққа Айсұлу келді.
Балалар, қазақтың «Үш ағайынды және Айсұлу» ертегісі естеріңде ме?
Педагог қазақтың ұлттық киімін киген қыздарының суреттерін көрсетеді.
-Сәукеле-үйлену тойында қалыңдық киетін баскиім.
-Қазақ қыздары өздеріне көйлек тігіп, сәукелесін әшекейлеген. Ол биік баскиім, неше түрлі әшекейлермен ,моншақ, қымбат тастармен, шашақ жіптермен әшекейленген.Басты бөлігі –желек, жеңіл матадан тігілген. Сәукеленің жоғарғы бөлігіне тіл-көзден сақтайды деген тұмар ретінде үкі таққан.
Сөздік жұмыс: сәукеле, тұмар.
-Ал біздің Айсұлумыздың сәукелесі айын емес.Әдемі аппликация жасап, көмектесейік.
Қызығушылық көрсетеді. Қуыршақпен амандасады, киімдерін қарастырады,
№ 17 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Ай апта
1.05.15
Мақсаты
Білім саласы
Шығармашылық
Білімділік
Кіріктірілген білім саласы
қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Жапсыру
Дамытушылық
Тақырыбы
Бұйра қошақан
Әдістер
Тәрбиелік
Көрнекіліктер
Қос тілділік
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Ұйымдастыру
шылық-ізденістік
Рефлексивтік-жинақтаушы
Күтілетін нәтиже
Білу керек
Түсінеді
Қолдана біледі
№ 18 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Ай апта
.15
Мақсаты
Білім саласы
Шығармашылық
Білімділік
Кіріктірілген білім саласы
қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Жапсыру
Дамытушылық
Тақырыбы
Камзол мен тақияны әшекейлейміз.
Әдістер
Тәрбиелік
Көрнекіліктер
Қос тілділік
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Ғажайып сәт
Топқа қонаққа қуыршақ Айсұлу келеді. Балалармен амандасады.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен қазақтың ұлттық киімдерін сатып алдым.
Көргілерің келе ме?
Сандықтан киімдерді алып, балаларға көрсетеді. Ою-өрнектерге көңіл бөледі.
-Қараңдаршы, киімде қандай ою-өрнектер салынған. Қандай әдемі!
-Мынау-тақия, мынау-камзол.
-Балалар қазір осындай киімдер кие ме?
-Қазақтың үлттық киімі екенін қалай білеміз?
-Бүгін мұражайда қазақтың ұлттық киімдерінің көрмесі болады. Барғыларың келе ме?
-Онда, балалар,сендерге аппликация жасау керек, камзол мен тақияны ою-өрнектеп , жұмыстарды көрмеге жіберу керек.
Ұйымдастыру
шылық-ізденістік
Тәрбиеші киімдерді жақсылап көруге ұсыныс жасайды.
Үлестірмелі материалға назарларын аударады.
Жұмыстың жасалу ретін
Рефлексивтік-жинақтаушы
Күтілетін нәтиже
Білу керек
Түсінеді
Қолдана біледі
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Ай апта
Мақсаты
Білім саласы
Шығармашылық
Білімділік
Қоршаған орта және саңырауқұлақ туралы білімдерін кеңейту, жеуге жарамды және жарамсыз саңырауқұлақтар туралы түсінікберу.
Кіріктірілген білім саласы
Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Жапсыру
Дамытушылық
Тіктөртбұрыштан дөңгелек қию
Тәсілін және жабыстыру ережесін: беткі жағына желім жағып, суретті басып жабыстыруды; қылқаламмен аздап желім алып, сулықпен қағаздың үстіне жабыстырманы басуды үйрету.
Тақырыбы
Шалғындағы саңырауқұлақтар
Әдістер
Тәрбиелік
Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Табиғатты аялау.
Көрнекіліктер
Саңырауқұлақ ата (ойыншық), «орман алқабы» суреттелген кілем, Мухомор киіміндегі бала.
Қос тілділік
Саңырауқұлақ –гриб
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Ғажайыпсәт
Педагог:
-Балалар, бізге қонақ келді.
- Саңырауқұлақ атамен таныс болыңдар. Саңырауқұлақ ата балалармен амандасады:
Саңырауқұлақатамын,
Орманда менің тұрағым.
Тәртіптімен қараймын,
Саңырауқұлақты санаймын.
Сөздікжұмыс: Саңырауқұлақ ата.
Саңырауқұлақ ата балаларды орманға серуенге шақырады.
Саңырауқұлақ атакүздің белгілері туралы әңгімелейді.
-Күзде күн қысқарады, ауа райы суытады, жаңбыр жауады, жерде шалшық су пайда болады, жапырақтар түседі, құстар жылы жаққа ұшады.
Қызығушылық танытады, қонақпен амандасады.
Қайталайды:
Саңырауқұлақ ата.
Балалар келісім береді.
Саңырауқұлақ атаны тыңдайды, әңгімеге кіріседі.
Ұйымдастыру
шылық-ізденістік
Балаларғажұмбақжасырады:
Қарашы, маңызды жан,
Ақ аяқ,
Қызыл қалпақ.
Қалпағында ақ бұршақ.
Мухомор киімін киген бала шығып, өз –өзін қызыға мақтайды.
-Қызыл қалпақ, ақ бұршақ,
Келбетің сенің керемет –ақ.
Себетке біз сені салмаймыз,
Өте, өте қауіптісің!
Егер балалар қиналса, педагог көмектеседі. Саңырауқұлақ ата балаларға мухомордың суретін көрсетеді. Мухомордың улы саңырауқұлақ екенін, қолмен ұстауға болмайтынын айтады.
Тіктөртбұрыштан жарты дөңгелекті кесуді көрсетеді. Жабыстыру тәсілдерін еске түсіріп, аппликация үлгісін көрсетеді.
-Алдымен қағаздан қалпақшаны қиып, сосын аяқтарын қиямыз. Осы бөлшектерден саңырауқұлақ құрап, шалғынға қоямыз. Беткі жағына қылқаламмен желім жағамыз. Суретті сулықпен басып желімдейміз. Жасыл қағаздан шөптерді жабыстырамыз, шөп саңырауқұлақтың аяқ жағын жауып тұруы керек.
Педагог Саңырауқұлақ атаның атынан балаларға кеңес беріп, көмектеседі.
Билингвальді компанент:
Саңырауқұлақ –гриб.
Балалар жұмбақты шешеді.
Жауабы : мухомор.
Балалар саңырауқұлақтың баскиімін мұқият қарап,түстерін ажыратып айтады.
Балалар шеңбер бойымен тұрады. Шеңбер ішінде мухомор жүгіріп жүріп, балалардың алақанын ұстап қалуға тырысады.
Үлестірмелі материалды қарастырады.
Жұмыстың орындалу ретімен танысады.
Жұмысқа кіріседі, тапсырманы жасайды.
Қайталайды:
Саңырауқұлақ –гриб
Рефлексивтік-жинақтаушы
Саңырауқұлақ ата балалардың жұмысына қызығып қарайды. Балаларды мадақтайды.
Қуаныштарын білдіреді. Дайын жұмыстарын көрмеге іледі.
Күтілетін нәтиже
Білу керек
Тіктөртбұрыштан жарты дөңгелек қияды, сулық пен алақанмен суретті басады.
Түсінеді
Жеуге жарамды және жарамсыз саңырауқұлақтардың болатындығын және ерекшеліктерін.
Қолдана біледі
Қиылған бөлшектерді құрастырады, қылқаламмен желім алып, беткі жағына жабыстырады.