kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Доклад МЕХАНИКАЛЫ? К?ШТЕР ТУРАЛЫ.

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                     Алматы облысы  Ескелді ауданы

                                     Мектепке дейінгі ша?ын орталы?ты

 Ш.У?лиханов атында?ы орта мектеп –гимназиясы

 физика п?ні м??алімі:Тазабеков ?.У

 

МЕХАНИКАЛЫ? К?ШТЕР ТУРАЛЫ.

Физика п?ні бойынша жазыл?ан о?у-?дістемелік кешендер мен жалпы физика курсы бойынша жазыл?ан о?улы?тарда ж?не орта мектептерді? физика п?ні бойынша жазыл?ан о?улы?тарда механикада?ы к?штер туралы жалпылай ма?л?мат берілгенімен, к?ш ??ымы ж?не оларды? ?зара байланысы толы?тай баяндалмайды. Сонды?тан б?л ж?мыста механикада ?олданылатын негізгі к?штер сарапталып, оларды? ?зара байланысы м??ият зерттеледі. Сондай-а?, адамдарды? к?нделікті ?мірде ?алыптастыр?ан к?ш туралы жа?са? ??ымы мен механикада?ы к?ш ??ымы арасында?ы айырмашылы?тар егжей-тегжейлі баяндалады.

?детте к?ш деп механикада бір денені? екінші бір денеге ?серін айтамыз. Сонымен бірге, денелер арасында?ы ?зара ?сер етуші к?штер пайда болу ерекшелігіне ?арай екіге б?лінеді. Біріншісі, денелерді? тікелей жанасуы ар?ылы ?серлесуді? н?тижесінде пайда болатын к?штер, б?л жерде біз оны жанасу к?ші деп атайы?. Екіншісі, денелер бір-бірімен тікелей жанаспай араларында?ы белгілі бір материялы? ?ріс ар?ылы ?серлесуді? н?тижесінде пайда болатын к?штер, б?ларды ?ріс к?ші деп атайы?. Ал материяны? екі т?рлі сипаттамасы бар екені бізге б?рыннан белгілі. Біріншісі, біз к?нделікті ?мірде к?ріп ж?рген материяны? белгілі к?йі, мысалы, ?атты дене, с?йы?тар ж?не газдар. Ал екіншісі, материяны? ?рістік сипаттамасы, мысалы, электр ?рісі, магнит ?рісі ж?не гравитациялы? ?ріс. Механикада ?немі ?олданылатын к?штерді ауырлы? к?ші, серпімділік к?ші ж?не ?йкеліс к?ші деп ?шке б?леді. Б?ларды? ішіндегі ауырлы? к?ші гравитациялы?  ?ріс к?шіне жатады да, ?ал?ан екеуі жанасу к?штеріне жатады.

  1. Ауырлы? к?ші.  ?лемдегі барлы? денелерді? арасында ?зара

тартылыс к?шіні? бар екендігін адамдар ?те ертеден-а? бай?а?ан. Денелерді? ?зара жанаспай-а? ?серленуіні? н?тижесінде пайда болатын осындай к?штерді б?кіл ?лемдік тартылыс к?ші немесе гравитациялы? к?ш деп атаймыз. Жер бетіндегі денелерді? арасында?ы гравитациялы? к?штерді? шамасы тым мардымсыз бол?анды?тан, ?детте біз оларды бай?ай алмаймыз. Алайда жер шарыны? бас?а денелерге ?арата (жер шары бетіндегі) гравитациялы? к?ші ?те к?п болады. Біз к?нделікті ?мірде жер бетінен жо?ары т?р?ан заттарды? тіреуі болмаса, жерге ??лап т?сетінін білеміз. Міне, б?л жер шарыны? гравитациялы? к?шіні? ?серінен болады. Жер шарыны? жер шары бетіндегі немесе жа?ын ма?ында?ы денелерге ?арата пайда болатын гравитациялы? к?шін ауырлы? к?ші деп атаймыз.

Ауырлы? к?шіні? шамасын салма? деп атаймыз. Жер бетіндегі барлы? денелер ?лкен-кішілеріне ?арамай, мейлі ол тынышты?та, мейлі ол ?оз?алыста болсын, барлы?ы да жер шарыны? тартылыс к?шіні? ?серіне ?шырайды. Сонды?тан барлы? денелерді? салма?ы болады. Алайда, ?рт?рлі денелерге ?арата айт?анда, жер тартылыс к?шіні? шамасы да ?рт?рлі болады. Т?жірибелерді? н?тижесі денені? салма?ы оны? массасына тура пропорционал болатынды?ын д?лелдеді. Массасы к?п денелерді? салма?ы ауыр болса, массасы аз денелерді? салма?ы же?іл болады. Денелерді? салма?ын серппелі таразы ар?ылы ?лшеуге болады.

На?тылап айт?анда бір денені? салма?ы ?згермейтін т?ра?ты шама емес, ол денені? жер бетіндегі географиялы? орнына ж?не ол денені? жер бетінен ?аншалы? биік орналасуына ?арай ?згеріп отырады. Алайда, м?ндай ?згеріс тым мардымсыз бол?анды?тан, ?детте оларды ескермейміз. К?нделікті ?мірде біз денені? салма?ын т?ра?ты болады деп ?араймыз. Ауырлы? к?шіні? ба?ыты ?немі тік т?мен ?арай ба?ытталады. Ауырлы? к?шіні? денедегі ?сер ету н?ктесін массалар центрі деп атаймыз.

  1. Серпімділік к?ші. ?р?андай дене к?ш ?серінен деформацияланады.

Біра?, деформация д?режесі ?рт?рлі болады. Кейбір денелерді? деформациясы азды?ынан бай?ау?а келмесе, ал кейбір денелерде деформация к?шті бай?алады. Сырт?ы ?сер етуші к?шті алып таста?аннан кейін дене бастап?ы ?алпын ?айтып келетін болса, онда деформацияны серпімді деформация деп атаймыз. Т?жірибелерді? н?тижесінен серпімді деформациялан?ан денелерді? бастап?ы к?йіне (пішіні ж?не к?леміне) ?айтып келу ?шін деформациялан?ан бас?а денелерге ?арата ?сер ететін к?ш пайда болатынын білеміз. М?ндай к?штер серпімділік к?ші деп аталады. Деформациялы? к?штер тікелей жанасушы денелерді? арасында пайда болады, сондай-а?, денелерде деформация пайда болу оларды? алды??ы шарты болып табылады. Мысалы, екі ?олымызбен серппені соз?ан кезімізде серппе бастап?ы к?йіне ?айтып келу ?шін ?олымыз?а ?арата ?арсы ?сер к?шін пайда ?ылады. Міне, б?л серпімділік к?ші болып табылады. Сол сия?ты, ар?анмен ауыр ж?кті к?терген кезде ар?анда аз м?лшердегі созылу (деформация) пайда болады. Б?л кезде ар?анда бастап?а к?йіне (?зынды?ына) ?айтып келуі ?шін ?арсы ?сер к?ш пайда болады, сондай-а?, ол к?ш ауыр ж?кке ?сер етеді. ?детте біз ар?анда пайда бол?ан осындай серпімділік к?шті ар?анны? тартылу к?ші деп атаймыз. Та?ы бір мысал келтірейік, дене ?стел ?стінде жат?ан болсын, ?стел бетіні? жо?ары ба?ыттал?ан ?сер к?шіні? н?тижесінде денеде ?те аз м?лшердегі деформация пайда болады десек, б?л кезде дене ?зіні? бастап?ы к?йіне ?айтып келуі ?шін ?стел бетіне ?арай т?мен ба?ыттал?ан серпімділік к?шті пайда ?ылады. М?ндай к?штерді ?детте ?ысым к?ші деп атаймыз. Д?л сол сия?ты ?стел беті де ?те аз м?лшерде деформация?а ?шырайды десек, бастап?ы к?йіне ?айтып келуі ?шін ?стел бетінде де жо?ары ба?ыттал?ан серпімділік к?ші пайда болады. М?ндай к?штерді ?детте біз ?стел бетіні? тіреу к?ші деп атаймыз. Б?дан бас?а, ?атты денелерді? бір-бірімен со?ты?ысу к?ші ж?не с?йы?ты?тарды? ішіне батырыл?ан денелерге ?арата ы?ыстыру к?ші дегендерді? барлы?ы серпімділік к?штерді? ?атарына жатады. Серпімділік к?шіні? ба?ыты ?р?ашанда абсолют деформация ба?ытына ?арама-?арсы ба?ытта болады.

  1. ?йкеліс к?ші.  Екі дене тікелей жанас?ан кезде оларды ?зара

салыстырмалы ?оз?алыс пайда болса, немесе  салыстырмалы ?оз?алыс пайда болу?а ?мтылса, онда оларды? жанасу бетінде ?оз?алыс ба?ытына ?арама-?арсы ба?ытта бір к?ш пайда болады. Оны біз ?йкеліс к?ші деп атаймыз. ?йкеліс к?ш пайда болу кезіндегі ?згешелігіне ?арай тынышты? ?йкеліс, сыр?анау ?йкелісі ж?не домалау ?йкелісі деп ?шке б?лінеді.

?зара жанас?ан денелерде сырт?ы к?шті? ?серіндей салыстырмалы ?оз?алыс?а ?мтылу пайда болады. Біра? ?оз?алыс пайда болмаса, онда м?ндай ?йкеліс к?штерін тынышты? ?йкеліс к?штері деп атаймыз. Мысалы, жер бетінде тыныш т?р?ан ?лкен бір ж?шікті бар к?шімізбен итергенде ж?шік орнынан ?оз?алмаса онда бізді? итеру ба?ытымыз?а ?арама-?арсы ба?ытта ?оз?алыс?а кедергілік жасайтын бір к?штін бол?аны.Міне б?л к?ш тынышты? ?йкеліс к?ші болып табылады.

Екі жанас?ан денелер арасында салыстырмалы ?оз?алыc (сыр?анау) бол?ан кезде пайда болатын ?йкеліс к?шін сыр?анау ?йкеліс к?ші деп атайды.

Бір денені? екінші бір денені? бетінен домала?ан кездегі пайда бол?ан ?йкеліс к?шін домалау ?йкеліс к?ші деп атаймыз. ?деттегі жа?дайда домалау ?йкеліс к?ші сыр?анау ?йкеліс к?шінен аз болады. Сонды?тан денені с?йрегеннен к?рі домалат?ан о?ай болады.

  1. К?штерді? ?зара байланысы. Денені? ?шыра?ан ауырлы? к?ші мен

денені? тіреу бетіне беретін ?ысым к?шін, сондай-а?, денені к?теріп т?р?ан ар?аны? тартылу кшін бір-бірімен шатастыру?а болмайды. Мысалы, бір дене жер бетінде жатыр десек, к?птеген адамдар осы денені? ?шыра?ан ауырлы? к?ші жер бетіне ?сер етеді де, сол ар?ылы ?ысым к?шін пайда ?ылады деп ?арайды. Ал енді кейбір адамдар жер бетіні? ?шыра?ан ?ысым к?ші дегеніміз дене ?шыра?ан ауырлы? к?ші болып табылады деп ?арайды. Ар?анмен ауыр денені к?терген кезде дене ?шыра?ан ауырлы? к?ші ар?анда тартылу к?шін келтіріп шы?арады, немесе ар?анны? ?шыра?ан тартылу к?ші дегеніміз, денені? ?шыра?ан ауырлы? к?ші болып табылады деген к?з?араста?ы адамдар да жо? емес. Шынды?ында, м?ндай к?з?арастарды? б?рі де д?рыс емес. М?нда?ы ?ателіктерді? ?ай жерде екенін ?арап к?рейік. Денені? ?шыра?ан ауырлы? к?ші деп жер шарыны? денеге ?арата тартылыс к?шін айтамыз. Ол денеге ?сер етеді, ?асиеті жа?ынан гравитациялы? к?штерді? ?атарына жатады. Ал ?ысым к?ші мен тартылу к?ші деп денені? тіреу беті мен ар?ан?а ?сер ететін к?шін айтамыз. Б?лар ?асиеті жа?ынан серпімділік к?штерді? ?атарына жатады. Міне, б?л н?тижелерден ?ысым к?ші мен тартылу к?шіні? ауырлы? к?ші емес екендігін біле аламыз. Жо?арыда?ы ?ате к?з?арастарды? незізгі шы?у себебі тіреу бетіні? ?ысым к?ші мен ар?анны? тартылу к?шін денені? салма?ы келтіріп шы?ар?анды?тан болып отыр. Егер денені? салма?ы болмаса тіреу бетінде ?ысым к?ші пайда болмайды, ар?ан да тартылу к?шіні? ?серіне ?шырамайды. Оны? ?стіне дене тынышты?та т?р?ан кезде тіреу бетіні? ?шыра?ан ?ысым к?ші мен ар?анны? ?шыра?ан тартылу к?шіні? шамасы дене ?шыра?ан ауырлы? к?шіні? шамасымен бірдей, ба?ыты ?арама-?арсы болады. Алайда, ауырлы? к?ші мен ?ысым к?ші ж?не тартылу к?ші арасында?ы м?ндай байланыс тек жо?арыда?ы атал?ан ерекше жа?дайда ?ан ?зара с?йкес келеді. Ал шынды?ында олар арасында тікелей байланыс жо? екендігін т?мендегі мысалдан к?ре аламыз. Мысалы, кітапты ?олымызбен б?лмені? ?абыр?асына ?ысып ?стап т?ратын болса?, ?абыр?аны? ?шыра?ан ?ысым к?ші мен кітапты? ?шыра?ан ауырлы? к?шіні? еш?андай ?атысы жо? екендігін оп-о?ай к?ре аламыз. Сондай-а?, ар?ан мен денені к?терген кезде денені жо?ары ?арай ?демелі ?оз?алыспен к?терсек, не денені т?мен ?арай ?демелі ?оз?алыспен т?сірсек, онда ар?ан ?шыра?ан тартылу к?шіні? шамасы дене ?шыра?ан ауырлы? к?шіні? шамасына те? болмайды. Сонды?тан, ауырлы? к?ші мен ?ысым к?шін не тартылу к?шін бір-бірінен ажырата білуіміз керек.

Тынышты? ?йкеліс к?шіні? ?оз?алысты? басталуына кедергілік жасайтынды?ы ж?не денелерді? салыстырмалы тынышты?ын са?тайтынды?ы жо?арыда айтылды. Осы?ан негізделе отырып, ?йкеліс к?ші ыл?и да дене ?оз?алысыныа кедергі жасайды ж?не ?оз?алыс ба?ытына ?арама-?арсы болады деп ?арамауымыз керек. Кейде ?йкеліс к?ші ?оз?алысты? негізгі к?ші болып саналады ж?не ол ?оз?алыс ба?ытымен бірдей бол?анды?тан дене тынышты? ?йкеліс к?шіні? ?серінен ал?а ?арай ?оз?алады. Мысалы, адамдар ал?а ?арай ж?ргенде ая? киіміні? табаны жолмен ?зара ?серлесе отырып, оны кері ?арай итереді, ал ?йкеліс н?тижесінде пайда бол?ан тынышты? ?йкеліс к?шіні? ба?ыты ал?а ?арай ба?ыттал?ан болып, соны? н?тижесінде адам ал?а ?арай ?оз?алады. Д?л осы сия?ты авток?ліктерді? д??гелектері мен жер арасында ?оз?алыс ба?ыты мен бір ба?ытта?ы тынышты? ?йкеліс к?ші пайда болып, сол ?йкеліс к?шіні? ?серінен авток?лік ал?а ?арай ба?ытта ?оз?алыс алады. Сонды?тан тынышты? ?йкеліс к?ші ?оз?алыс басталуына кедергілік жасайды ж?не ол ?немі ?оз?алыс ба?ытына ?арама-?арсы болады деп айту?а болмайды.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланыл?ан ?дебиеттер.

  1. И.В.Савельев. Курс обшей физики: в 5-ти книгах: 1.механика: учебное пособие для вузов. М.,Астрель/АСТ, 2005.
  2. И.В.Савельев. жалпы физика курсы. Механика ж?не молекулалы? физика. 1 том. Алматы. Мектеп, 1977.
  3. Н.?ойшыбаев,  А.О.Шары?баев. Физика 1том. Алматы. Кітап, 2001.
  4. Ж.Абдуллаев. физика курсы. Алматы. Мектеп, 1994.
  5. ?.?.Шо?анов, О.??рман?лы. физика. Механика. Теория, есептер, есеп шы?ару т?сілдері. Алматы Каз?ТУ, 1998
  6. Х.Р.Майлина. Кинематика есептерін шешу ?дістері. ?дістемелік н?с?ау. Алматы. Каз?ТУ, 2001
  7. М.Ж?банов. Физиканы? негізгі за?дары. Алматы. Мектеп, 1989.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Доклад МЕХАНИКАЛЫ? К?ШТЕР ТУРАЛЫ. »

Алматы облысы Ескелді ауданы

Мектепке дейінгі шағын орталықты

Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп –гимназиясы

физика пәні мұғалімі:Тазабеков Ә.У


МЕХАНИКАЛЫҚ КҮШТЕР ТУРАЛЫ.

Физика пәні бойынша жазылған оқу-әдістемелік кешендер мен жалпы физика курсы бойынша жазылған оқулықтарда және орта мектептердің физика пәні бойынша жазылған оқулықтарда механикадағы күштер туралы жалпылай мағлұмат берілгенімен, күш ұғымы және олардың өзара байланысы толықтай баяндалмайды. Сондықтан бұл жұмыста механикада қолданылатын негізгі күштер сарапталып, олардың өзара байланысы мұқият зерттеледі. Сондай-ақ, адамдардың күнделікті өмірде қалыптастырған күш туралы жаңсақ ұғымы мен механикадағы күш ұғымы арасындағы айырмашылықтар егжей-тегжейлі баяндалады.

Әдетте күш деп механикада бір дененің екінші бір денеге әсерін айтамыз. Сонымен бірге, денелер арасындағы өзара әсер етуші күштер пайда болу ерекшелігіне қарай екіге бөлінеді. Біріншісі, денелердің тікелей жанасуы арқылы әсерлесудің нәтижесінде пайда болатын күштер, бұл жерде біз оны жанасу күші деп атайық. Екіншісі, денелер бір-бірімен тікелей жанаспай араларындағы белгілі бір материялық өріс арқылы әсерлесудің нәтижесінде пайда болатын күштер, бұларды өріс күші деп атайық. Ал материяның екі түрлі сипаттамасы бар екені бізге бұрыннан белгілі. Біріншісі, біз күнделікті өмірде көріп жүрген материяның белгілі күйі, мысалы, қатты дене, сүйықтар және газдар. Ал екіншісі, материяның өрістік сипаттамасы, мысалы, электр өрісі, магнит өрісі және гравитациялық өріс. Механикада үнемі қолданылатын күштерді ауырлық күші, серпімділік күші және үйкеліс күші деп үшке бөледі. Бұлардың ішіндегі ауырлық күші гравитациялық өріс күшіне жатады да, қалған екеуі жанасу күштеріне жатады.

  1. Ауырлық күші. Әлемдегі барлық денелердің арасында өзара

тартылыс күшінің бар екендігін адамдар өте ертеден-ақ байқаған. Денелердің өзара жанаспай-ақ әсерленуінің нәтижесінде пайда болатын осындай күштерді бүкіл әлемдік тартылыс күші немесе гравитациялық күш деп атаймыз. Жер бетіндегі денелердің арасындағы гравитациялық күштердің шамасы тым мардымсыз болғандықтан, әдетте біз оларды байқай алмаймыз. Алайда жер шарының басқа денелерге қарата (жер шары бетіндегі) гравитациялық күші өте көп болады. Біз күнделікті өмірде жер бетінен жоғары тұрған заттардың тіреуі болмаса, жерге құлап түсетінін білеміз. Міне, бұл жер шарының гравитациялық күшінің әсерінен болады. Жер шарының жер шары бетіндегі немесе жақын маңындағы денелерге қарата пайда болатын гравитациялық күшін ауырлық күші деп атаймыз.

Ауырлық күшінің шамасын салмақ деп атаймыз. Жер бетіндегі барлық денелер үлкен-кішілеріне қарамай, мейлі ол тыныштықта, мейлі ол қозғалыста болсын, барлығы да жер шарының тартылыс күшінің әсеріне ұшырайды. Сондықтан барлық денелердің салмағы болады. Алайда, әртүрлі денелерге қарата айтқанда, жер тартылыс күшінің шамасы да әртүрлі болады. Тәжірибелердің нәтижесі дененің салмағы оның массасына тура пропорционал болатындығын дәлелдеді. Массасы көп денелердің салмағы ауыр болса, массасы аз денелердің салмағы жеңіл болады. Денелердің салмағын серппелі таразы арқылы өлшеуге болады.

Нақтылап айтқанда бір дененің салмағы өзгермейтін тұрақты шама емес, ол дененің жер бетіндегі географиялық орнына және ол дененің жер бетінен қаншалық биік орналасуына қарай өзгеріп отырады. Алайда, мұндай өзгеріс тым мардымсыз болғандықтан, әдетте оларды ескермейміз. Күнделікті өмірде біз дененің салмағын тұрақты болады деп қараймыз. Ауырлық күшінің бағыты үнемі тік төмен қарай бағытталады. Ауырлық күшінің денедегі әсер ету нүктесін массалар центрі деп атаймыз.

  1. Серпімділік күші. Әрқандай дене күш әсерінен деформацияланады.

Бірақ, деформация дәрежесі әртүрлі болады. Кейбір денелердің деформациясы аздығынан байқауға келмесе, ал кейбір денелерде деформация күшті байқалады. Сыртқы әсер етуші күшті алып тастағаннан кейін дене бастапқы қалпын қайтып келетін болса, онда деформацияны серпімді деформация деп атаймыз. Тәжірибелердің нәтижесінен серпімді деформацияланған денелердің бастапқы күйіне (пішіні және көлеміне) қайтып келу үшін деформацияланған басқа денелерге қарата әсер ететін күш пайда болатынын білеміз. Мұндай күштер серпімділік күші деп аталады. Деформациялық күштер тікелей жанасушы денелердің арасында пайда болады, сондай-ақ, денелерде деформация пайда болу олардың алдыңғы шарты болып табылады. Мысалы, екі қолымызбен серппені созған кезімізде серппе бастапқы күйіне қайтып келу үшін қолымызға қарата қарсы әсер күшін пайда қылады. Міне, бұл серпімділік күші болып табылады. Сол сияқты, арқанмен ауыр жүкті көтерген кезде арқанда аз мөлшердегі созылу (деформация) пайда болады. Бұл кезде арқанда бастапқа күйіне (ұзындығына) қайтып келуі үшін қарсы әсер күш пайда болады, сондай-ақ, ол күш ауыр жүкке әсер етеді. Әдетте біз арқанда пайда болған осындай серпімділік күшті арқанның тартылу күші деп атаймыз. Тағы бір мысал келтірейік, дене үстел үстінде жатқан болсын, үстел бетінің жоғары бағытталған әсер күшінің нәтижесінде денеде өте аз мөлшердегі деформация пайда болады десек, бұл кезде дене өзінің бастапқы күйіне қайтып келуі үшін үстел бетіне қарай төмен бағытталған серпімділік күшті пайда қылады. Мұндай күштерді әдетте қысым күші деп атаймыз. Дәл сол сияқты үстел беті де өте аз мөлшерде деформацияға ұшырайды десек, бастапқы күйіне қайтып келуі үшін үстел бетінде де жоғары бағытталған серпімділік күші пайда болады. Мұндай күштерді әдетте біз үстел бетінің тіреу күші деп атаймыз. Бұдан басқа, қатты денелердің бір-бірімен соқтығысу күші және сұйықтықтардың ішіне батырылған денелерге қарата ығыстыру күші дегендердің барлығы серпімділік күштердің қатарына жатады. Серпімділік күшінің бағыты әрқашанда абсолют деформация бағытына қарама-қарсы бағытта болады.

  1. Үйкеліс күші. Екі дене тікелей жанасқан кезде оларды өзара

салыстырмалы қозғалыс пайда болса, немесе салыстырмалы қозғалыс пайда болуға ұмтылса, онда олардың жанасу бетінде қозғалыс бағытына қарама-қарсы бағытта бір күш пайда болады. Оны біз үйкеліс күші деп атаймыз. Үйкеліс күш пайда болу кезіндегі өзгешелігіне қарай тыныштық үйкеліс, сырғанау үйкелісі және домалау үйкелісі деп үшке бөлінеді.

Өзара жанасқан денелерде сыртқы күштің әсеріндей салыстырмалы қозғалысқа ұмтылу пайда болады. Бірақ қозғалыс пайда болмаса, онда мұндай үйкеліс күштерін тыныштық үйкеліс күштері деп атаймыз. Мысалы, жер бетінде тыныш тұрған үлкен бір жәшікті бар күшімізбен итергенде жәшік орнынан қозғалмаса онда біздің итеру бағытымызға қарама-қарсы бағытта қозғалысқа кедергілік жасайтын бір күштін болғаны.Міне бұл күш тыныштық үйкеліс күші болып табылады.

Екі жанасқан денелер арасында салыстырмалы қозғалыc (сырғанау) болған кезде пайда болатын үйкеліс күшін сырғанау үйкеліс күші деп атайды.

Бір дененің екінші бір дененің бетінен домалаған кездегі пайда болған үйкеліс күшін домалау үйкеліс күші деп атаймыз. Әдеттегі жағдайда домалау үйкеліс күші сырғанау үйкеліс күшінен аз болады. Сондықтан денені сүйрегеннен көрі домалатқан оңай болады.

  1. Күштердің өзара байланысы. Дененің ұшыраған ауырлық күші мен

дененің тіреу бетіне беретін қысым күшін, сондай-ақ, денені көтеріп тұрған арқаның тартылу кшін бір-бірімен шатастыруға болмайды. Мысалы, бір дене жер бетінде жатыр десек, көптеген адамдар осы дененің ұшыраған ауырлық күші жер бетіне әсер етеді де, сол арқылы қысым күшін пайда қылады деп қарайды. Ал енді кейбір адамдар жер бетінің ұшыраған қысым күші дегеніміз дене ұшыраған ауырлық күші болып табылады деп қарайды. Арқанмен ауыр денені көтерген кезде дене ұшыраған ауырлық күші арқанда тартылу күшін келтіріп шығарады, немесе арқанның ұшыраған тартылу күші дегеніміз, дененің ұшыраған ауырлық күші болып табылады деген көзқарастағы адамдар да жоқ емес. Шындығында, мұндай көзқарастардың бәрі де дұрыс емес. Мұндағы қателіктердің қай жерде екенін қарап көрейік. Дененің ұшыраған ауырлық күші деп жер шарының денеге қарата тартылыс күшін айтамыз. Ол денеге әсер етеді, қасиеті жағынан гравитациялық күштердің қатарына жатады. Ал қысым күші мен тартылу күші деп дененің тіреу беті мен арқанға әсер ететін күшін айтамыз. Бұлар қасиеті жағынан серпімділік күштердің қатарына жатады. Міне, бұл нәтижелерден қысым күші мен тартылу күшінің ауырлық күші емес екендігін біле аламыз. Жоғарыдағы қате көзқарастардың незізгі шығу себебі тіреу бетінің қысым күші мен арқанның тартылу күшін дененің салмағы келтіріп шығарғандықтан болып отыр. Егер дененің салмағы болмаса тіреу бетінде қысым күші пайда болмайды, арқан да тартылу күшінің әсеріне ұшырамайды. Оның үстіне дене тыныштықта тұрған кезде тіреу бетінің ұшыраған қысым күші мен арқанның ұшыраған тартылу күшінің шамасы дене ұшыраған ауырлық күшінің шамасымен бірдей, бағыты қарама-қарсы болады. Алайда, ауырлық күші мен қысым күші және тартылу күші арасындағы мұндай байланыс тек жоғарыдағы аталған ерекше жағдайда ған өзара сәйкес келеді. Ал шындығында олар арасында тікелей байланыс жоқ екендігін төмендегі мысалдан көре аламыз. Мысалы, кітапты қолымызбен бөлменің қабырғасына қысып ұстап тұратын болсақ, қабырғаның ұшыраған қысым күші мен кітаптың ұшыраған ауырлық күшінің ешқандай қатысы жоқ екендігін оп-оңай көре аламыз. Сондай-ақ, арқан мен денені көтерген кезде денені жоғары қарай үдемелі қозғалыспен көтерсек, не денені төмен қарай үдемелі қозғалыспен түсірсек, онда арқан ұшыраған тартылу күшінің шамасы дене ұшыраған ауырлық күшінің шамасына тең болмайды. Сондықтан, ауырлық күші мен қысым күшін не тартылу күшін бір-бірінен ажырата білуіміз керек.

Тыныштық үйкеліс күшінің қозғалыстың басталуына кедергілік жасайтындығы және денелердің салыстырмалы тыныштығын сақтайтындығы жоғарыда айтылды. Осыған негізделе отырып, үйкеліс күші ылғи да дене қозғалысыныа кедергі жасайды және қозғалыс бағытына қарама-қарсы болады деп қарамауымыз керек. Кейде үйкеліс күші қозғалыстың негізгі күші болып саналады және ол қозғалыс бағытымен бірдей болғандықтан дене тыныштық үйкеліс күшінің әсерінен алға қарай қозғалады. Мысалы, адамдар алға қарай жүргенде аяқ киімінің табаны жолмен өзара әсерлесе отырып, оны кері қарай итереді, ал үйкеліс нәтижесінде пайда болған тыныштық үйкеліс күшінің бағыты алға қарай бағытталған болып, соның нәтижесінде адам алға қарай қозғалады. Дәл осы сияқты автокөліктердің дөңгелектері мен жер арасында қозғалыс бағыты мен бір бағыттағы тыныштық үйкеліс күші пайда болып, сол үйкеліс күшінің әсерінен автокөлік алға қарай бағытта қозғалыс алады. Сондықтан тыныштық үйкеліс күші қозғалыс басталуына кедергілік жасайды және ол үнемі қозғалыс бағытына қарама-қарсы болады деп айтуға болмайды.







Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. И.В.Савельев. Курс обшей физики: в 5-ти книгах: 1.механика: учебное пособие для вузов. М.,Астрель/АСТ, 2005.

  2. И.В.Савельев. жалпы физика курсы. Механика және молекулалық физика. 1 том. Алматы. Мектеп, 1977.

  3. Н.Қойшыбаев, А.О.Шарықбаев. Физика 1том. Алматы. Кітап, 2001.

  4. Ж.Абдуллаев. физика курсы. Алматы. Мектеп, 1994.

  5. Ә.Қ.Шоқанов, О.Құрманұлы. физика. Механика. Теория, есептер, есеп шығару тәсілдері. Алматы КазҰТУ, 1998

  6. Х.Р.Майлина. Кинематика есептерін шешу әдістері. Әдістемелік нұсқау. Алматы. КазҰТУ, 2001

  7. М.Жұбанов. Физиканың негізгі заңдары. Алматы. Мектеп, 1989.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Доклад МЕХАНИКАЛЫ? К?ШТЕР ТУРАЛЫ.

Автор: Тазабеков Акимбек Улдаханович

Дата: 16.02.2015

Номер свидетельства: 174350


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства