kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? т?рбие са?атыны? та?ырыбы: «Ынтыма?ы жарас?ан халы?пыз»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашы? т?рбие са?атыны? та?ырыбы:

«Ынтыма?ы жарас?ан халы?пыз»

Ма?саты: Елімізді? ?сіп - ?ркендеуіне ?ал-?адірінше ?лес ?осып келе жат?ан ?лттар мен ?лыстарды? арасында?ы досты? пен ынтыма?тасты?ты д?ріптеу. О?ушыларды? ?аза?стан халы?тары Ассамблеясыны? тарихы  туралы білімдерін ке?ейту. Отанын с?юге, байлы?ын ?ор?ау?а, елжандылы??а, ?семдікке, жауапкершілікке т?рбиелеу. ?нерге деген ?абілеттерін дамытып, елге, жерге,досты??а  деген патриотты? сезімдерін ояту.
 

К?рнекілігі: буклеттер, досты? жайлы ма?ал - м?тел, ?ле? жолдары, на?ыл с?здер. Сахна т?ріне т?рбие са?атыны? аты ілінеді, жан - жа?ы т?рлі - т?сті шарлар мен г?лдермен безендірілген.
 

Техникалы? ??рал - жабды?тар: ?нтаспа,  интерактивты та?та,безендірілген сынып, ?лтты? костюмдер киінген о?ушылар.

Негізгі б?лім: ?н?ран орындау

М??алім с?зі:

Армысыздар ??рметті ?стаздар мен о?ушылар! Б?гінгі 2«а» сынып о?ушыларыны? «Ынтыма?ы жарас?ан халы?пыз» та?ырыбында?ы  ашы?   т?рбие са?атын   басталды  деп жариялаймын! Б?л досты?ты? т?бі тере?де жатыр. Елімізде т?рып жат?ан ж?зден астам ?лт ?кілдерін ата - бабамыз кезінде ??ша? жая ?арсы алып, жерімізге ?оныстану?а, тату - т?тті бірлікте болып ?мір с?руіне жа?дай жасады. Тіпті сол ?лт ?кілдеріне ?ыз беріп, ?ыз алып туыстасып кеткен жай да бар. Міне сол бауырлас халы?тарды? салт - д?ст?рі, ?нері, м?дениеті к?нделікті ?мірімізге сі?істі болып кеткен. Ата - бабамыз са?тап келген ауызбірлік пен ынтыма?ты біз де, бізден кейінгі ?рпа?та са?таулары керек. Сонда ?ана елімізде бейбіт ?мір. шат к??іл, жай?ал?ан дала, г?лденген ?ала болма?шы. Шет елдердегі со?ыс жа?дайын к?ріп отырсыздар. Біздегідей бейбіт ?мір оларда жо?. К?нде ?ор?ыныш пен уайым - ?ай?ымен, ауру сыр?аумен, ашты?пен ?ліп жат?ан жа?дайлары бар. ??дай оны? бетін аула? ?ылсын! Елімізде тынышты?, бейбіт ?мір болсын деп тілейік.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? т?рбие са?атыны? та?ырыбы: «Ынтыма?ы жарас?ан халы?пыз» »

№31 орта жалпы білім беретін мектебі, Орал қаласы

Сыныбы: 2 «а»

Султанова Райгуль Сарсеновна-бастауыш сынып мұғалімі


Ашық тәрбие сағатының тақырыбы:


«Ынтымағы жарасқан халықпыз»


Мақсаты: Еліміздің өсіп - өркендеуіне қал-қадірінше үлес қосып келе жатқан ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу. Оқушылардың Қазақстан халықтары Ассамблеясының тарихы туралы білімдерін кеңейту. Отанын сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Өнерге деген қабілеттерін дамытып, елге, жерге,достыққа деген патриоттық сезімдерін ояту.

Көрнекілігі: буклеттер, достық жайлы мақал - мәтел, өлең жолдары, нақыл сөздер. Сахна төріне тәрбие сағатының аты ілінеді, жан - жағы түрлі - түсті шарлар мен гүлдермен безендірілген.

Техникалық құрал - жабдықтар: үнтаспа, интерактивты тақта,безендірілген сынып, ұлттық костюмдер киінген оқушылар.

Негізгі бөлім: Әнұран орындау

Мұғалім сөзі:

Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі 2«а» сынып оқушыларының «Ынтымағы жарасқан халықпыз» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатын басталды деп жариялаймын! Бұл достықтың түбі тереңде жатыр. Елімізде тұрып жатқан жүзден астам ұлт өкілдерін ата - бабамыз кезінде құшақ жая қарсы алып, жерімізге қоныстануға, тату - тәтті бірлікте болып өмір сүруіне жағдай жасады. Тіпті сол ұлт өкілдеріне қыз беріп, қыз алып туыстасып кеткен жай да бар. Міне сол бауырлас халықтардың салт - дәстүрі, өнері, мәдениеті күнделікті өмірімізге сіңісті болып кеткен. Ата - бабамыз сақтап келген ауызбірлік пен ынтымақты біз де, бізден кейінгі ұрпақта сақтаулары керек. Сонда ғана елімізде бейбіт өмір. шат көңіл, жайқалған дала, гүлденген қала болмақшы. Шет елдердегі соғыс жағдайын көріп отырсыздар. Біздегідей бейбіт өмір оларда жоқ. Күнде қорқыныш пен уайым - қайғымен, ауру сырқаумен, аштықпен өліп жатқан жағдайлары бар. Құдай оның бетін аулақ қылсын! Елімізде тыныштық, бейбіт өмір болсын деп тілейік.


Слайдтар көрсету. Қазақстан халықтар Ассамблеясының тарихы туралы бейнефильмдер.


Ендеше тамаша жыр жолдарын тыңдаймыз.

1 - оқушы
Атағың дүниені аралады,
Сенде өсті бақыттың жаңа бағы
Жұлдыздың, айдың, күннің сырын ұқты
Қазақтың бүгін өскен балалары.


2 - оқушы
Ырғалған жас жанымда гүл боп жайнап,
Сенбісің Қазақстан деген аймақ.
Сенбісің дүниені дүр сілкінтіп,
Өмірдің думан тойын жатқан тойлап.


3-оқушы

Қырманы, Алатаудың мақтасы бар,
Сенбісің таусылмас кең, шахтасы бар.
Қойныңда адам үшін керек заттың,
Бұлағы табылмайтын жоқ та шығар.

«Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындайтын Өтеміс Әлішер
Мұғалім сөзі:

- Міне, саған керек болса! Картаға қараңдаршы, бізде не жоқ, бәрі бар!
(тақтада Қазақстан картасы)
Біздің жерімізде байлықтың сан алуан түрі бар: алтын да, көмір де, газ да, мұнай да, темір де.......
Табиғатымыз қандай ғажап десеңші! Қазақстан бойынша саяхат жасасаң орман, тоғайды, ит тұмсығы батпайтын қалың ну мен жазық даланы, құмды, шөлді, өзен, көл, теңізді де, тауды да көресің. Емін – еркін демалып, қызықтап, тамашалайтын орындары да көп!
Керемет! Кең байтақ елімізде тату - тәтті тұрып жатқанымыз қандай жақсы! Ең бастысы да осы емес пе! Биыл Халықтар достығы Ассамблеясының 20 жылдық мерей тойы қарсаныңда өткізілгелі отырған үлкен шаралар бар. Ұлы Жеңістің 70-жылдығы,Елбасымызды сайлау –барлық Қазақстанда тұрып жатқан ұлт өкілдерінің мызғымас ,берік достығының айғағы.

Білімдерін тексеру:

Мақал-мәтелдер сайысы топпен

Балалар, достық,бірлік,ынтымақ жайлы қандай мақал-мәтелдер білеміз, кәне еске түсірейікші!

Әр топқа көп білген мақал-мәтелдері үшін ұпай беріледі. Жұмбақтар,мақалдың алғашқы жолдарын айтам шешуін айтып,дұрыс тапқан топ көп ұпай жинайды.

4-оқушы:

Бір шаңырақта табысқан
Дос, бауыр көп туысқан
Отан - ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйіміз.


Ән: «Достар» орындайтын сынып оқушылары хормен


«Ортақ мекен - жер шары» өлең жолдарын мәнерлеп оқушылар оқиды.


Би: «Өзбек биі» қыздар тобы


Балалар қазір сіздер алдыңызда жатқан ақ қағаздарға суреттер жиынтығынан өз тапқыштығынызды пайдаланып сурет жинақтап, оған ат қойып, өз жұмыстарығыздың тақырыбын,мақсатын әңгімелейсіз.Іске сәт, кірісейік

Шығармашылық жұмыс: Суретті топпен орнымен жинақтап, оны әр топтан топ басы мен бір оқушы шығып әңгімелейді.
Оқушылар:

Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асқар тау,
Жеміс толы бақша - бау.
Болсын жер мен су ортақ,
Болсын бізге ну ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз ,

Мұғалім: дей келе, балалр бүгін біздер Қазақстанды тұрып ынтымақты өмір сүріп жатқанг өзге ұлт өкілдеріңе деген сыйластық,достық қатынастар туралы мәні, де мағынасы да терең ашық тәрбие сағатын жабық деп жариялаймын! Ендеше Қазақстан халқы Ассамблеясы жасай берсін,халықтар арасында мәңгі бірлік,достық болсын, «Мәңгілік ел-Қазақстан» гүлдене берсін!

Үлкен көңіл бөліп,тамашалағанынызға үлкен рахмет! Қонақтарға сынып оқушылар атынан естелік сыйлықтар бар,қабыл алыңыздар! Қазақ халқының дастарханы әрдайым қонаққа мол,кең жайылған ендеше дәм суымыздан ауыз тиіңіздер!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Ашы? т?рбие са?атыны? та?ырыбы: «Ынтыма?ы жарас?ан халы?пыз»

Автор: Султанова Райгуль Сарсеновна

Дата: 21.05.2015

Номер свидетельства: 214111


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства