kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Аралас топтарына арналған "Наурыз - жыл басы " ертеңгілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жыл басы -Наурыз!

Мақсаты:  Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру;
                   Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге   
                    тәрбиелеу;                                                                                                       Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
 
 Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады.  
Залда әсем әуен ойнап тұрады.


Жүргізуші: Жер әлемді жайнатып, әнші құстар сайратып, наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың ұлы күні келді ағайын. Той құтты болсын! Ақ мол болсын!  Армысыздар  құрметті  қонақтар. 
Ортаға екі бала шығады.
1-бала : Ассалаумағалейкум
                Ұлыс оң болсын
                Ақ мол болсын!
2-бала: Уағалейкумссалам
             Ұлыс оң болсын
             Пәле – жала жерге енсін!
Екі бала төс қағыстырып аман – саулық сұрасады.
Жүргізуші: Ұлыс күндеріңіз құтты  болсын!
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!

(Әжесі ортаға келеді. Әжесі шашу шашады)
Әже:    Наурызым, құт әкелсін елімізге
Береке, ырыс кірсін жерімізге
Жаңа жыл елімізді жарылқасын
Қиналып әр отбасы тарықпасын
Ата – әжей келгенде қуанғандай
Немерелерімді қуаныштан арытпасын.
Жүргізуші:  Жасай бер жаңа күн!
Туа берсін жаңа күн
Дүр сілкінсін дала бір
Құтты болсын жаңа жыл!
Құтты болсын Наурыз – той,
Құтты болсын Жаңа жыл!

I, II кіші топ балаларынан тақпақтарын қабыл алыңыздар:                     

Нурбол:        Наурыз келді құт болып,
                       Мына бізге сүт болып.
                       Аққа аузымыз толады,
                      Бар жақсылық болады!

Карим:             Наурыз тойым!
                       Наурыз тойым,
                       Құтты болсын халайық!
                       Қане, достар, қане, достар!

                       Шырқап әнге салайық.

Ерсұлтан:     Наурыз тойы – тамаша 

                      Наурыз тойы  - жаңаша,

                     Табиғат та, тамаша

                     Тамылжып тұр жарасы        

Асылмұрат: Көктем келді, балақай

                     Жасарды жер алақай.

                     Наурыз тойын тойлайық,

                     Әсем әнге салайық.       

С.Ерасыл:  Ашылды да кебеже

                     Дәм ізірлеу басталды

                     Әжеми Наурыз көжеге

                     Жеті түрлі ас салды.      

Мансур:     Наурыз келді тамаша,

                    Ән айтамыз таласа

                    Атам, әжем той тойлап

                    Қуанып жүр балаша

                    Би билейміз тамаша! 

Жадыра: Наурыз келді еліме

                  Наурыз келді жеріме

                  Байлық бақыт тілеймін

                  Бүкіл қазақ еліне

Ұлдарбиі: «Шабандоздар»
ІІ. Негізгі бөлім:
Құрметті қонақтар, сіздерге арналған бақша бүлдіршіндерінің «Жыл 12 ай» ертегісінің желісімен қойылған «Жыл басы- Наурыз» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.
                    Көрініс.
Ең ерте заманда хайуандар жылдың басы болуға таласыпты.

Сонда жылқы айтыпты:

— Мен алысты жақын қыламын. Күшімді көреді, сүтімді ішеді, қылыма шейін арқан, жіп еседі. Адамға менен пайдалы мал жоқ, жыл ағасы мен боламын, – дейді.

Түйе айтады:

— Сен адамның жұмысын қылсаң, сұлы, шөп асайтын тамағың үшін құл болдың, міне, мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, неше айшылық алыс жерлерге барамын. Аш болдым деп, арпа, сұлы сұрамаймын. Көде болса, көде, жусан болса, жусан, не кез келсе, соны қорек етіп, табылса, су ішіп, табылмаса, шөлде де жолға жүре беремін. Жыл басы болу маған лайық.

Сиыр айтады:

— Адам егін ексе, менімен егеді, сүтімді ішеді, құрт-май істейді, жыл басы болу маған лайық.

Қой айтады:

— Мен болмасам, қазақ үйін немен жабар еді. Жүнімді алып, киіз басады, жабағымнан киім тігеді, арқан, жіп еседі. Сүтімнен құрт-май алады, шаруаға менен пайдалыларың жоқ.

Ит айтады:

— Мен болмасам, сендердің көбіңді не ұрлап, не қасқыр жеп тауысар еді. Мен сендердің баршаларыңның бақташыңмын, дұшпан көрінсе, үріп, абалап, иеме хабар беремін.

Тауық айтады:

— Мен болмасам, кісі ерте жұмысына бармай, ұйықтап қалар еді. Мен ерте тұрып, таң атты деп шақырып, хабар айтамын. Кеш болса, жатар мезгіл болды деп, тағы шақырамын.

Тышқан не айтарын білмей тұрады да бір түрлі қулық ойлап, жиылған көпке айтады:

— Бұл таластан еш нәрсе өнбес, жылды қарап тұралық та кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын.

Өзгелері қарап тұрғанда, түйе өзінің бойына сеніп: «Менен бұрын кім көреді?», – деп, тышқанның сөзін қостайды. Бөрі қарасып тұрады.   Біраздан соң тышқан жорғалап, түйенің өркешіне шығып отырады. Көп хайуан таласып: «Біз көреміз, біз көреміз»,–деп тұрғанда, ең биікте отырған тышқанды көріп, еш нәрсе демепті.

Жүргізуші: Ұлы күні ұлыстың
                 Күн мен түнді теңеген
                 Тәтті дәмін ырыстың
                 Таттық Наурыз көжеден

 Ортада «Ойыншықтар» әнімен  Ортаңғы, ересек топтарын  қошеметпен шақырайық.

Жүргізуші:   Ұлы күні кәрі- жас,
                      Құшақтасып көріскен.
                     
Жаңа ағытқан қозыдай,
                      Жамырасып өсірген.
                      Наурыз той құтты болсын! 

Жүргізуші: Наурыз келсе,құт келгені, халайық!
                     Есік ашып,шашу шашып,
                     Ел боп қарсы алайық дей келе, «Домбыра» биін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:  Ұлы күні ұлыстың
                     Күн мен түнді теңеген

                     Тәтті дәмін ырыстың
                    Таттық Наурыз көжеден.

Айлана мен Айбибінің орындауында «Қасиетті домбыра» әнің қабыл алыңыздар. 

Наурыз құтты болсын!

Дендеріміз сау, мықты болсын!
                      Наурыз тойы келе берсін!
                      Барлық халық бақытты болсын,
                      Қош,сау болыңыздар, халайық!
                      Көріскенші күн жарық болсын!
Барлықтарыңызды  Наурыз  дастарханына шақырамыз. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Аралас топтарына арналған "Наурыз - жыл басы " ертеңгілігі»

«Балбөбек» бөбектер бақшасы МҚКК





22 наурыз мерекесіне арналған

ертеңгілік



«Жыл басы – Наурыз!»







Дайындаған: Қ.Қ.Биртай





2018 – 2019 оқу жылы

Жыл басы -Наурыз!

Мақсаты:  Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру;
                   Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге   
                    тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
 
 Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады.  
Залда әсем әуен ойнап тұрады.


Жүргізуші: Жер әлемді жайнатып, әнші құстар сайратып, наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың ұлы күні келді ағайын. Той құтты болсын! Ақ мол болсын!  Армысыздар  құрметті  қонақтар. 
Ортаға екі бала шығады.
1-бала : Ассалаумағалейкум
                Ұлыс оң болсын
                Ақ мол болсын!
2-бала: Уағалейкумссалам
             Ұлыс оң болсын
             Пәле – жала жерге енсін!
Екі бала төс қағыстырып аман – саулық сұрасады.
Жүргізуші: Ұлыс күндеріңіз құтты  болсын!
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!

(Әжесі ортаға келеді. Әжесі шашу шашады)
Әже:    Наурызым , құт әкелсін елімізге
Береке, ырыс кірсін жерімізге
Жаңа жыл елімізді жарылқасын
Қиналып әр отбасы тарықпасын
Ата – әжей келгенде қуанғандай
Немерелерімді қуаныштан арытпасын.
Жүргізуші:  Жасай бер жаңа күн!
Туа берсін жаңа күн
Дүр сілкінсін дала бір
Құтты болсын жаңа жыл!!
Құтты болсын Наурыз – той,
Құтты болсын Жаңа жыл!

I , II кіші топ балаларынан тақпақтарын қабыл алыңыздар:                     

Нурбол:        Наурыз келді құт болып,
                       Мына бізге сүт болып.
                       Аққа аузымыз толады,
                      Бар жақсылық болады!

Карим:        Наурыз тойым!
                       Наурыз тойым,
                       Құтты болсын халайық!
                       Қане, достар, қане, достар!

Шырқап әнге салайық.

Ерсұлтан:   Наурыз тойы – тамаша 

Наурыз тойы - жаңаша,

Табиғат та, тамаша

Тамылжып тұр жарасы   

Асылмұрат: Көктем келді, балақай

Жасарды жер алақай.

Наурыз тойын тойлайық,

Әсем әнге салайық.

С.Ерасыл: Ашылды да кебеже

Дәм ізірлеу басталды

Әжеми Наурыз көжеге

Жеті түрлі ас салды.

Мансур: Наурыз келді тамаша,

Ән айтамыз таласа

Атам, әжем той тойлап

Қуанып жүр балаша

Би билейміз тамаша!

Жадыра: Наурыз келді еліме

Наурыз келді жеріме

Байлық бақыт тілеймін

Бүкіл қазақ еліне

Ұлдарбиі: «Шабандоздар»
ІІ. Негізгі бөлім:
Құрметті қонақтар, сіздерге арналған бақша бүлдіршіндерінің «Жыл 12 ай» ертегісінің желісімен қойылған «Жыл басы- Наурыз» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.
                    Көрініс.
Ең ерте заманда хайуандар жылдың басы болуға таласыпты.

Сонда жылқы айтыпты:

— Мен алысты жақын қыламын. Күшімді көреді, сүтімді ішеді, қылыма шейін арқан, жіп еседі. Адамға менен пайдалы мал жоқ, жыл ағасы мен боламын, – дейді.

Түйе айтады:

— Сен адамның жұмысын қылсаң, сұлы, шөп асайтын тамағың үшін құл болдың, міне, мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, неше айшылық алыс жерлерге барамын. Аш болдым деп, арпа, сұлы сұрамаймын. Көде болса, көде, жусан болса, жусан, не кез келсе, соны қорек етіп, табылса, су ішіп, табылмаса, шөлде де жолға жүре беремін. Жыл басы болу маған лайық.

Сиыр айтады:

— Адам егін ексе, менімен егеді, сүтімді ішеді, құрт-май істейді, жыл басы болу маған лайық.

Қой айтады:

— Мен болмасам, қазақ үйін немен жабар еді. Жүнімді алып, киіз басады, жабағымнан киім тігеді, арқан, жіп еседі. Сүтімнен құрт-май алады, шаруаға менен пайдалыларың жоқ.

Ит айтады:

— Мен болмасам, сендердің көбіңді не ұрлап, не қасқыр жеп тауысар еді. Мен сендердің баршаларыңның бақташыңмын, дұшпан көрінсе, үріп, абалап, иеме хабар беремін.

Тауық айтады:

— Мен болмасам, кісі ерте жұмысына бармай, ұйықтап қалар еді. Мен ерте тұрып, таң атты деп шақырып, хабар айтамын. Кеш болса, жатар мезгіл болды деп, тағы шақырамын.

Тышқан не айтарын білмей тұрады да бір түрлі қулық ойлап, жиылған көпке айтады:

— Бұл таластан еш нәрсе өнбес, жылды қарап тұралық та кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын.

Өзгелері қарап тұрғанда, түйе өзінің бойына сеніп: «Менен бұрын кім көреді?», – деп, тышқанның сөзін қостайды. Бөрі қарасып тұрады.   Біраздан соң тышқан жорғалап, түйенің өркешіне шығып отырады. Көп хайуан таласып: «Біз көреміз, біз көреміз»,–деп тұрғанда, ең биікте отырған тышқанды көріп, еш нәрсе демепті.

Жүргізуші: Ұлы күні ұлыстың
                 Күн мен түнді теңеген
                Тәтті дәмін ырыстың
                 Таттық Наурыз көжеден

Ортада «Ойыншықтар» әнімен Ортаңғы, ересек топтарын қошеметпен шақырайық.

Жүргізуші: Ұлы күні кәрі- жас,
                      Құшақтасып көріскен.
                      Жаңа ағытқан қозыдай,
                    Жамырасып өсірген.
                      Наурыз той құтты болсын! Ортаңғы және ересек топ балаларының тақпақтарын тамашалаңыздар:

Айзере: Жарқырайды күніміз,

Жайқалып жас гүлімізі.

Бақта құстар сайрайды.

Жайнап көктем нұрымен,

Жаңа дәстүр жырымен

Ел наурызды тойлайды.

Гульмира: Көктем қандай көңілді,

Күміс жаңбыр төгілді.

Мөлдір аспан ашылып,

Күн пердесі сөгілді.


Айлана: Жыршы құстар көп келді

Гүлдер жапты бөктерді

Кел балалар әнменен

Қарсы алайық көктемді.

Мирас: Келе жатыр жылымыз,

Тойлайықшы мұны біз

Шаттардырған ұл-қызды,

Қарсы алайық Наурызды!

Диана: Наурыз тойы тамаша,

Наурыз тойы жаңаша!

Түрленуде табиғат,

Көктемменен жараса.

Нұрасыл: Армысыңдар, ағайын!

Бармысыңдар, ағайын!

Ұлыс бақты болсын,

Әр күніміз жақсы болсын!

Дарын: Наурыз тойын жұп жазбай,

Жылда қарсы алайық!

Мерекелеп жыл басын,

Әсем әнге салайық!

Томирис: Наурыз күні – той – думан,

Ортамызды ашайық

Думандатып би билеп,

Інжу - маржан шашайық.


Айбибі: Наурыз келді тамаша,

Ән айтамыз таласа!

Наурыз келді жараса,

Апам, атам той тойлап,

Қуанып жүр балаша.

Ғани: Қандай қызық көктемде,

Күн шуағын төккенде.

Көктем күні керемет,

Жаңбыр жауып себелеп.

Алия: Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын.

Наурыз тойы құтты болсын!

Жүргізуші: Наурыз келсе,құт келгені, халайық!
                     Есік ашып,шашу шашып,
                    Ел боп қарсы алайық дей келе, «Домбыра» биін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Ұлы күні ұлыстың
                    Күн мен түнді теңеген

                     Тәтті дәмін ырыстың
                    Таттық Наурыз көжеден.

Айлана мен Айбибінің орындауында «Қасиетті домбыра» әнің қабыл алыңыздар. 

Наурыз құтты болсын!

Дендеріміз сау, мықты болсын!
                      Наурыз тойы келе берсін!
                      Барлық халық бақытты болсын,
                      Қош ,сау болыңыздар, халайық!
                      Көріскенші күн жарық болсын!
Барлықтарыңызды  Наурыз  дастарханына шақырамыз. 






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Аралас топтарына арналған "Наурыз - жыл басы " ертеңгілігі

Автор: Биртай Құндыз Қабдолақызы

Дата: 01.04.2019

Номер свидетельства: 505655


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства