Мотивациялық– қозғаушылық | Шаттық шеңбері Балалар шаттық шеңберге тұрамыз Қуанамын мен де, Қуанасың сен де, Қуанайық достарым. Арайлап атқан күнге | Шеңберге тұрып, өлең жолдарын қайталап, көңіл-күйлерін көтереді. |
Ұйымдастыру – іздестіру | Балалар, қазір мен сендерге таратпа суреттер таратамын. Сол суреттеріне қарап,топтасып отыра қаламыз. «Текше лактыру» ойыны Өткен пішіндерді қайталату. - Дұрыс айтасыңдар балалар, бұл үшбұрыш. Алдарындағы пішіндердің ішінде үшбұрышты көрсетіңдерші және түсін айтамыз. - Үшбұрыш неге ұқсайды екен? - Дөңгелек неге ұқсайды? - Өте жақсы балалар. Ал, енді алдарындағы пішіндердің, ішінен дөңгелекті көрсетіңдерші, түстерін айтамыз. - Өте жақсы, жарайсыңдар! Дөңгелек неге ұқсайды? Шаршыға нелер ұқсайды? Жаңа тақырып Есіктің алдында ашық хат жатады. Балалар қараңдаршы бұл недеген ашық хат екен. Кәнеки, барлығымыз ашып көрейік. Геометриялы пішіндер екен. Әр топтан бір баладан шығайық, құрастырыңдар. Қандай зат шыкты? Ал, енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, мұқият тыңдаймыз. Төрт бұрышы бар, Төрт қабырғасы бар Бұл қай пішін? Дұрыс айтасыңдар. Тіктөртбұрыштың төрт қабырғасы,төрт бұрышы болады. Ұзындығы, ені болады. - Тіктөртбұрыш неге ұқсайды екен? Барлығымыз назарымызды экранға аударамыз. Жақсы, балалар. Есік қағылады. - Пішіндер ханшайымы топқа кіреді. - Сәлеметсіздер ме, балалар! Балалар мен бір пішінімді жоғалтып алдым. Сендер маған көмектесесіңдер ме? Балалар менің үстімде қандай пішінім жок екен? Балалар сендерге рахмет. Ал енді балалар, енді ойын ойнағыларың келеме? I топ «Заттар қандай пішінге ұқсайды?» (Топтастыру) II топ «Құрастыру» III топ «Кім зейінді?» Сергіту сәті Топпен жұмыс Алдарындағы әртүрлі геометриялық пішіндерден құрастыру. «Дұрыс орналастыр» дидактикалық ойын.Топтарға заттық суреттер таратылады. Үлгіге қарап,пішіндерден заттарды құрастыруды ұсынады. | Балалар көрсетеді, түсін айтады Балалар: - допқа, алмаға, күнге т. б.
Балалардың жауабы: (тіктөртбұрыш)
Тіктөртбұрыш екен. Слайд көрсету. Иә Тіктөртбұрыш(тіктөртбұрышты үстіне әрбир жерине жапсырып береді.) Иә Муляждар жемістер мен көкөністер (Үшбұрыш,дөңгелек т.б) Үй немесе гараж т.б. Көп заттардың ішінен тіктөртбұрышты табу. Топтық жұмыс тапсырманы орындайды. |