-Осы төртбұрыштар арқылы өрнек жазуға бол ма? (Иә)
-Кім жазады? (6+1 Бір оқушыға жаздыру)
-Енді барлығы қанша болады? (Жеті)
- Олай болса біз бүгін 7 санымен танысамыз, 7 цифрын жазып үйренеміз. Сонымен 6+1=7 тең. Қанеки, 7-ні орналастырайық. (7-ні көрсет, орналастыр)
-Оқушылар 7 саны тақ сан, киелі сан. Біз 7 санымен танысып қоймай, сонымен бірге 7 саны туралы қазақтың ұғымдарымен де танысамыз, білетіндерімізді еске түсіреміз. Енді тақтаға қарайық. Тақтада 7 санына байланысты ұғымдар 4 цифрымен берілген. Әр цифрдың астындағы ұғымды білу үшін менің берген тапсырмамды орындауыңыз керек. Сіздер жаңа өткен сабақтар бойынша сандар құрамын, содан соң 7 санының шығуын орындадыңыздар. Енді оқулықтағы 1 тапсырманы орындаңыздар. Тақтадағы 1 цифрын ашып, ондағы ұғыммен танысамыз.
2. Оқулықпен жұмыс. (Топпен жұмыс)
1 тапсырма.
-Нелер берілген? (Қорапшалар)
-Үстіңгі екі сөреде қанша қорапша бар? (Алты)
-Астыңғы сөреде ше? (Біреу)
-Барлығы қанша? (Жеті)
-Сонда 6+1=7 Бұл өрнек тақтадағы кассада жазылған.Солай ма? (Иә)
-Екінші суреттен не көріп отсыздар? (Қорапшалар)
-Үстел үстінде барлығы қанша қорапша? (Жетеу)
-Соңғы қорапшаны бала не істеп жатыр? (Бұзып жатыр)
- Қанеки, жеті қазынаны білеміз бе? (Білсе сұрау, білмесе мағлұмат беру, егер айтса дөңгелегін беру)
-Енді 2 цифрының астындағы 7-ге байланысты ұғымды білу үшін біз оқулықтағы 2, 3, 4 тапсырманы орындауымыз керек. Сонымен қатар 3 тапсырмаға байланысты дәптердегі тапсырманы орындауымыз керек. Бұл сонда күрделі тапсырма. Ал, кәнеки бастайық.
Оқулықтағы 2-тапсырма
Алдымен кесіндіні өлшету. Кассага 7см _ cм. (Оқушыларға таптыру, жаздыру)
3-тапсырма
-Оқушылар біз сабақтың басына 7 цифрының баспа түрімен таныстық (баспа түрін көрсету). Енді, кәнеки жазба түрімен таныс болайық. (7 санының жазба түрін көрсету, ауада жазып көрсету). Енді дәптерімізге назар аударайық 7 цифры дәптерімізге назар аударайық. 7 цифры дәптерге қалай жазылған? (2 рет 7,содан соң бір бос көз қалдырып, тағы рет 7 жазылған)
- Мен сіздерге енді тақтаға жазып көрсетейін (тақтаға жазу).Енді дәптерге орындайық. 77 77 (Оқушыларға дәптерге орындату. Өте жақсы орындағандарға дөңгелек тарату) Оқулықтағы 3- тапсырманың суреттерімен жұмыс жүргізу.
-Бірінші сөреде не берілген?(Қысқаш) Мағұлмат беру.
-Қанша қысқаш?(Алтау)
-Екінші сөреде не берілген?(Кілт)Мағұмат беру.
-Қанша кілт?(Жеті)
-Қайсысы кем?(Қысқаш)
-Нешеуі кем?(Біреуі)
4-тапсырма.Салыстыру.Тақтаға орындатy
_ 6 6
-Тапсырмаларды өте жақсы орындадық. Енді тақтадаға 2 цифрын ашайық. (2 цифрын ашу, наурыз көжеге салатын 7 түрлі тағамды атату, білмесе мағұлымат бер)
4. 7-ге байланысты 3-інші ұғымды білу үшін оқулықтағы 5-тапсырманы сонымен бірге дәптерге қалған тапсырманы орындаймыз.