Қажетті құрал-жабдықтар: ұзын жіп,швет стенесі, таяқшалар,
шығыршықтар, доп, гимн ,орындық, кеглилер
музыка әуені.
Барысы: Теңіз шуының әуені естіледі.
1-Қарақшы: Қолындағы тапаншаны жоғары көтеріп атады.
(Пах-пах-пах!) Барлық топ жиналсын! Барлық балалар дене
шынықтыру залына жүгіріп кіреді. Балалар, менің қолымда Флинттің
байлықтарының картасы бар , осы картада бірнеше арал бейнеленген сол
арқылы біз байлықтарды табуымыз керек. Сендер байлықтарды табуға
дайынсыңдарма? Ол үшін біз күш қуат жинауымыз керек.
Қарақшылар бір сапқа тұрыңдар! Сап тұзел тік тұр! Оңға бұрыл!
Солға бұрыл! Тік тұр! Оңға бұрыл! Алға бас!
Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасау.
Жүруге арналған жаттығулар.
1 «Биші әйел»- аяқтың ұшымен, табанмен жүру.
2 «Балапан»-өкшемен жүру
3 «Пингвин»- табанның ішкі жақтарымен қысқа және алшақ қадаммен
жүру.
4 «Қаз-қаздар»- қолды тізеге ұстап отырып жүру.
5 «Пілдер»- екі қолмен, екі аяқпен жүру.
6 «Достар»- жұптасып жүру.
7 «Робот» -аяқпен түзу жүру.
Жүгіруге арналған жаттығулар.
1 «Құс»-аяқтың ұшымен бірқалыпты жеңіл жүгіру.
2 «Құлыншақ»-тізені жоғары көтере жүгіру.
3 «Жіп»- аяқты айқастыра жүгіру.
4 «Твикс» бағытты алмастыра жұп болып жүгіру.
5 «Пони»-артымен алға қарай жүгіру.
6 «Балапандар»- шашыраңқы жүгіру.
7 «Жыланша»- иреңделіп жүгіру.
(Бір саппен жүру тынысты ретке келтіру)
Қарақшылар бір саппен жүреді, таяқшаларды алып, үш бағанға тұра
қалады.
Таяқшалармен орындалатын жалпы дамыту жаттығуларын
орындау.
(Жаттығуларды орындап болған соң балалар бір сапқа тұрады да
таяқшаларды орындарына апарып қояды.)
1-ші Қарақшы: Қарақшылар, сендер күш қуат жинап алдыңдар ма? Күштеріңді
маған көрсетіңдер.
Балалар: Күштерін көрсетеді.
1-ші Қарақшы: Саяхатымыз өте ауыр болады. Картада үш арал белгіленген, солардың ішінен бізге байлықтар аралын табу керек.Ал Флинт байлықтары сиқырланып тасталған. Оны табу үшін тапқыр,мықты балалар керек. Дайынсыңдар ма! Алға! Алға!
Балалар: Дайынбыз. Алға! Алға! 1-ші Қарақшы: Онда жолға шығайық! (Теңіз шуы естіледі. Қарақшы балалармен картаны қарайды. Қарақшы қарауылға қарайды)
2-ші Қарақшы: Жер, жер, мен жерді көріп тұрмын!
1-ші Қарақшы: Біздің картада Қызыл нәсілді адамдардың аралы Якорды
тастайық!
(Музыка әуенімен қызыл нәсілді балалар келеді, би билейді) Қызыл нәсілді бала: Біз сендерді қарсы аламыз, мына аралда не іздеп жүрсіңдер?
1-ші Қарақшы: Біз Флинттің қазына-байлықтарын іздеп жүрміз. Сендерде емес
пе деп келдік.
Қызыл нәсілді: Жоқ! Бірақ енді біздің жерімізден кету үшін, өздеріңнің қандай батыр, тапқыр,өнерпаз екендіктеріңді көрсетулерің керек. Мына тапсырмаларды орындаңдар.
1-ші Қарақшы: Біз қазына байлықтарына жету үшін барлық тапсырмаларды
орындаймыз.Солайма, қарақшылар?
Балалар: Тапсырмаларды орындауға біз дайынбыз. (Сапқа тұра қалады)
1-тапсырма: «Таяқшалардан секіріп өтіңдер»«Кім мерген?» (Шығыршықтың ішіне допты дәл тигізу)
3-тапсырма: «Кім жылдам тауға мінеді?» (Швед стенесіне міну)
4-тапсырма: «Томардан өту» (Шығыршықтардан өту)
1-ші Қарақшы: Қызыл нәсілді біз барлық тапсырмаларыңды орындап болдық.
Қызыл нәсілді: Тапсырмаларды жақсы орындадыңдар! Жолдарың болсын!
(Ысқырық! Пираттар әуені. Теңіз шуы)
1-ші Қарақшы: Якорді көтеріңдер! Әрі қарай жүземіз. (Қарақшылар картаға қарайды)
2-ші Қарақшы: (Бала қарауылға қарайды)
Жер, жер мен жерді көріп тұрмын.
1-ші Қарақшы: Біздің картада мықтылар, шапшаңдылар,шыдамдылардың аралы бейнеленген. Якорды тастаңдар!
2-ші Қарақшы: Якорды тастаңдар!
1-ші Қарақшы: Балалар, мықтылар, шапшаңдылар,шыдамдылардың аралында бізді кедергілер күтіп тұр. Осы кедергілерден сендер өтуге
дайынсыңдар ма?
Балалар: Дайынбыз!
Тәрбиеші: Мықтылар аралына қош келдіңдер! Бұл аралда сендер не істеп
жүрсіңдер?
1-Қарақшы: Біз Флинттің қазына байлықтарын іздеп жүрміз. Осы мықтылар
аралында ма деп келдік.
Тәрбиеші: Жоқ бізде Флинттің байлықтары жоқ. Бірақ бідің аралдан кету
үшін сендер нағыз спортшылар сияқты денелеріңді
шынықтырып алу керексіңдер. Менің тапсырмаларымды
орындауға дайынсыңдар ма ?
1-Қарақшы: Біз кедергілерден қорқпаймыз. Тапсырмалардың бәрін орындауға