Сабақ жоспары
Тақырыбы:Біздің үй және үй жиһаздары.
Мақсаты: 1.Балаға өздері тұратын үйлері жайлы әңгіме айтқызу.Үйдегі
бөлмелерді,жиһаздарды өз атауымен атауды үйрету.
2.Көп қабатты үйлер мен жер үйдің айырмашылығын айту.Әңгімелеу
арқылы тілін,ойын анық жеткізуін қамтамасыз ету.
3.Ұқыптылыққа,адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас.
Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын.
Көрнекілігі: суреттер
Сабақтың барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Cабаққа дайындықтарын тексеру.
2.Тақырыбын,мақсатын хабарлау.
”Біздің үй және үй жиһаздары”.
3. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Үй және үй жиһаздары туралы әңгімелесу.
Әр адамның өмірінде үйі, күнделікті өмірде өмір сүретін мекені болады.
Үйдің пішіні әр адамның талғамына сай салынады.
Бі бөлмелі,екі бөлмелі,үш бөлмелі үйлер т.б. болады.
Үй болған соң,онда міндетті түрде жиһаздар болуы қажет.
Олар:
1.Залда:диван,кресло,әдемі үстел,кілем.
2.Балалар бөлмесінде:төсек,ойыншықтар,кілем.
3.Жатын бөлмеде:төсек,шкаф,кілем.
4.Ас бөлмесінде:ас ішетін үстел,орындықтар,шкафтар,ыдыстар.
4.Оқулықпен жұмыс:
Суреттегі заттарды топқа бөл.
1Жиһаздар:
2.Ыдыстар:
Тапсырма: Сурет мазмұны бойынша жиһаздардың суретін салу.
Сергіту сәті:Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
5. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Үй туралы өлеңді оқу.
Қолда темір қалағым, Қалада көп биік үй,
Саздан сарай саламын. Соның бірі біздің үй.
Алматыдан аумайтын, Барады үйлер биіктеп,
Әсем қала саламын. Төбесіне тиіп көк.
6.Бекіту кезеңі: Ойын ойнау.
Қорытындылау.
-Біз бүгін сабақта не туралы айттық?
-Саған қандай үй жиһазы ұнайды?
- Сенің үйінде жиһаздар бар ма?
Үйге тапсырма: Өзіңнің үйіндегі үй жиһаздарын атап келу.