Балалар, қараңдаршы, біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр.
Кәне бәріміз қонақтармен амандасайық.
Шаттық шеңбер:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар, балалар! Кәне енді оң қолымызды жүрегіміздің тұсына қойып гимінді тыңдаймыз.
Тәрбиеші:
Балалар, қыс мезгілінің бірінші күні, 1-ші желтоқсан еліміз үшін мереке күні болып есептеледі. Қандай мереке екенін білесіңдер ме?
Балалар:
Тұңғыш президент күні
Жарайсыңдар балалар! Ендеше бүгінгі сабағымызда Еліміздің тұңғыш президенті жайында айтамыз. Тақтаға қараңдаршы, мына суретте кім бейнеленген?
Балалар:
Нұрсұлтан Назарбаев!
Тәрбиеші:
Дұрыс, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал, балалар ол кім екенін білесіңдер ме?
Балалар:
Ол біздің тұңғыш президентіміз!
Дұрыс, балалар! Ол Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.
Тәрбиеші: 1991 жылы 1-желтоқсанда халық өз таңдауымен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты президент етіп сайлады. Н.Ә.Назарбаев Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылындағы Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген. Мектепте үздік оқыды. Бала кезінде ұшқыш болуды армандады.
Ол ата-анасын қатты құрметтеген. Міне әкесі Әбіш және анасы Әлжан
Ал мына суретте онын жұбайы, жары Сара Алпысқызы
Балалар, сендердің мамаларың, папаларың жұмыс істегендей, Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмысы президент болу. Біздің президентің жұмыс орны қайда, кім біледі?
Балалар:
Астанада!
Тәрбиеші:
Дұрыс! Астанада Ақордада. Балалар
Астанада тағы да не бар?
Балалар:
Астанада Бәйтерек бар!
Тәрбиеші:
Дұрыс! Бәйтерек бар, ол біздіңелдің символы.
Балалар елбасы деген сөзді екі тілде айтайықшы: елбасы - президент
Балалар Елбасымыз жайлы тақпақпақтарымызды айтайқшы
Елбасымыз жолдайды
Халқы оны қолдайды (Аян)
Ешкашанда орынсыз
Шешімдері болмайды
Елбасы елді қорғайды
Халық қамын ойлайды (Айым)
Осындай жақсы адамның
Жақсылығы тарайды
Қазағымның туын тіккен –Елбасы
Ұл – қызынан үміт күткен – Елбасы (Асель)
Қазақ елін аялаған – Елбасы
Қиындықта сая болған – Елбасы
Қазақ елі – Қазақстан (Амира)
Болашаққа үн қосқан
Жақсы күнге жетелеп
Елбасым менің – Нұрсұлтан
Мы трудится не устанем (Дмитрий)
Дружбу верную храним
Ведь таким же,как Назарбаев
Все мы вырости хотим
Сегодня день в сиянье флагов (Василиса)
Принесла для нас зима
И декабрьский этот праздник
Отмечает вся страна
Каждый день зимой и летом (Мирон)
Мы приходим в детский сад
Ясным солнышко согретый
Со знакомого портрета
Смотрит Назарбаев на ребят
Тәрбиеші:
Ал, балалар, сендер біздің елдің рәміздерін білесіңдер ме?
Балалар:
Иә, білеміз. Олар: ту, гимн және елтаңба.
Тәрбиеші:
Балалар туға қарайықшы, не бейнеленген?
Балалар:
Күн, бүркіт, ою.
Тәрбиеші:
Дұрыс! Балалар біздің туымыздың түсі қандай?
Балалар:
Көк!
Тәрбиеші:
Дұрыс! Көк түс аспанымыз ашық болсын дегенді білдіреді. Күннің бейнесін
қараңдаршы – күннің сәулелері біздің еліміздегі ұлттар саны. Біздің елімізде жүз отыз ұлт бар екен. Осы күн – 100 дібілдіреді, ал сәулелері отыз екен.
Қыранның бейнесі – еліміз әрқашан биікте самғасын, биіктен көрінсін деген.
Ал, туымыздың жанында не бар екен?
Дұрыс айтасыңдар. Бұл оюлар тудың қазақ елінің туы екенін білдіреді.
Енді балалар Елтаңбамызға қараңдаршы. Елтаңбаның ортасында не тұр?
Балалар:
Шаңырақ!
Тәрбиеші:
Дұрыс! Балалар шаңырақ біздің елтаңбамыздың жүрегі. Шаңырақ-үйдің,отбасының бейнесін білдіреді. Тағы да не бар?
Балалар:
Ат бар!
Тәрбиеші:
Дұрыс, қанатты ат бар. Атты біздің ата-әжелеріміз ер-азаматтың қанаты деген. Төбесінде жұлдыз бар. Ол – біздің еліміз әрқашанда биіктен көрінсін деген ойды білдіреді. Ал астындағы «Қазақстан» деген жазу Елтаңбаның біздің елдікі екенін, яғни, Қазақстан Республикасыныкі екенін білдіреді.
- Енді Қазақстан Республикасы, біздің отанымыз жайлы мақал-мәтел айтайықшы Біздің ұлтымыз қалай аталады? - ұлтымыз қазақ. Ана тіліміз қай тіл? қазақтілі.
Енді осы рәміздерді екі тілде айтайықшы: ту – флаг
Елтаңба – герб
Ал енді балалар туған жеріміз жайлы, отанымыз жайлы мақал – мәтел айтайықшы?
Отан туралы мақал – мәтел:
Асель:
Отан үшін күрес – ерге тиген үлес
Амира:
Отансыз адам – ормансыз бұлбұл
Аян:
Отан отбасынан басталады.
Айым:
Отанын сатқан оңбас
Рефлексивті түзетушілік:
Балалар біз бүгін сабақта кім туралы айттық?
Балалар:
Нұрсұлтан Назарбаев туралы.
Тәрбиеші:
Ол кім?
Балалар:
Ол біздің елдің тұңғыш президенті.
Тәрбиеші:
Дұрыс! Біздің еліміз қалай аталады?
Балалар:
Қазақстан!
Тәрбиеші:
Дұрыс! Маған біздің елдің рәміздерін атап беріңдерші.
Жарайсыңдар, балалар!
(Елбасы, ту, елтаңба сөздерін екі тілде айтқызу)
Күтілетін нәтиже Біледі: Тұңғыш президент мерекесінің басқа мерекелерден айырмашылығын. Игереді: Рәміздерді естерінде сақтап, патриоттық өлеңдерді жаттап олардың мағынасын түсіне білуді. Меңгереді: Елтаңбада, туда бейнеленген суреттердің қандай мағына білдіретінің меңгереді.