Тобы:Ақбота Күні: 13.01.17 Білім беру саласы: Таным Бөлімі: Жаратылыстану Тақырыбы: «Аю есік алдында » Мақсаты: А) Аю туралы түсініктерін байыту. Ә)Сұрақ жауап арқылы балалардың тілін дамыту. Б)Табиғатқа деген сүйіспеншілік. Көрнекіліктер:Ойыншық аю,орман,аю бейнеленген суреттер,
-Балалар мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.Қазір шеңберге тұрып,бізді қоршаған ортамен амандасайық. Шаттық шенбері: Армысың, алтын күн! Армысың, көк аспан! Армысың, жер ана! Армысыңдар,достарым!