kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Наурыз – жыл басы» ертеңгілік

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кулбекова Фарида Жакановна

«Күншуақ» ортаңғы топ тәрбиешісі

«Наурыз – жыл басы»

Ертеңгілік

Музыка залы  қазақ үй және оның жабдықтарымен қазақтың ою-өрнектерімен әсем безендірілген.

Жүргізуші:

Табиғат тамсандырып тамашасын,

Тіршілік алға салып аласасын.

Наурыздың берекесін төкпей –шашпай,

Жөніміз –барлар жоққа қарасатын.

Наурыз-ұлт мейрамы, мінсіз көктем,

Жерге ырыс, нәсіп жауған зеңгір көктен.

Наурыз-сән-салтанат, пейіл тойы,

Бақытты Наурызы бар халқым неткен!

Тосын сый:

Музыка залында алдын ала балалар әдемі қызғалдақ гүлінің ішінде  тығылып отырады, музыка әуені ойнағанда балалар ортаға шығып билейді.

Жүргізуші:

Күн мен айға әлемнің,

Берем ыстық сәлемін.

Қонақтарға сүйсініп,

Иіліп сәлем беремін.

Орындалсын ойларың,

Құтты болсын тойларың.

Жарқыраған жас нұрлы,

Жаса Наурыз дәстүрлі! (музыка әуенімен күн мен түн кіреді)

Түн: Жұлдызы көп түнмін!

Күн: Сәлесі мол күнмін!

Бірдей болып бірге,

Теңелеміз бүгін!    

(интерактивты тақтадан ай мен күннің суреттері кезекпен көрсетіліп,  күн мен түннің теңелген сәтін тамашалайды)

Жаршы бала: Сүйінші! Сүйінші! Наурыз келді! Күн мен түн теңеліп, табиғат Ана оянды.

Жүргізуші:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар.

Наурыз тойы басталды

Қызықтан бос қалмаңыздар!

Балалар қазақ үйдің ішінен  шығып тойға дайындық: алтыбақан теуіп, асық ойнап жүрген, қазанның қасында, гүлден гүл шоқтарын жасап отырған қыздар, дастарханның қасында отырғандар қариялар және домбыра тартып, ән айтып жатқан көріністер жасайды.

Жүргізуші:

Ұлыс  күні кәрі –жас,

Құшақтасып  көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасып өріскен.

Ұлыс күні қар еріп,

Сай-салалар гүрілдер.

Көк шөп шығып, желкілдеп,

Дүние біткен күлімдер.

Ұлыс күні кәрі- жас,

Құшақтасып көріскен.

Қолдарында сыйлықтары бар  қонақ балалар келеді, қазақ үйдің алдында отырғандар қарсы алып, төс  қағысып, құшақтасып, амандасады.

Әжелер кіріп, күнмен амандасады.

Армысың күнім!

Армысың Жер-Анам!

Армысың халқым!

Наурыз құтты болсын!

Жүргізуші: «Аластау рәсімі»

Алас,алас,алас

Бар бәледен қалас,

Айдан аман, жылдан есен

Далақтатар даудан сақта,

Жалақтаған жаудан сақта.

Ашыққын бөріден сақта,

Қара жердің көрінен сақта.

Ашынған ұрыдан сақта,

Құлқыны құрыдан сақта.

Дауылдың бәрінен сақта,

Жыланның зәрінен сақта,

Аяқ астынан кезігер,

Бәле жаланың бәрінен сақта.

Алас,алас, алас!

Жүргізуші:

Көріңіздер көңіл бөліңіздер!

Ақ әжелер ыдысқа,

Ақ құяды көріңіздер.

Наурыз саған жол болсын!

Тілегім анық сол болсын.

Деген ырым білгенге,

Халықта ақ мол болсын!

Жүргізуші:

Ақ бүріккен қазақ талдарға,

Молшылық сырын ұқсын деп,

Май құйған бұлақ көзіне,

Майдай болып жұқсын деп.

( Ата екі немересімен келіп, талды ортаға қояды, әже талға ақ бүркіп, май құю рәсімін көрсетеді.)

Жүргізуші:

Қарақазан- қасиеті халқымның,

Бір өзінде құдіреті салтымның.

Бірлік сенен басталады әрқашан,

Сен тұрғанда керегі жоқ алтынның.

Қасиетті қазан тіршіліктің тірегі,

Бір өзіңнен қуат алған барша жанның жүрегі.

Сен бар жерде құт береке мол болып,

Тірлік-бірлік жұбын жазбай жүреді.

(4 бала тайқазанды алып келіп, ортаға қояды, әжелер 7 тағам салып, тайқазанға  наурыз көже пісіреді)

Жүргізуші:

Ашық болсын қас-қабақ,

Таспен атқанды аспен ат.

Бейтаныс та, таныс та,

Бүгін төрде бас қонақ.

Арпа, бидай, тары бар,

Қатық, малта, ағы бар.

Ішілетін, жейтіннің.

Бұл көжеде бәрі бар.

Жүргізуші: Қазақ халқында наурыз күні туған баланың атын Наурызбай қойып, 7 жасқа келгенде атқа мінгізіп, тақымын тартқан. Сол дәстүр бойынша азамат болып өсіп қалған баламызды атқа отырғызу үшін, Наурызбайды ортаға қошеметпен шақырайық. Ең жүйрік, Ақбозат атанған тай-құлынымызды ортаға алып келсін.

Бірінші  ертоқым сыйлаған,

Атының жүрісін желіп отыратын қамшыны тарту еткен.

Аңға шығып, аң  аулайтын қыран құс сыйлаған.

Еріп жүретін досы атанған тазы сыйлаған.

Ер жігіттің қаруының бірі-садақты тарту еткен.

Тіл мен көзден сақтайтын тұмар ретінде үкі тағылғын.

Ойын сауық кештерде көңілін көтеретін қасиетті домбыра тарту етілген.

Жүргізуші:

Уа, ағайын, ағайын!

Жырламай қалай қалайын.

Осынау күнді үмітпен,

Зарыға күттің талайың.

Шаттанып бүгін Жаңа жыл,

Халқына шашып жаңа нұр,

Келеді Қыдыр атамыз,

Жүректен шашып жаңа нұр!

Қыдыр бабамызды орнымыздан тұрып қошеметпен қарсы алайық ағайын! «Батаменен ер көгерер, жауынменен жер көгерер» демекші құрметті Қызыр баба кішкентай бүлдіршіндерімізге батаңызды беріңіз.

Қызыр атаның батасы:

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын.

Қайда барсаң жол болсын.

Төрт түлік мал ақты болсын.

Ұлыс береке берсін,

Бәле жала жерге енсін.

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектерің көк болсын.

Уайым қайғың жоқ болсын,

Қуаныштарың көп  болсын!

Жүргізуші:

Уа, халайық, халайық!

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойдың,

Шашуларын шашайық!

Шашу,шашу, шашу!

Жүргізуші:

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Қонақтарға  құрметтеп,

Ән маржанын шашайық!

Құрметті Наурыз тойына жиналған қонақтар! «Наурыз тойы» әнін қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:

Жалғасады сәттіліктер-ия, сәт!

Қарлығаштар үй сыртына ұя сап.

Жүрсе бақыт қонатынын хабарлап,

Бұлт көшеді ақ жаңбырдан ұя сап.

Би:«Қос қарлығаш»

Жүргізуші:

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн- көктем.

Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем!

Ән:«Көктем келді»

Жүргізуші:

Бүршік жарып жапырақ,

Жаяды көктеп, тал біткен.

Айран, сүтін көбейтіп,

Көктемде төлдер мал біткен.

Би: «Жылқышы биі»

Жүргізуші:

Бауырласқа тәнтіміз,

Бұзылмаған салтымыз.

Кең даламның ежелгі,

Қазақ деген халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз.

Ежелден келе жатқан дәстүріміздің бірі киіз басу қол өнерін ақ жаулықты әжелеріміз көрсетеді.

Жүргізуші: Тойды қалай бастаймыз?

Тартылмаса той бастар. Сый сыяпатпен қонақтарға той бастар тартылсын! Тойбастар әнін ақ жаулықты әжелеріміз айтады.

Күй: «Көңіл ашар»

Жүргізуші:

Бір анадан туғандай,

Бір ұядан ұшқандай.

Бір аспанның астында,

Бір дастархан басында

Барлық ұлттар бас қосты.

Көңілді, ақжарқын Наурыз мерекесімен құттықтауға келген  көршілес татар, орыс, кәріс халқының өкілдерін  қошеметпен ортаға шақырайық ағайын.

Би: «Татар биі», «Корей биі»,«Орыс биі»

Жүргізуші:

Сәулесі бар Наурызда таңғы үміттің,

Басын қосқан сан адам, сан ғұрыптың.

Ұлыстың ұлы  күні паш етейік,

Белгісін достықпенен мәңгіліктің!

Ән: «В нашем зале все друзья»

Жүргізуші:

Анамыздың жыры сенсің –домбыра,

Бабамыздың нұры сенсің- домбыра.

Қазағымның жүрегінен жаралған,

Даламыздың жыры сенсің-домбыра.

Ән:«Домбырасыз сән қайда»

Жүргізуші:

Жыл басы Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз тойы береке,

Тіршілік жаңа оянды.

Балабақша балаларынан құралған «Күншуақ» ансамблінің орындауында

Күй: «Бақшадағы той»

Жүргізуші: Салт дәстүрмен жараса,

Қайта құрып жаңаша.

Жарыса өнер көрсетіп,

Би билейік тамаша.

Би:«Асатаяқ биі»

Жүргізуші: Наурыз күніннің тал түс кезінде қазақтың ұлттық ойындарынан жарыс ұйымдастырылған.

Көрініс:«Ұлттық ойындар»

Жүргізуші: Наурыз кеші бата бастағанда ауыл жастары жиналып, көңілді ойын сауық құрып, айтыс ұйымдастырған.

«Айтыс» (қыз бен жігіт айтысы)

Жүргізуші:

Күттіріп келген жыл басы,

Бізбен бірге жырлашы.

Дастарханға елімнің,

Береке, ырыс сыйлашы.

Би:«Дастархан» Балабақшамыздың ең кішкентай бүлдіршіндері орындайды.

Жүргізуші:

Жарқыраған жас нұрлы,

Жаса, Наурыз дәстүрлі.

Ашылады нұрымыз.

Осынау байтақ елімде,

Айтылады жырымыз.

Хор: «Жаңа жыл, Наурыз»

Финал: «Ұлттар достығы»  Барлық қатысушылар бір шаңырақ астына жиналып, елдің татулық, бірлігін көрсетіп, мерекелік іс-шара аяқталады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Наурыз – жыл басы» ертеңгілік»

Кулбекова Фарида Жакановна

«Күншуақ» ортаңғы топ тәрбиешісі


«Наурыз – жыл басы»

Ертеңгілік

Музыка залы қазақ үй және оның жабдықтарымен қазақтың ою-өрнектерімен әсем безендірілген.

Жүргізуші:

Табиғат тамсандырып тамашасын,

Тіршілік алға салып аласасын.

Наурыздың берекесін төкпей –шашпай,

Жөніміз –барлар жоққа қарасатын.

Наурыз-ұлт мейрамы, мінсіз көктем,

Жерге ырыс, нәсіп жауған зеңгір көктен.

Наурыз-сән-салтанат, пейіл тойы,

Бақытты Наурызы бар халқым неткен!

Тосын сый:

Музыка залында алдын ала балалар әдемі қызғалдақ гүлінің ішінде тығылып отырады, музыка әуені ойнағанда балалар ортаға шығып билейді.

Жүргізуші:

Күн мен айға әлемнің,

Берем ыстық сәлемін.

Қонақтарға сүйсініп,

Иіліп сәлем беремін.

Орындалсын ойларың,

Құтты болсын тойларың.

Жарқыраған жас нұрлы,

Жаса Наурыз дәстүрлі! (музыка әуенімен күн мен түн кіреді)

Түн: Жұлдызы көп түнмін!

Күн: Сәлесі мол күнмін!

Бірдей болып бірге,

Теңелеміз бүгін!

(интерактивты тақтадан ай мен күннің суреттері кезекпен көрсетіліп, күн мен түннің теңелген сәтін тамашалайды)

Жаршы бала: Сүйінші! Сүйінші! Наурыз келді! Күн мен түн теңеліп, табиғат Ана оянды.

Жүргізуші:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар.

Наурыз тойы басталды

Қызықтан бос қалмаңыздар!

Балалар қазақ үйдің ішінен шығып тойға дайындық: алтыбақан теуіп, асық ойнап жүрген, қазанның қасында, гүлден гүл шоқтарын жасап отырған қыздар, дастарханның қасында отырғандар қариялар және домбыра тартып, ән айтып жатқан көріністер жасайды.

Жүргізуші:

Ұлыс күні кәрі –жас,

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасып өріскен.

Ұлыс күні қар еріп,

Сай-салалар гүрілдер.

Көк шөп шығып, желкілдеп,

Дүние біткен күлімдер.

Ұлыс күні кәрі- жас,

Құшақтасып көріскен.

Қолдарында сыйлықтары бар қонақ балалар келеді, қазақ үйдің алдында отырғандар қарсы алып, төс қағысып, құшақтасып, амандасады.

Әжелер кіріп, күнмен амандасады.

Армысың күнім!

Армысың Жер-Анам!

Армысың халқым!

Наурыз құтты болсын!

Жүргізуші: «Аластау рәсімі»

Алас,алас,алас

Бар бәледен қалас,

Айдан аман, жылдан есен

Далақтатар даудан сақта,

Жалақтаған жаудан сақта.

Ашыққын бөріден сақта,

Қара жердің көрінен сақта.

Ашынған ұрыдан сақта,

Құлқыны құрыдан сақта.

Дауылдың бәрінен сақта,

Жыланның зәрінен сақта,

Аяқ астынан кезігер,

Бәле жаланың бәрінен сақта.

Алас,алас, алас!

Жүргізуші:

Көріңіздер көңіл бөліңіздер!

Ақ әжелер ыдысқа,

Ақ құяды көріңіздер.

Наурыз саған жол болсын!

Тілегім анық сол болсын.

Деген ырым білгенге,

Халықта ақ мол болсын!

Жүргізуші:

Ақ бүріккен қазақ талдарға,

Молшылық сырын ұқсын деп,

Май құйған бұлақ көзіне,

Майдай болып жұқсын деп.

( Ата екі немересімен келіп, талды ортаға қояды, әже талға ақ бүркіп, май құю рәсімін көрсетеді.)

Жүргізуші:

Қарақазан- қасиеті халқымның,

Бір өзінде құдіреті салтымның.

Бірлік сенен басталады әрқашан,

Сен тұрғанда керегі жоқ алтынның.

Қасиетті қазан тіршіліктің тірегі,

Бір өзіңнен қуат алған барша жанның жүрегі.

Сен бар жерде құт береке мол болып,

Тірлік-бірлік жұбын жазбай жүреді.

(4 бала тайқазанды алып келіп, ортаға қояды, әжелер 7 тағам салып, тайқазанға наурыз көже пісіреді)

Жүргізуші:

Ашық болсын қас-қабақ,

Таспен атқанды аспен ат.

Бейтаныс та, таныс та,

Бүгін төрде бас қонақ.

Арпа, бидай , тары бар,

Қатық, малта, ағы бар.

Ішілетін, жейтіннің.

Бұл көжеде бәрі бар.

Жүргізуші: Қазақ халқында наурыз күні туған баланың атын Наурызбай қойып, 7 жасқа келгенде атқа мінгізіп, тақымын тартқан. Сол дәстүр бойынша азамат болып өсіп қалған баламызды атқа отырғызу үшін, Наурызбайды ортаға қошеметпен шақырайық. Ең жүйрік, Ақбозат атанған тай-құлынымызды ортаға алып келсін.

Бірінші ертоқым сыйлаған,

Атының жүрісін желіп отыратын қамшыны тарту еткен.

Аңға шығып, аң аулайтын қыран құс сыйлаған.

Еріп жүретін досы атанған тазы сыйлаған.

Ер жігіттің қаруының бірі-садақты тарту еткен.

Тіл мен көзден сақтайтын тұмар ретінде үкі тағылғын.

Ойын сауық кештерде көңілін көтеретін қасиетті домбыра тарту етілген.

Жүргізуші:

Уа, ағайын, ағайын!

Жырламай қалай қалайын.

Осынау күнді үмітпен,

Зарыға күттің талайың.

Шаттанып бүгін Жаңа жыл,

Халқына шашып жаңа нұр,

Келеді Қыдыр атамыз,

Жүректен шашып жаңа нұр!

Қыдыр бабамызды орнымыздан тұрып қошеметпен қарсы алайық ағайын! «Батаменен ер көгерер, жауынменен жер көгерер» демекші құрметті Қызыр баба кішкентай бүлдіршіндерімізге батаңызды беріңіз.

Қызыр атаның батасы:

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын.

Қайда барсаң жол болсын.

Төрт түлік мал ақты болсын.

Ұлыс береке берсін,

Бәле жала жерге енсін.

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектерің көк болсын.

Уайым қайғың жоқ болсын,

Қуаныштарың көп болсын!

Жүргізуші:

Уа, халайық, халайық!

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойдың,

Шашуларын шашайық!

Шашу,шашу, шашу!

Жүргізуші:

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Қонақтарға құрметтеп,

Ән маржанын шашайық!

Құрметті Наурыз тойына жиналған қонақтар! «Наурыз тойы» әнін қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:

Жалғасады сәттіліктер-ия, сәт!

Қарлығаштар үй сыртына ұя сап.

Жүрсе бақыт қонатынын хабарлап,

Бұлт көшеді ақ жаңбырдан ұя сап.

Би:«Қос қарлығаш»

Жүргізуші:

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн- көктем.

Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем!

Ән:«Көктем келді»

Жүргізуші:

Бүршік жарып жапырақ,

Жаяды көктеп, тал біткен.

Айран, сүтін көбейтіп,

Көктемде төлдер мал біткен.

Би: «Жылқышы биі»

Жүргізуші:

Бауырласқа тәнтіміз,

Бұзылмаған салтымыз.

Кең даламның ежелгі,

Қазақ деген халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз.

Ежелден келе жатқан дәстүріміздің бірі киіз басу қол өнерін ақ жаулықты әжелеріміз көрсетеді.

Жүргізуші: Тойды қалай бастаймыз?

Тартылмаса той бастар. Сый сыяпатпен қонақтарға той бастар тартылсын! Тойбастар әнін ақ жаулықты әжелеріміз айтады.

Күй: «Көңіл ашар»

Жүргізуші:

Бір анадан туғандай,

Бір ұядан ұшқандай.

Бір аспанның астында,

Бір дастархан басында

Барлық ұлттар бас қосты.

Көңілді, ақжарқын Наурыз мерекесімен құттықтауға келген көршілес татар, орыс, кәріс халқының өкілдерін қошеметпен ортаға шақырайық ағайын.

Би: «Татар биі», «Корей биі»,«Орыс биі»

Жүргізуші:

Сәулесі бар Наурызда таңғы үміттің,

Басын қосқан сан адам, сан ғұрыптың.

Ұлыстың ұлы күні паш етейік,

Белгісін достықпенен мәңгіліктің!

Ән: «В нашем зале все друзья»

Жүргізуші:

Анамыздың жыры сенсің –домбыра,

Бабамыздың нұры сенсің- домбыра.

Қазағымның жүрегінен жаралған,

Даламыздың жыры сенсің-домбыра.

Ән:«Домбырасыз сән қайда»

Жүргізуші:

Жыл басы Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз тойы береке,

Тіршілік жаңа оянды.

Балабақша балаларынан құралған «Күншуақ» ансамблінің орындауында

Күй: «Бақшадағы той»

Жүргізуші: Салт дәстүрмен жараса,

Қайта құрып жаңаша.

Жарыса өнер көрсетіп,

Би билейік тамаша.

Би:«Асатаяқ биі»

Жүргізуші: Наурыз күніннің тал түс кезінде қазақтың ұлттық ойындарынан жарыс ұйымдастырылған.

Көрініс:«Ұлттық ойындар»

Жүргізуші: Наурыз кеші бата бастағанда ауыл жастары жиналып, көңілді ойын сауық құрып, айтыс ұйымдастырған.

«Айтыс» (қыз бен жігіт айтысы)

Жүргізуші:

Күттіріп келген жыл басы,

Бізбен бірге жырлашы.

Дастарханға елімнің,

Береке, ырыс сыйлашы.

Би:«Дастархан» Балабақшамыздың ең кішкентай бүлдіршіндері орындайды.

Жүргізуші:

Жарқыраған жас нұрлы,

Жаса, Наурыз дәстүрлі.

Ашылады нұрымыз.

Осынау байтақ елімде,

Айтылады жырымыз.

Хор: «Жаңа жыл, Наурыз»

Финал: «Ұлттар достығы» Барлық қатысушылар бір шаңырақ астына жиналып, елдің татулық, бірлігін көрсетіп, мерекелік іс-шара аяқталады.



















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Наурыз – жыл басы» ертеңгілік

Автор: Кулбекова Фарида Жакановна

Дата: 05.04.2017

Номер свидетельства: 406726

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) "Аралас топтарына арналған "Наурыз - жыл басы " ертеңгілігі"
    ["seo_title"] => string(54) "aralas_toptaryna_arnalgan_nauryz_zhyl_basy_ertengiligi"
    ["file_id"] => string(6) "505655"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1554144126"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Наурыз- жыл басы. Ашы? т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(38) "nauryz-zhyl-basy-ashyk-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "185795"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426242570"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(92) "Урок на тему "Наурыз-жыл басы, наурыз -ба?ыт жал?асы""
    ["seo_title"] => string(44) "uroknatiemunauryzzhylbasynauryzbakytzhalgasy"
    ["file_id"] => string(6) "311058"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1459150602"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Наурыз – жыл басы!"
    ["seo_title"] => string(18) "nauryz_zhyl_basy_1"
    ["file_id"] => string(6) "394232"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1487668847"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Наурыз-жыл басы"
    ["seo_title"] => string(18) "nauryz-zhyl-basy-9"
    ["file_id"] => string(6) "316683"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1460136317"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства