Мақсаты: тапсырмаға сәйкес ым, ишара қимылын жаңғырту шеберлігін қалыптастыру; - өз көңіл – күйін суреттей білу, басқалардың әсершең жағдайын тани білу шеберлігін дамыту; - балалардың әсершеңдік саласының дамуына, олардың сезімталдық және әлеуметтік тәжірибесін байытуға жағдай жасау; - адамға құрметпен, сыйластықпен қарауға, яғни кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Просмотр содержимого документа
«Разработка открытого урока "Көңіл күй түрлері"»
Пән: Ым – ишара Сынып: 3
Тақырыбы: Көңіл – күй түрлері
Мақсаты: тапсырмаға сәйкес ым, ишара қимылын жаңғырту шеберлігін қалыптастыру; - өз көңіл – күйін суреттей білу, басқалардың әсершең жағдайын тани білу шеберлігін дамыту; - балалардың әсершеңдік саласының дамуына, олардың сезімталдық және әлеуметтік тәжірибесін байытуға жағдай жасау; - адамға құрметпен, сыйластықпен қарауға, яғни кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру
Балалар орындыққа шеңбер құрып отырады. – Балалар, өткен сабақта сәлемдесудің қандай түрін таңдадық соны еске түсірейік (алақан соғысу) - Тағы қалай сәлемдесуге болады? (Бір – біріне күлімсіреу, қол алысу) -Ал қазір парталарыңа жақындап, бірінші суретке өздеріңнің көңіл-күйлеріңді бейнелеңдер (бейнеленген көңіл-күй туралы әңгімелеу)
II.В.Сутеевтің «Мияу деген кім?» ертегісінің бейімделген нұсқасы негізінде этюд (Слайд )Мұғалім: Балалар, бүгін біз В.Сутеевтің «Мияу деген кім?» ертегісіне қызықты саяхат жасаймыз. Сендердің міндеттерің-ертегі кейіпкерлері қалай қозғалады, сөйлейді, сезінеді, өз әсершеңдігін көрсетеді, соны көрсете білу. Басқаша айтқанда, сендер ертегіні ыммен,ишарамен, пантомимикалық қозғалыстармен және бет қимылымен көрсетулерің керек. Тыңдаңдар, көрсетіңдер! (Сергіту минуты) Күшік кілемшенің үстінде ұйықтап жатты (тізерлей отырып, бүгіледі, басын бір жағына қисайтады, көздерін жұмады) Кенет ол біреудің «Мяу!» дегенін естіп, таңқалды. Бұрын ол мұндайды естіген емес. Күшік жан-жағына қарады...-ешкім жоқ. (Көздерін ашып, мойынын созады. Басын оңға-солға бұрады.)
Кенет біреу тағы да «Мяу!» деді. Күшік атып тұрып, бөлмені аралап шықты, кереуеттің, үстелдің астын қарады-ешкім жоқ. (Бойларын түзеп, секіреді. Шеңбер бойымен жүгіреді, еңкейіп жиһаздардың астына үңіледі) Терезеге қарап, ауладағы Әтешті көрді. (Қолымен көзін көлегейлеп, терезеге қарайды) -«Мяу» деген сен бе?-деп сұрады Күшік Әтештен. Әтеш қанаттарын қағып жіберіп: «Ку-ка-ре-ку!» деп айқайлады. (Қолдарын бір мезгілде сермеп, тізелерін жоғары көтереді. Арқасын тік ұстайды. Жүрістері серіппелі.) Күшік артқы аяғымен құлағының артын қасыды. (Оң қолымен қозғалысты көрсетеді) Кенет ол баспалдақтың тұсынан тағы да «Мяу!»-дегенді естіді. –Ол мұнда!-деді. Күшік аяқтарымен жерді қаза бастады. (Балалар еңкейіп «жер қазу» қимылын көрсетеді)
Ол үлкен шұңқыр қазып өте шаршады. Ал шұңқырдан Тышқан атып шығып «Пи-пи-пи»-деді. Күшік ойланып қалды. (Басын қисайтып, алақанының сыртымен маңдайын сүртеді, ауыр дем алады. Иығы түскен. Басын қасиды) Бірақ кенет иттің үйшігінің жанынан біреу тағы да «Мяу!»-деді. Күшік ақырын басып үйшікке жақындады. (Қолдарын кеудесіне қысып, біраз алға еңкейді, аяқтың ұшымен баяу жүреді).
Алдынан дәу сабалақ ит атып шығып, Р-р-р! Деп ырылдады. Күшік құйрығын қысып алып, қаша жөнелді.(Бастарын иықтарына тығады, қолдарын кеуделеріне қысады, жүгіреді. Тізерлей отырып, бастарын қолдарымен жабады). Осы уақытта құлағының түбінен біреу тағы да «Мяу!» деді. Күшік мойнын созып, араны көрді. «Міне, кім «Мяу»деген»-деп ойлады. Күшік, сөйтіп ол тісімен араны ұстамақ болды. Ара Күшіктің тұмсығын шағып алды. (Қолын құлағына қойып, тыңдайды, басын оңға, солға баяу бұрады. Ауада бір нәрсені тістерімен ұстамақ болады. Мұрнын ұстайды. Бет әлпеті ауырғанды білдіреді). Күшік қыңсылап жүгіре жөнелді. Ара соңынан ұшып келеді. Күшік тоғанға секіріп түсіп, жүзе жөнелді. (Тез жүгіреді, қолдарын сермейді. Секіреді. Қолдарын тез-тез итше малтиды)
Күшік судан шығып, мұңайып үйіне қайтты. (Қабағы түсіңкі, басы, иығы салбыраңқы. Қолдары салбыраған, баяу жүріп келеді) Кенет «Мяу!» дегенді естиді. Қараса-мысық. Күшік ашуланып, ав-ав...деп үріп жіберді. Р-р-р деп ырылдады. (Қастары қосылған. Беттің бұлшық еттері жиырылған. Ерні жымқырулы. Тырнақтары бүгілген. Денесі сәл-сәл алға еңкейген) Мысық жиырылып, фыр-фыр деді. (Басы иығына кірген, иықтары көтерілген. Ф-ф-ф деген дыбыс шығарады).
III.Ертегіні түсіндіру. М-м: Балалар, енді біздің ертегілер алаңына көңіл аударыңдар. Мынау біздің (несмышленый) Күшігіміз тұрған үй. Бірақ үйдің маңына өте көп ертегі кейіпкерлері жиналыпты. (Сурет) Маған ертегіміздің кейіпкерлерін табуға көмектесіңдер. (Оқушылар қажетті суреттерді тауып, кейіпкерлерді атайды). –Балалар, енді сендермен қызықты тапсырмалар орындаймыз. Өздеріңе ұнаған кез келген ертегі кейіпкерін алып, ол туралы айтып беріңдер. Сендердің қысқаша әңгімелерің жұмбақ түрінде болуы керек, юірақ оны тек сөзбен ғана жұмбақтамай, қимыл-қозғалыспен де көрсетулерің керек.
1 оқ. (тышқан) Ол қолының алақанын басына қояды. Сол қолымен Бойым кішкентай, ұзын толқынды сызықпен құйрықты бейнелейді. Құйрығым ұзын Сол алақанын жазып, оң қолымен «нан қиқымдары» Нан қиқымын жинаймын, сыпырады. Баяу жүгіреді. Мысықтан қорқамын
2 оқ. (мысық) Көздерін ашады, жұмады. Жұдырығымен көздерін Көзін жұмады, уқалайды. Алақандарын жазып, жұмып, Көзін ашады. тырнақтарын көрсетеді. Жұмсақ басып ақырын Сыбысын білдірмей, жүреді. Ақырын басады.
3 оқ. (әтеш) Алақанымен иықтан белге дейін сипайды. Иығы тік. Секунды жоқ Басын жоғары көтерген. Алақанымен иегін көрсетеді. «Тық-тық» еткен. Қолдарын сермеп, тізелерін көтере жүреді. Есесіне «Қыт-қыт» еткен Қанатым бар, Сағатым бар.
4 оқ. (ара) Қолдарын екі жаққа созады, қозғалмайды. Жиі Жаздай жатпай, адымдап тез қозғалады. Тоқтап, «гүлді» иіскейді. Қырдағы гүлді арала. Ернін жалайды. Өзі де таптай, Жинар гүл шырынын. Тисең оған құрыдың, Аямай шағып жаралар.
5 оқ.(ит) Оң қолымен сипайды. Күлімсірейді, көздерін жиі Адамға серік, қағады, басын иығына ақырындап қисайтады. Күзетке берік Тістерін көрсетіп, қабағын түйеді, қолдарын кеудесіне .. қысып, тырнақтарын көрсетеді.
Жұмбақтарды айту, шешуіне байланысты оқушыларға жұмбақта жасырылған ертегі кейіпкерлерінің суреттері беріледі. Сергіту мин. Көзге жаттығулар.
IV.Бет сызбасын қабылдау дәйектілігі. Оқушыларға түрлі әсердегі бет әлпеттер бейнеленген суреттер жинағы таратылады. Балаларға танысу үшін 2-3 минут беріледі. Мұғалім: Сызбаның біреуін суреттеуді ұсынады. Жауап: 1-қастары көтеріңкі; 2-көздері кең ашылған; 3-аузы сәл ашылған
Мұғалімнің сұрақтары: 1. Бұл әлпет қандай көңіл-күйді көрсетеді? (таңдану) 2.Бұл көңіл-күй күшікте қай кезде пайда болды? 3. Осы сезімді «Мяу деген кім?» деген репликаны айта отырып көрсетуге тырысыңдар. Балалар екінші сызбаны суреттейді (қорқыныш): 1-қастары көтеріңкі; 2-көздері кең ашылған; 3-аузы сәл ашылған; 4-бұлшық еттері қатайған. 4. Бұл әлпет қандай қандай көңіл-күйді көрсетеді? 5. Күшік қай кезде қорықты?
V.Рефлексия - Ал қазір қайтадан партамызға барып, өз көңіл-күйімізді екінші суретке бейнелейміз. (Сосын балалар тақтаға өз суреттерін жапсырады) - Көңіл-күйлерің өзгерді ме? - Қандай ойындар ұнады?
VI.Қоштасу салты: «Қошемет сөз» ойыны. Шеңбер құра отырып қол ұстасады. Көршісінің көзіне қарап тұрып оған бірнеше мақтау сөздер айтады, мақтайды. Көршісі басын шұлғып, «Рахмет, маған өте ұнады!» дейді. Сосын ол өз көршісіне мақтау айтады.