kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Өнер алды- қызыл тіл»

Нажмите, чтобы узнать подробности

№                                                       №

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Өнер алды- қызыл тіл»»

«Өнер алды- қызыл тіл»

«Өнер алды- қызыл тіл, Ой толғаған сырлы тіл» - деп Абай атамыз бұл шумақ өлеңдерін қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін меңгеруге және қазақ тілі өзінің даласындай бай екендігін көрсете білді. Ата-бабаларымыз “өнер алды – қызыл тiл”- деп мақал шығарып, мақалдың әр-бір сөзінде  терең ойы мен бояуы бар және оның мағынасы мен көркемдiгi аса жоғары екендігін бағалай білген. Сондай-ақ ата-бабаларымыз, қазақ елінің ақындары осы қызыл тiлдi сайратып, талай-талай қызығын көрген де секiлдi.

Тіл – халықтың жаны, сәні, кескін-келбеті дейді. Өткені өмірлік қоғамда халықтық негізгі қарым-қатынас құралы болып табылғандықтан, тіл халықпен бірге дамиды және өркендейді. Біздің ел басымыз Нұрсұлтан Назарбаев былай деген: «Мемлекеттік тілді игеру- әр азаматтың борышы» деген. Сол себепті қазақ халқының басты мақсаты - мемлекеттік тілдің, яғни қазақ тілінің құдіретін, мәртебесін көтеру басты борышы болып табылады. 

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы бойынша «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру қолға алынуда. Бұл жарлықтың басты мақсаты- Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты. Бағдарламада көзделген барлық iс-шаралар ұлт бiрлiгiн нығайтудың маңызды факторы ретiнде мемлекеттiк тiлдi дамытудың басымдығына негiзделген және азаматтардың рухани-мәдени және тiлдiк қажеттiлiктерiн толық қанағаттандыруға бағытталған.

 Сондай-ақ, Елбасымыздың: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі– мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген болатын. Бұл еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеп отырған білім саласы қызметкерлеріне де сын болмақ. Ал бүгінде  Қазақстан Республикасы  әлемдік бірлестікке кірген заманда білімнің рөлі мен маңызы артып, білім беру сапасын көтеру басты мәселелердің бірі болып отыр. Үштұғырлы тіл өмірлік қажеттіліктен туындаған идея болса керек. Сондай-ақ,  2020  жылға дейін мемлекеттік тілдің үлесін 95%-ға дейін , ал өзге тілдің үлесін 15%-20%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Алайда «Өз тілін- бірлік үшін, Өзге тіл- тірлік үшін»- деп бекер айтпаса керек. Сондықтанда көп тіл білу заман талабы болсада, өз мемлекетіміздің бірлігі үшін, өз тілімізді қастерлей білуіміз керек!Осыған орай тәрбиешілер арасында іскерлік ойын ұйымдастыру.

 

Мақсаты:
Тәрбиешілердің Ана тілі – қазақ тілінің мәртебесін көтеруге ұмтылдыру. Мемлекеттік тіл – қазақ тілінің қоғамдағы алатын орны, қолданысы мен бүгінгі жай-күйі туралы мәлімет бере отырып, грамматикалық сауаттылықтарын шыңдау, жеке тұлғаның ой – қабілетіне әсер ету, ойын арқылы тәрбиешілердің оқушы көз қарасымен қарағанда өздігінен жұмысқа баулу, сөйлеу шеберліктерін, тіл байлықтарын дамыту.

Ойын барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
1. Сәлемдесу, келген   қонақтарға сәлемдесу  
тәрбиешілер топқа бөлу. Топтың   ұраны
2. Бүгінгі
ойынның құрылымын таныстыру
«Өнер алды-қызыл тіл»деп аталады.
Іскерлік ойын

Ойынымызды басталмас бұрын балалардың дайындаған тақпақпен би өнерлерін тамашалау.

І. Алғашқы сайыс                        «Бәйге» деп аталады.

 

ІІ. Екіншіі сайысымыз.               «Жұмбақ сандық»

 

ІІІ. «Өнер алды-қызыл тіл»       «Тіл өнер сайысы»

 ҮІ. Сайыс                                           «Тапқырлық сайысын».

 

Ж: Қолында болса бар билік.

Қапа болып қалмаңыз.

Алдыңа келсе бітпес дау,

Әділін айтып қорғаңыз –деп   ойнымызды бастайық!

 

Алғашқы сайыс «Бәйге» деп аталады.

 

Ойын шарты:Сұраққа жолақшаны бірінші көтерген топ жауап береді.Ол ойыншы дұрыс жауап бере алмаса,жолақшаны екінші   топтан жауап беріп ұпайды алуға болады.

20-сұрақ әр сұрақ жауабына 10 ұпай беріледі.

 

1.Бір сағатта неше минут бар?(60минут)

 2.Қазақтың   ұлттық саз аспабы не?(домбыра) 3.Білім ұясы?(мектеп)

 4.Жыл неше мезгілден тұрады?( 4 )

 5.Қазақстандағы мемтекетік тіл?( қазақ тілі)

 6.Төрт түлік?( Түйе,сиыр,қой,жылқы ) 7.Жапырақ қай кезде сарғаяды? ( күзде ) 8.Жемістер қай кезде піседі?(күзде) 9.Сиырдың баласы қалай аталады?( Бұзау  ) 10.Көру мүшесі? ( көз) 11.Қазақстан Республикасының Президенті?( Н.Назарбаев. ) 12.Ешкінің төлі? (лақ ) 13.2+2+2+1 жауабы? (5 ) 14.Алфавиттің ең соңғы әрпі?(я) 15.Қазақтың тұңғыш ғарышкері?(Т.Әубәкіров. ) 16.Тудың тусі? (көк)

  1. Қасиетті тағам? (нан

 18.Самалеттің   қазақшасы не?( ұшақ)

 19.Қазақ алфавитінде неше әріп бар?( 42)

 

20.Аяулы асыл жан-?( Ана  )

 

Екінші сайысымыз. «Жұмбақ сандық»

Көп жасаған білімді,көп оқыған біледі-демекші,келесі үшінші сайысымыз. «Жұмбақ сандық»

Ойын шарты:Бұл ойынды ұпай саны аз топ бастайды. Әр дұрыс жауап 10ұпайдан.

Сандықтың ішіне салынатын тапсырмалар:   10 сұрақ:

Мақалды жалғастыр :

мектеп –кеме,…….-

Отан – ………

Сөйлемді аяқта:

22 қыркүйек …..   …..   .

1 қыркүйек   …….   .

Күзде …..   ……   піседі.

Тақпақты аяқта:

Бар әдемі қаламым,

Соны қолға аламын.

……………………………

Өзінің туған жылынды қазақ тілінде айтып бер:

Өзін   туралы қысқаша айтып   бер:

 

Үшінші сайыс:

«Өнер алды-қызыл тіл»   бөлімі.

 

«Тіл өнер сайысы»

 

Ойын шарты:Жұмбақты шешіп,оны орыс-тіліне аудару.Әр дұрыс жауап 10 ұпай,аударылса 20 ұпай.

 

1.Көкпеңбек еді көктемде

Қызарады күзге жеткенде.( Алма-яблоко )

 2.Өзі сондай аппақ,

Жесең оны тәтті ақ.( Қант-сахар ) 3.Өзі таудың бөктерінде өседі,

Жаңа жылда үй төріне көшеді.(Шырша-елка )

 

4.Өзі айлакер,өзі бір қу.

Жүрген жері айқай да шу.(Түлкі-лиса)

 5.Қыс бойына жатады.

Тәтті үйқыға батады.( Аю-медведь )

6 .Мысықтан бұл қорқады,

Бұдан піл қорқады.(Тышқан-мышь)

 

7.Көктемде көк боп туады, Бұтақтарға қонады. Малынғандай алтынға, Күзге түсі оңады.(Жапырақ-листя )

 8 .Күз болғанда қатады,

Қыстай үйықтап жатады.

Күн шуағын төккенде,

Жаратпайды көктемді.( Мұз-ледь )

 

9.Ақ мақтадай ажары,

Қыста оның базары.( Қар-снег )

 

10.Жіп-жіңішке,

Көмірдей қара

Таппасаң,бала

Басыңа қара.(Шаш-воласы)

 

«Тартыспен түскен,бейнетпен келген іс қана-шын мәнінде қымбат табыс»олай болса, келесі сайысымыз:

 «Тапқырлық сайысын».

Тапсырма:Екі конверт А және В деп белгіленген.Ұпайы аз топтаңдайды.Әр берген жауабы 10 ұпай мен бағаланады.Ұпай саны аз топтан бастаймыз.

 Іске сәт!

Мәтін құрастыру ( сурет бойынша мәтінді  құрастыру) : Астана қаласы және отбасы сюжет суреттерді пазлы арқылы жинап дұрыс тауып атау.

 Қай ойын бөлімі ұнады. Иә немесе жоқ деген жауапты белгілеңіз.

 

 

«Бәйге »

иә

жоқ

 

 

 

«Жұмбақ сандық»

 

 

 

 

 

«Тәл өнер сайысы»

 

 

 

 

 

«Тапқырлық »








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
«Өнер алды- қызыл тіл»

Автор: Козыбакова Аккенже Орынбаевна

Дата: 12.08.2019

Номер свидетельства: 517613

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Ашық сабақ: Өнер алды қызыл тіл"
    ["seo_title"] => string(33) "ashyk_sabak_onier_aldy_k_yzyl_til"
    ["file_id"] => string(6) "381552"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1484894095"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Тақырыбы: «Өнер алды- қызыл тіл»"
    ["seo_title"] => string(31) "tak_yryby_onier_aldy_k_yzyl_til"
    ["file_id"] => string(6) "452586"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1516910062"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) ""?нер алды - ?ызыл тіл""
    ["seo_title"] => string(21) "onier-aldy-k-yzyl-til"
    ["file_id"] => string(6) "286169"
    ["category_seo"] => string(7) "zavuchu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454307340"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Өнер алды – қызыл тіл"
    ["seo_title"] => string(19) "oner_aldy_kyzyl_til"
    ["file_id"] => string(6) "495198"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1547443060"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) ": «?нер алды ?ызыл-тіл» т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(37) "onier-aldy-k-yzyl-til-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "229900"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1441903651"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства