kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Наурыз жыл басы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру  саласы: Коммуникация

Бөлімі: Драма

Тақырыбы: Әз – Наурыз.

Мақсаты: Наурыз мейрамы  жайлы түсінік беру. Наурыз айының  шығыс  халықтарында жыл басы саналатындығын сәбилер санасына жеткізу. Наурыз мерекесінің қатысушыларының кейпіне еніп мерекелік көңіл – күй тудыру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін таныстыру. Ұлттық салт - дәстүрлерді құрметтеп, оларды  мақтан етуге тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтары: Бесік, бесік әбзелдері

Сөздік жұмыс: Бесік

Билингвальді компонент: Бесік – колыбель, бесік жыры – колыбельная песня.

Мотивациялық-қозғаушылық:

Шаттық шеңбері:

Шеңбер болып тұрайық,

Алақанды созайық.

Күннің нұрын алайық,

Жылынған жүрек жылуын,

Бір-бірімізге  шашайық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:

Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп  жатыр нұр көктем
Жарығымен, шуағымен  Күн - Ана
Алып келдің жер бетіне нұр көктем!
Осыншама жақсылық,
Алып келдің  Наурызым!
Төрлет  бізге нұр болып,
Шуақ  шашып  нұр  жүзің!
Ұлыстың  ұлы күні құтты болсын!
   Наурыз  - қазақ  халқының шын мағынасындағы  ұлттық мейрамы.  Бұл күн мен түн теңелетін мереке. Сондықтанда халқымыз  Наурызды  «Жыл басы» деп атайды.
Наурыз  мерекесі  көктеммен  бірге келеді. Өйткені көктемде жер дүние жасарып,  жаңарады,  өмірге  қайта келеді. Осы  тіршілікпен  бірге, адамдардың да өмірі жандалады, жайнай түседі.

-Балалар, Наурыз тойы жайлауда өтеді. Осындай мереке күні ауылға барып, әжемізді  Ұлыстың  ұлы  күні наурыз мерекесімен  құттықтап қайтайық.
Ол үшін біз, Ләззат әжейдің  жайлауына қонаққа барайық. Жайлауға мына сиқырлы көрпешеге  отырып,  ұшып барамыз. 

-Міне, біз Ләззат әжейдің жайлауына да келдік. Наурыз мейрамында Наурыз көже пісіріледі.  Наурыз  көже  Наурыз мейрамының  негізгі  тағамы. Оған  7 түрлі  тағам  қосылады. Олар:  қыстан  қалған  сүр,  айран,  сүт, тұз, құрт, тары, бидай. 

-Сәлеметсіз бе, Ләззат әжей! Біз сізге қонаққа келдік.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Сүйінші, сүйінші дүниеге сәби келді! (Қолында қамшысы бар бір бала жүгіріп келеді. Әже сүйіншісін береді.)

-Сәбилерің құтты болсын! Баланың бауы берік болсын! Кішкентай сәбиді әкеліңдер азан шақырып атын қояйық!(Алихан айтды. Құндақталған сәбиді алып келеді.)

-Сен Наурыз мерекесі күні дүниеге келгесін сенің атыңды Наурызбай қоямыз,  Сенің атың «Наурызбай»  Сенің атың «Наурызбай»  Сенің атың «Наурызбай»  үш рет құлағына айқайлайды.  (Айнат айтады.)

-Енді дүниеге келген сәбиді бесікке салайық! Балалар, бесікке салу үшін бесік, қолбау, аяқбау, шүмек, көрпе, көпшік керек. Бесікті аластап, тыштырма жасап, баланы бесікке бөлейді.

Халқымызда  бесік – қасиетті мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Бесікке салу жолы жасы үлкен немесе елдің құрметті, өнегелі әжелеріне жүктеледі. Ол бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Осындай қуаныш үстінде «Бесік жыры» айтылады. Мерекелік дастарқан жайылып, бесікке салған адамға кәделі сый береді. (Бесік жыры әні орындалады.)

Бесіктің сәби денсаулығына, тазалығына пайдасы өте зор. Бесіктегі сәбидің бойы, қол-аяғы түзу болады. Сондай-ақ бесік баланы суық пен ыстықтан қорғайды.

Бесік ағаштан  жасалады. Бесікті баланың нағашы жұрты арнайы жасатады. Баланы көзден сақтасын  деп бесікке тұмар тағады.

-Әже біздің балаларың сізге  сый  ретінде дайындаған,  Наурыз туралы тақпақтарын айтып берсін.

Іңкәр:

Наурыз келді еліме,

Наурыз келді жеріме.

Байлық, бақыт тілеймін,

Бүкіл қазақ еліне.

Інжу:

Әр үйде кісілер,

Наурыз көже пісірер.

Табиғат та құлпырып,

Күн шуағы елжірер.

Назым:

Наурызбен құттықтап,

Алыс-жақын қауышты.

Көктемдегі жарқын сәт,

Көңілдерге ауысты.

Аруна:

Ой, халайық, халайық,

Әсем әнге салайық.

Наурыз тойын көңілді,

Бірге қарсы алайық.

Айнамкөз:

Жылдың басы Наурыз,

Жердің басы Наурыз.

Мерекеге арналсын,

Бүгінгі жыр әніміз.

-Ал, балалар, ешбір той ойынсыз өтпейді. Сендермен бірігіп «Қыз қуу» оынын ойнап жіберейік. Шарты: Екі атқа мінген ұл мен қыз.  Қыз алдында тұрады, ал ұл артында. Ұл бала қыз баланы қуып жетуі керек. Егер ұл бала қыз баланы қуып жетсе, қыз бала орамалын береді.

-Жарайсыңдар, балалар! Ләззат әжейге рақметімізді айтып, сиқырлы көрпешеге отырып алып тобымызға қайтайық. (Барлығы  рақметтерін айтады.)

Жаңғыртқан дәстүрімізді рахмет елім,
Тербетсін  шаттық  әні қазақ  жерін
Той бастаған  қадамын  құтты  болсын,
Дәстүрлі тамыр  алып, өркен  жайсын
Қош болыңыз, Наурызым  ардақты
Халқым саған бар үмітін жалғапты!
Жылда  осылай  келе  берсін жарасып!
Ұлыстың ұлы күні  құтты  болсын!
Наурыз  береке – бірлік әкелсін!

Қорытынды:

-Балалар,  біз қайда бардық?

-Қандай мерекемен таныстық?

-Наурыз мерекесі қандай мереке?

-Қандай салт – дәстүрмен таныстық?

-Қандай ұлттық ойын ойнадық?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Наурыз жыл басы.»

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Наурыз жыл басы.

Автор: Абишева Жанар Айтбаевна

Дата: 10.09.2018

Номер свидетельства: 477427

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Наурыз- жыл басы. Ашы? т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(38) "nauryz-zhyl-basy-ashyk-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "185795"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426242570"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(92) "Урок на тему "Наурыз-жыл басы, наурыз -ба?ыт жал?асы""
    ["seo_title"] => string(44) "uroknatiemunauryzzhylbasynauryzbakytzhalgasy"
    ["file_id"] => string(6) "311058"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1459150602"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "«Наурыз-жыл басы»"
    ["seo_title"] => string(16) "nauryz_zhyl_basy"
    ["file_id"] => string(6) "364857"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1480652128"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Наурыз – жыл басы!"
    ["seo_title"] => string(18) "nauryz_zhyl_basy_1"
    ["file_id"] => string(6) "394232"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1487668847"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "ЗАТТЫ? ?ИМЫЛЫН БІЛДІРЕТІН С?ЗДЕР.                    НАУРЫЗ – ЖЫЛ БАСЫ"
    ["seo_title"] => string(45) "zattynkimylynbildirietinsozdiernauryzzhylbasy"
    ["file_id"] => string(6) "323532"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461930639"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства