Мотивациялық-қозғаушылық | Балаларға қыс туралы өлең оқу. Қыс келді, қыс келді, Ақтарып ақ қарды. Жол аппақ түске енді, Аралап қайтайық, Ақ күміс бақтарды. Ә.Ысқақбаев -Неге жердің бәрі аппақ? (Жерде жасанды қарлар жатады.) -Қар ұлпалары неге ұқсайды? Педагог: -Қар ұлпалары қандай керемет, өрнектері де бар екен. Ал мына қарлар еріп, жабысып, домалақтанып қалыпты. Кәне, осы қарларды тездетіп, екіге бөлініп, жинап тастайық. -Қазір жылдың қай мезгілі? Енді осы қыс мезгіліндегі көріністерді бақылайық. | Балалар өлеңді тыңдайды. Топ ішін аралап жүріп, тыңдады. -Өйткені жердің бетін қар жапқан. -Жұлдызшаға ұқсайды. Қар ұлпаларын тамашалайды. Екі ыдысқа бөліп жинайды. -Қыс мезгілі. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік | -Даланың бәрі қандай? -Иә, қыстың сәні қар демекші, айналаның бәрі қар. -Ауа райы қандай? -Балалар қыста қандай ойындар ойнайды? Билингвальды компонент:аққала-снеговик. -Аққала неше бөліктен тұрады? -Мұрнын, көзін неден жасайды? -Түстері қандай? -Аққаланы неден жасайды? Енді осы аққаланы жасайтын қарды зерттеп көрейік. Ыдысқа салынған қарды балаларға көрсету. -Бұл қарды қайдан алдым? -Қар қайдан пайда болды? Аспан әлемінен мұз талшықтарынан пайда болып, жерге жауып түседі екен. Олар әртүрлі болып жауады: -ұшқындап жауады; -жапалақтап жауады; -борандатып жауады т.б. түрлері бар.Балаларға жауған қардың суретін көрсету. Сергіту сәті. -Балалар, қардың қалай жауатынын қимылмен көрсетіңдерші. -Қар қандай, суық па, жылы ма? -Қардың түсі қандай? -Күнге шағылысқанда қандай болады? -Қар ауыр ма, жеңіл ме? -Қар таза ма, жеуге бола ма? -Балалар, қардан Аққаланы қалай жасағанымызды еске түсірейікші: Бірінші – үлкен домалақ жасадық, Екінші – орташа домалақ жасадық,оны үлкен домалақтың үстіне қойдық, үшінші – кішкене домалақты жасадық та, орташа екінші домалақтың үстіне қойдық. Басына шелек кигіздік. -Балалар, бұл Аққала менің досым.Сендер өздеріңе Аққаладан дос жасап алғыларын келе ме? Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру: -ермексазды әртүрлі 3 бөлікке бөлу; -бөліктерді алақан арасына салып, домалақтау; -үлкен бөлікті астына қою, орташа бөлікті ортасына, кіші бөлікті үстіне қою; -бөліктерді бір-бірімен біріктіру; -қолын таяқшалардан жасау. Балалардың өз бетінше жұмысы Қажет болған жағдайда жеке балаға көмек көрсетіледі. Аққалаға – досына ат қойдыру. | Сұрақтарға жауап береді. -Қарлы,аппақ. -Суық. -Шанамен, шаңғымен, конькимен сырғанақ тебеді,аққала жасап ойнайды. «Аққала-снеговик» сөзін қайталайды. -Үш бөліктен тұрады. -Сәбізден, көмірден жасайды. -Қызғылт сары, қара. -Қардан жасайды. -Даладан. -Аспаннан жауып, жерге түсті. Балалар қардың әртүрлі болып жауғанын тамашалайды. Балалар қардың жауғанын қимыл-қозғалыспен көрсетеді. -Суық. -Қардың түсі аппақ. -Күмістей жарқырайды. -Аспаннан жауғанда жеңіл. Жерде жатып көбейгенде ауыр. -Қарды жеуге болмайды.Таза емес. Тамақты ауыртады, микробы бар. -Иә. Аққаланы мүсіндеудің әдіс-тәсілімен танысады. Балалар Аққаланы мүсіндейді . Аққалға – досына ат қояды. |