I.Мотивациялық кезең | Шаттық шеңбері: Күннің көзі ашылып, Көкке шуақ шашылсын! Құтты қонақ келіпті, Төрімізге еніпті, Амандасу үлкенге, Тәрбиенің басы ғой, Ал, кәнекей бәріміз, Сәлем дейік үлкенге... Сәлеметсіздерме, апайлар! -Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық! -Міне балалар, сендер тату-тәтті дос екендеріңді білдіріп, бір-біріне жүрек жылуларынды беріп, жақсы тілектер айтыңдар. Тілектерің қабыл болсын! -Балалар, бүгін бізге қонаққа Қоян келіпті. Ол достарынан адасып қалыпты, жаңа достар іздеп жүр, біз оған дос болып көмектесеміз бе? | Шаттық шеңберін жасайды Еліміз аман болсын! Аспанымыз ашық болсын! Мейірімді болайық! Деніміз сауболсын! Достарымыз көп болсын! -Иә! |
II.Ізденушілік кезең | -Қоян бізге көп тапсырмалар алып келіпті, «Менің тапсырмаларымды шешсеңдер сендермен дос боламын», дейді. Ол бізге «Шатасқан сандар» ойынын алып келіпті. Д/О№1 Мақсаты: балалардың тура және кері санай білу машықтарын тексеру. Шарты: Балалар сандарды 5-ке дейін тура және кері санаулары керек. -Кәне, көмектесеміз бе? 1,2,3,4,5 5,4,3,2,1 Жарайсыңдар! ӨТШТ технологиясын пайдаланып, ойын ойнау. Д/О№2 «Иә, жоқ» Мақсаты: Балалардың санау машықтарын дамыту. Шарты: Иә немесе Жоқ жауабын талап ететін сұрақтар қойылады. -Енді бәріміз тақтаға назар аударайық. Мынау ненің суреті? -Неше мысық?Біреу ме? -Мысықтың неше кұлағы бар?Біреу ме? -Неше көзі бар?Екеу ме? -Мысықтың неше құйрығы бар?Екеу ме? -Біреу ме? -Жарайсыңдар! -Балалар, Қоянның тағы бір тапсырмасы бар екен.Соны орындаймыз ба? Д/О№3 «Бұл не? Ол кандай түсті?» Мақсаты: Балалардың пішін түрлері мен түстерін ажырата алу машықтарын тексеру. Шарты: Пішіндерді атау керек, түстерін айту керек. -Мына жерде геометриялық пішіндер бар екен. Қандай пішіндер екенін атаңдар шы? -Дұрыс айтасыңдар. -Енді осы пішіндердің түстерін атайық Дөңгелектің түсі қандай? Үшбұрыштың түсі қандай? Төртбұрыштың түсі қандай? Кубизм тәсілін пайдалану Д/О№4 Мақсаты: Балалардың ойлау өрістерін кеңейту, қиялдау машықтарын жетілдіру. Шарты:Балалар кубикті лақтырады, үстіне түскен суретті атап, оның қандай пішінге ұқсайтынын айтады. Мысалы: -Қарбыз -Сөмке -Шырша Д/О№5 Жұмбақ жасыру -Осы пішіндерді пайдаланып, не құрастыруға болады. Ендеше мені мұқият тыңдаңдар. -Мен сендерге қызықты өлең оқып беремін. Қызыл, сары, жасыл, Алуан, алуан пішіндер. Ұшбұрыш, төбесі, Төртбұрыш денесі, Мынау міне терезе! Балалар қараңдаршы мен не құрастырдым? Мен үйді қандай пішіндерден құрастырдым? Сегіту сәті. Түзу тұрайық, Алақанды ұрайық, Оңға қарай бұрылып, Солға қарай бұрылып, Алақанды ұрайық, Қане, түзу тұрайық! Балаларды екі топқа бөліп Воскобович тақтайшаларын пайдаланып пішіндер арқылы үй, машина жасату. Қоян : -Балалар маған менің шашылып қалған пішіндерімді жинауға көмектесіндерші. Д/О№6 Монтессори технологиясын қолдану арқылы балалармен «Үйін тап» дидактикалық ойынын ойнату. Мақсаты: Қол мотрикасын жетілдіру, пішіндерді дұрыс ажырата алу машықтарын дамыту. Шарты: Берілген үш қорапшаға пішіндерді дұрыс орналастыру. | -Иә Тура және кері санайды. -Мысық -Иә -Жоқ -Иә -Жоқ -Иә -Иә, орындаймыз. -Дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш -Сары -Қызыл Жасыл -Түсі жасыл, дөңгелек. -Көк түсті, төртбұрыш. -Жасыл түсті, үшбұрыш. -Үй Балалар жарыса жауап береді. Сергіту орындайды. -Иә, көмектесеміз Балалар ойынға белсене қатысады. |
III. Қорытынды | Балалар, бүгін сабақта не туралы өттік? -Қандай пішіндермен жұмыс жасадық? Интербелсенді тақтаға кезектесіп шығып, пішіндердің пайдалана отырып, таңдаған түстерін атай отырып, үйдің суретін салу. Мақтап, мадақтау жұлдызша тарату. | Балалар пішіндерді атап айтады. Бірігіп үй салады. |