«Анаға қарап қыз өсер...»
Мақсаты: Көктем мерекесіне орай өткізілген сайыста қыздарды әдептілікке, әсемділікке, инабаттылыққа, сыпайылыққа, ата-баба дәстүрін біліп, үлкенге ізет, кішіге ілтипат көрсете білуге, ана мен қыз бала арасындағы сыйластықты арттыруға тәрбиелеу, ақыл-парасатын, талғампаздығын, тапқырлық, шеберлігін бағамдау
Көрнекілік: плакат,шарлар,гүлдер,грамоталар,слайдтар.
Тәрбиеші:
Аяулы аналар, әжелер,ұстаздар 8 Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын! Көктемнің шуақты күндеріндей, сан-алуан гүлдеріндей құлпырып, жайнап жүре беріңіздер! Жүздеріңізден шаттық, көңілдеріңізден қуаныш арылмасын!
Армысың әжелерім,аналарым,
Мейірбан аппақ көңіл даналарым,
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен
Құттықтайды сіздерді балаларың.
Тәрбиеші:
Құрметті қонақтар, бүгін сіздерді мектепалды даярлық тобындағы қыздар арасындағы «Анаға қарап қыз өсер»атты қыз сыны сайысын тамашалауға шақырамыз.
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.
Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, сайыстың жеңімпазын анықтайтын әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
1.Оқу ісінің меңгерушісі:Қапашева А.Қ
2.Мұғалімдерден:
3.Ата-аналар арасынан:
Құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Тлеукенов Оралхан Рахымжанұлына беріледі.
Хор: "Құттықтаймын ана"
Сайыс бағдарламасы 4 бөлімнен тұрады:
1. «Тегін білу,тектілік» /өзін таныстыру/ 2. «Өнерліге өріс кең» / өнерін көрсету / 3. «Қыздарға әсемдік жарасады» /сән киім үлгісін көрсету/ 4. «Салат жасау,ат қою,қорғау»(анасымен бірге)
(Бағалау парағы әділ-қазыларға беріледі)
Тәрбиеші:
1 сайыс. «Өзін-өзі таныстыру» Көңілге түй сен мұны. Әр бүлдіршін ел гүлі, Бақытты елде туғаның, Есіміңнен белгілі
.
«Тегін білу,тектілік»/өзін таныстыру/ (Құралай,Айзере,Аружан,Амина,Алина,Ләззат,Айша,Алуа,Наргиза,Гүлім, Жанель,Айым,Сезім,Мидина,Махаббат,Адель)
2 сайыс «Өнерліге өріс кең» Тәрбиеші:
Өнер-білім тапқырлықтың тарланы, Еңбектегі әріптестер мақтаны. Өнеріңді ортаға сал, сайысқа Өнер көрсет, құрбылармен жарыста..
Құралай :Би
Айзере : Ән"Әрқашан күн сөнбесін"
Аружан : Ән "Апатайым"
Амина : Би: "Шығыс биі"
Алина: Ән""
Айша: Ән "Бал-балалық"
Алуа: Ән"Ана туралы"
Наргиза: "Гимнастика"
Гүлім: Би: "Қазақ биі"
Жанель: Би"Үнді биі"
Айым: Би: "Қуыршақ"
Сезім: Ән"Жақсы көрем"
Мидина: Би:"Цыган биі"
Махаббат: Ән:"Ертегілер"
Адель: Би:"Өзбек биі"
Тәрбиеші: Келесі ұлдарымыздың ана туралы өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.
Азиз: Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құттықтап,
Ән маржанын шашайық
Алижан: Теңдесі жоқ данасың,
Арқа сүйер панасың.
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым.
Ералы: Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз.
Бізді ана қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Серік: Көгімде күн болып,
Жұлдыздай болып жанасың.
Аман болшы әрдайым
Аяулы анашым.
Айбарыс: Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да,
Тек анаңа жақынсың.
Мұрагер: Өмірдің қызығы,
Өзіңсіз өтпейді,
Мен үшін анама,
Ешкім де жетпейді.
Айбатыр: Еркелесем күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп мені,
Құлыншағым,күнім дейтін.
Даниал: Баланың да тірегі
Дананың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан,
Аналардың жүрегі.
Дамир: Менің әжем, ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десең,
Айтып берер тағы әжем.
Тәрбиеші: Жүрекке адалдыктың ескен гүлін
Ғажайып келешектің төккен үнін
Аяулы аналарға шын көңілден
Жолдаймыз алғыспенен сәлем Бүгін
Ұлдар биі: "Кавбой"
3 сайыс«Қыздарға әсемдік жарасады» - сән киім үлгісін көрсету
Тәрбиеші:
Сымбатына сән киімі жарасатын, Аспандағы айменен таласатын. Өнеріне сәні сай келіп тұрған, Аруларға қызығып қарасақ- дей келе, сайысымыздың «Қыздарға әсемдік жарасады»шығармашылық сән үлгісі кезеңін тамашалайық.
Ойын: «Аялы алақан»
4 сайыс «Шебер қолдар» (Үйден жасап әкелген салаттарын таныстырады.Анасымен бірге жасаған жұмысын бағалау)
Ойын «Бала тілі-бал» (қызықты оқиғаны балаша сөйлеп айту)
Хор: "Ақ мамам" (Аналарына өздері дайындаған ашық хаттарын сыйлайды)
Құттықтау сөздер айтылады.
Келесі сөз кезегі әділ-қазылар алқасына беріледі.
( Әділқазылар алқасы сөз алып, әр номинация бойынша («Көктем аруы», «Көркем ару», «Шебер ару», «Әсем ару» «Әнші ару» «Өнерпаз ару» «Әдемі ару» «Өнерлі ару» «Нәзік ару» «Сыпайы ару» «Көрікті ару» «Инабатты ару» т.б. жүлде тағайындайды.)
Тәрбиеші: Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
Тәрбиеші: Баршаңызды наурыз мерекесімен құттықтай отырып, құт-береке тілей отырып, сайысымызды аяқтаймыз.
«Қыз- ұлттың жаны» демекші, ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы, даламыздың гүлі, өміріміздің сәні бола беріңіздер!
1.Хор «Құттықтаймын ана»
2.«Тегін білу,тектілік» /өзін таныстыру/(Құралай, Айзере,Аружан,Амина,Айша,Алуа,Ләззат,Наргиза,Гүлім, Жанель,Айым,Сезім,Мидина,Махаббат,Адель)
3.«Өнерліге өріс кең» / өнерін көрсету
Құралай:Би
Айзере: Ән"Әрқашан күн сөнбесін"
Аружан: Ән "Апатайым"
Амина: Би: "Шығыс биі"
Айша: Ән "Бал-балалық"
Алуа: Ән"Ана туралы"
Ләззат: ән «Ақтілек»
Наргиза:"Гимнастика"
Гүлім: Би: "Қазақ биі"
Жанель: Би"Үнді биі"
Айым: Би: "Қуыршақ"
Сезім: Ән"Жақсы көрем"
Мидина: Би: " Цыган биі"
Махаббат: Ән: "Ертегілер"
Адель: Би: "Өзбек биі"
4.Ұлдардың тақпағы
5.Ұлдар биі: "Кавбой"
6. «Қыздарға әсемдік жарасады»- сән киім үлгісін көрсету
7.«Шебер қолдар» (Үйден жасап әкелген салаттарын таныстырады.Анасымен бірге жасаған жұмысын бағалау)
Хор: "Ақ мамам"