kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?зін-?зі тану" п?нінен саба? жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

?зiн-?зi тану саба?ыны? жоспары

Мектеп: 33 ЖОМ                   

Сынып: 3 «А»

М??алім: ?ожакеева Г.?.

Саба?ты? та?ырыбы: «?мірді танып білуге ??штарлы?»   

??ндылы?: А?и?ат

?асиеттері: шыншылды?, адамгершілік

Саба?ты? ма?саты:Балаларды? « білім » ??ндылы?ы туралы  

                      т?сініктерін ке?ейту.

Саба?ты?   міндеттері:

-білімні? адам ?міріндегі ма?ыздылы?ын білуге ?йрету;               

 -білімге,о?у?а ??штарын арттыру;

 -жа?сы о?у?а,е?бекс?йгіштікке т?рбиелеу;

Ресурстар: о?улы?, д?птер, ватман, маркер, бейнепроектор, ?н м?тіні

Саба?ты?барысы:

1?йымдастыру кезе?і.

5Т – ережесі

«Т?ртіп , талап, тынышты? , тазалы?, татулы?»

  Тынышты? с?тi. Н?р?а б?лену

Ы??айланып отыры?ыздар, денелері?ізді т?зу ?ста?ыздар. Ая?-?олы?ызды ай?астырма?ыз. ?олы?ызды тізе?ізге немесе ?стелге ?ою?а болады. К?здері?ізді ж?мулары?ызды ?тінемін.

Елестетіп к?рі?із: К?н н?ры сізді? т?бе?ізден ?тіп, кеуде?ізге ?арай бойлап барады. Кеуде?ізді? орта т?сында г?л т?йнегі орналас?ан. Г?лді? т?йнегі н?рдан баяу ашылып келеді. Бал?ын ж?не таза ?сем г?л сізді? ?р ойы?ызды, ?р сезімі?ізді, эмоция?ыз бен тілек-?алауы?ызды  шайып, ж?регі?ізді? ?ауызын ашты. 

Н?р с?улесі сізді? бойы?ыз?а а?ырын тарай баста?анын елестеті?із. Ол біртіндеп к?шейе т?суде. Оймен осы н?рды ?олдары?ыз?а т?сірі?із. Сізді?  ?олдары?ыз н?р?а б?леніп, с?уле шашуда. ?олымыз тек жа?сы, ізгі істер істейді ж?не барша?а к?мектеседі. Н?р ая?тары?ыз?а тарады. Ая?тары?ыз  н?р с?улесін шашуда. Олар сізді тек жа?сылы? жасау ?шін жа?сы жерлерге апарады. Олар н?р мен махаббат ??ралына айналды.

Одан ?рі н?р сізді? аузы?ыз?а, тілі?ізге тарады. Тілі?із тек шынды?ты ж?не жа?сы, ізгі с?здер ?ана айтады. Н?рды ??ла?тары?ыз?а ба?ытта?ыз, ??ла?тары?ыз тек жа?сы с?з бен ?сем ?уенді ?ана естиді. Н?р к?здерімізге де жетті, к?зіміз  тек жа?сы?а ?арап, б?рінен жа?сылы?ты ?ана к?реді. Сізді? басы?ыз т?гелдей н?р?а б?леніп, басы?ыз?а тек ізгі, с?улелі ой келеді. 

Н?р бірте-бірте ?ар?ын ж?не ш??ылана бастайды, сізді? дене?ізден шы?ып, жан-жа?ы?ыз?а с?уле шашады. Осы н?рды туыс?андары?ыз?а, м??алімдері?ізге, достары?ыз?а, таныстары?ыз?а ба?ытта?ыз. Н?рды уа?ытша  т?сініспей, ренжісіп ж?рген адамдар?а да ба?ытта?ыз, оларды? да ж?регі н?р?а толсын.

Осы н?р б?кіл ?лемге: барлы? адамдар?а, жан-жануарлар?а, ?сімдіктерге, барлы? тірі жан?а таралсын. ?аламны? барлы? т?пкір-т?пкіріне н?р ба?ытта?ыз. Ойша айты?ыз: «Мен н?рлымын. Н?р мені? ішімде. Мен Н?рмын».

Осындай Н?р, Махаббат ж?не Тынышты? к?йінде  отыра т?ры?ыз. 

Енді осы Н?рды ж?регі?ізге орналастыры?ыз. Н?р?а толы б?кіл ?лем  сізді? ж?регі?ізде. Оны осындай ?сем ?алыпта са?та?ыз.

Жаймен к?зі?ізді ашу?а болады. Рахмет. 

 

2.?й тапсырмасын тексеру.

 «Ата ?сиеті» ??гімесі

О?ушылардан  ?й тапсырмасын с?рау. Ойларын ты?дау.

3.Д?йекс?з: «Адамны? жа?сы ?мір с?руіне ?ш сапа  негіз бола алады, олар –адал е?бек, мінсіз а?ыл, таза ж?рек»

 Ш. ??дайберді?лы

  На?ыл с?зде айтыл?ан адамны? жа?сы ?мір с?руіне негіз бола алатын адами ?асиеттерді? м?нін ??ыну, о?ушыларды? бойында адамгершілік ?асиеттерді дамыту?а ы?пал етеді.

   Д?йекс?зді о?ушылар?а бір –екі рет ?айталатып, жат?а айт?ызып, д?птерге к?шіріп жаз?ызамыз.

4.??гімелеу:      Екі ?ас?ыр  (а?ыз)

    Бая?ыны? ?арттары енді ?ана ес біліп келе жат?ан немерелерін алдына алып,  ?негелі ?сиеттерді а?ылды а?ыз, есті ертегі т?рінде жастайынан келер ?рпа?ты? ??ла?ына сі?іре береді екен. Сондай кеме?гер ?арияларды? бірі немересіне ?мір сырын былай деп айшы?тап айтып жатыр екен:

  •   ?р адамны? к?кірегінде екі ?ас?ырды? ?зара тайталасына ??сас тартыс ж?ріп жатады. Оны? бірі к?ншілдік, ?ыз?аныш, ?зімшілдік, ?тірік сия?ты жаман ?асиеттерді бейнелесе, екіншісі –сенім, шынды?, мейірім, адалды? секілді жа?сы ?асиеттерді бейнелейді.

 Б?л екі ?ас?ыр с?т сайын, ?адам сайын ай?асып,?мір бойы к?ресумен болады.Сонда зерделі немересі атасыны? с?зін б?ліп, былай деп с?рапты: - Ата, ал е? со?ында ?ай ?ас?ыр же?еді? Атасы с?л ойланып, немересіні? пайымдылы?ына с?йсіне отырып, жауап беріпті:

-Сен ?айсысын к?бірек коректендірсе?, сонысы же?еді.

Талдау с?ра?тары:

Ертегідегі ?арттарды? немерелеріне айт?ан ?сиеттері жайлы не т?сінді?дер?

  • Екі ?ас?ырды? ай?асын ?алай т?сінуге болады?
  • Адам бойында?ы жа?сы ?асиеттерді ата?дар?
  • Жа?ымсыз ?асиеттерге нені жат?ызамыз?
  • ?арияны? немересіні? пайымдылы?ын неден а??ару?а болады?
  •  Кеме?гер ?арияны? жауабын ?зі? ?алай т?сіндірер еді??

   5.   Шы?армашылы? ж?мыс, топты? ж?мыс.

      Сынып ?ш топ?а б?лінеді. О?ушылар?а топты? ж?мысты? ережесі т?сіндіріледі. Тапсырманы орындау уа?ыты белгіленеді.

1-топ  «Сіздерді? ?мірлері?ізді не  ?згертеді?» сурет ар?ылы к?рсету

2-топ  ?мір жайлы бейнефильмді к?ріп, т?йінді ой жазу

3-топ «?мір» та?ырыбына ?ле? шума?ын ??растыру.

6.Топпен ?н айту.

 «Жасамайы? ?мірге біз  ?иянат»

 («?стазым мені?» ?ніні? ?уеніне салып орындау.)

Арамызда ?кпе, реніш болмасын,    

Жасамайы? адамзат?а ?иянат,

?р?ашанда ?ділдікті ?олдасын.       

Осыны? б?рін сана?ыз?а ?ялат.

Адамдар?а т?сінікпен ?араса?,        

 Ізгілікті? жолында біз ж?рейік,

Сонда ?ана,  г?лденеді болаша?.     

 Б?рін  естен шы?армайы?, білейік.

Мейірім сізбен,                                 

?иянат жасамайы? ?мірге,

Бас ?осып бізбен,                           

?иянат жасамайы? таби?ат?а.

Н?р т?гіп барлы? адам?а.               

?иянат жасамайы? ата-ана?а,

Ж?регі? тас?ан,                                

?иянат жасамайы? ту?ан Отан?а.

Пейілі дархан,

Н?р т?гіп барлы? ?алам?а.

  1. ?й тапсырмасы.

О?улы?ты? 95- бетіндегі Б. Адамбаевты? «С?зді? атасы мен анасы»  м?тінін о?ып, Ф. О??арсынованы? “Шынды?” ?ле?ін жаттау.

Со??ы тынышты? с?тi.

  Жай, ?сем музыка ?ойылады. К?зімізді ж?мып, саба?ты? жа?сы к??іл -  к?йін есітері?ізге  алып, ж?ректері?ізге т?йіп ?ойы?ыздар. «Мен ?мірді с?йемін, ?зімні? адамгершілік асыл ?асиеттерімді ж?зеге асыру?а дайынмын. ?мірімнен, ?з ортамнан ?йреніп, жа?сы адам?а айналамын». Рахмет!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?зін-?зі тану" п?нінен саба? жоспары»

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: 33 ЖОМ

Сынып: 3 «А»

Мұғалім: Қожакеева Г.Ә.

Сабақтың тақырыбы: «Өмірді танып білуге құштарлық»

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттері: шыншылдық , адамгершілік


Сабақтың мақсаты:Балалардың « білім » құндылығы туралы  

                      түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері:

-білімнің адам өміріндегі маңыздылығын білуге үйрету;               

 -білімге,оқуға құштарын арттыру;

-жақсы оқуға,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

Ресурстар: оқулық, дәптер, ватман, маркер, бейнепроектор, ән мәтіні

Сабақтыңбарысы:

1Ұйымдастыру кезеңі.

5Т – ережесі

«Тәртіп , талап , тыныштық , тазалық , татулық»

Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.





2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Ата өсиеті» әңгімесі

Оқушылардан үй тапсырмасын сұрау. Ойларын тыңдау.


3.Дәйексөз: «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар –адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек»

Ш. Құдайбердіұлы

Нақыл сөзде айтылған адамның жақсы өмір сүруіне негіз бола алатын адами қасиеттердің мәнін ұғыну, оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді дамытуға ықпал етеді.

Дәйексөзді оқушыларға бір –екі рет қайталатып, жатқа айтқызып, дәптерге көшіріп жазғызамыз.


4.Әңгімелеу: Екі қасқыр (аңыз)

Баяғының қарттары енді ғана ес біліп келе жатқан немерелерін алдына алып, өнегелі өсиеттерді ақылды аңыз, есті ертегі түрінде жастайынан келер ұрпақтың құлағына сіңіре береді екен. Сондай кемеңгер қариялардың бірі немересіне өмір сырын былай деп айшықтап айтып жатыр екен:

  • Әр адамның көкірегінде екі қасқырдың өзара тайталасына ұқсас тартыс жүріп жатады. Оның бірі күншілдік, қызғаныш, өзімшілдік, өтірік сияқты жаман қасиеттерді бейнелесе, екіншісі –сенім, шындық, мейірім, адалдық секілді жақсы қасиеттерді бейнелейді.

Бұл екі қасқыр сәт сайын, қадам сайын айқасып,өмір бойы күресумен болады.Сонда зерделі немересі атасының сөзін бөліп, былай деп сұрапты: - Ата, ал ең соңында қай қасқыр жеңеді? Атасы сәл ойланып, немересінің пайымдылығына сүйсіне отырып, жауап беріпті:

-Сен қайсысын көбірек коректендірсең, сонысы жеңеді.

Талдау сұрақтары:

Ертегідегі қарттардың немерелеріне айтқан өсиеттері жайлы не түсіндіңдер?

  • Екі қасқырдың айқасын қалай түсінуге болады?

  • Адам бойындағы жақсы қасиеттерді атаңдар?

  • Жағымсыз қасиеттерге нені жатқызамыз?

  • Қарияның немересінің пайымдылығын неден аңғаруға болады?

  • Кемеңгер қарияның жауабын өзің қалай түсіндірер едің?


5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Сынып үш топқа бөлінеді. Оқушыларға топтық жұмыстың ережесі түсіндіріледі. Тапсырманы орындау уақыты белгіленеді.

1-топ «Сіздердің өмірлеріңізді не өзгертеді?» сурет арқылы көрсету

2-топ Өмір жайлы бейнефильмді көріп, түйінді ой жазу

3-топ «Өмір» тақырыбына өлең шумағын құрастыру.


6.Топпен ән айту.

«Жасамайық өмірге біз қиянат»

(«Ұстазым менің» әнінің әуеніне салып орындау.)

Арамызда өкпе, реніш болмасын,

Жасамайық адамзатқа қиянат,

Әрқашанда әділдікті қолдасын.

Осының бәрін санаңызға ұялат.

Адамдарға түсінікпен қарасақ,

Ізгіліктің жолында біз жүрейік,

Сонда ғана, гүлденеді болашақ.

Бәрін естен шығармайық, білейік.


Мейірім сізбен,

Қиянат жасамайық өмірге,

Бас қосып бізбен,

Қиянат жасамайық табиғатқа.

Нұр төгіп барлық адамға.

Қиянат жасамайық ата-анаға,

Жүрегің тасқан,

Қиянат жасамайық туған Отанға.

Пейілі дархан,

Нұр төгіп барлық ғаламға.



  1. Үй тапсырмасы.

Оқулықтың 95- бетіндегі Б. Адамбаевтың «Сөздің атасы мен анасы» мәтінін оқып, Ф. Оңғарсынованың “Шындық” өлеңін жаттау.

Соңғы тыныштық сәтi.

Жай, әсем музыка қойылады. Көзімізді жұмып, сабақтың жақсы көңіл - күйін есітеріңізге алып, жүректеріңізге түйіп қойыңыздар. «Мен өмірді сүйемін, өзімнің адамгершілік асыл қасиеттерімді жүзеге асыруға дайынмын. Өмірімнен, өз ортамнан үйреніп, жақсы адамға айналамын». Рахмет!





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"?зін-?зі тану" п?нінен саба? жоспары

Автор: ?ожакеева Г?лназ ?буб?кір?ызы

Дата: 12.11.2015

Номер свидетельства: 251854


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства