| Пәні: Өзін-өзі тану |
| Сынып: 3 сыныптар |
| Күні: 3 «Д» сыныбы- 10.09.2014ж 3 «Ж» сыныбы- 10.09.2014ж 3 «З» сыныбы- 12.09.2014ж |
| Пән мұғалімі: Жапбасбаева Ж.А. |
| Сабақтың тақырыбы: 2-сабақ «Өмірді танып білуге құштарлық» Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақтың әдіс-тәсілі: Түсіндіру, әңгімелесу,сұрақ-жауап,талдау,жинақтау,топтастыру. |
| Негізгі түсініктер: «Өмір» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу. | Өткен сабақпен байланысы: Өткен сабақтағы білімдерін пысықтай отырып,жаңа сабақтың тақырыбын ашу. | Бағалау: Сабақ барысында Белсенділік танытып отырған топқа   пішіндерін тарата отырып, оқушыларды оқыту үшін бағалаймын. |
| Өлшемдік ойлау қабілеті: Ойлау,таным,шығармашылық қабілетін дамыту Сабақтың мақсаты: Балалардың «өзін-өзі тану» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту Білімділік: өмірді тану туралы түсініктерін кеңейту; Дамытушылық: өмірді танып білуге қызығушылықтарын арттыру; Тәрбиелік: өмірді сүюге, жақсы өмір сүруге тәрбиелеу. |
| Пәнаралық байланыс: бейнелеу, дүние тану,музыка. |
| Көрнекіліктер:АКТ (компьютер, интерактивті тақта , электронды оқулық) Оқулық, оқушы дәптері. Мәтін бойынша сұрақтар, суреттер, фличарттар. |
| Уақыты | Жұмыстың түрі | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| 2 мин | Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру | - Балалармен сәлемдесу - Көңіл-күйлерін сұрау Балармен бірге Күндей жадырап, Айдай арайлап, Жұлдыздай жарқырап, Судай таза көңілмен Бүгінгі сабағымызды бастаймыз. С.Дәуітовтің «Адам болғым келеді» өлең жолдарын айту. | Балалар бірге айтады. |
| 3 мин | Әңгімелесу | Балалардың өмір туралы өз пікірлерін білу мақсатында -Өмірді тану не үшін қажет? -Өз қызығушылықтарын туралы әңгімелеп беріңдер? | Жазғы демалыстарын жақсы өткізгендерін, жақсылық істерін айтады. |
| 5 мин | Үй тапсырмасы | Алтын балықтан «Өзін-өзі танудан не үйренгілерің келетінін» сұраған тілектеріңді айтып бере қойыңдар | Өмірге адам болып келген соң, өмірдің қуанышын, бақытын, жақсылығын сезіну керек.Себебі өмірді жақсарту, бақытты өмір сүру өз қолымызда. |
| 7 мин | Тапсырма | «Өмірді танып білгім келеді» тақырыбында әңгіме құрастыру тапсырылады. | |
| 10 мин | Мәтінмен жұмыс | «Ата өсиеті» мәтінін кідіріспен оқып, сұрақтар қою арқылы балалардың пікірін білу. -Нұртастың ойына деген көзқарастарың қандай? -Қария «өмірді сүю керек» дегенді не үшін айтты? Осы сөздің мағанасын қалай түсінесіңдер? -Әңгімені қалай жалғастырар едіңдер? | Оқушылар өз пікірлерін дәлелдемелер келтіре отырып жауап береді. |
| 3 мин | Дәйексөз | «Өзіңді танығың келсе, адамдарға, олардың ісіне қара»-деген сөздің мағанасын ашып түсіндіру. | Балалар дәйексөзді дәптерлеріне жазып алады. |
| 12 мин | Жаттығу ойлану | Балалар «Мозайка» әдісі арқылы 3 топқа бөлініп, флипчартқа әр топ өз тапсырмасының сызбасын түсіріп қорғайды. 1-топ: Өмірде кімдердің көмегін, қамқорлығын сезіндіңдер? Олардың өмір сүруге қандай көмегі бар? 2-топ: Өз бойыңнан адамның қандай жақсы қасиеттерін сезініп білдіңдер? Өмірде қандай жағдайда сол қасиеттеріңнің септігі тиді? 3-топ: Өмірді сүю неге жетелейді? Адамға өмірді танып білу не үшін қажет? | 1.Ата-анамның,туысымның,досымның, көршімнің, сыныптасымның. 2.Үлкенді сыйлаймын.Қамқорлық жасай аламын. Достарым көп т/б 3.Өмірді сүю жақсы өмір сүруге, шыдамдылыққа, төзімділікке, бірліккек жетелейді. |
| 1 мин | Дәптермен жұмыс | Үй тапсырмасы 1-тапсырма: «Менің бақытты болуым үшін» тақырыбына қысқаша әңгіме құрастырыңдар? 2-тапсырма: «Бақытты балалық шақ» тақырыбына сурет салыңдар | Өз пікірлерін дәптерге түсіріп келеді. |
| 3 мин | Жүректен жүрекке | Бәріміз бірге шеңбер болып тұрамыз Ә.Дүйсенбиновпен Б.Ғизатовтің «Біз өмірдің гүліміз» әнін үнтаспамен қосыла айтамыз. | Балалардың көңіл күйлері көтеріліп, сабаққа деген құлшыныстары артады. |
Манкеева Ғ.Қ. ____________ Дүйсенбинова Ұ.Д. _________ ӘБ жетекшісі: Шардарбекова Н.А. ______