kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама «?зін-?зі тану» п?ніні? ?дістемелік ерекшеліктері

Нажмите, чтобы узнать подробности

      Елімізді? егемендігі ны?айып, ерте?іне сеніммен ?адам бас?ан ша?ында заманына сай адамын т?рбиелеу басты міндет. Осы ?релі жолда ?рпа? ?негесі, оларды? адамды? болмысы жайлы ой тол?ап, рухани - адамгершілік білім беруді басты идея етіп ?станатын «Б?бек» ?орыны? президенті С. Назарбаеваны? «?зін - ?зі тану» авторлы? ба?дарламасыны? ал?а ?ой?ан ма?сатыны? ?зі ерекше. Себебі ?зін - ?зі тану баланы ?зіні? ?адірін ?зі білуге, ?зін сыйлау?а, ?згелерді? тал?ы - талдауына т?уелді болмау?а, ?зін - ?зі жетілдіруге, рухани ?мірде ж?не ?орша?ан ?мір жа?дайларында ?зіні? ба?ыт - ба?дарыны? болуына, ?з бетінше шешім ?абылдай алуына ж?не ?з с?зі мен ?рекеттері ?шін жауапкершілікті сезіне білуге т?рбиелейді.Жеке т?л?аны? ?йлесімді дамуына м?мкіндік беретін білім ордаларында жо?ары ізгілік м?раттарды? е? ??ндысы рухани-адамгершілік т?рбие беруді? оша?ы- «?зін-?зі тану» п?ні.

     О?ушылар?а рухани-адамгершілік т?рбие беруде ?зін-?зі тану п?ніні? ролі ерекше. ?азір б?л п?н барлы? мектептерде т?жірибеге енгізіліп жеке п?н ретінде о?ытылуда.

     Жас ?рпа?ты адамгершілік рухта т?рбиелену ?шін оларды е? алдымен ?зін ж?не бас?а адамдарды ?адірлей, сыйлай білуге ?йретуіміз керек.Ата-ананы? да, мектепті? де басты міндеті – баланы сыпайылы??а, ?дептілікке, м?дениеттілікке, адамгершілікке ?йрету.

     «Баланы -жастан» деген халы? м?телі тегін айтылма?ан. Баланы кішкентай кезінен тазалы??а, ??ыптылы??а, мейірімділікке, ?йымшылды??а, отаншылды??а т?рбиелесек ол баладан адамгершілігі мол азамат ?сіп шы?ады  

     «?зін-?зі тану» п?ні ар?ылы  бала бойына мейірім мен рахымшылды?ты?, адамгершілікті?, ?ділдікті?, шынайылы?ты? д?нін себуге болады. Болаша? ?рпа?ты? бойына рухани адамгершілік ?айнарын сі?іріп, мінез-??л?ын т?рбиелеуге, жалпы адамзатты? ??ндылы?тарды, адамгершілік принциптер мен м?раттарды ??мыр бойы басшылы??а алатын т?л?а ?алыптастыру?а негізделген. Жас ?рпа?ты? ?абілеті мен м?мкіншілігін жан-жа?ты ашып, адамгершілікті? биігіне к?теретін, ізгілік пен с?лулы?ты? шын ма?ынасын т?сінуге, шынайы мейірімділік пен а?и?ат?а ?мтылу?а, ?з ?мірін жо?ары м?нмен ?ткізуге жетелейді.

     Міне, осындай ?йлесімділік бол?ан жа?дайда б?гінгісін ?ана емес, болаша?ын с?улелі к?йде елестетіп, ал?а ?мтылатын, арманшыл, ?иялы ас?а?, рухы биік азамат т?рбиелеуге болады. «?зін-?зі тану» рухани-адамгершілік саба?ы – сол к?здеген нысана?а жетелейтін шамшыра? іспетті п?н.

     «?зін-?зі тану» п?ніні? мектепте ?тілетін бас?а п?ндерден бір?атар ?згешеліктері бар. «?зін-?зі тану» п?ніні? ерекшелігі саба? барысында м??алім та?ырыпты ?ткенде ?р т?рлі іскерлік ойындарды, психологиялы? жа?даяттарды ?олдана отырып, ?р о?ушы ?з ойын еркін айта алатындай, жеке мені, ?зіндік к?з?арасы ай?ындалатын атмосфера ту?ызады. 

    Жалпыадамзатты? ??ндылы?тар болып саналатын адамгершілік м?раларды, рухани-адамгершілік ?асиеттерді б?гінгі ?рпа?ты? бойына сі?іру, жа?сылы??а ?йрете білу аса ма?ызды.

   Осы орайда «?зін-?зі тану» п?ніні? басты ерекшелігі ?скеле? ?рпа?ты? т?л?алы? потенциалыны? дамуына, ?зіндік ?асиетіні? ашылуына, шы?армашылы? ж?не танымды? белсенділігін ынталандыру?а, балалар?а с?йіспеншілік, мейірімділік, а?и?ат, адалды?, шыншылды?, с?лулы?, ра?ымдылы?, мінез-к?лы? д?рысты?ы ар?ылы ?йлесімді жан-жа?ты дамы?ан адам ?алыптастыру?а ба?дарлан?ан.

    «?р бала – керемет рухани к?ш иесі. Ол шетсіз шексіздікті танып-білуге ?мтылады. М?ндай ?мтылыс адам баласыны? бойында д?ниеге келген с?тінде-а? пайда болады. Сонды?тан да м??алім ?р бала?а рухани к?ш иесі ретінде ?арауы керек. М??алімні? м?ндай к?з?арасы баланы? белсенділігін арттырады. Білімге деген ??штарлы?ын к?бейтеді. Бала?а сеніммен ?арау баланы тек ?уаттандыра т?седі», – деп белгілі педагог Ш.Амонашвили айт?андай м??алім шеберлігі мен білімділігі «?зін-?зі тану» п?ніні? ??ндылы?ы мен ма?ыздылы?ын аша т?седі.

       ?рбір о?ушы ?зін-?зі рухани жетілдіру ?шін ?зін т?рбиелеуге, ?здігінен білім алу?а ?мтылу?а,?мірді? м?нін т?сініп, ?зіндік орнын табуы ?шін ішкі м?мкіндіктерін аша білуі ?ажет. Со?ан байланысты, ж?мыс т?жірибемізден, б?л п?нні? ?ш жа?ты, «Бала - Ата - ана - М??алім» ?шін тиімділігін а??ару?а болады.

        «?зін-?зі тану» саба?тарыны? ?зіндік ерекшелігін бай?ататын «Тынышты? с?ті»,  «?зіммен-?зім», «??гімелесейік», «Сергіту с?ті», «Сахналау», «Ойын-Жатты?у», Ж?ректен –ж?рекке ше?бері» балаларды? дамытушы ортасын ??ру?а ы?пал етеді.

     Саба?ты? басында?ы«тыныштык с?ті» кезе?і балаларды? к??іл - к?йлерін к?теріп,ойлау ?абілеттерін дамытып, саба??а ?ызы?тыру?а, зейінін аудару?а, сезімдерге берілуге м?мкіндік береді. Оларды? ойларынан тіпті кейде ересек адам ойламайтын ?ызы?ты бейнелер елестейді. Ол баланы? сезімі мен эмоциясын, жалпы рефлексия?а ?абілеттеріні? дамуын ынталандырады. Тіпті к?нделікті саба?тарда ?зін ашы? к?рсете алмайтын т?йы? балалар да ?здеріні? ойларын, к?ргендерін ?ызы?ушылы?пен орта?а салады. Сондай - а?, бала ?зіні? баста?ан ісін со?ына дейін с?тті ж?не сапалы т?рде орындау?а тырысады. Ол аз ж?мысыны? орындалу д?режесіне сырт к?збен ?арап ?йренеді ж?не ?з ж?мысын ?згелерді? жаса?андарымен іштей салыстырады. ?р жаса?ан сапалы ж?мысыны? н?тижесінде баланы? ?ызы?ушылы?ы артып, келесі тапсырманы, б?дан да жа?сы жасасам деген ой туындап, ?рбір саба?ты ?уанышпен к?теді.

    О?ушыларды? білімін ж?не адамгершілік ?асиеттер мен ??ндылы?тар туралы т?сініктерін ке?ейтуге ба?ыттал?ан «М?тінмен ж?мыс», «??гімелесу» ?діс-т?сілдерін ?олдануды? ма?ызы ерекше. Б?л ?діс-т?сілдер о?ушыларды? танып білуге ??штарлы?ын арттыру ма?сатында оларды? ойын, жадын, эмоционалды? к?йін, еркіндігін дамыту?а та?ырып мазм?нын т?сінуге м?мкіндік беретін с?ра?тар т?рінде ?олданылады. ?рбір бала ?зіні? пікірін айтып, та?ырып?а ?зіні? к?з?арасын білдіре алады.

     Балаларды? танымды? белсенділігін арттыру?а, о?у материалын эмоционалды?-бейнелі т?р?ыдан ?абылдау?а ы?пал ететін «?зін-?зі тану» саба?тарыны? міндетті элементтеріні? бірі – «Саба?ты? д?йекс?зі» болып табылады. Саба?ты? д?йекс?зі ретінде халы? даналы?ы, халы? ма?алы, на?ыл с?з, даналы? с?з, ?ла?атты с?здер саба?ты? та?ырыбына с?йкес алынады. Жа?а та?ырыты жете т?сінген о?ушылар саба?ты? д?йекс?зін ?з пайымдауларымен т?сіндіріп береді.

     Адам – ?жымды? жанды организм. Ол ?о?амда ?зі ?шін ж?не ?о?ам ?шін ?мір с?реді. Б?л ?мір с?тті болу ?шін  адам ?арым - ?атынас жасай білуді, бас?алармен ?зара ?рекет жасауды ж?не татулы? пен ?йлесімділік жа?дайда ?мір с?руді ?йрену керек. Осы орайда «Шы?армашылы? ж?мыс» - «?зін-?зі тану саба?ыны? ма?ызды б?лігі болып есептеледі. Бірлескен шы?армашылы? ?рекет о?ушыларды? ынтыма?тасты?, шыдамдылы?, ынталылы? сия?ты адами ?асиеттерді ??ынуына, ?зіні? пікірін айту мен бас?аларды? пікірін ??рметтей білу да?дыларын дамытады, о?ушыларды? ?з к?шіне сенімділігін, шы?армашылы? ?абілеттерін ?алыптастырып жауапкершілікке т?рбиелейді.               Шы?армашылы? ж?мыс кезе?інде балалар топ?а б?лініп,ж?мысты? шарты т?сіндіріледі. Ж?мысты орындау?а уа?ыт белгіленеді. Балаларды? бойында?ы шы?армашылы? ?абілеттерін ашуды? ж?не дамытуды? к?п т?сілдерін м??алім ?з ізденісімен толы?тыра алады.

    Барлы? ?лемде балалар ?н айтуды ж?не музыка ты?дауды жа?сы к?реді. «?зін-?зі тану» саба?тарында?ы  «?н айтайы?!» жатты?уы баланы? жан-жа?ты дамуында ма?ызды р?ль ат?арады.

   ?н айту тынысты тере?детіп, ыр?а?ты етеді, б?л о?ушыларды? денсаулы?ына пайда келтіреді ж?не баланы т?ртіпке келтіруге ?йретеді. Та?та алдында дегбірсіз, ?ялша? о?ушыларды? рахаттана ?н айтатынын бай?ау?а болады.Музыка мен ?ле? сезімді оятып шы?армашылы? ?абілетті дамытады.Саба? кезінде жа?ымды ?уен естіліп т?ратын болса, балалар саба?ты жа?сы игеріп ?кетеді.

    «Ж?ректен-ж?рекке» кезе?інде саба? ?стіндегі ал?ан білімдерін, жа?а а?параттарын ?орытындылай келе ой б?лісіп, жылы тілектер ж?ректен – ж?рекке ?штасып жатады. 

    «?зін-?зі тану» саба?тарында ?сынылып отыр?ан ойындарды? басым к?пшілігі балаларды мейірімділікке, досты??а, с?йіспеншілікке, сыйласты??а ?йретуді к?здейді, я?ни саба?тарда?ы ойындарды? ?здері бала бойына жалпыадамзатты? ??ндылы?тарды сі?іруді к?здейді.

     «?зін-?зі тану» п?ні о?ушыларды? д?ниетанымын ке?ейтіп,жеке т?л?а ретінде ?алыптасуына зор ы?палын тизізуде.Б?л п?нні? бас?а п?ндерден  ерекшелігі-ой еркіндігінде ж?не ?р о?ушыны? ?зін-?зі тану?а ?мтылысын дамытуында деп білемін.

     «?зін-?зі тану» п?ні тек о?ушы?а ?ана емес,ата-аналар мен м??алімдерге ?ажет п?н.Себебі, осы п?н ар?ылы бала,ата-ана,м??алім ?зара байланыс?а т?седі.

     «?зін-?зі тану» п?ніні? м??алімі ретінде б?л п?нні? ?азіргі заманда адамгершілік т?рбие беріп, саналы??а, ойлау мен жа?сы ?арым-?атынас?а жетелеп, баланы? т?рбиелі болып ?суіне берері мол екеніне к?з жеткіздім.

     ?скеле? ?рпа?ты? бойына біліммен ?атар т?лім-т?рбиені арнайы п?н ар?ылы сі?іру ?азіргі заман талабы.

     ?рбір саба?та ?ойыл?ан ма?сат?а жету ?шін ?зімні? ?рбір ойла?ан ойымды алдын - ала дайындап, ж?птап, бала бойына ?мірді? бар асыл ?асиеттерін ??ю?а тырысамын. Б?л п?нді о?ыта отырып, мені? ?станатын басты ?а?идам: «?ш - а? н?рсе адамны? ?асиеті: ысты? ?айрат, н?рлы а?ыл, жылы ж?рек» - деп Абай айт?андай, м??алім ж?регіні? жылуын, н?рлы а?ылы мен білімін, бойында?ы ?айрат - к?шін о?ушылар?а бере отырып, адамгершілікке, ба?ыт?а жетелер арман?а апарар ?иын да ?астерлі жолдарын н?с?ап, е?бек етуді?, білім алуды?, ?мір с?ре білуді? ?ыры мен сырын ?йретеді. Мені? де о?ушылар?а тілегім осы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама «?зін-?зі тану» п?ніні? ?дістемелік ерекшеліктері »

Еліміздің егемендігі нығайып, ертеңіне сеніммен қадам басқан шағында заманына сай адамын тәрбиелеу басты міндет. Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани - адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының президенті С. Назарбаеваның «Өзін - өзі тану» авторлық бағдарламасының алға қойған мақсатының өзі ерекше. Себебі өзін - өзі тану баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқы - талдауына тәуелді болмауға, өзін - өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт - бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.Жеке тұлғаның үйлесімді дамуына мүмкіндік беретін білім ордаларында жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы рухани-адамгершілік тәрбие берудің ошағы- «Өзін-өзі тану» пәні.

Оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруде өзін-өзі тану пәнінің ролі ерекше. Қазір бұл пән барлық мектептерде тәжірибеге енгізіліп жеке пән ретінде оқытылуда.

Жас ұрпақты адамгершілік рухта тәрбиелену үшін оларды ең алдымен өзін және басқа адамдарды қадірлей, сыйлай білуге үйретуіміз керек.Ата-ананың да, мектептің де басты міндеті – баланы сыпайылыққа, әдептілікке, мәдениеттілікке, адамгершілікке үйрету.

«Баланы -жастан» деген халық мәтелі тегін айтылмаған. Баланы кішкентай кезінен тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, ұйымшылдыққа, отаншылдыққа тәрбиелесек ол баладан адамгершілігі мол азамат өсіп шығады

«Өзін-өзі тану» пәні арқылы бала бойына мейірім мен рахымшылдықтың, адамгершіліктің, әділдіктің, шынайылықтың дәнін себуге болады. Болашақ ұрпақтың бойына рухани адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптер мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген. Жас ұрпақтың қабілеті мен мүмкіншілігін жан-жақты ашып, адамгершіліктің биігіне көтеретін, ізгілік пен сұлулықтың шын мағынасын түсінуге, шынайы мейірімділік пен ақиқатқа ұмтылуға, өз өмірін жоғары мәнмен өткізуге жетелейді.

Міне, осындай үйлесімділік болған жағдайда бүгінгісін ғана емес, болашағын сәулелі күйде елестетіп, алға ұмтылатын, арманшыл, қиялы асқақ, рухы биік азамат тәрбиелеуге болады. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік сабағы – сол көздеген нысанаға жетелейтін шамшырақ іспетті пән.

«Өзін-өзі тану» пәнінің мектепте өтілетін басқа пәндерден бірқатар өзгешеліктері бар. «Өзін-өзі тану» пәнінің ерекшелігі сабақ барысында мұғалім тақырыпты өткенде әр түрлі іскерлік ойындарды, психологиялық жағдаяттарды қолдана отырып, әр оқушы өз ойын еркін айта алатындай, жеке мені, өзіндік көзқарасы айқындалатын атмосфера туғызады.

Жалпыадамзаттық құндылықтар болып саналатын адамгершілік мұраларды, рухани-адамгершілік қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру, жақсылыққа үйрете білу аса маңызды.

Осы орайда «Өзін-өзі тану» пәнінің басты ерекшелігі өскелең ұрпақтың тұлғалық потенциалының дамуына, өзіндік қасиетінің ашылуына, шығармашылық және танымдық белсенділігін ынталандыруға, балаларға сүйіспеншілік, мейірімділік, ақиқат, адалдық, шыншылдық, сұлулық, рақымдылық, мінез-кұлық дұрыстығы арқылы үйлесімді жан-жақты дамыған адам қалыптастыруға бағдарланған.

«Әр бала – керемет рухани күш иесі. Ол шетсіз шексіздікті танып-білуге ұмтылады. Мұндай ұмтылыс адам баласының бойында дүниеге келген сәтінде-ақ пайда болады. Сондықтан да мұғалім әр балаға рухани күш иесі ретінде қарауы керек. Мұғалімнің мұндай көзқарасы баланың белсенділігін арттырады. Білімге деген құштарлығын көбейтеді. Балаға сеніммен қарау баланы тек қуаттандыра түседі», – деп белгілі педагог Ш.Амонашвили айтқандай мұғалім шеберлігі мен білімділігі «Өзін-өзі тану» пәнінің құндылығы мен маңыздылығын аша түседі.

Әрбір оқушы өзін-өзі рухани жетілдіру үшін өзін тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға ұмтылуға,өмірдің мәнін түсініп, өзіндік орнын табуы үшін ішкі мүмкіндіктерін аша білуі қажет. Соған байланысты, жұмыс тәжірибемізден, бұл пәннің үш жақты, «Бала - Ата - ана - Мұғалім» үшін тиімділігін аңғаруға болады.

«Өзін-өзі тану» сабақтарының өзіндік ерекшелігін байқататын «Тыныштық сәті», «Өзіммен-өзім», «Әңгімелесейік», «Сергіту сәті», «Сахналау», «Ойын-Жаттығу», Жүректен –жүрекке шеңбері» балалардың дамытушы ортасын құруға ықпал етеді.

Сабақтың басындағы«тыныштык сәті» кезеңі балалардың көңіл - күйлерін көтеріп,ойлау қабілеттерін дамытып, сабаққа қызықтыруға, зейінін аударуға, сезімдерге берілуге мүмкіндік береді. Олардың ойларынан тіпті кейде ересек адам ойламайтын қызықты бейнелер елестейді. Ол баланың сезімі мен эмоциясын, жалпы рефлексияға қабілеттерінің дамуын ынталандырады. Тіпті күнделікті сабақтарда өзін ашық көрсете алмайтын тұйық балалар да өздерінің ойларын, көргендерін қызығушылықпен ортаға салады. Сондай - ақ, бала өзінің бастаған ісін соңына дейін сәтті және сапалы түрде орындауға тырысады. Ол аз жұмысының орындалу дәрежесіне сырт көзбен қарап үйренеді және өз жұмысын өзгелердің жасағандарымен іштей салыстырады. Әр жасаған сапалы жұмысының нәтижесінде баланың қызығушылығы артып, келесі тапсырманы, бұдан да жақсы жасасам деген ой туындап, әрбір сабақты қуанышпен күтеді.

Оқушылардың білімін және адамгершілік қасиеттер мен құндылықтар туралы түсініктерін кеңейтуге бағытталған «Мәтінмен жұмыс», «Әңгімелесу» әдіс-тәсілдерін қолданудың маңызы ерекше. Бұл әдіс-тәсілдер оқушылардың танып білуге құштарлығын арттыру мақсатында олардың ойын, жадын, эмоционалдық күйін, еркіндігін дамытуға тақырып мазмұнын түсінуге мүмкіндік беретін сұрақтар түрінде қолданылады. Әрбір бала өзінің пікірін айтып, тақырыпқа өзінің көзқарасын білдіре алады.

Балалардың танымдық белсенділігін арттыруға, оқу материалын эмоционалдық-бейнелі тұрғыдан қабылдауға ықпал ететін «Өзін-өзі тану» сабақтарының міндетті элементтерінің бірі – «Сабақтың дәйексөзі» болып табылады. Сабақтың дәйексөзі ретінде халық даналығы, халық мақалы, нақыл сөз, даналық сөз, ұлағатты сөздер сабақтың тақырыбына сәйкес алынады. Жаңа тақырыты жете түсінген оқушылар сабақтың дәйексөзін өз пайымдауларымен түсіндіріп береді.

Адам – ұжымдық жанды организм. Ол қоғамда өзі үшін және қоғам үшін өмір сүреді. Бұл өмір сәтті болу үшін адам қарым - қатынас жасай білуді, басқалармен өзара әрекет жасауды және татулық пен үйлесімділік жағдайда өмір сүруді үйрену керек. Осы орайда «Шығармашылық жұмыс» - «Өзін-өзі тану сабағының маңызды бөлігі болып есептеледі. Бірлескен шығармашылық әрекет оқушылардың ынтымақтастық, шыдамдылық, ынталылық сияқты адами қасиеттерді ұғынуына, өзінің пікірін айту мен басқалардың пікірін құрметтей білу дағдыларын дамытады, оқушылардың өз күшіне сенімділігін, шығармашылық қабілеттерін қалыптастырып жауапкершілікке тәрбиелейді. Шығармашылық жұмыс кезеңінде балалар топқа бөлініп,жұмыстың шарты түсіндіріледі. Жұмысты орындауға уақыт белгіленеді. Балалардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін ашудың және дамытудың көп тәсілдерін мұғалім өз ізденісімен толықтыра алады.

Барлық әлемде балалар ән айтуды және музыка тыңдауды жақсы көреді. «Өзін-өзі тану» сабақтарындағы «Ән айтайық!» жаттығуы баланың жан-жақты дамуында маңызды рөль атқарады.

Ән айту тынысты тереңдетіп, ырғақты етеді, бұл оқушылардың денсаулығына пайда келтіреді және баланы тәртіпке келтіруге үйретеді. Тақта алдында дегбірсіз, ұялшақ оқушылардың рахаттана ән айтатынын байқауға болады.Музыка мен өлең сезімді оятып шығармашылық қабілетті дамытады.Сабақ кезінде жағымды әуен естіліп тұратын болса, балалар сабақты жақсы игеріп әкетеді.

«Жүректен-жүрекке» кезеңінде сабақ үстіндегі алған білімдерін, жаңа ақпараттарын қорытындылай келе ой бөлісіп, жылы тілектер жүректен – жүрекке ұштасып жатады.

«Өзін-өзі тану» сабақтарында ұсынылып отырған ойындардың басым көпшілігі балаларды мейірімділікке, достыққа, сүйіспеншілікке, сыйластыққа үйретуді көздейді, яғни сабақтардағы ойындардың өздері бала бойына жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіруді көздейді.

«Өзін-өзі тану» пәні оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп,жеке тұлға ретінде қалыптасуына зор ықпалын тизізуде.Бұл пәннің басқа пәндерден ерекшелігі-ой еркіндігінде және әр оқушының өзін-өзі тануға ұмтылысын дамытуында деп білемін.

«Өзін-өзі тану» пәні тек оқушыға ғана емес,ата-аналар мен мұғалімдерге қажет пән.Себебі, осы пән арқылы бала,ата-ана,мұғалім өзара байланысқа түседі.

«Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі ретінде бұл пәннің қазіргі заманда адамгершілік тәрбие беріп, саналыққа, ойлау мен жақсы қарым-қатынасқа жетелеп, баланың тәрбиелі болып өсуіне берері мол екеніне көз жеткіздім.

Өскелең ұрпақтың бойына біліммен қатар тәлім-тәрбиені арнайы пән арқылы сіңіру қазіргі заман талабы.

Әрбір сабақта қойылған мақсатқа жету үшін өзімнің әрбір ойлаған ойымды алдын - ала дайындап, жұптап, бала бойына өмірдің бар асыл қасиеттерін құюға тырысамын. Бұл пәнді оқыта отырып, менің ұстанатын басты қағидам: «Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» - деп Абай айтқандай, мұғалім жүрегінің жылуын, нұрлы ақылы мен білімін, бойындағы қайрат - күшін оқушыларға бере отырып, адамгершілікке, бақытқа жетелер арманға апарар қиын да қастерлі жолдарын нұсқап, еңбек етудің, білім алудың, өмір сүре білудің қыры мен сырын үйретеді. Менің де оқушыларға тілегім осы.






























Бейнеу ауданы

Аудандық тамыз кеңесі

«Бейнеу орта мектебі» ММ



Баяндама



«Өзін-өзі тану» пәнінің әдістемелік ерекшеліктері















Дайындаған: Асалова Ы.Е.

2014-2015 оқу жылы





Қолданылған әдебиеттер:



1. «Самопознание.kz» журналы-2010,2013,2014.



2. А.С. Сейтақов, «Өзін-өзі тану пәнін оқыту ерекшеліктері», «Самопознание.kz» журналы - 2011.



3. Б. Айтуқызы, «Өзін-өзітану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының ықпалдастыру әлеуеті», «Самопознание.kz» журналы - 2011.



4. Райымбекова Т.Қ., Жаңабекова Г.Ж., «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бойынша ғылыми тұрғыда сапалы мониторинг өткізудің ерекшеліктері», «Самопознание.kz» журналы - 2011.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Баяндама «?зін-?зі тану» п?ніні? ?дістемелік ерекшеліктері

Автор: Асалова Ырыс Елубаевна

Дата: 31.03.2015

Номер свидетельства: 194831


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства