Как тратить минимум сил на подготовку и
проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять
знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала
максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и
их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих
уроках?
Как получить возможность работать
творчески?
Просмотр содержимого документа
«"Көктем мезгілі" атты ашық сабағы»
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Көктем мезгілі.2 деңгей.
Мақсаты: Т-б.м.: қызыл мен сары түстерді ажыратуға, заттарды түсі бойынша топтастыруға жаттықтыру, заттарды сөзбен сипаттауға, зат есім, сын есім, етістік сөздерді қолдануға жаттықтыру, көктем туралы білімдерің кеңейту;
Т-д.м.: көріп, естіп қабылдауын, зейін, ойлау қабілеттерін дамыту, қол моторикасын дамыту;
Құрал-жабдықтар: тақырып бойынша карточкалар, суреттер, түрлі түсті заттар, ыдыстар, лото.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.
Шаттық шеңбері:
Біз ерекше баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Достарымды көргенде,
Қуана қарсы аламыз.
Балалар, мен сендерге мынадай жұмбақ – өлең жолдарын оқимын, сендер мұқият тыңдаңдар.
Ақ қар еріп, су көбейіп, Сай – салаға толады. Ағаш басы бүршік шашып, Гүл, бәйшешек толады. Балаларым, айтыңдаршы. Бұл қай кезде болады? – деп ойлайсыңдар.
Дұрыс, көктемде болады.
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Дұрыс, қазір жылдың көктем мезгілі.
Көктемгі табиғатта қандай өзгерістер болады?
Дұрыс айтасыңдар, көктемде қар еріп, жылы болады. Ағаштарда бүршіктер, содан соң жапырақтар пайда болады. Адамдар жеңіл киінеді. Жылы жақтардан құстар оралады. Жәндіктер пайда болады, шөп, түрлі гүлдер өседі.
Жарайсыңдар, балалар, міне, көктем мезгілі өзінің керемет ерекшеліктерімен қуантады екен.
«Әдемі гүлдер» атты тыныс алу жаттығуы.
Ойын: «Жақсы – жаман». Мақсаты: жаман әдеттен аулақ болуға, көргенін ажыратып, әңгімелей білуге үйрету. Ойын барысы: 1. Ағаштың бұтағын сындыру – жаман. 2. Ағаштағы құстың ұясын бұзу – жаман. 3. Құстарға ұя жасау – жақсы. 4. Гүлдерге су құю – жақсы. 5. Ағаш бұтағындағы құсты рогаткамен ату – жаман.
6. Далада өсіп тұрған гүлдерді жұлып, бүлдіру – жаман.
«Көктем келді!» атты саусақ жаттығуы (тақпақ мазмұнына байланысты қимылдарды саусақтармен орындау).
Көктем келді далаға,
Көктем келді қалаға.
Барлық құстар шуласып,
Келеді, әне, шағала.
Көктем келіп жеткенде,
Жадырап бір қаламыз.
Жайма шуақ көктемде,
Билейміз, ән саламыз.
«Қызыл мен сары» дидактикалық ойыны.
-Балалар, бөлмедегі сары (қызыл) түсті заттарды атаңдаршы.
Заттарды түсі бойынша топтастыру.
«Ол қандай болады?» дидактикалық ойыны.
*Көктем қандай болады? – жылы, жаңбырлы, салқын.
*Гүл қандай болады? – әдемі, сары, қызыл, көк, хош иісті, нәзік, үлкен, кішкентай.
*Көбелек қандай болады? – түрлі түсті, әдемі, үлкен, кішкентай.
*Ауа райы қандай болады? – салқын, жылы, ыстық, желді, құбылмалы, суық.
*Шөп қандай болады? – жасыл, ұзын, қалың, хош иісті, жұмсақ.
Боямақпен жұмыс.
Компьютермен жұмыс.
«Сөздерді анықта» дидактикалық ойыны.
*Олар көктем мезгілінде жылы жақтардан оралады? Нелер? – Құстар.
*Ол көктем мезгілінде еріп кетеді? Не ол? – Қар.
*Қыс мезгілінен кейін қай мезгіл басталады? – Көктем мезгілі.
*Егер далада жаңбыр жауатын болса, адамдар сол затты қолдарына ұстайды. Не ол? – Қолшатыр.
*Жаңбыр туралы не айтуға болады? – Жаңбыр жауып тұр, құйып тұр, сіркіреп тұр, жаңбыр басылды, тоқтады, сіркіреген жаңбыр, нөсер жауын, өткінші жаңбыр.
*Күн туралы не айтуғаболады? – күн шықты, күн батты, күн ұясына енді, қыздырды, күн көтеріліп келеді, күн жарқырап тұр, күннің көзін бұлт жапты.
Лото «Жыл мезгілдері».
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгіліне дейін қай мезгіл болады?
-Көктем мезгілінен кейін қай мезгіл басталады?
-Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
-Ағаштарда бүршік қай мезгілінде пайда болады?
-Құстар жылы жақтардан қай мезгілінде оралады?
Қортындылау.
-Сабақта не істедік? Қандай ойын ойнадық? Сау болыңдар!