kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Іздегенде табылатын ?асы?нан» ашы? т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: «Іздегенде табылатын ?асы?нан» атты т?рбие са?аты

К?ні: «17 »    мамыр   2014ж

Сыныбы: 6 «Б» -сынып

Саба?ты? ма?саты:

А) О?ушылар?а досты? адам ?міріндегі ма?ызы, орны, досты?ты? шынайы белгісі туралы айтып т?сіндіру, дос?а деген танымын, тал?амын шы?дау;

Б) ?з ойларын ашы? айта білуге, с?ра??а ойланып на?тылы толы? жауап білуге ?йрету, ойлау ?абілеттерін, тілдерін дамыту;

С) О?ушыларды адамгершілікке, имандылы??а,адалды??а, тату, мейірімді болу?а т?рбиелеу, досты? туралы жа?сы пікір ?алыптастыру; О?ушыларды? досты? туралы ой-пікірлерін дамыту, досты?ты ?адірлей білуге т?рбиелеу, адал дос таба білуге баулу.

Саба?ты? ?дісі: с?ра?-жауап, баяндау,  топты? сайысу.

Саба?ты? к?рнекілігі: Досты? туралы на?ыл с?здер, ма?ал –м?телдер, буклет, сызба н?с?алар, презентация.

Саба?ты? барысы:

Г?лжамила апай: ??рметті ?зтаздар, о?ушылар б?гінгі бізді? 6 «Б»- сыныбында  «Іздегенде табылатын ?асы?нан» атты ашы? т?рбие са?атына ?ош келді?іздер.

Досым,са?ан сенемін, сеніп ?тем,

Жолы б?тен демеймін, ж?ні б?тен.

Досты?  деген ?мірді? к?рігі екен,

Досты? деген ?мірді? тірегі екен, - деп а?иы? а?ын М??а?али Ма?атаев жырла?андай б?гінгі  т?рбие са?атымыз ?мірге с?н беретін   адам бойында?ы ?ажайып сезім «досты?» туралы. ?мірде к?п к?ргені бар, досты? мектебінде шы?дал?ан а?ындарды? жырларын о?ып, ?лтымызды? ?асиетті хадистерін жаттап, даналарды?  с?здерін  санамыз?а то?ып, досты?  деген ??ымны?  адам бойында?ы  жа?сы ?асиеттер екеніне к?з жеткізіп, адал  досты жал?ан достан айыра  білуіміз керек деп ойлаймын.

Г?лжамила апай:   Армысыздар ! Досты? – адамдарды? бір-бірін жаны ?алап, шын жа?ын к?ріп, ?алт?ысыз сеніп, тілектес, м?раттас болуы. Досты? туралы ?лы философтар мен а?ын-жазушылар?а ?оса, ?стаздар мен ?алымдарды? ой тол?ама?аны, оны? м?нін, сырын білуге талпынба?ан адам кемде-кем. М?ны? ?зі досты?ты? адам ?мірінде алатын киелі орнына, зор  ма?ызды  байланыс  екені даусыз.

Г?лжамила апай:   «Шын дос ?шін ?алайда

Тік ?атерге басы?ды.

Айыра біл алайда

Досы? менен ?асы?ды» - дей келе сіздерді досты? туралы  ашы?  ??гімеге ша?ырамын.

Г?лжамила апай: Бізді? сыныбымыз ?ш топ?а  б?лініп отыр. Бірінші топ Дос, екінші топ Жолдас, ?шінші тобымыз ??рбы –??рдас.  Бірінші топ басшысы Арыстанбек, екінші топ басшы С?лтанбек, ?шінші  топ басшымыз Жоламан.

Арыстанбек : На?ыз дос бір –біріне  тарылмайды,

Жуырда т?рткеніне  жарылмайды.

Жа?сы –жаман айтар деп елемейді,

Ба?- д?улет сол адамнан айырылмайды.

С?лтанбек:  Не жетеді  на?ыз дос?а, асыл?а,

?уанса?да,?ай?ырса?да ?асы?да.

?иналады - сен ?иналса? бол?аны,

?йы?тамаса? - ?йы?тамайды ол да?ы.

Жоламан : Адал дос барлы? жерде керек екен,

?мірде досты? орны б?лек екен.

Жа?сы дос жадыратса жан д?ние?ді,

Жаман достан жаманды? келеді екен!

Г?лжамила апай: Сіздер досты?ты ?алай т?сінесіздер? Досты?ты? шынайы белгісі ?андай? ?ш топ ?з ойларын жазып  тапсырады.

?уат: Дос емес,досты? с?зін к?термесе,

Сал?ан жерден т?бі?е жетем десе.

Не ?ылып, дос атына ?осылады,

К?теріп бір с?зі?ді б?йтем десе.

Венера: На?ыз дос бір –біріне  тарылмайды,

Жуырда т?рткеніне  жарылмайды.

Жа?сы –жаман айтар деп елемейді,

Ба?- д?улет сол адамнан айырылмайды.

Меруерт: Жа?сыны? ?рбір с?зін ?айырма?ыз,

Жасы?ан жездей болып мойыма?ыз.

Сыр алма?ан біреумен дос болам деп,

Сыр ал?ан досы?ыздан айырма?ыз.

Г?лжамила апай: Досты? ?мірді? е? зор ?уаныштарыны? бірі, сыры?ды айтатын, ?уаныш-?ай?ы?ды б?лісетін адамны? болуы.

Дос болу киелі ??ым. Ертедегі адамдар  дос болу ?шін не істеген кім ?алай ойлайды ?

Г?лжамила апай:   Ертеде дос болу ?шін ер азаматтар «мал ??дайы» жасап, малды? бауыздау ?анына к?йлектерін батырып, к?йлек ауыстырып киіп, ж?ректерін т?йістіріп ырым жаса?ан, я?ни, «Кеуделері т?йіскен, ?анды к?йлек киіскен» деген ырымен  досты?ты сипаттаймыз деп серт берген екен. Сонымен, кімде ?андай  ой бар? Ертеде дос болу ?шін не істеген екен?

Жарыл?асын: Австралиялы?тар ?ана ?здерінен ?ш н?рсе сатып ал?ан адамды ?ана дос сана?ан.

Н?рс?лтан:  Ежелгі орыстар бір жаса?та?ы ?скерлерді  «достар» деп сана?ан.

Жамал: Досты? келісім шартын арабтарда жаса?ан.Олар шарт жасар алдында ?стелге ірі ?ара т?з салын?ан ыдыс ?кеп,?р?айсысы бір уыстан жеген.Араб философы Фадлан  «Достар да б?рі  ас ішер ыдыста,жуынатын таба?та, тіпті, киімі де орта? болуы тиіс» дегенді айтады.

Г?лжамила апай:   Е? ?уелі «Досты? туралы» ?лы ??лама, ойшылдарды? айт?ан с?здерінен ?зінділер келтірейік.

Н?ржанат:  Ал, ежелгі грек философы, ?алым, ойшыл Аристотель былай деген екен: «Досты? – ?мір ?шін е? ?ажетті н?рсе, ?йткені ешкім еш?ашан да игілікке т?гел ие бола т?рса да, дос – жарансыз ?мірді ?алама? емес».

Лола: Адамдар арасында?ы досты? сезімі ?мірде оларды? бірін-бірі ?ажетсінуінен, ??рмет т?тынуынан, шынайы тілектестік пен ?зіндей к?ріп сенуінен, бір-біріне тірек, медет болуынан, ?ам-?ай?ысыз кезде ?ана емес, ?сіресе, ?иын-?ыстау к?ндерінде іркілместен ?асынан табылудан, риясыз, есепсіз жомартты?тан к?рінеді. Абай арманда?андай, сын са?атта «М?нан мені? ?ай жаным аяулы»,-деп, ?асы?да бірге т?рып ?ана алатын адам ?ана дос?а лайы?.

Мустафа: ?збекті?  а?ыны ?лішер Науаи айт?ан:

Жа?сы киім бой?а жарасады,

Жа?сы жолдас ой?а жарасады.

Г?лжамила апай: Енді, достар та?та?а назар аударып, екі топ   Мы?ты болса?, озып к?р б?ліміне  то?талып, с?ра??а жауап іздейік.

Г?лжамила апай: Ендеше Дос тобынан  с?ра?  ?ойып бастаса?.Досты? сезімі дегеніміз не?Ол нені білдіреді?

Г?лсара:        Досты?  аспанда?ы жары? ж?лдыз, те?іздегі гаухар тас.  Ж?лдыз да, гаухар таста кіршіксіз м?лдір. Б?л екеуін ешкімде, еш ??діретте кірлете алмайды. На?ыз досы?  адам?а шабыт беріп, ?мірде кездесетін  с?тсіздіктерге мойымау?а ?йрету.

Венера:          Досты? сезімі – ?мірде адамдар бірін –бірі ?ажетсінуі мен шынайы ??рмет т?туы.

Мадина:        Досты? сезімі - біріне– бірі тірек болып, ?иын  ?ыстау к?ндерде бірге болып жанынан табылуы.

Г?лжамила апай: На?ыз досты? белгісі не? ?алай ойлайсы?дар?

Дос  тобынан Ерс?лтан:  «Жа?сы адам т??ірді? н?ры» дегендей ?зі? жа?сы болса?,досы? к?п. Жаман болса? досы? жо?. Орташа  болса? бір жа?сы?а ілесе аласы?.

Жолдас тобынан  Исабек:            Жаны таза,ж?зі жылы, ж?ні т?зу, а?ылды, парасатты болу- на?ыз досты?ты? белгісі.

??рбы ??рдас тобынан Жоламан:

На?ыз досты? белгісі шыдам, сабыр.

Шын дос ?шін ?алайда

Тік ?атерге басы?ды.

Айыра біл алайда,

Досы?менен ?асы?ды - дегендей досты асы?пай та?дап, ?адірін білу керек.

Г?лжамила апай: ?андай адамдар бір бірімен дос бола алады?

Мадина:        Бір -біріне пейіл ы?ыласы т?скен, жан ж?регі ?ала?ан,мінездері сыйымды адамдар ?ана дос бола алады.

Г?лдана: Достасу ізгі ниетті адамдарды?  бір- біріне жа?сылы? жасау?а серттесіп, іс-?рекетке орта?тасуы. Достасу игі ?асиет.

Г?лжамила апай: Д?рыс айтасы?дар. Досты? игі ?асиет.

Г?лжамила апай: Кім  Досты? туралы ?лы адамдар,а?ындар айт?ан ?ла?атты с?здерді біледі екен?

Н?ржанат: ?лемде екінші ?стаз ?бунасыр ?л Фараби айт?ан екен:

?рге ж?зген ?негелі ісімен

Та?да адал дос к?п адамны? ішінен.

Д?ниеде жал?ыз ?ал?ан- адамны? ?лгені,

?апашылы?ты? б?рі соны? басында.

Жанкелді: Махамбет ?теміс?лы батыр бабамыз :

Жа?сыменен дос болса?,

Алды?нан шы?ар електеп,

Жаманменен дос болса?

Сырты?ан к?лер ?сектеп.

Мустафа: ??тып айт?ан екен: Досы? мы? болса да аз деп біл,

Д?шпаны?ны? біреу болса да са?тасын.

С?лтанбек: Омар Хаям айт?ан екен:

Пайда жо? б?л заманда толы достан

Жа?сы ?ой ж?ртпен сирек жолы?ыс?ан.

Біреуге серігім деп сене ?алса?,

Алдымен са?ан соны? ?зі д?шпан.

Г?лжамила апай: Хадистерде де досты?  туралы айтыл?ан  екен:

Венера: №525 хадис : ?р бір м?сылман ?шін адал дос табу міндет.

Жанс?лу:  №574хадим:  Жерді  атына ?арап, адамды досына ?арап тану?а болады.

Мадина:№705хадис:Досымен бір жыл бойы араздасып ж?ру оны? ?анын т?гумен бірдей.

С?лтанбек:Т?леген Айбергенов:

Досты? екен ?мірді? е? керегі,

Досты? болып д?ние д??геледі.

?зендегі тол?ындар дос боп а?ты,

?анымыздай ж?гіріп кеудедегі.

А?аш біткен дос болып тербнлнді.

Та?дыр дос?а ба?ытты те? б?леді.

С?йреп келе жат?андай бірнеше ?ол,

Бірнеше ?ол осынау жерде мені.

Гулсара: Т?леген Айбергенов:

Досты? деген таусылмайтын ?азына,

К?ктемде де солып ?алар г?л емес,

На?ыз достар,тіпті, сый да тілемес.

Сырлас болса? есігімді кір ?а?пай,

Шын дос болса? ша?ырмай кел тілегім,

Шын ша?ырсам са?ан ??сап тіл ?атпай,

Жауымны? да  келетінін білемін.

Г?лжамила апай: ?алай ойлайсы?дар дос?а сын айту?а болама?

Арыстанбек: Мені? ойымша, егер сен  досы?а ол туралы, оны? ?ылы?тары туралы не ойлайтыны?ды тура, ашы?тан ашы? айта алмаса?  одан ?зі? туралы  сондай шынды?ты ты?дамаса?, онда сендер  бір- бірі?е шынымен сенбейсі?дер, бір -бірі?ді ??рметтемейсі?дер дер едім.

Г?лжамила апай: Жа?сы, енді екінші б?лімге к?шсек, Ж?йрік болса? шауып к?р б?лімінде  мысалдар келтіріледі,осы?ан ?р топ  сан та?дап жауап беруі керек.

1топ ?андай санды та?даймыз?

Достасу серік табу  адамны? ба?ытына ба?ыт ?осады. Достасудан бірлік, бірліктен тірлік, тірліктен же?іс, жеміс, ?уаныш, ба?ыт туады. Олай болса балалар, іздегенде табылатын достарды?  ?адірін біліп,ба?алайы?!  Б?гін бізде ?атыс?ан Дос, Жандос, ??рбы-??рдас топтарына ?лкен рахмет айта отырып, ДОСТЫ? же?ді деп марапаттаймыз.  Алтын  уа?ыттары?ызды б?ліп келгендері?ізге к?п - к?п рахмет!

6 «Б» -сыныбы  Достар ?нін  хормен орындайды.

.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Іздегенде табылатын ?асы?нан» ашы? т?рбие са?аты »

Сабақтың тақырыбы: «Іздегенде табылатын қасыңнан» атты тәрбие сағаты

Күні: «17 » мамыр 2014ж

Сыныбы: 6 «Б» -сынып

Сабақтың мақсаты:

А) Оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы, орны, достықтың шынайы белгісі туралы айтып түсіндіру, досқа деген танымын, талғамын шыңдау;

Б) Өз ойларын ашық айта білуге, сұраққа ойланып нақтылы толық жауап білуге үйрету, ойлау қабілеттерін, тілдерін дамыту;

С) Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа,адалдыққа, тату, мейірімді болуға тәрбиелеу, достық туралы жақсы пікір қалыптастыру; Оқушылардың достық туралы ой-пікірлерін дамыту, достықты қадірлей білуге тәрбиелеу, адал дос таба білуге баулу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, топтық сайысу.

Сабақтың көрнекілігі: Достық туралы нақыл сөздер, мақал –мәтелдер, буклет, сызба нұсқалар, презентация.

Сабақтың барысы:

Гүлжамила апай: Құрметті ұзтаздар, оқушылар бүгінгі біздің 6 «Б»- сыныбында «Іздегенде табылатын қасыңнан» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

Досым ,саған сенемін, сеніп өтем,

Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.

Достық деген өмірдің көрігі екен,

Достық деген өмірдің тірегі екен, - деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай бүгінгі тәрбие сағатымыз өмірге сән беретін адам бойындағы ғажайып сезім «достық» туралы. Өмірде көп көргені бар, достық мектебінде шыңдалған ақындардың жырларын оқып, ұлтымыздың қасиетті хадистерін жаттап, даналардың сөздерін санамызға тоқып, достық деген ұғымның адам бойындағы жақсы қасиеттер екеніне көз жеткізіп, адал досты жалған достан айыра білуіміз керек деп ойлаймын.

Гүлжамила апай: Армысыздар ! Достық – адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Достық туралы ұлы философтар мен ақын-жазушыларға қоса, ұстаздар мен ғалымдардың ой толғамағаны, оның мәнін, сырын білуге талпынбаған адам кемде-кем. Мұның өзі достықтың адам өмірінде алатын киелі орнына, зор маңызды байланыс екені даусыз.

Гүлжамила апай: «Шын дос үшін қалайда

Тік қатерге басыңды.

Айыра біл алайда

Досың менен қасыңды» - дей келе сіздерді достық туралы ашық әңгімеге шақырамын.

Гүлжамила апай: Біздің сыныбымыз үш топқа бөлініп отыр. Бірінші топ Дос, екінші топ Жолдас, үшінші тобымыз Құрбы –құрдас. Бірінші топ басшысы Арыстанбек, екінші топ басшы Сұлтанбек, үшінші топ басшымыз Жоламан.

Арыстанбек : Нағыз дос бір –біріне тарылмайды,

Жуырда түрткеніне жарылмайды.

Жақсы –жаман айтар деп елемейді,

Бақ- дәулет сол адамнан айырылмайды.

Сұлтанбек: Не жетеді нағыз досқа, асылға,

Қуансаңда ,қайғырсаңда қасыңда.

Қиналады - сен қиналсаң болғаны,

Ұйықтамасаң - ұйықтамайды ол дағы.

Жоламан : Адал дос барлық жерде керек екен,

Өмірде достың орны бөлек екен.

Жақсы дос жадыратса жан дүниеңді,

Жаман достан жамандық келеді екен!

Гүлжамила апай: Сіздер достықты қалай түсінесіздер? Достықтың шынайы белгісі қандай? Үш топ өз ойларын жазып тапсырады.

Қуат: Дос емес ,достың сөзін көтермесе,

Салған жерден түбіңе жетем десе.

Не қылып, дос атына қосылады,

Көтеріп бір сөзіңді бүйтем десе.

Венера: Нағыз дос бір –біріне тарылмайды,

Жуырда түрткеніне жарылмайды.

Жақсы –жаман айтар деп елемейді,

Бақ- дәулет сол адамнан айырылмайды.

Меруерт: Жақсының әрбір сөзін қайырмаңыз,

Жасыған жездей болып мойымаңыз.

Сыр алмаған біреумен дос болам деп,

Сыр алған досыңыздан айырмаңыз.

Гүлжамила апай: Достық өмірдің ең зор қуаныштарының бірі, сырыңды айтатын, қуаныш-қайғыңды бөлісетін адамның болуы.

Дос болу киелі ұғым. Ертедегі адамдар дос болу үшін не істеген кім қалай ойлайды ?

Гүлжамила апай: Ертеде дос болу үшін ер азаматтар «мал құдайы» жасап, малдың бауыздау қанына кқйлектерін батырып, көйлек ауыстырып киіп, жүректерін түйістіріп ырым жасаған, яғни, «Кеуделері түйіскен, қанды көйлек киіскен» деген ырымен достықты сипаттаймыз деп серт берген екен. Сонымен, кімде қандай ой бар? Ертеде дос болу үшін не істеген екен?

Жарылғасын: Австралиялықтар ғана өздерінен үш нәрсе сатып алған адамды ғана дос санаған.

Нұрсұлтан: Ежелгі орыстар бір жасақтағы әскерлерді «достар» деп санаған.

Жамал: Достық келісім шартын арабтарда жасаған.Олар шарт жасар алдында үстелге ірі қара тұз салынған ыдыс әкеп,әрқайсысы бір уыстан жеген.Араб философы Фадлан «Достар да бәрі ас ішер ыдыста,жуынатын табақта, тіпті, киімі де ортақ болуы тиіс» дегенді айтады.

Гүлжамила апай: Ең әуелі «Достық туралы» ұлы ғұлама, ойшылдардың айтқан сөздерінен үзінділер келтірейік.

Нұржанат: Ал, ежелгі грек философы, ғалым, ойшыл Аристотель былай деген екен: «Достық – өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да игілікке түгел ие бола тұрса да, дос – жарансыз өмірді қаламақ емес».

Лола: Адамдар арасындағы достық сезімі өмірде олардың бірін-бірі қажетсінуінен, құрмет тұтынуынан, шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен, бір-біріне тірек, медет болуынан, қам-қайғысыз кезде ғана емес, әсіресе, қиын-қыстау күндерінде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінеді. Абай армандағандай, сын сағатта «Мұнан менің қай жаным аяулы»,-деп, қасыңда бірге тұрып қана алатын адам ғана досқа лайық.

Мустафа: Өзбектің ақыны Әлішер Науаи айтқан:

Жақсы киім бойға жарасады,

Жақсы жолдас ойға жарасады.

Гүлжамила апай: Енді, достар тақтаға назар аударып, екі топ Мықты болсаң, озып көр бөліміне тоқталып , сұраққа жауап іздейік.

Гүлжамила апай: Ендеше Дос тобынан сұрақ қойып бастасақ.Достық сезімі дегеніміз не?Ол нені білдіреді?

Гүлсара: Достық аспандағы жарық жұлдыз, теңіздегі гаухар тас. Жұлдыз да, гаухар таста кіршіксіз мөлдір. Бұл екеуін ешкімде, еш құдіретте кірлете алмайды. Нағыз досың адамға шабыт беріп, өмірде кездесетін сәтсіздіктерге мойымауға үйрету.

Венера: Достық сезімі – өмірде адамдар бірін –бірі қажетсінуі мен шынайы құрмет тұтуы.

Мадина: Достық сезімі - біріне– бірі тірек болып, қиын қыстау күндерде бірге болып жанынан табылуы.

Гүлжамила апай: Нағыз достың белгісі не? Қалай ойлайсыңдар?

Дос тобынан Ерсұлтан: «Жақсы адам тәңірдің нұры» дегендей өзің жақсы болсаң ,досың көп. Жаман болсаң досың жоқ. Орташа болсаң бір жақсыға ілесе аласың.

Жолдас тобынан Исабек: Жаны таза ,жүзі жылы, жөні түзу, ақылды , парасатты болу- нағыз достықтың белгісі.

Құрбы құрдас тобынан Жоламан:

Нағыз достың белгісі шыдам, сабыр.

Шын дос үшін қалайда

Тік қатерге басыңды.

Айыра біл алайда,

Досыңменен қасыңды - дегендей досты асықпай таңдап, қадірін білу керек.

Гүлжамила апай: Қандай адамдар бір бірімен дос бола алады?

Мадина: Бір -біріне пейіл ықыласы түскен, жан жүрегі қалаған,мінездері сыйымды адамдар ғана дос бола алады.

Гүлдана: Достасу ізгі ниетті адамдардың бір- біріне жақсылық жасауға серттесіп, іс-әрекетке ортақтасуы. Достасу игі қасиет.

Гүлжамила апай: Дұрыс айтасыңдар. Достық игі қасиет.

Гүлжамила апай: Кім Достық туралы ұлы адамдар,ақындар айтқан ұлағатты сөздерді біледі екен?

Нұржанат: Әлемде екінші ұстаз Әбунасыр әл Фараби айтқан екен:

Өрге жүзген өнегелі ісімен

Таңда адал дос көп адамның ішінен.

Дүниеде жалғыз қалған- адамның өлгені,

Қапашылықтың бәрі соның басында.

Жанкелді: Махамбет Өтемісұлы батыр бабамыз :

Жақсыменен дос болсаң ,

Алдыңнан шығар електеп,

Жаманменен дос болсаң

Сыртыңан күлер өсектеп.

Мустафа: Құтып айтқан екен: Досың мың болса да аз деп біл,

Дұшпаныңның біреу болса да сақтасын.

Сұлтанбек: Омар Хаям айтқан екен:

Пайда жоқ бұл заманда толы достан

Жақсы ғой жұртпен сирек жолығысқан.

Біреуге серігім деп сене қалсаң,

Алдымен саған соның өзі дұшпан.

Гүлжамила апай: Хадистерде де достық туралы айтылған екен:

Венера: №525 хадис : Әр бір мұсылман үшін адал дос табу міндет.

Жансұлу: №574хадим: Жерді атына қарап, адамды досына қарап тануға болады.

Мадина:№705хадис:Досымен бір жыл бойы араздасып жүру оның қанын төгумен бірдей.

Сұлтанбек:Төлеген Айбергенов:

Достық екен өмірдің ең керегі,

Достық болып дүние дөңгеледі.

Өзендегі толқындар дос боп ақты,

Қанымыздай жүгіріп кеудедегі.

Ағаш біткен дос болып тербнлнді.

Тағдыр досқа бақытты тең бөледі.

Сүйреп келе жатқандай бірнеше қол,

Бірнеше қол осынау жерде мені.

Гулсара: Төлеген Айбергенов:

Достық деген таусылмайтын қазына,

Көктемде де солып қалар гүл емес,

Нағыз достар ,тіпті , сый да тілемес.

Сырлас болсаң есігімді кір қақпай,

Шын дос болсаң шақырмай кел тілегім,

Шын шақырсам саған ұқсап тіл қатпай,

Жауымның да келетінін білемін.

Гүлжамила апай: Қалай ойлайсыңдар досқа сын айтуға болама?

Арыстанбек: Менің ойымша, егер сен досыңа ол туралы, оның қылықтары туралы не ойлайтыныңды тура, ашықтан ашық айта алмасаң одан өзің туралы сондай шындықты тыңдамасаң, онда сендер бір- біріңе шынымен сенбейсіңдер, бір -біріңді құрметтемейсіңдер дер едім.

Жоламан: Адам айнаға қараған сияқты басқа адамға қарайды. Әр адам басқа бір адамның қылығына сын көзбен қараса, мінез құлқына терең, өзінің жақсы- жаман жақтарын салыстыра алады.

Мөлдір: бұл жөнінде М.Шаханов ағамыз :

Қанша досбоп жалғасам да аяулы арман тілекті,

Аямайтын ащы сыным ашындырар жүректі,

Табысыңа шын қуаны, с.ырға қоссан сын алуан,

Бекер басқан қадамыңды бетке айтпай тұралман.

Гүлжамила апай: Достың қандай түрлері бар?

Жамал: Сенің өміріңдегі жаныңды түсінетін, саған қиындық туғанда көмектесетін, әрдайым арқа тұтатын ең сенімді адам ол – досың.

Гүлдана: Ел аузында мынадай әңгімеге құлақ түйейік. Ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыстаӘйтімбет шешенге замандастары:

----Достық нешеу деп сұрақ қояды?Сонда Әйтімбет тұрып:

-----Достықтың екі түрі болады. Бірі адал достық, бірі амал достық. Енді қалай ажыратамыз дегенде: Адал достық - өмірлік нұсқа болады. Амал достық - өмірлік қысқа болады- деп жауап берген екен.

Мөлдір: Парсы жазушысы Кабустың әйгілі Қабуснама» кітабында былай делінген екен: «Ей, перзентім! Мынаны білгейсің: адамға тірісінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан ағайынсыз болғаны жақсы. Бір данышпаннан: «Дос пен ағайынның қайсысы жақсы?» – деп сұрапты. Жанышпан «Дос жақсы»,- депті. Сол үшін достарыңның ісі жайында ойла, оларға сәлем-сауқат жіберіп тұр және қамқор бол. Себебі әркім өз досын жадында тұтпаса, достары да оны есінде сақтамайды, ақырында ол доссыз қалатын болады». Және халықта «Алтын берген дос емес, ақыл берген дос» деген мақал бар.

Гүлжамила апай: Жақсы, енді екінші бөлімге көшсек, Жүйрік болсаң шауып көр бөлімінде мысалдар келтіріледі,осыған әр топ сан таңдап жауап беруі керек.

1топ қандай санды таңдаймыз?

Гүлжамила апай: 2 топ қандай сан таңдар екен?

Гүлжамила апай: 3 топ қандай санды ашамыз?

Гүлжамила апай: қайтадан 1 топ сан таңдау керексіздер.

Гүлжамила апай: 2 топқа назар аударсақ, қай санды көздеп отыр екен.

Гүлжамила апай: 3 топқа қалған бізде соңғы санымыз?

Гүлжамила апай: М. Шаханов «Достық өлкесінің заңы» Өлең

Гүлжамила апай: Енді үшінші бөлімге де келіп жеттік. Бұл Ойлы болсаң озып көр бөлімінде мақал - мәтелдердің жалғасын тауып сайысамыз .

Гүлжамила апай: Ал , ендеше топтар дайын болса бірінші Дос тобына мақал.

Басқа топтарда ойланып, дұрыс жауап болмағанда жауап бере алады.

Гүлжамила апай: Келесі мақал Жолдас тобына арналады.

Гүлжамила апай: Құрбы құрдас тобына қандай мақал беріледі екен?

Гүлжамила апай: Дос тобы назар аударайық.

Гүлжамила апай: Жолдас тобының мақалы.

Гүлжамила апай: Құрбы – құрдастарға арналған мақалды қарайық.

Гүлжамила апай: Енді бізге мына сөзбен байланыстырып мақал құрастыру керек.

Қай топ жылдам құрайтынын тамашалайық.

Гүлжамила апай: Мына сөздермен қай сөз байланысқанда бізге мақал шығады? Оқушылар, соңғы сөздерден мақалды құрастырсақ.

Қорытынды:

Гулсара:

Бас ауырып, балтырың сәл сыздаса,

Қиыны сол, ауыры сол бізге аса.

Қайран достар, күн шуақ қой қыздырар,

Әлде кімге көңілің бір мұздаса.

Жамандыққа бастырмайды қаққылап,

Жолдас үшін басыңды бер,жат құлап.

Жақын өлсен тағы солар жүргені,

Жұмыспенен әрлі – берлі шапқылап.

Гүлжамила апай:

Достасу серік табу адамның бақытына бақыт қосады. Достасудан бірлік, бірліктен тірлік, тірліктен жеңіс, жеміс, қуаныш, бақыт туады. Олай болса балалар, іздегенде табылатын достардың қадірін біліп,бағалайық!!! Бүгін бізде қатысқан Дос, Жандос, Құрбы-құрдас топтарына үлкен рахмет айта отырып, ДОСТЫҚ жеңді деп марапаттаймыз. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп - көп рахмет!!!

6 «Б» -сыныбы Достар әнін хормен орындайды .

.







































«Үстірт орта мектебі» ММ













ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Тақырыбы:«Іздегенде табылатын қасыңнан»

















Сынып жетекшісі: Г.Маркабаева

6 «Б» - сынып











2014 жыл


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
«Іздегенде табылатын ?асы?нан» ашы? т?рбие са?аты

Автор: Маркабаева Гулжамила Рзабеккызы

Дата: 02.04.2015

Номер свидетельства: 195728


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства