Балаларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Наурыз жыл басы!»»
Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№13 «Ақбота» бөбекжай-бақшасы
«Наурыз жыл басы!»
Ертеңгілік
Ересек топ «ГҮЛІМ»
Тәрбиешілер: Бурбаева А.Н.
Успанова А.О
2015 – 2016 оқу жылы.
Мақсаты: Балаларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Құралдар: арқан, таяқша, орамал, Наурыз көжеге қосылатын азық түлік, бауырсақ, қамшылар, асықтар, бесік, күбі, сәукеле, көрпешелер, ақ жол
Жүргізуші: Армысыздар, қонақтар. 22 наурыз көктеммен бірге келіп, халқымызды қуантып, жер-әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, жерімізді, елімізді жаңғыртып келіп жатқан Ұлыстың ұлы күні – Наурыз тойларың құтты болсын! Ақ мол болсын, деңдерің сау болсын, отбасыларың аман, еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын! Тойымыз тойға ұлассын, ағайын! «Наурыз жыл басы» атты мерекелік ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Музыка әуенімен балалар залға кіреді. Ұлдар амандасып, қыздар тағамдармен кіреді.
Майдан Әділет: Уа, ағайын, халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтын
Наурыз тойын бастайық!
Жүргізуші: Наурыз келсе, құт келгені, халайық,
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық.
Ал, қанеки, ағайын,
Шашуымды шашайын,
Басы болсын бұл тойдың,
Теруге, қане, кім дайын?
Ж. Амина: Наурыз келді алақай,
Кел билейік балақай,
Біз де қарап тұрмайық,
Тойға шашу шашайық.
Жүргізуші: Қыздардың орындауында «Шашу» биі.
Қыздар Шашу шашылады.
Жүргізуші: Бүгін – Ұлыстың ұлы күні. Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы. Наурыз салтанаты! Бұл күн аталарымыз бен әжелеріміз үй-үйді, ауыл-ауылды аралап, Наурыз көжеден дәм татады. Үлкен-кішіге ақ баталарын беріп, ізгі тілек тілеседі.«Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы болар» деп нақыл айтып, ауыл арасын ауызбірлікке, татулыққа, ынтымаққа шақыратын. Жыл басы – Наурыз күні айтылған бұл тілектер ақ болып, толық орындалады деп ырым ететін. Солай болса, наурызға арналған батаны алайық.
Жүргізуші: Рахмет Алдар Көсе, енді сіз төрге шығып, балалардың өнерін тамашалаңыз. Келесі кезекті «Ұлытау» тобының күйіне қойылған ұлдар биі.
«Батырлар биі» күйіне қойылған ұлдар биі.
Жұлдыз: Наурыз тойы - тамаша,
Наурыз тойы – жанаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
Таймас: Наурыз тойы елдің тойы,
Көктем тойы төлдің тойы.
Ән айтатын күні бойы
Жақсы көрем Наурыз тойын!
Альмухамед: Жылдың басы НАурыз
Жердің басы наурыз
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр әніміз.
Алдар Көсе «Асық ату» ойынын ойнатады.
Ақжан: Наурыз келді мінекей,
Балалар жүр әнекеи
Қуаныштан ән салып
Би билейік кәнекей.
«Қара Жорға» биі.
«Салт-дәстүрлер» сахналау.
«Аяқ тірес» ойыны.
Барысы: Екі бала ортаға шығып аяқтарын тіресіп отырады, екуінің ортасында бір таяқшаны екі қолмен ұстап тартысады.
Жүргізуші: Тәтті болып жасалған,
Жеті түрлі дәмі бар
Наурыз тойы онсыз өтпейді
Наурыз көже деген аты бар.
Жүргізуші: Наурыз мерекесіне арнап дастархан жайылады. Оған: бауырсақ, шелпек, жент, құрт, наурыз көже, қазы, қарта деген тағамдар қойылады. Наурыз көжеге тоқталатын болсақ, ол ұлттық тағам. Наурыз көже келер жылы ырысты болсын, өскін мол болсын деген тілекпен Наурыз тойында әр шаңырақта міндетті түрде әзірлеген. Дәстүр бойынша оған тары, күріш, сүт, ет, су, тұз, құрт сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылуы тиіс. Олай болса, біз де Наурыз көже тағамын дайындайық.
Наурыз көже дайындау.
Жүргізуші: Міне, наурыз көже осылай дайындалады. Рахмет сіздерге аналар. Мерекеге дастарханымыз дайын, олай болса «Дастархан» әнін айтайық.
«Дастархан» әні.
Жүргізуші: Наурыз құтты болсын!
Дендеріңіз сау, мықты болсын!
Әр отбасыңда құт-береке болсын.
Осымен Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігімізді аяқтаймыз.