kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Разработка открытого урока: К?лік т?рлері.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалар?а к?ліктер т?ра?ына (гараж) баратынды?тарын айтады.Т?ра?та ?рт?рлі ойыншы? машина т?рлері орналас?ан.К?ліктер т?ра?ына ар?асына ?ап ар?ала?ан Дымбілмес келіп,  балалардан к?мектесуді с?райды.                              Т?рбиеші ?стелді? ?стіне с?т, нан ж?не хат, ашы?хаттарды ?ойып, оларды ?айда ж?не немен апару?а болатынды?ын білмей т?р?анды?ын айтады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Разработка открытого урока: К?лік т?рлері.»


Тақырыбы: Көлік түрлері.

а) Өздеріне таныс көлік түрлерін салыстырып , ажыратып айтып беруге үйрету.

ә) Әртүрлі көлік құралдарының түрлі мамандық иелері туралы білімін кеңейту.

Мақсаты:

б) Олардың еңбегін бағалауға ,құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: көлік түрлерін бақылау, жолда жүру ережесіне байланысты әңгіме немесе дидактикалық ойын ұйымдастыру. Әдістер-тәсілдері: Сөздік, сұрақ-жауап, түсіндіру,сөздік,ойын,практикалық Қажетті құралдар мен қажетті көрнекі құралдар:жұмыс дәптері, түрлі –түсті карандаштар, қағаздан жасалған кеме , су құйылған көлемді ыдыс, пенопласт.

Сөздік жұмыс: көлік. Билингвалді компонеттері : көлік-транспорт, кеме-корабль,ұшақ-самолет.

Іс әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық қозғаушы бөлімі


«Шуақты күн» ойыны.


Балалар шаттық шеңберіне тұрып, ортада тұрған дөңгелек пішіннің айналасына сары түсті ұзынды- қысқалы жолақшаларды қоя отырып, жылы лебіздер айтады.

Іздену ұйымдастырушы бөлімі











Балаларға көліктер тұрағына (гараж) баратындықтарын айтады.Тұрақта әртүрлі ойыншық машина түрлері орналасқан.Көліктер тұрағына арқасына қап арқалаған Дымбілмес келіп , балалардан көмектесуді сұрайды. Тәрбиеші үстелдің үстіне сүт, нан және хат, ашықхаттарды қойып, оларды қайда және немен апаруға болатындығын білмей тұрғандығын айтады.

-Кәне ,балалар, мына заттарды қандай көлікпен апаруға болатындығын ойналанайық. Аталған заттарды тасуға қажетті машиналарды нақты тапқанынша жетелеуші сұрақтар қойып отырады.Мысалы, нан мен хаттардың жаңбырдың астында қалып, су болып қаламауын немесе желден қорғау жағын да ойланайық деген сияқты.

Осылайша тәрбиеші жүк көліктерінің екі түрге бөлінетіндіктерін ( фургон, цистерн т.б) және олардың жүктің барлық түрін таситындығын, машиналардың құрылысын, ұқсастықтарын, айырмашылығын айқындайтын сұрақтар қояды.

Балалар екі орталыққа бөлінеді.

Бірінші орталықтағы балаларға көліктерге арнап автотұрақ құрастыру, екінші орталықтағы балаларға суретте берілген жүк көліктері туралы әңгімелеп беру тапсырылады.

Осыдан кейін Дымбілмеске көліктер жайлы түсінігін бекіту үшін дидактикалық ойындарды ойнауға кірісеміз.

1) Д/о: «Жер, су, әуе» Балаларға көлік түрлері көрсетіледі, ал олар оны классификациясын карточка арқылы көрсетеді.

2) Д/о: «Не артық?» Балалардың алдына үш сурет қойылады. Ал, балалар оның ішінен артық затты алып тастайды.

(ұшақ, зымыран, жүк машина)

3) Д/о: «Өз көлігіне отыр!» Балаларға таратылған билеттер бойынша балалар өзінің көліктеріне отырады. (Музыка әуені арқылы) Кейіннен, көліктердің орындары ауысып, өз орындарын табады.

4) Д/о: «Көлікті аяқта» Балалар көліктердің жетіспейтін бөліктерін салады, атап береді.

5) Д/о: «Бағдаршамның белгілерін ата»

Балалар Дымбілместің қоржынындағы белгілердің мағыналарын түсіндіреді. Бағдаршам жайлы тақпақтарын айтады:



Бағдаршам

Ашса кезек үш көзін,

Айты деп үш сөзін:

Тоқта! Сақтан! Жол ашық!

Жүрме жолға таласып.



Сергіту сәті:

Бип-бип,бип дейді,

Жолдан былай кет дейді.

Күшікті басуға,басуға

Болмайды, болмайды.

Дәптермен жұмыс:

Тапсырмаларды түсіндіру. әр көлікке тиісті суретті айналасына жапсырыңдар. Көлік түрлерінің жолдарын тауып, сызықпен бағыттап көрсетіңдер. Билингвалді компонеттері : көлік-транспорт, кеме-корабль,ұшақ-самолет.

Балалар қуанады.








Балалар сүт пен нанды дүкенге , ал хаттарды поштаға апару керектігін айтады.

Балалар көліктің барлығын алып, қарайды, бақылау жасайды.Соңында балалар сүт,нан, хат таситын машина түрлерін табады.Олардың шанағының (кузованың) неліктен жабық болу керектігін түсіндіреді.Жүк машиналарының түрлерін, олардың ұқсастықтарын мен айырмашылығы туралы айтып береді.

Бірінші орталықтағы балалар үйлерінен әкелген көлік түрлеріне лайықтап автотұрақ жасайды,екінші орталықтағы балалар суретте берілген жүк көліктері туралы әңгімелеп береді.Өлеңнің мазмұнына қарай қимылдар жасайды.

Дәптерде берілген тапсырманы орындайды.

Жер, су, әуе суреттерін көтеріп отырады.

Артық көлікті алып, неге екенің түсіндіреді.

Барлық балалар қатысып, шапшан орындауға тырысады.



Қарындашпен өз беттерінше орындайды.



Тек, қол көтеріп, толық жауап береді.





Рефлексивті коррекциалаушы бөлім

Балалар енді Дымбілмеске өзіміздің Балалар енді Дымбілмеске өзіміздің оқу іс әрекетімізге қатысқанымызды бағдаршам арқылы бағалауды үйретеміз.

Қызыл – оқу іс әрекетіне қатыспадым,

Сары – сәл ғана ат салыстым,

Жасыл – сабаққа өте жақсы қатыстым.

Соңында Дымбілмес, жүк машинасының ішінде тұрған сыйлықтарын береді.

Сыйлықты алғасын, өз ризашылықтарын айтып, қоштасады

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: түрлі жүк тасуға арналған көлік түрлерін ,олардың адамдарды таситын көлік түрлерінен айырмашылығын, көліктің құрылысы оның жүгінің сипаты мен мағынасына байланысты болатындығын.

Қандай түсініктерді игерді: үн,нан,пошта таситын көлік түрлерін, олардың адамдарды таситын көлік түрлерінен айырмашылығын және жүк таситын көлік түрлерінің өзіндік айырмашылығы мен ұқсастықтарын, көліктің құрылысы оның жүгінің сипаты мен мағынасына байланысты болатындығын құрастыруда үйренгендерін күнделікті ойын кезінде түсініп қолданады.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: көліктің құрылысы оның жүгінің сипаты мен мағынасына, автотұрақтардың көлік түрлері мен көлеміне байланысты болатындығын.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Разработка открытого урока: К?лік т?рлері.

Автор: Коканбаева Назгуль Курманбаевна

Дата: 10.02.2016

Номер свидетельства: 291458


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства