Педагог балаларды тақтадағы суреттермен жұмыс істеуге шақырады:
-Балалар , мына суретте не көріп тұрмыз? Ал олардың түстері қандай?
Балалар суреттермен жұмыс істейді.
-Орамалдар
Мынау- қызыл, мынау –көк
Ұйымдастырушылық- ізденістік
Педагог төменгі сөреге 4 аю,ал жоғарғы сөреге 5 тиін қояды.
Балаларға мынандай сұрақ қояды:
«Аю қанша? Тиін нешеу? Қайсысы көп (аз):аю ма,әлде тиін бе? 5аз ба, әлде 4 аз ба?Олардың саны тең болу үшін не істеу керек?»
Педагог балалардың айтқан ұсынысын орындайды.1 тиінді алып тастайды,олардың теңескенін 1 аюдың астына 1 тиінді қою арқылы суреттердің теңескенін көрсетеді. Содан соң 1 аю қосу арқылы теңестіру тәсілін көрсетеді.
«Аю қанша болса ,тиін сонша» деген сөзді қолдануға үйретеді.
Педагог балаларға тақия мен етіктерді санап шығуды тапсырады.
-Тақия нешеу?Етік ше?
-Қайсысы артық,қайсысы кем? («Артық», «кем» сөздерін қолдануға уйрету).
-Тақия мен етікті саны жағынан теңестіру үшін не істеу керек?
Балалар етіктің суретін салып бояғаннан кейін, педагог етікпен тақияның теңескенін,яғни 5 етік5 тақия болғанын түсіндіреді.
-Енді тәулік бөліктерін рет-ретімен атап беріңдерші.
-Балалар, мына суретке қараңдаршы. Суретші қай жерде қателесіпті?
Педагог балаларға дөңгелек ішіндегі суретті төменгі шаршылардың ішіне суреттің тиістіне қоюды тапсырады
(таңерең,күндіз,кеш,түн).
«Қарғалар». Сергіту сәті.
Қарға қарға қарғалар,
Қар үстінде жорғалар,
Боран соқса долданып
Бұтаға келіп қорғанар.
Педагог балаларға өлең оқып береді
Санауды біз білеміз,
Сандарды да білеміз,
Сондықтықтан да атамның
Құстарын санап береміз
Бір,екі,үш,төрт,бес,
Бірден санап шеш!
Содан соң балаларға сұрақ қойып тапсырманы береді.
-Тордың ішінде неше құс бар?
-Ағашқа неше құс қонып отыр?
-Қайсысы артық,қайсысы кем?
-Тодың астындағы жолаққа торда қанша құс болса . сонша дөңгелек салыңдар?
-Ағашта қанша құс болса, төмендегі жолаққа сонша дөңгелектерді салыңдар.
-Енді жолақтың ішіндегі дөңгелектерді салыстырыңдар.
Олардың саны қанша?Бұл жайлы не айтасыңдар?
Педагог өлең оқиды:
Азамат,Марат,Айдар,
Келді аралап базар
Әрқайсысы өлшеп,
Сатып алды көйлек
Азамат жасыл жейде сатып алды. Азаматың оң жағындағы сары жейде киген Марат тұр, ал сол жағында қызыл жейделі Айдар тұр.
Педагог балалардың киімдерін бояуды тапсырадыСол жақтағы баланың жейдесін қызыл түсті, оң жақтағы баланың сары түсті ,ортадағы баланың жейдесін жасыл түсті болуы шарт.
-Сол жақтағы,оң жақтағы . ортадағы баланың жейдесінің түсі қандай?
Балалардың ойыншықтарды санайды.
Аюлар мен тиіндерді,4 пен 5 сандарын салыстырады
Содан соң екеуін теңестіру үшін жоғарғы сөреге аю қосу керек екенін немесе тиіннің 1 –еуін алыптастау керек екенін анықтайды.
Балалар заттарды санап шығады
Бес тақия, төрт етік.
Етікке қарағанда тақия артық, ал тақияға қарағанда етіктің бірі кем.
Теңестіру үшін тағы бір етіктің суретін салу керек.
Балалар сөйлемді аяқтайды
-Таңертең.
-Күндіз.
-Кешке.
-Түнде.
Бірінші суретте- күндіз, екіншіде-кеш,үшіншісінде таңертең,ал төртіншідетүн бейнеленген.
Бірінші таңертең,екінші күндіз,үшінші кеш,төртінші түн тұру керек.
Балалар өлеңнің мазмұнына сай жаттығуларды жасайды:
Балалар сұрақтарға жауап береді және тапсырманы орындайды.
Төрт
Бес
Ағаштағы құс артық, ал торда ағаштағыдан кем.
Балалар енді дөңгелектерді саны бойынша салыстырады.
Балалар өлең мен тапсырманы мұқият тыңдайды.
Балалардың жейделерін бойайды.
Сол жақта – қызыл жейде,
оң жақта-сары жейді,
ортада -жасыл жейде
Рефлекстік түзетушілік
Өзін –өзі бақылау және атқарған жұмысына баға беру.
-Тақия нешеу?
-Ал етік ше?
-Тақия мен етіктердің санын теңесстіру үшін не істедіңдер?
Тәулікте неше бөлік бар?
Педагог балаларды мақтайды
Балалар өздері жасаған жұмыстың педагогтің қолындағы үлгімен салыстырады.
Бес.
Төрт.
Тағы бір етіктің суретін салдық.
Төрт бөлігі бар:таңертең,күндіз,кеш,түн.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Тәуліктің бөліктерін ,өзіне қатысты тұрғыдағы заттардың орналасуын сөзбен баяндауды (сол жақта,ортад ,оң жақта)
Игереді: саны жағынан аз топқа жетіспей тұрған заттарды қоса білу;саны бірдей ,бірақ түрлі заттардан құралған топтарды теңестіру;
Меңгереді: тәулік бөліктері туралы түсінікті;заттарды санауды (5көлемінде)
Технологиялық карта № 5
Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі:ҚМТҚ
Тақырыбы: Сол жақта,ортада,оң жақта.Шеңбер шаршы туралы өткенді пысықтау.
Мақсаты:өзіне қатысты кеңістікте орналасуын анықтай білу дағдыларын бекіту (оң жақта,сол жақта,ортасында); геометриялық фигураларды ң орналасу ретін түсіндіру; 1 цифырын 1санының таңбасы ретінде таныстыру; үлгіні пайдалана отырып,1 санын жазып үйрету;1 цифыры өзге сандар арасынан табу.
Қажетті көрнекі құралдар: Шеңбер, шаршыға ұқсайтын заттарды ң суреті, бағыт бағдарды көрсететін сюжетті суреттер.
Педагог балаларды тақтадағы суреттермен жұмыс істеуге шақырады:
-Балалар ,суреттерді мұқият қарап шығыңдар. Суретті әңгімелеп береді
Бір күні анасы мен қызы хайуанаттар бағына барады . Қызы торда отырған арыстанды көріп , таңырқап,қасында тұрып қалады.
Оның қалып қойғанын байқамай алдыға түсіп жүріп кете береді.
-Қыз нешеу?
-Арыстан нешеу?
Балалар суреттермен жұмыс істейді.
Біреу.
Біреу.
Ұйымдастырушылық- ізденістік
Балалар сурет бойынша жұмыстан кейін, 1 саны таңбасы 1 цифырымен танысады. Педагог 1 цифыры туралы өлең оқып беріп , оны балаларға жаттатады.
Бір дегенің бірінші,
Тұрадығой қатарда.
Көтеріп ап танауын
Бастайды ол санауды.
Педагог балаларға сандар қатарынан 1 цифырының орнын тауып,сонша моншақты бояуды ұсынады.
Содан соң балаларға өзге цифырлар арасынан бір цифырын тауып,оны қоршап сыруға тапсырма береді.
«Арыстан». Сергіту сәті.
Мен мықты арыстан
Аңдардың патшасы.
Жауымның соғысқан,
Күл болар қаңқасы.
Педагог балаларға суреттерді қарап шығып, бірдейлерін бір-біріне қосуды тапсырады.
-Сендер қандай суреттерді бір бірімен қостыңдар?
Педагог балаларға бірінші және екінші қатардаға фигуралардың қалай орналасқанына назар аударуды ұсынады.
-Балалар, фигураларды дәл осындай ретпен орналастыра отырып,қатарды жалғастырыңдар.
Балалар өлеңді жаттайды.
Балалар бір мойыншақты бояйды.
Балалар 1 санын қоршайды.
Балалар қолдарын көтеріп, шынтағын бүгеді, күшін көрсетеді.
Жұдырығын түйіп сермейді.
Балалар суреттерді қарап шығады.
Киіз үй сол жақта ,сандық ортада, қамзол оң жақта;
Қамзол сол жақта ,сандық ортада, киіз үй оң жақта;
Сандық сол жақта ,киіз үй ортада, қамзол оң жақта;
Бірдей суретттерді сызықпен қосады.
Балалар фигуралардың қандай бір рет бойынша орналасқанын айтады:
Бірінші қатарда- шеңбер, шаршы, шеңбер.
Екінші қатарда-шаршы, шеңбер, шаршы.
Балалар тапсырманы орындайды.
Рефлекстік түзетушілік
Өзін –өзі бақылау және атқарған жұмысына баға беру.
-Біз қандай цифыврмен танысьтық?
-Бір саны туралы тақпақ айтып беріңдер?
Балалар өздері жасаған жұмыстың педагогтің қолындағы үлгімен салыстырады.
Біз 1 деген цифырмен таныстық.
Балалар жаттаған тақпақтарын айтады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: 1цифрын таниды; өзіне қатысты тұрғыда заттардың кеңістікте орналасуын анықтауды (сол жақта,ортада ,оң жақта)
Игереді: 1 цифры көптеген цифырлар арасынан табуды.
Меңгереді: цифр туралы түсінікті; геометриялық фигураларды жырата білуді.
Технологиялық карта № 6
Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі:ҚМТҚ
Тақырыбы: Балалардың 1 цифыры туралы білімдерін бекіту.Тез -баяу. Үшбұрыш (өзге фигуралар арасынан табу.)
Мақсаты: 1 цифыры туралы өткенді пысықтау;цифырдың заттың санымен салыстыруға үйрету; «тез», «баяу» түсініктері туралы білімдерін пысықтау.таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен,кіші,кішкентай) салыстыру және оларды сол бөлігіне қарай біріктіру;үшбұрыштың көлемі жағынан әртүрлі болатыны туралы түсінік қалыптастыру.
Қажетті көрнекі құралдар:ойынға арналған суреттер,заттық суреттер,жылдам жүретін аңдар суреті.
Әдіс-тәсідер: сұрақ -жауап,ойын,заттық суреттер.
Оқу іс-әрекет кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Педагог жұмбақ жасырады:
Таңғажайып кірпішті,
Бір-біріне қаладым.
Ұнамаса құлатып,
Қайта-қайта қаладым.
(текшелер)
Доп домалақ іші қуыс пәле,
Қайта-қайта семіруде әне.
(доп)
Кезікті кербез сұлу,
Бір жануар.
Үстінде
Екі тауы бар.
(түйе)
Балалар жұмбақтың шешуі табады.
Жұмбақтың шешуі болып тұрған сөздерге сипаттама береді.
Ұйымдастырушылық- ізденістік
Педагог : «неше текше неше түйе неше доп бар?»- деп сұрайды. 1деген цифырдың бір затты білдіретінін түсіндіреді.
Балаларға бір дөңгелек пен 1 цифырын бояуды ұсынады.
Педагог: сол жақта тек 1цифыры жазылғанын көрсетеді. Балаларға 1 санына сәйкес заттарды бояу туралы тапсырма береді.
Арыстан мен тасбақа «Пальмаға кім бірінші жетеді? Деп бәстеседі.
Сендер қалай ойлайсыңдар кім бірінші жетеді?
-Неге арыстан бірінші жетеді деп ойлайсыңдар?
Педагог «жылдам-баяу» түсініктерін сөздік қорларына енгізу жұмыстарын жүргізеді.
Педагог палмағ бірінші жеткен аңды бояуға тапсырма береді.
Педагог жұмбақ жасырады:
Үш бұрышы бар
Үш қабырғасы бар
Бұл қандай фигура?
Балаларға мынандай сұрақ қояды:
-Суреттердің арасында неше үшбұрыш таптыңдар?
-Үшбұрыштардың өлшемі қандай?
-Үшбұрыштардың ең үлкенін қызыл карандашпен,одан кішілеуін көкпен,ал ең кішкентайын жасыл түспен бояңдар.
Балалар сұраққа жауап береді.
Балалар 1 цифырына сәйкес бояйды
Бір шәйнек, бір тақия,бір күнді бояйды.
Бірінші арыстан жетеді.
Өйткені арыстан жылдам жүгіреді ал тасбақа баяу жүреді.
Балалар арыстанды бояйды.
Үшбұрыш.
Балалар суреттен үшбұрыштың үш бұрышын,үш қабырғасын көрсетеді.
Үш үшбұрыш бар
Үлкен,кіші,кішкентай.
Балалар үшбұрыштарды бояйды.
Рефлекстік түзетушілік
Өзін –өзі бақылау және атқарған жұмысына баға беру.
Педагог:
-Тасбақа тез жүреме,арыстан ба?
Педагог тез,баяу жүретін аңдарды атауын сұрайды.
Балалар өздері жасаған жұмыстың педагогтің қолындағы үлгімен салыстырады.
Арыстан тез жүгіреді,
Тасбақа бая жүреді
Күтілетін нәтиже:
Біледі: 1цифырын, үшбұрыштардың көлемі жағынан әртүрлі (үлкен, кіші, кішкентай) болатынын; «тез», «баяу» ұғымдарын дұрыс пайдалануды;
Игереді: цифырды заттың саны мен сәйкестендіру,жұмбақтарды шеше білуді;көптеген фигуралар ішінен үшбұрышты таба білуді.
Меңгереді: өзіне таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен,кіші,кішкентай) салыстыруды.
Технологиялық карта № 7
Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі:ҚМТҚ
Тақырыбы: 2 саны мен цифырымен танысу. Қысқа, ұзын. Сопақша (көптеген фигуралар арасынан табу.)
Мақсаты: 2 саны және оған сәйкес 2 цифырымен таныстыру; 2 цифырының сандар қатарындағы орнын анықтау; 2цифырын өзге цифырлардың арасынан таба алу қабілетін нығайту; өзіне таныс заттарды көлеміне; ұзындығына қарай (ұзын,қысқа) салыстыру алу дағдыларын дамыту; геометриялық фигура-сопақша туралы өткендерін пысықтау оны өзге фигуралар арасынан табу.
Қажетті көрнекі құралдар:қысқа,ұзын заттардың суреті,сопақша пішіндегі заттар суреті.
Балалар суреттің астындағы жолақтың ішіне сонша дөңгелек салуды тапсырады.
Педагог балаларға 2 цифырын сандар қатарындағы орнын анықтауды тапсырады.
Балалар жұмбақтың шешуі табады.
Екі түйе жайылып жүр.
Ұйымдастырушылық- ізденістік
Педагог өлең оқып береді.
Басында бар ілмегі ,
Ортасында тірегі.
Толқып қанша жүзсе де,
Тұрады екінші үнемі.
Балаларға өлеңді жаттау ұсынылады. Педагог балалардан көп цифырдың арасынан тек 2 цифырын ғана қоршап сызуды тапсырады.
«Кім бірінші?» Сергіту минуты.
Бул тапсырманы орындау үшін ұзындықтары әртүрлі екі лента қажет болады (1 метр және 1,5 метр). Педагог екі балалны шығарып оларға бір бірден лентаны ұстатады және лентаны қолдарына орауды ұсынады.
Бір балалның қолындағы лентаның қысқа (Көрсету керек),екіншісінің қолындағының ұзын(Көрсету керек) екендігін еске салады.
Ол балардан сұрайды:
-Лентаның бірі неліктен тез оралады?
Педагог балалрға сопақшаның ең үлкенін жасылмен,кішісін көкпен,ал ең кішкентайын қызылмен бояуды тапсырады.
Балаларға сұрақ қояды:
-Неше сопақша боялды?
-Сопақшалардың көлемі қандай?
Педагог өлеңді оқиды:
Шөл даланың серкесі,
Өзінің бар өркеші.
Анда-санда шөлдейтін
Түйеге жол көрсетші.
Педагог балалрға ұзын жолды сары қарандаш пен,ал қысқасын жасыл түспен бояуды тапсырады.
-Сары түсті жолдың ұзындығы қандай?
-Жасыл түсті жолдың ұзындығы қандай?
-Түйе қандай жолмен жүрсе баратын жеріне тезірек жетеді?
Балалар өлеңді тыңдайды.
Педагогпен бірге қайталап отырып өлеңді жаттайды.
Барлық 2 цифырын тауып, қоршайды.
Балалар лентаны қолдарына айналдырып бір неше рет орайды. Содан соң қысқа лентаның тез ал ұзын лентаның баяу оралатынын ұғынады.
Үш сопақшаны боядық.
Үлкен,кіші, кішкентай.
Өлеңді тыңдайды.
Балалар тапсырманы орындайды.
Сары жол ұзын
Жасыл жол қысқа.
Жасыл жолмен жүрсе тез жетеді.
Рефлекстік түзетушілік
Өзін –өзі бақылау және атқарған жұмысына баға беру.
Педагог балаларды жасаған жұмыстары үшін мадақтайды
Балалар өздері жасаған жұмыстың педагогтің қолындағы үлгімен салыстырады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: 2 цифырын,сопқшаны;
Игереді: 2 цифырын өзге цифырлар арасынан табуды,сұрақтарға жауап беруді, өзіне таныс заттарды көлеміне,ұзындығына (ұзын,қысқа) қарай салыстыра білуді;
Меңгереді: сопақша туралы түсінікті,соған ұқсас пішінді заттарды таба білу.
Технологиялық карта № 8
Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі:ҚМТҚ
Тақырыбы: 2 цифры туралы білімдерін бекіту. Сан мен заттың саны арасындағы сәйкестікті табу.Алыс-жақын.
Мақсаты: 2 цифры туралы алған білімдерін бекіту; цифрды заттың санымен сәйкестендіре білуге үйрету; жұмбақтарды көрген мәліметтерге сүйене отырып шешу,1,2,3 цифрларын заттарының санымен салыстыруды әрі қарай жалғастыру; «алыс», «жақын» ұғымдарын мағына жағынан айыра біруге үйрету.
Қажетті көрнекі құралдар:санау материалдары,сюжеттті суреттер.
Суреттегі заттарды санату арқылы 2 саны және цифры туралы алған білімдерін бекітеді.
Содан соң екі дөңгелекпен 2 цифрын бояуды тапсырады.
Педагог сол жақта қандай цифр тұрғанын сұрайды.
2 цифрна қанша зат сай келсе,сонша затты бояуды тапсырады.
Зат пен санды сәйкестендіре білуге үйрету.
Сергіту минуты.
Ойнақтаған ор қоян, (жүгіреді)
Түлкіні көріп орманда (құйрығын бұлғаңдатады)
Орғып-орғып секіреді (секіреді)
Бұтаға барып тығылды. (отыру)
Педагог балалрға цифр мен саны жағынан сәйкес келетін суреттерді сызық арқылы қосуды тапсырады.
Балаларға сұрақтар қояды.
-1 цифрын қай карточкамен қостыңдар?
-2 цифрын ше?
3цифрын ше?
Педагог балаларға суретті мұқият қарап шығып,алыс (қашық),жақын салынған заттардың атап беруді сұрайды
Балаларға мынандай тапсырма береді:
-Қоянға жақын тұрған сәбізді бояңдар.
-Сәбізден қашық тұрған қоянды бояңдар.
Балалар бояу жұмыстарын орындайды
Сол жақта 2 цифр тұрғанын айтады.
2 қамзол мен 2 қалпақты бояйды.
Балалар жаттығуды педагогпен бірге жасайды.
Орамжапырақтың суреті бар карточкамен.
Екі алманың суреті салынған карточкамен.
Балалар суретпен танысады және ондағы заттардың атын атап береді.
Балалар тапсырманы орындайды.
Рефлекстік түзетушілік
Өзін –өзі бақылау және атқарған жұмысына баға беру.
Педагог балаларды жасаған жұмыстары үшін мадақтайды
Балалар өздері жасаған жұмыстың педагогтің қолындағы үлгімен салыстырады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: 2 цифрын «жақын мен алыс» ұғымдарын дұрыс пайдалануды.
Игереді: 2 цифрын өзге цифырлар арасынан табуды,сұрақтарға жауап беруді, 1,2,3 цифрларын заттың санымен сәйкестендіру;
Меңгереді: 2 цифры туралы түсінікті. Алыс пен жақынды ажыратуды;
Технологиялық карта № 9
Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі:ҚМТҚ
Тақырыбы: 3 цифрымен таныстыру; Цифрды заттың санымен салыстыру. «Кеше», «бүгін», «ертең». Жыл мезгілдері (күз) .
Мақсаты:3 цифрын 3 саны таңбасы ретінде таныстыру; 3 санын өзге цифрллардың арасынан таб; «кеше», «бүгін», «ертең» ұғымдарын айыруға үйрету; балалардың жыл мезгілдері (күз) білімін дамыту.
Үлестірмелі материалдар:2 бос жолағы бар карточка мен үшбұрыштары бар 2 түсті тәрелкелер, балалардың әрқайсысына әр түстен 4 үшбұрыштан.
Әдіс-тәсідер: сұрақ -жауап, түсіндіру.көрнекілік
Оқу іс-әрекет кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Педагог балаларға бос жолақтарға үшбұрыш салу қажеттігін түсіндіреді. Педагог қанша десе,сонша үшбұрыш салынуы тиіс және олар қай жерде неше үшбұрыш барын айтып беру керек. Балаларға берілген тапсырма: жоғары жолаққа 1 қызыл үшбұрыш,ал төменгісіне 2 көк үшбұрыш салады.
-Сендер жоғарғы (төменгі) жолаққа неше үшбұрыш салдыңдар?
Содан соң 2-3 баланың қасына келіп, олар салған үшбұрыштарды санайды. Қайсысы үшбұрыш артық (кем) екенін анықтайды:1немесе2.
Педагог балаалрдан әр жолақтағы үшбұрышты санын теңестіруді санын теңестіруді (яғни 2-ден болуын) өтінеді.
Балалар үшбұрыштары бар жолақтармен жұмыс жасайды.
Балалар жауап береді.
Балалар үшбұрыштар тең болу үшін не істеу керектігін табады: теңдей (2-ден болу үшін)болу үшін 1 үшбұрыш қосылады.
Ұйымдастырушылық- ізденістік
Педагог балаларға жұмбақ жасырады:
Айгүл келді бірінші боп бақшаға. Қосылды оған Бибігүлмен Маратта,
Балаларды ойнап жүрген топтағы
Санап берші сен бізге бір ойланда.
Педагог суретте қанша бала бар болса,жолақтың ішінде сонша дөңгелек салуға тапсырма береді.
Педагог өлең оқиды:
Үш дегенің екі ілиек,
Тұратын қармағын сермеп.
Үшінші боп тұратын,
Мұны әркім білмек.
3 цифрының баспаша жазылуымен таныстырады.
Педагог балалардан 3 цифрын сандар қатарындағы орнын табуды және оны бояуды өтінеді.
Көп моншақтың ішінен тек 3 моншақты ғана санап бояйды.
«Үйеңкі». Сергіту минуты.
Желменен ағаштар,
Тербеледі әрдайым.
Бір иілді,екі иілді,
Сыңғырлады жапрақтар.
Педагог балаларға сұрақ қояды:
-Қазір жылдың қай мезгілі?(Күз)
Балалар күз туралы білетін тақпақтарын айтады.
Педагог жылдың 4 мезгілі (күз,қыс,көктем,жаз) суреттелген суреттерді іледі. Балалармен бірге талқылайды.
Педагог күзді күнгі ағаш бұтақтарын тауып,бояуды тапсырады.
Педагог балаларға бүгін немесе айналысатынын түсіндіреді.
Олардан кеше не істегенін сұрайды.
Содан соң ертең не істейтіндерін сұрайды.
-Суретке қараңдар.
Суретші ағаштың суретін бірнеше күнде салып шықты.
Қайсысын қай күні салғанын суретшінің мына әңгімесіне қарап табасыңдар:
«Күзде ағаштардың жапырақтары тез түсіп қалады. Сондықтан суретті әр күні салатын болған соң оны бірдей етіп салу мүмкін емес. Мен мына ағаштың суретін кеше жіне бүгін салдым. Енді суреттің қайсысын кеше,қайсысын бүгін салғанымды табыңдар».
Педагог балаларға тапсырма береді:
-Ағашта ертең қанша жапырақ қалатын болса,сонша жапрақ саласыңдар. Қанша жапырақ саласыңдар?
Балалар жұмбақты шешеді.
3 дөңгелек салады.
Балалар өлеңді бірге қайталайды,жаттап алады.
Сандар қатарындағы 3 цифры мен 3 моншақты бояйды.
Балалар қолдарын жоғарға көтеріп, өлеңнің мәтіне сай қозғалады.
Өлең 2-3 рет қайталанады.
Балалар суреттермен танысқаннан кейін, жыл мезгілдерін атап көрсетеді.
Суреттерді бояйды.
Сабақ оқу,серуендеу, түскі ас ішу,ұйықтау және т.б
Сурет салдық, ойнадық,серуендедік, теледидар қаратық.
Балабақшаға барамыз, қонаққа барамыз.
Балалар суретшінің кеше және бүгін салған суреттерін санайды. Күнде екі жвапыраққа кеміп отырғанын аңғарады.Олай болса,ертең салатын суретте ағаштың жапыраға тағы екіге кемиді.
Кеше салған ағашта 6 жапырақ болды.Бүгін салған ағашта т 4 жапырақ қалды ертең салатын ағашта 2 жапырақ болады. Балалар үшінші ағашқа 2 жапырақ салдады.
Рефлекстік түзетушілік
Өзін –өзі бақылау және атқарған жұмысына баға беру.
-балалар енді 3 саны туралы тақпақ айтып беріңдер.
Педагог балаларды жасаған жұмыстары үшін мадақтайды
Балалар өздері жасаған жұмыстың педагогтің қолындағы үлгімен салыстырады.
Тақырыбы: 1,2, 3 цифрлары туралы өткенді пысықтау. Биік- аласа. Баланың зейінін дамыту
Мақсаты: 3саны мен цифры туралы өткенді пысықтау; цифрды заттың санысмен сәйкестендіруді жалғастыру. 1,2, 3 цифрларын дұрыс жазу дағдыларын қалыптастыру; өзіне таныс заттардың биіктігіне (биік-аласа) қарай салыстырып оларды сол белгілері арқылы салыстыру қабілетін дамыту;бір біріне ұқсас екі затты салыстыру арқылы баланың зейінін дамыту.
Қажетті көрнекі құралдар: Заттық суреттер, ойынға қажет материалдар.
Әдіс-тәсідер: сұрақ -жауап, әңгме, ойын.
Оқу іс-әрекет кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Үстелде 1-ден 10 ға дейінгі сандар жатыр.
Педагог таныс цифырды тауып,ол туралы өлең оқып беруді өтінеді.
Балалар цифыр туралы өлең айтады...
Ұйымдастырушылық- ізденістік
Педагог балаларға 3 цифрына сәйкес келетін заттарды бояуға тапсырма береді.
Балалардан сұрайды:
-Қымыз құятын неше ыдыс боядыңдар?
-Қанша кесе боядыңдар?
Педагог балаларды суреттегі геометриялық фигура санына сәйкес келетін цифрды нүкте бойынша бастырып сызуға тапсырма береді.
Балаларға сұрақ қояды:
-Сопақшаның астында қандай цифрды сыздыңдар
-Дөңгелектің ше?
Ал шаршының астындаға қандай цифрды бастырып сыздыңдар?
Үлестірмелі материалмен жұмыс.
Педагог балаалрға сұрақ қояды
-Бағандардың түсі қандай?
Қайсысы биік (аласа)?Оны қалай білеміз
Содан кейін сол қолға аласа бағанды, ал оң қолға биік бағанды алуды сұрайды
Педагог 3-4 баланы шақырып, олардван қай қолдағы бағанның биік, ал қай қолындағы аласа екендігін сұрайды.
Содан соң биік биік бағанға шырша,ал аласына саңырауқұлақ салыңдар деген тапсырма береді.
«Бәріміз біргеміз». Сергіту минуты.
Оңға бір қадам,
Солға бір қадам
Шапалақ ұрамыз
Алға бір қадам,
Артқа бір қадам
Шапалақ ұрамыз.
Педагог суретте қандай үйлер салынғанын сұрайды. Балалар «биік-аласа» деген сөздерді қолданып үйренеді.
Балалардан биік үйдің қасына аласа ағаш,ал аласа үйдің жанына биік ағаш салуды сұрайды.
Педагог балаларға өлең оқып береді:
Үй жанында байланған,
Бар қой әсем күшігім
Бұлғаңдатып құйрығын
Күзетеді үйшігін.
Балаларға тапсырма береді:
-Иттерді жақсылап қарап шығыңдар және олардың қандай және қанша айырмашылығы барын табыңдар.
Сурет бойынша 4 айырмашылықты тауып көрсетуге тиіс. Содан соң 4 дөңгелекті бояйды.
-Үш тосық
-Үш кесе
1 цифрын ,өйткені ккрточкада бір ғана сопақша бейнеленген.
Үшеу,өйткені карточкада үш дөңгелек бар.
2 цифрын,өйткен карточкада екі шаршы бар.
Балалар бағандарды биіктігіне қарай салыстырады.
Балалар жаттығуды жасайды.
Балалар жауап береді:
Сол жақта-биік,оң жақта аласа.
Биік үймен аласа үйді салыстырады.
Бірінің мойынында қарғыбауы бар,ал екіншісінде жоқ; біріншісінің құйрығы салбырап тұр,алекіншісінің құйрығы көтеріліп тұр;біріншісінің табаны жоғары қарап тұр,ал екінісінікі олай емес;біріншісінің құлағы көтеріліп тұр ,ал екіншісінің екі құлағыла салбырап тұр.
Рефлекстік түзетушілік
Өзін –өзі бақылау және атқарған жұмысына баға беру.
-Бойы биік киіз үйдің қасына қандай ағаштың суретін салдыңдар?
Педагог балаларды жасаған жұмыстары үшін мадақтайды
Балалар өздері жасаған жұмыстың педагогтің қолындағы үлгімен салыстырады.
Игереді: Екі суретті салыстырып, айырмашылығын таба білуді,өзіне таныс заттарды биіктігіне қарай (биік,аласа) салыстыруду; заттарды сол белгілеріне қарай біріктіруді;
Меңгереді:1,2,3 цифрларын заттың сканымен сәйкестендіруді.