kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық тәрбие сағаты "Достық сезім" 4 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

4 сыныптармен өткен  "Достық сезім" атта ашық тәрбие сағаты. балардың достығын нығайту мақсатында өтілді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық тәрбие сағаты "Достық сезім" 4 сынып»

«Достық сезім»

Мақсаты:1 Балаларға достық, өзара сыйластық, сүйіспеншілік туралы түсінік беру, бір-бірімен тату болуға үйрету.

2. Баланың өзін-өзі тануына, достарын бағалауға, құрметтеуге, режітпеуге, досының айтқанын соңына дейін тыңдауға тәрбиелеу.

3.Өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым-қатынастарын дамыту. Татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Достық туралы суреттер, кішкене жапырақтар, достық ағашы, слайд

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын

Сабақтың жүру барысы:

Тәрбиеші:- Сәлемет пе, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Енді балалар, қонақтармен cәлемдесіп аламыз.

Сәттілік біздер тілейік

Сен-маған,мен -саған.

Күндей күліп жүрейік

Күннің нұрын төгейік

Сен –маған,мен –саған

Басымызды иеміз

Сәлемдесе білеміз

Біз-сіздерге ,сіздер біздерге

Балалар енд сендер бір-бірлеріңмен қалай сәлемдесер едіңдер,кәне көрейік.

Шаттық шеңбері:

Ән салуға барамыз (шеңбер бойымен жүру)

Досымызды табамыз (тоқтайды)

Сәлемет пе! Міне мен! (қолдарын екі жаққа жаю)

Доспын енді сенімен (бір-бірімен қол алысу)

  • Олай болса мына сиқырлы таяқша көмегімен

бір-біріне жылы лебіздерің мен сиқырлы сөздер айтып көріңдерші





Қуаныш:-Аспанымыз ашық болсын

Расул: - Елімізде тыныштық болсын

Гулсезім: Бейбітшілік болсын

Айнаш: - Ақылды болайық

Нышанбай: - Күніміз жарық болсын

Аяулым: - Білімді болайық

Дариға - Әдепті болайық

Шыңғыс: - тобымызда татулық болсын

Жамиля: Әрқашан күн сөнбесін

Ерболат: Достығымыз берік болсын

Ботакөз: Денсаулық тілеймін

  • Рахмет, балалар! Орнымызға жайғасып отырып алайық.тәрбие сағатын бастамас бұрын сөзжұмбақ шешеміз.



  1. Тиіп кетсе, ән салған,

Дауысына ел тамсанған (домбыра)

  1. Жалт-жалт етер,

Жалмап кетер. (От)

  1. Жуынап деп, жазған –ай,

Күннен күнге азғаны-ай (сабын)

  1. Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (Түйе)

  1. Кесе, шыны, пиала –

Оларсыз шай құяма?

Қасықсыз тамақ жемейді,

Бәрінің атын не дейді? (ыдыс)


  1. Ұшқаны қызық жалпылдап,

Өзі сондай қарқылдақ. (қарға)







1 Д

2 О

3 С

 4 Т

5 Ы

6 Қ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 


 

 

 























Олай болса бүгінгі өтетін тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Достық сезім» деп аталады, яғни «достық», «дос» туралы әңгімелейміз. Дос, достық дегеніміз – адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынас, бір – біріне деген сүйіспеншілік, жанашырлық сезім. Достар бір-бірін режітпейді, керісінше нағыз достар бір-бірін құрметтейді, сыйлайды, кешірімді болады.

Достық сезім тек қана адамдар арасында ғана емес, ел мен елдің арасында да болады. Мысалы: біздің Қазақстан Республикасы басқа мемлекеттермен, басқа елдермен жақсы достық қарым-қатынаста. Соның арқасында біздің еліміз қарқынды дамып келеді.

Балалар, егер сендер бір-біріңді ренжітпей, тату-тәтті ойнасаңдар, бір-біріңе сыйлы боласыңдар, соның арқасында сендерде де достық сезім пайда болады. Достықтың арқасында қиыншылықтардан құтылуға болады.

Жалпы дос дегеніміз не, қалай дос болу керек екені бәрімізге белгілі , бірақ та кейбі-реулер , шындығында дос деген сөздің мәніне жетпейді!
«Адам үшін ата-анадан кейінгі ең жақын- абзал дос. «Доссыз өмір тұл»,«Доссыз өмір- тұзсыз ас » - деп халық тегін айтпаған.


Жақсы дос - ол да бір үлкен дәулетДостарың әрдайым көп бола бергені жақсы. Бірақ достың да досы бар, ақымақ дос тек өзіне ғана достық жасауды ұнатып, өзгеге жасағанын бұлдайды. Сондықтан халық ақымақ достан ақылды дұшпан артық дейді.
Яғни достықтыңда достығы болады екен. Осы мәселе төңірегінде бір көрініске назар аударайық.

Аспан мен Жер

Балалар сендер достық туралы қалай ойласыңдар,1) дос деген не? 2)Дос қандай болу керек?

Оқушылардың ойлары, пікірлерін тыңдау.
1-оқушы Менің ойымша «достық» деген – қасиетті ұғым. Дос адамдық асыл қасиетпен саған тек жақсылық ойлайды, қиындықта көмектеседі, қуанышта да, қайғыңды да бірге бөліседі.

2-оқушы. Дос – қамқоршы , көмекші. Жанын сала тыңдайтын ең жақын серік. Достық, дос болу , достасу, бірлесу , ынтымақтасу – адамзаттың ізгі әрекеттері.
3-оқушы Менің ең жақын достарым- сыныптастарым. Мектеп табалдырығын аттап басқаннан бері доспыз. Бір- бірімізге адал болуға, қажет кезінде демеу болуға тырысамыз. Ең адал, өмірлік достық- мектептегі достық болады дегенді көп естимін, соған қарағанда, біздің де достығымыз ұзағынан және адалынан болады деп ойлаймын.
4-оқушы «Адам баласы сөйлескенше, жылқы баласы кісінескенше» деп халық достасу , қасиеттер адамның өзіне байланысты екенін уағыздайды. Достасу ,серік табу –адамның бақытына бақыт қосады. Мен өзім адамдармен тез тіл табыса аламын деп ойлаймын , сондықтан менің достарым да көп. Достықты жоғары бағалаймын, әрқашан адал болуға , жақсылық жасауға тырысамын..

5-оқушы достар бір-бірін алдамайды.

6-оқушы достар бірін-бірі ренжітпейді .

7-оқушы достар бір-біріне көмектеседі.


Тәрбиеші Ендеше сендер достарыңның қандай болғанын қалайсыңдар ?

Дос қандай болу керек?

   

1-оқушы.  Мен досымның өтірік айтпағанын шыншыл болғанын қалаймын               

 2-оқушы. Мен досымның адал мейірімді болғанын қалаймын                            

3-оқушы. Мен досымның ақылды намысты болғанын қалаймын

жомарт

                    адамгершілігі мол

                                кешірімді

ДОС                        төзімді

                                ақылды

                                сабырлы

                            салмақты

              кек сақтамайтын


Міне, балалар, сендер дос туралы өз ойларыңды және өз достарың туралы айтып жатырсыңдар.


Досы көптің жаны семіреді,
Асы көптің тәні семіреді.- демекші сендер дос, достық деген ұғымның мағынасын терең ажырата біліп, өмірде өздеріңе сыйлас дос, сырлас дос таба білсін деп, бүгінгі тәрбие сағатымыз осы тақырып төңірегінде қайталанған.

Жарайсыңдар, жалпы алғанда, адам өміріндегі ең ұмытылмайтын шақ , яғни мектептегі шақ , мектептегі достарың Сонымен балалар біз қандай достықты таңдаймыз? Қазір «Екі дос» көрінісін тамашалайық, сендер олардық достығы адал ма, әлде амал достық па, қайсысы екеннің өздерің айтыңдар.

Көрініс «Екі дос».сахналап көрейік .


«Бірде орманмен екі дос келе жатқанда оларға бір аю бас салады. Бір бала сасқанынан жүгіріп барып ағашқа мініп кетеді. Ал екіншісі үлгере алмай, өтірік өлген болып,жата қалады.Аю оған жақындап келіп, иіскей бастайды.Бала болса демін шығармай тыныш жата қалады. Аю оны иіскеп-иіскеп кетіп қалады. Аю кеткен соң бірінші бала ағаштан түсіп алып:

«Айтшы ал, аю сенің құлағыңа не деп сыбырлады?» дейді.
Сонда досы: «Досына қауіп - қатер төніп тұрғанда қашып кеткен адамдардан сақтану керектігімді, айтты» дейді.
Ертегіге қатысты сұрақтар:
- Екі дос қайда келе жатты?
- Кенеттен қандай жағдай болды?
- Екі достың іс - әрекеттері қандай болды?
- Аю кеткен соң ағашқа өрмелеп кеткен жігіт, қандай сұрақ қойды досына?
- Неге досы: «Досына қауіп - қатер төніп тұрғанда қашып кеткен адамдардан сақтану керектігімді, айтты» деді? Қалай түсіндіңдер осы жерді?
-

– Себебі ол жолдасын тастап кетті.
- Өз басын ғана қорғап қалды.
- Ол қорқақ еді.
- Ондай адаммен дос болмау керек.


Достыққа қарама-қайшы сезім-ол дұшпандық, сатқындық. Дос екіге бөлінеді: Адал дос және Амал дос. Адал дос дегеніміз- досына адал, қиыншылықта қасыңнан табылатын жанашыр, жан дос. Амал дос дегеніміз- ол уақытша дос

-Балалардың қайсысы адал, қайсысы амал досқа жатады?
Адал дос пен Амал досты венн диаграммасы арқылы сипаттайық.


- Адал дос

1- , шындықты жақтайтын

2-, ұятқа қалдырмайтын,

3-, көмектесетін,
4-жанашыр
Амал дос

1-уақытша

2-өтірікші

3-қызғаншақ

4-өзін ғана ойлайтын

Ортақ қасиеті

Қуанышта әр қашан жаныңда.

Жағдаяттарды талдау
1-оқиға: Сендер досың екеуің керісіп қалдыңдар. Бұл жағдайды жанжалсыз қалай шешер едіңдер?
- Досым екеуіміз керісіп қалсақ, бұл жағдайда мен досыма бәрін түсіндіріп, ақылымды айтар едім.
- Бұл жерде мен ренжіспей, досымнан не болғанын сұраймын.

2- оқиға: Сырым мен Дина дос болатын. Бірде Сырымның лақтырған добы Динаның басына барып тиді. Сырым добын домалатып теуіп ала жөнелді.
Дина мен Сырым шын достар деп, айтуға бола ма?

Неліктен?


3-оқиға:

Құрбылары Жанарға

Балмұздақ  берген-ді.

Жанар кетті алға тез,

Алды-артына қарамай,

«Рахмет» деп жалғыз сөз

Айтуға да, жарамай!

-Сендер қалай ойлайсыңдар, осыдан кейін балалар Жанармен дос бола ма?


-        Кейде біз асығып жүріп, ізгі сөздерді айтуға үлгермей қаламыз. Одан досымызды ренжітіп аламыз. Жанар  «Рахмет» деген сөзді, Сырым «кешір» деген сөзді айта алмады. Нағыз достар бір-бірінің көңіліне қарап, ренжітпейді, кешірімшіл болады. Достар қиын сәттерде көмекке келеді, татулықты қадір тұтады.


4-оқиға: Сыныптастарыңның біреуі ауырып, ауруханаға жатып қалса, оған қалай көмектесер едің?

-Сыныптасым ауырып қалса,мен ауруханаға барып қалін біліп, көңілін көтеріп келер едім

-Ал мен болсам,ауруханаға жеміс –жидек шырын апарып қызықты кітаптардыоқып беріп

Сабағына көмектесер едім

Міне, осындай жағдаяттардан дәйексіз пайда болады. Біздің бүгінгі айтар дәйексөзімізді «Достық – асыл қасиет» деп атайық. Достық бір-біріне деген сүйіспеншіліктен, мейірімділіктен, көмектесуден туындайды. Сондықтан да достықты адам бойындағы асыл қасиетке теңейміз.

Көзге арналған жаттығу


Періште келеді:

Саламатсыңдар ма балалар! Мен орманнан келген періште қызбын. Орманда көлеңкесінде саялайтын мәуелі ағашым бар еді.Сол ағашымның қатты желден жапырақтары түсіп қалыпты. Сол жапырақтарды қайта орнына жапсырайын деп едім, жапырақтағы тапсырмаларды орындауға жалғыз өзімнің шамам келер емес. Тапсырмаларды орындасуға достар іздеп келіп едім. Маған көмектесесіңдер ме балалар?

(періште қыз балалармен достасады)

Жапырақтар тапсырмасын орындау

Әдептілікті кімнен үйренеміз (данадан)

Дана деген кім (көпті көрген қария)

Мейірімділікті кімнен үйренеміз( анадан)

Балалар, ал сендер достық, мейірімділік, туралы тақпақтар білесіңдер ме Періште қызға кім айтып береді?


Тақпақтар


1. Нағыз достар бір-біріне ұнаған.
Қиындықта бірін-бірі сынаған.
Мүмкін емес доссыз емес өмір сүруде,
Сүйеу болар шақтарыңда құлаған.

2. Досы үшін дос көнеді бейнетке,
Дос деген сөз ең қадірлі жер-көкте,
Жақсылардың айрылмас досы көп.
Қолын берген қиыншылық кездессе.

3. Достарымды сүйемін бірге жүрген,
Бірге ойнап, менімен бірге күлген.
Достар деген жаныңның бір бөлшегі
Орын алған жүректің бір түбінен. .


Доспен бірге жүреміз,

Бірге ойнап күлеміз,

Ажырамас іргеміз,

Әрқашанда біргеміз

Достық- әдеп, сыйласым,

Дос- өмірлік қимасың.

Дос арыңдай қымбатым.

Достық сезім тым тәтті,


Достық –игі жақсылық.

Достық ниет- жақсы үміт,

Достық жасап адамға,

Достаса біл әманда.


Достар тату-тәттіміз,

Болса қолда тәттіміз,

Біз бөлісіп жатамыз

Бәріміз дәм татамыз.


Біздің топта ұл- қыздар

Тату –тәтті ойнаймыз

Әлемдегі бар адамғ

Тек жақсылық ойлаймыз!

Балдырған баламыз,
Досты көп табамыз.
Қашан да, қайда да,
Достар бір-біріңе
Сенімді боламыз.

Балдырған балалар,
Достықты бағалар.
Есіңе сақтағын,
Адал бол,
Шыншыл бол.
Өтірік айтпағын,
Сөзіңнен қайтпағын.


Сергіту сәті

«Аяқпенен топ-топ-топ» сергіту жаттығуын қосып, балалардың бойын сергіту.


Ұлы ғұламалардың өздері достық туралы жырлаған Сол достық туралы ғұламалардың айтқан даналық сөздеріне тоқтала кетейік!


1.Өрге жүзген өнегелі ісімен,
Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен. (Әл- Фараби)

2.Жақсымен дос болсаң ,
Алдыңнан шығар елпектеп...
Жаманмен дос болсаң,
Сыртыңнан жүрер өсектеп. (Махамбет Өтемісұлы).

3.Дос болма, майда тілді күлгенменен,
Бимағна сырты жылтырап жүргенменен. (Шал ақын).

4-Жақсы дос – білген сырын сыртқа жаймас. (А. Құнанбаев)

5-Ақылсыз достан ақымақ дұшпан артық ( Шілкиіз Тіленшіұлы)

6-дос достың кемшілігін кешіре біледі (Жүсіп Баласағын)

7-жақсы дос-көлеңке басыңды күн шалса,қашып құтыла алмайсың басыңды бұлт шалса –іздеп таба алмайсың А. (А. Құнанбаев)


Ойын-Мақалды толықтыр!

  1. «Кемшіліксіз .... іздеген адам .... қалады».

2. «Дұшпан .... айтады, дос....айтады».

3. «Жаңылмайтын ... жоқ, сүрінбейтін тұяқ .......».

4. «.... жаңасы жақсы, ... көнесі жақсы.».

5. «..........ақшаң болғанша, көп досың ...».

6. «Досы көппен .... ,

Досы жоқпен ... »

  1. «Досы ... , өзі де жақсы»

2. «.... басқа қарайды,

... аяққа қарайды»

  1. «Ақылсыз ....ақылды дұшпан ....»

4. « Досың мың ....,

... біреу болса да көп»

5. « ... адам тамыры жоқ ... тең»

6. « ... дос болсаң,

Сасқанда ақылың айтар.

... дос болсаң,

Топ ішінде бетің қайтар».


Достық ережесін құру

Тәрбиеші: Балалар енді осы жерде «ДОСТЫҚ ЕРЕЖЕСІН» құрып көрейік, ең алдымен сендер өз ойларыңды айтыңдар. Кейін менің құрастырған ережеммен салыстырайық!


• Қиын кездерде бір - біріне көмек көрсетіңдер.
• Досыңды алдамай, оған адал бол.
• Досыңды қорлама.
• Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.
• Досыңның кемшілігін кешіре біл!


Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Сендердің ержелерің дәл менің құрған ережеме ұқсайды екен!

Мультфильм


Ойын «Досымның жүрегі»

Тәрбиеші:

-Балалар, қазір біз сендермен «Досымның жүрегі» деген ойын ойнаймыз.

Шарты:

Тәрбиеші: - Менің жүрегім сендерге деген мейірімділікке толы.

Расул: - Менің жүрегім қамқоршы

Қуаныш: - Менің жүрегім жылы.

Аяулым: - Менің жүрегім қуанышты.

Қуаныш: - Менің жүрегім адал.

Гүлсезім: - Менің жүрегім нәзік.

Ботагөз: - Менің жүрегім сыпайы.

Айнаш: - Менің жүрегім батыл.

Шыңғыс: - Менің жүрегім ыстық.

Расул: - Менің жүрегім жұмсақ.

Нышанбай: - Менің жүрегім жақсылыққа толы

Жамиля: - Менің жүрегім қайырымды.

Ерболат: - Менің жүрегім сезімтал.


Тәрбиеші: - Олай болса, осы жылы да мейірімді, нәзік те сыпайы, жүрегімізден

шыққан жылуды айналамызға таратайық


Балалар біздің достығымыздың арқасында барлық тапсырмаларды орындадық. Енді осы ағашқа ат қояйық. Ағашқа ат қою. «Достық ағашы»


«Жүректен жүрекке» шеңбері

Періште:

- Мен сендерге мына кішкентай сиқырлы жапырақтарымды сыйлағым келіп тұр. Сендер өз жақындарыңа, достарыңа ақ тілектеріңді айтып, жапырақтарыңды мына сиқырлы сандықшаға салыңдар.

Балалар:

Қуаныш- Менің ата-анам әр қашан бақытты болсын

-Нышанбай - Менің достарым көп болсын

Расул- Достарым ауырмасын

Ерболат- Ата мен әжем ұзақ өмір сүрсін т.с.с.

Айнаш-Бәріміз дос болайық!

Шыңғыс -Достарымыз көп болсын!

Жәмила-Достарымызға қайырымды болайық!

Аяулым-Аспанымыз ашық болсын!

Гулсезім-Достармен тату болайық!

Жәния-Деніміз сау болсын!

Ботакөз-Достығымыз берік болсын!


Тәрбиеші :

- Өте жақсы тілектер айтылды. Осы тілектер орындалу үшін, сиқырлы сөздерімізді айтайық.

Сандығым менің ашылар,

Куаныш ішінен шашылар.

Тілегіміз біздердің,

Бар әлемге таралар.

(сандықтың ішінен гельді шарлар ұшып шығады)

Тәрбиеші :

- Міне балалар, мына ғажайып шарлар біздің тілектерімізді аспанға алып ұшты!

Балалар дос туралы ән айтайық сонда тілектеріміз ертерек орындалады!

ән Дос болайық бәріміз

Осымен сабағымыз аяқталды. Бәріңе рахмет!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Коррекционная школа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашық тәрбие сағаты "Достық сезім" 4 сынып

Автор: Джолдыбаева Жанар Оразымбетовна

Дата: 30.01.2017

Номер свидетельства: 385553

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "«Іздегенде табылатын ?асы?нан» ашы? т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(56) "izdieghiendie-tabylatyn-k-asyn-nan-ashyk-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "195728"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427958913"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Т?рбие са?аты  «?ш ба?ытым» "
    ["seo_title"] => string(28) "t-rbiie-sag-aty-ush-bak-ytym"
    ["file_id"] => string(6) "195670"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427954196"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Т?рбие са?аты Мені? елім - ?аза?стан"
    ["seo_title"] => string(40) "t-rbiie-sag-aty-mienin-ielim-k-azak-stan"
    ["file_id"] => string(6) "265894"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450036415"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Т?рбие са?аты:"Наурыз -?лысты? ?лы к?ні!" "
    ["seo_title"] => string(41) "t-rbiie-sag-aty-nauryz-u-lystyn-u-ly-kuni"
    ["file_id"] => string(6) "206190"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1430126551"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) "Ашы? т?рбие са?атыны? та?ырыбы:  «Ынтыма?ы жарас?ан халы?пыз» "
    ["seo_title"] => string(66) "ashyk-t-rbiie-sag-atynyn-tak-yryby-yntymag-y-zharask-an-khalyk-pyz"
    ["file_id"] => string(6) "214111"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1432213410"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства