kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Разработка открытого урока по казахскому языку на тему: "Баяндауыш. Баяндауыштың жасалуы (8 класс)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: Баяндауыш. Баяндауыштың жасалуы.

Мақсаты:

1) білімділігі:             - баяндауыш,  баяндауыштың құрылысына қарай  

                                       түрлері,   баяндауыш болатын сөз таптары

                                       жайлы мағлұмат беру;

                                  - теориялық білімдерін жетілдіру.

  1. дамытушылығы:  - жаттығу жұмыстары арқылы оқушының жүйелі

                                       ойлау,  сауатты  сөйлем құрап, сауатты жазу

                                       дағдысын қалыптастыру;

     - таным белсенділігін арттыру, шығармашылық

       қабілетін  дамыту;

                                               - пәнге деген қызығушылығын арттыру.

            3) тәрбиелілігі:        - ұлттық құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу;

                                              - салауатты өмір салтына тәрбиелеу;

                                              -  халық даналарының өмірін үлгі ету.

Сабақтың типі:  жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі-көрнекілік әдісі, репродуктивтік әдіс, сатылай кешенді талдау әдісі, модульдік оқыту технологиясының элементтері, сын тұрғысынан ойдау технологиясының элементтері.

Жұмыс түрлері: топпен, жеке.

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, сурет-плакаттар, перфокарта, үлестірме карта, иетерактивті тақта.

Сабақтың барысы: І      Ұйымдастыру.                                   

                                    ІІ     Үй тапсырмасын тексеру.               

                                    ІІІ    Өткен сабақты қорыту.                   

                                    ІҮ    Жаңа сабақ                                        

                                    Ү      Сабақты бекіту.                                

                                    ҮІ    Сабақты қорыту.                              

                                    ҮІІ   Үйге  тапсырма беру.                      

                                    ҮШ  Оқушы білімін бағалау.                   

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Разработка открытого урока по казахскому языку на тему: "Баяндауыш. Баяндауыштың жасалуы (8 класс)»

Мұғалімі: Сегізбаева Нұргүл

Тақырыбы: Баяндауыш. Баяндауыштың жасалуы.

Мақсаты:

1) білімділігі: - баяндауыш, баяндауыштың құрылысына қарай

түрлері, баяндауыш болатын сөз таптары

жайлы мағлұмат беру;

- теориялық білімдерін жетілдіру.

  1. дамытушылығы: - жаттығу жұмыстары арқылы оқушының жүйелі

ойлау, сауатты сөйлем құрап, сауатты жазу

дағдысын қалыптастыру;

- таным белсенділігін арттыру, шығармашылық

қабілетін дамыту;

- пәнге деген қызығушылығын арттыру.

3) тәрбиелілігі: - ұлттық құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу;

- салауатты өмір салтына тәрбиелеу;

- халық даналарының өмірін үлгі ету.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі-көрнекілік әдісі, репродуктивтік әдіс, сатылай кешенді талдау әдісі, модульдік оқыту технологиясының элементтері, сын тұрғысынан ойдау технологиясының элементтері.

Жұмыс түрлері: топпен, жеке.

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, сурет-плакаттар, перфокарта, үлестірме карта, иетерактивті тақта.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ Өткен сабақты қорыту.

ІҮ Жаңа сабақ

Ү Сабақты бекіту.

ҮІ Сабақты қорыту.

ҮІІ Үйге тапсырма беру.

ҮШ Оқушы білімін бағалау.

І Ұйымдастыру:

Біздің бүгінгі сабағымыздың эпиграфы ретінде мен елбасымыз Н.Назарбаевтың «ХХ ғасыр – білім ғасыры» деген пікірін таңдадым. Себебі, болашақ тұтқасы болар сендер үшін әлемдік бәсекеге лайық білім алу – басты міндет болмақ.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Бастауышы әр түрлі сөз таптарынан жасалған 5-6 сөйлем жазуға тапсырма берілген.

  2. Құрылысына қарай әр түрлі 3 сөйлем жазуға тапсырма берілген.

  3. Үлестірме карталар таратамын.



№1

Сөйлемді көшіріп жазып, айтылу мақсаты мен сазына қарай қандай сөйлем екендігін анықта, бастауышын тауып, құрамына, жасалу жолына талда.

А) Қазақ - өр халық, білімді халық.

( А.Байтұрсынов.)



№2

Сөйлемді көшіріп жазып, айтылу мақсаты мен сазына қарай қандай сөйлем екендігін анықта, бастауышын тауып, құрамына, жасалу жолына талда.

Ә) Білген адам тауып айтады,

Білмеген адам қауып айтады.

(Мақал.)




ІІІ Өткен сабақты қорыту: «Сызбаны сөйлет» оқыта үйрету ойыны.

Берілетін сөздер:

1. Синтаксис .

2. Сөз тіркесі.

3. Сөйлем.

4. Хабарлы сөйлем.

5. Сұраулы сөйлем.

6. Бұйрықты сөйлем.

7. Лепті сөйлем.

8. Сөйлем мүшесі.

9. Тұрлаулы мүшелер.

10. Бастауыш.

11. Бастауыштың түрлері.


ІҮ Жаңа сабақ:

Баяндауыштың құрылысына қарай жіктелуі


Дара баяндауыш

Отанын сүйген отқа жанбайды,

Суға батпайды.

Күрделі баяндауыш

Ердің жасы – екі елу.

Үйірлі баяндауыш

Білім гауһар – бағасы жоқ,

Надандық кесел – дауасы жоқ.

Баяндауыш болатын сөз таптары мыналар:

Баяндауыш болатын сөз таптары

С Ө Й Л Е М Д Е Р

Зат есім

Туған жер – тұғырың,

Туған ел – қыдырың.

Сын есім

Әлсіз адам – сүріншек,

Ақылсыз адам – еріншек.

Сан есім

Айла – алтау, ақыл – жетеу.

Есімдік

Дүниенің қызығы – сіз бен біз.

Көмекші етістік пен есім сөз

Байлық – мұрат емес,

Тұйық етістік

Жақсының қасиеті – жарастыру,

Жаманның қасиеті – таластыру.


Ү. Жаңа сабақты бекіту:

«Даналық сандықшасы» қойылғандығын хабарлап, оқушылардың сұрақ жазып, салуларына болатындығы хабарланады.

1) Оқулыпен жұмыс: 38-жаттығу.

Ырыс алды – ынтымақ. Ағайынның татулығы да – байлық. Біздің міндетіміз – оқу. Алтай үлкендерге сәлем берді. Екі жерде екім – төрт. Төрт үшке бөлінбейді. Тыңдамаса, сөз – жетім. Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің. Жалқау болу да – жаман. Ұйқы – арсыз, күлкі – арсыз, тамақ – арсыз.


Әр қатардан 1 оқушыға берілетін үлестірме карталар:



№3.

Сөйлемді көшіріп жазып, айтылу мақсаты мен сазына қарай қандай сөйлем екендігін анықта, баяндауышын тауып, құрамына, жасалу жолына талда.

Ақыл – азбас байлық,

Темір – тозбас байлық,

Кен – кең байлық.

(Мақал)






№4

Сөйлемді көшіріп жазып, айтылу мақсаты мен сазына қарай қандай сөйлем екендігін анықта, баяндауышын тауып, құрамына, жасалу жолына талда.

Ақылды адам айтқызбай біледі,

Ақ сұңқар қаққызбай іледі.

(Мақал)



№5.

Сөйлемді көшіріп жазып, айтылу мақсаты мен сазына қарай қандай сөйлем екендігін анықта, баяндауышын тауып, құрамына, жасалу жолына талда.

Тілі басқа – тілегі бір,

Түрі басқа – жүрегі бір.

(Мақал)



  1. Шығармашылық тапсырма.

Алматы мен Астана қалаларында өтетін ҮІІ Қысқы ойындар спартакиадасы туралы шағын мағлұмат бере отырып, «Медеу» мұз айдынының, Іле Алатауының суреттері көрсетіледі. Сурет көрінісін тірек ете отырып, «Байрақты бәсеке бастауы» атты шағын эссе жаздырту. Баяндауыштарын тауып, құрылысына, сөз табына талдау.

Берілетін тірек сөздер: Елена Хрусталева, бессайысшы, шаңғышы, Алматы, Астана, Қазақстан, спорт, достық кепілі, «Медеу» мұз айдыны, ұлт мақтанышы, жанкүйер, үміт арту, қандастарымыз, т.б.

ҮІ. Сабақты қорыту мақсатында оқушыларға семантикалық карта таратылады.

І топқа:

Баяндауыштарды тауып, сөз таптарына талда.

Сөз таптары


Сөйлемдер

Етістік

Сан емім

Сын есім

Зат есім

Ол жақсы сөйлейді.





Ол – жақсы адам.





Оқушы саны – жиырма алты.





Қазақ тілі өте оралымды, ырғақты, көркем.





ІІ топқа:

Баяндауыштарын тауып, құрылысына талда.

Құрылысына қарай түрлері


Сөйлемдер

Дара

Күрделі

Үйірлі

Адам баласының ең жаманы - талапсыздық.




Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті.




Алтын ұяң – Отан қымбат,

Құт берекең – атаң қымбат.




Таза сөйлеу де - мәдениеттің ең бір биігі.





1 оқушы тақтада берілген сөйлемнің баяндауышы қай сөз табынан болғандығын тауып, сол сөзге сатылай кешенді талдау жасайды.

Тілін білмеген түбін білмейді. (Ғ.Мүсірепов)

Білмейді – сөйлемдегі қызметі - баяндауыш.

Етістік

Сұрағы: қайтеді?

Құрамы: дара.

Болымсыз.

Сабақты.

Ауыспалы келер шақ.

Ашық рай.

«Даналық сандықшасы» оқыта үйрету ойынымен қосымша сұрақтарға жауап алу.

  1. Баяндауыш дегеніміз не?

  2. Баяндауыштың сұрағын ата.

  3. Баяндауышы зат есімнен жасалған мысал айт.

  4. Баяндауышы етістіктен жасалған мысал айт.

  5. Баяндауышы сан есімнен жасалған мысал айт.

  6. Күрделі баяндауышы бар сөйлемге мысал айт.

(Оқушыны қызықтыратын әр түрлі ережелер де қамтылды.)

ҮІІ. Үйге тапсырма:

  1. 39-жаттығу.(Тапсырмасы класта ауызша орындалды)

Жерден ауыр не?

Жерден ауыр – мінез.

Судан терең не?

Судан терең – ой.

Оттан ыстық не?

Оттан ыстық - Отан.

Көктен биік не?

Көктен биік – көкірек.

2) Әр оқушы бес мақалдан жаттап, бастауышы мен баяндауышын тауып келу, құрылысына, сөз табына талдау жасау.

















Сыныбы: 8 «Д». Күні: 7.03.2011 ж.

Тақырыбы: Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.

Мақсаты: - себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары мен

сұрақтары туралы мағлұмат беру;

  • сауатты жазу дағдысын қалыптастыру, оқушының таным белсенділігін

арттыру;

  • ұлттық құндылықтады сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Көрнекілігі: С.Қазыбаев «Құрмалас сөйлемдер кестесі», перфокарталар.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндірмелі-көрнекілік әдісі, репродуктивтік, СКТ тапсырмалары.

Барысы: І Ұйымдастыру.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ Өткен сабақты қорыту.

ІҮ Жаңа сабақ.

Ү Жаңа сабақты бекіту.

ҮІ Сабақты қорыту.

ҮІІ Үйге тапсырма.

ҮІІІ Оқушы білімін бағалау.

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

  2. Қорытуға арналған сұрақтар.

А) Мезгіл бағыныңқы сабақтас ұрмалас сөйлем деп қандай сөйлемдерді атадық?

Ә) Мезгіл бағыныңқының жасалу жолдары туралы не айтар едіңдер?

Б) Мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлемнің сұрақтарын атаңдаршы?


Перфокарта.

Сөйлемдер

Қарсылықты

Шартты

Мезгіл

Жақсылық жасасаң да, қалпыңнан еш аспағын.




Апамдар үйге кіргенде, мен де мектептен келдім.




Мейірім етсең, тас жібіп, жетімге түнде таң атар.






Жаңа сабақ: Сапар өз ісінің терістігіне көзі жетпегендіктен (неліктен?), Алмасқа ренжіп жүрді. Қуанышым қойныма сыймай (не себепті?), ауылға қарай тарттым. Ол үздік оқушы болған соң (неге?), бәріміз сыйлаймыз. Жиналыс тым ұзаққа созыл (-ып, -ған соң, -ғандықтан), айтысқа бара алмадық. Қоңырау болып қалар деп, мектепке қарай жүгірдім.


Сабақты бекітуге: №134,135-жаттығу.

Үйге: 136-жаттығуды жазбаша орындау.














Сөйлемдер

Қарсылықты

Шартты

Мезгіл

Жақсылық жасасаң да, қалпыңнан еш аспағын.




Апамдар үйге кіргенде, мен де мектептен келдім.




Мейірім етсең, тас жібіп, жетімге түнде таң атар.




Сөйлемдер

Қарсылықты

Шартты

Мезгіл

Жақсылық жасасаң да, қалпыңнан еш аспағын.




Апамдар үйге кіргенде, мен де мектептен келдім.




Мейірім етсең, тас жібіп, жетімге түнде таң атар.




Сөйлемдер

Қарсылықты

Шартты

Мезгіл

Жақсылық жасасаң да, қалпыңнан еш аспағын.




Апамдар үйге кіргенде, мен де мектептен келдім.




Мейірім етсең, тас жібіп, жетімге түнде таң атар.




Сөйлемдер

Қарсылықты

Шартты

Мезгіл

Жақсылық жасасаң да, қалпыңнан еш аспағын.




Апамдар үйге кіргенде, мен де мектептен келдім.




Мейірім етсең, тас жібіп, жетімге түнде таң атар.










Мұғалімі: Н.Сегізбаева. Күні: 20.01.10.

Сыныбы: 9 «Ж». Кабинет № 214.

Тақырыбы: «Біржан мен Сара» айтысындағы Біржан мен Сара бейнесі.

Мақсаты:

1) білімділігі: - оқушыларды іздендіре отырып, Біржан мен Сара

туралы (өмірі мен шығармашылығы туралы)

білімдерін тексеріп, толықтыру;

- айтыс мазмұнымен таныса отырып, кейіпкерлерге

мінездеме беру.

  1. дамытушылығы: - айтысты талдау барысында оқушылардың

ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту;

- іздендіру тапсырмалары арқылы ойлау, жинақтау,

тұжырымдау қабілеттерін арттыру.

3) тәрбиелілігі: - Біржан мен Сараның іс-әрекет, мінез-құлқына

талдау жасау арқылы оқушыларды жақсыдан

үйренуге, жаманнан жиренуге тәрбиелеу;

- кейіпкерлердің бойындағы жақсы қасиеттер

арқылы оқушыны адалдыққа, әділдікке, ата-

баба дәстүрін құрметтеуге, адамгершілік

қасиеттерді бойына сіңіруге ықпал ету.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі: ішінара іздендіру сабағы.

Пәнаралық байланыс: әдебиет теориясы, тарих, музыка, өнер.

Сабақтың әдісі: конструкциялау технологиясы, репродуктивтік.

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, Біржан мен Сара бейнесі, кітап көрмесі, графопроектор, бейнетаспа.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ Өткен тақырыпты қорыту.

ІҮ Жаңа сабақ.

Ү Жаңа сабақты бекіту.

А) Біржан бейнесі.

Ә) Сара бейнесі.

Б) «...алдыңғы буын ағалар,

Кейінгі буын інілер...»

В) Біржанның Сараға берген бағасы.

ҮІ «Не білдік?» әдісімен сабақты қорыту.

ҮІІ Үйге тапсырма: Біржан мен Сара

мінездемесінің моделін жасау.

ҮШ Оқушы білімін бағалау.

Тірек-сызба

Біржан – ақын, ұлы сазгер, жезтаңдай әнші, шебер домбырашы, сегіз қырлы, бір сырлы майталман өнер шебері.


«Біржан мен Сара» айтысы

«...қызы едім Тастанбектің атым – Сара...»

Біржан әндері – зұлымдық, әділетсіздікке қарсы халықтың ащы үні, ызалы кегінің көрінісі

Біржан және Абай


«Біржан мен Сара» айтысының тақырыбы, идеясы, айтыстағы әлеуметтік теңсіздік

Тірек-сызбаның әр тақырыбының қасында қалташа бар, сол қалталарда төмендегідей сұрақтар жасырулы:

І А) Біржанның туған жылы, туған жері, шәкірттерін ата.

Ә) Біржан балалары туралы қандай деректер білесің?

В) «Біржан - өр ақын» деген пікірді дәлелде. «Жанбота» әніне сүйене отырып.)

ІІ «Біржан – қазақтың жезтаңдай әншісі, талантты сазгері. Ол Абаймен де кездескен, дос болған деген пікірді дәлелде.

ІІІ Сара Тастамбекқызының қысқаша өмірбаяны туралы не білесің?

ІҮ «Біржан мен Сара» айтысының тақырыбы мен идеясы туралы.


Үй тапсырмасын қорытуға арналған сұрақтар:

  1. «Біржан мен Сара» айтысы қай жерде, қашан өтті?

  2. «Біржан мен Сара» айтысы қай жылы, қай қалада кітап болып басылды.

Жаңа сабақ:

Оқулықта берілген айтыс мәтінінен Сара мен Біржанға берілген мінездемелер мен қос саңлақтың адами қасиеттері мен тыныс-тіршілігінен ақпар берер тұстарын оқушылар тауып, мәнерлеп оқиды. Ерекше тіркестер мен бейнелі сөздерге теориялық тұрғыдан талдаулар жасалып, түрлеріне ажыратылады.

  1. Мәтіннен Біржанға мінездеме беріледі. (Оқушылар кезекпен оқып, ондағы бейнелі сөздер түріне ажыратылады.)

  2. Мәтіннен Сараға мінездеме беріледі. (Оқушылар кезекпен оқып, ондағы бейнелі сөздер түріне ажыратылады.)

  3. «...алдыңғы буын ағалар, кейінгі буын інілер...» Сабақтың бұл кезеңін бастамас бұрын оқушыларға айтыс өнері туралы қосымша мағлұматтар беріледі. Мысалы: С.Мұқановтың пікірі бойынша, «Айтыста жаттанды трафарет өлеңдер аз болады», «ақындар айтыстың бас кезінде асқақ әуенге басады, өздерінің асқан сөз жүйрігі екендіктерін танытады, қарсылас ақынын тұқырта, кеміте, үркіте сөйлейді... Кей жағдайларда ақындар қарсыласының сөз саптасын, өнерлілігіне барлау да жасау мақсатын көздеген».

Осындай дәстүр «Біржан мен Сара» айтысында да жақсы сақталған. Қос саңлақтың алғашқы шарпысуларындағы намысқа тие сөйлеу, мақтана сөйлеу әрекеттерін біз оғаш қылық, сөкеттік деп танымауымыз керек. Керісінше, айтыс жанрының қыр-сырын жетік меңгерген нағыз ақындар, нағыз дарындар деп бағалағанымыз жөн.

Сабақтың алға қойған негізгі мақсаттарының бірі қос саңлақтың адамгершілік қасиеті, өнер адамдарының бір-біріне деген құрметі, өнерді сыйлауы, кие тұту қасиеттеріне көңіл бөлдірту, үлгі алдырту. Иісі найманның жыртысын жыртып, сөзін сөйлеп отырған жер жанаты Жетісудың бұлбұлы Сараның бас бостандығы болмаса, кез келген қазақ қызының жағдайы туралы не әңгіме айтуға болады?! Яғни, айтыста көтерілген әлеуметтік теңсіздік мәселесі Біржанның демократтық көзқарасын да танытпай ма? Ендеше, Біржанды күрескер ақын деп те тануымыз абзал. Сөз құдіретімен тиген жерін тіліп түсетін алмас тілді Біржан найманның игі жақсыларынан Жетісудың бұлбұлына еркіндік алып берді.

Қазақ халқының бойындағы тамаша мінез, тамаша дәстүр – аталы сөзге тоқталу. Қажағаң бастаған найманның атқамінерлері Сараға еркіндік беріп, Біржанға ат мінгізіп, шапан жауып қайтаруынан да қазақтың жомарттығы екендігіне оқушы назарын аудартамын.

(Сабақтың осы кезеңінде ақындардың іс-әрекеті арқылы қазақ халқының жақсы мінез-құлықтарын үлгі ете отырып, оқушы назарын ерекше аударамын.)

«Не білдік?» әдісімен сабақты қорыту.

Біржан

Сара

Ақ иық мұз балақ.

Кең қолтық арғымақ.

Жел қабыз, жез тағалы еңіреу.

Сандалтып орта жүзді әнмен қырған.

Жібек жал арғымақ тұмарланған.

Сайратқан орта жүздің бұлбұлы.

Қыранмын желді күні талмайтұғын.

Өнері ұлдан артық,

Матайдың бұлбұл құсы.

Наймандағы екіжүзді наркескені.

Иранбақтың қызыл гүлі.

Елден асқан сұлу. Мойным жүзген қудың сұңғағындай. Ақ иық сұңқар, құлан дауыс ақ тұйғын.

Үйге тапсырма: «Біржан мен Сара сипаты». Оқулықтағы 120-бет.

Біржан мен Сараның мінездемелік моделін жасау.

Айтыстан ұнатқан тармақтарын (көлемі 20-30 тармақ) жаттау.

Оқушы білімін бағалау.



























Ашық сабаққа өзіндік талдау

Сабақ тақырыбы: «Біржан мен Сара» айтысындағы Біржан мен Сара бейнесі.

9 «Ж» сыныбында барлығы 25 оқушы бар. Сынып мүшелерінің жалпы оқу сапасы төмен, бірақ әдебиет пәні бойынша сапа көрсеткіші 67%. Жекелеген 7-8 оқушы бұл пәнге ерекше құрметпен, қызығушылықпен қарайды.

«Біржан мен Сара» айтысына барлығы 3 сағат: біріншісі – «Айтыстың тақырыбы», екінші – «Біржан мен Сара бейнесі», үшінші – «Айтыстың көркемдік ерекшелігі».

Сабақтың мақсаты:

1) білімділігі:

оқушыларды іздендіре отырып, Біржан мен Сара туралы (өмірі

мен шығармашылығы туралы) білімдерін тексеріп, толықтыру;

айтыс мазмұнымен таныса отырып, кейіпкерлерге мінездеме

беру.

2) дамытушылығы:

айтысты талдау барысында оқушылардың ауызекі сөйлеу

тілдерін дамыту;

іздендіру тапсырмалары арқылы ойлау, жинақтау, тұжырымдау

қабілеттерін арттыру.

3) тәрбиелілігі:

Біржан мен Сараның іс-әрекет, мінез-құлқына талдау жасау

арқылы оқушыларды жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге

тәрбиелеу;

кейіпкерлердің бойындағы жақсы қасиеттер арқылы оқушыны

адалдыққа, әділдікке, ата-баба дәстүрін құрметтеуге,

адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруге ықпал ету.

Сабақтың типін аралас сабақ деп алу себебім, тақырып - жоспар бойынша екінші сағат. Бірінші сағатта айтыстың мазмұны мен идеясы туралы оқушыға мағлұмат берілген. Бұл сабақта айтыс мазмұнына оқушы көңілін аударта отырып, Сара мен Біржанның адами қыры: адамгершілігі, өнерді бағалаулары, қарсыласқа құрмет - өнерге құрмет екендігін, қос саңлақтың өз ортасында сыйлы, яғни қазақ халқы өнерді, өнер адамдарын қашанда құрмет тұтқандықтары туралы мағлұмат берілді. Қос ақынға мінездеме берілді. Бұл деректер алғашқы сабақпен тығыз байланыста жасалынып отырғандықтан, мұны аралас сабақ деп есептедім.

Сабақтың түрін ішінара іздендіру деп алуым, оқулық бойынша екі өнер иесіне мінездеме беру үшін ізденімпаздықпен атқарылатын қосымша жұмыстар қажет деп таптым. Оқушылар айтыс мәтінінен ақындардың мінез-құлқын ашатын тұстарын тауып оқып, ондағы кездескен бейнелеуіш сөздерді тауып, олардың түрлеріне талдаулар жасады. Сабақ барысында жекелеген сөздерге түсінік беріліп, сөздікпен жұмыс жасалды.

Сабақ соңында оқушылар Біржан бойындағы адамгершілік қасиеттерден өзге, демократтық рухты байқап, оның өз заманында күрескер ақын болғандығын білсе, Сараның қалыңмал құрбаны екендігін біліп, сол замандағы әлеуметтік теңсіздік, әйел бостандығы туралы қосымша мағлұмат алды.

Сабақ соңында оқушылардың сабақ барысындағы білім деңгей бағаланды. Онда үй тапсырмасына ерекшекершілікпен қараған А.Тобажанова, А.Қолғанатова, Н.Үсеновалар «5», Б.Сағладинов, А.Жұмабекова, А.Тулеуова, Т.Қуандық «4», берілген тапсырмаға шалағай дайындығымен көрінген Б.Мұхан «3», жаңа сабақты талдау кезінде ерекше білім деңгейімен көзге түскен Г.Искакова, Г.Жұмабекова, А.Жұмабекова «5», Т.Қуандық, С.Құрманбеков, Д.Бердекеевке «4» деген баға қойылды.

Пән мұғалімі Н.Сегізбаева



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Сегизбаева Нургуль Кыдырбековна

Дата: 10.02.2017

Номер свидетельства: 390195


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства