kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жер тарихы және оны зерттеу әдістері.

Нажмите, чтобы узнать подробности

План уроков предназначен для учителей школ и колледжей. Помощь в методологической работе

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жер тарихы және оны зерттеу әдістері.»





Теориялық аралас сабақтың әдістемелік әзірлемесі


Тақырыбы: Жер тарихы және оны зерттеу әдістері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушы меңгеруі және білуі тиіс:

жер тарихының шежіресі;

палеозой заманында тіршіліктің дамуы, өсімдіктер эволюциясы;

Тәрбиелік:

құрал-жабдықтар мен оқулықтарды таза ұстауға үйрету;

өз-ісіне жауапты болуға, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, белсенділікке, шапшаңдыққа баулу;

оқу орнын қадірлеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық:

Сабақтан алған ақпараттарды талдап үйрену;

ой өрісін биология пәні бойынша дамыту;

ғылыми-оқужәне анықтамалық әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеп білуге үйрету;

Сабақтың уақыты: 90 минут (2 сағаттық)

Сабақты өткізу орны:

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Көргізбелі, ауызша, жазбаша, түсіндірмелі.

Пән ішілік байланыс: : П2 Мезозой және кайнозой замандарында тіршіліктің дамуы.

Пән аралық байланыс Медициналық биология және генетика, молекулалық биология және медициналық генетика, экология, тарих, химия

Сабақтың жабдықталуы:

Материалдық: Биология оқулығы, күн тақырыптық жоспар, оқу жұмыс бағдарламасы, әдістемелік әзірлеме, І-ІІ нұсқалы тесттер, плакат, фронталь сұрақтар

Техникалық-программалық: СД диск, компьютер, интерактивті тақта.

Пайдаланылған әдебиет:

Негізі: «Биология» Р.Сәтімбеков, Р.Алімқұлова

Қосымша: Мухамеджанова К, Қасымбаева Т, «Жалпы биология» Хрестоматия, Алматы, Мектеп

Оқушы білуі тиіс: жер тарихының шежіресі; палеозой заманында тіршіліктің дамуы, өсімдіктер эволюциясы;



Сабақтың хронокартасы:


1.Ұйымдастыру кезеңі -5 минут.

2.Оқушылардың білімін тексеру -30 минут.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру -35 минут.

4.Жаңа тақырыпты пысықтау -15 минут.

5.Сабақты қорытындылау -3 минут.

6.Үйге тапсырма -2 минут.


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі - 5 минут.

Оқытушы оқу бөлмесінің тазалығына, оқушылардың киіміне назар аударады. Оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеріп, оларды сабақтың бағдарламасы және мақсатымен таныстыру.

ІІ. Оқушылардың білімін тексеру - 30 минут.

Дәріс сабағында оқушылардан өтілген тақырыпты сұрайды. Оқушылардың білім деңгейін фронталь сұрақтар қою немесе тестілеу арқылы тексеріледі.

Фронталь сұрақтар:

  1. Дивергенция, конвергенция, параллелизм дегеніміз не?

  2. Дивергенция қай тілден шыққан, қандай мағына береді?

  3. Эволюция барысында алғашқы бір түрден бірнеше түрлердің шығуын қалай атады?

  4. Конвергенция қай тілден шыққан қандай мағына білдіреді?

  5. Параллелизм дегеніміз не?(грек. parallelos – қатар жүру) деп туыстық жағынан өте жақын организмдердің ұқсас белгілерінің бір-біріне тәуелсіз дамуын айтады.

  6. Параллелизм қай тілден шыққан қандай мағына береді?

  7. Конвергенция дегеніміз не?

  8. Дивергенция дегеніміз не?

Жауабы:

  1. Тірі организмдердің жеке жүйелік топтарының эволюциялық заңдылықтары деп аталады.

  2. Дивергенция (лат. divergo –кері шенінемін) деп туыс формалардағы белгілердің ажырауын айтады.

  3. Ч. Дарвин белгілердің ажырауы немесе дивергенция деп атады.

  4. Конвергенция лат. convergo – ұқсас болу деген мағына береді.

  5. Параллелизм деп туыстық жағынан өте жақын организмдердің ұқсас белгілерінің бір-біріне тәуелсіз дамуын айтады.

  6. Грек. parallelos – қатар жүру деген мағына береді.

  7. Конвергенция деп организмдердің туыстық жағынан алыс болғанымен мекен (тіршілік) ортасы бірдей, сыртқы пішінінің бір-біріне ұқсас болуын айтады.

  8. Дивергенция деп туыс формалардағы белгілердің ажырауын айтады. Ол-табиғатта ұдайы жүретін процесс.


Органикалық дүние эволюциясының негізгі бағыты мен жолдары.

І нұсқа

1.Тірі табиғатта эволюциялық процестер белгілі бір бағыт бойынша кездейсоқ факторлардың әсерінен жүріп отыратындығын алғаш рет атап көрсеткен ғалым ?

А) В. О. Ковалевский В) К.М.Бэр

С) А.Н. Северцов Д) И.И. Шмальгаузен Е) Ч. Дарвин


2. Биологиялық эволюцияның биологиялық прогреске әкелетін 3 бағытын анықтаған ғалымдар?

А) А.Н.Северцов пен И.И.Шмальгаузен В) К.М.Бэр мен А.Н. Северцов

С) А.Н. Северцов пен Ч. Дарвин Д) В. О. Ковалевский мен Ч. Дарвин

Е) Ч. Дарвин мен К.М.Бэр


3. Тірі организмдердің тіршілік ортасын жеке бейімделуін не деп атаймыз ?

А) Идиоададаптация В) Аллогенез

С) Катагенез Д) Морфофизиология Е) Биологиялық прогрес


4. Эволюция процесінде судың қысымы ұлғайғандықтан дене пішіні жалпайып өзгеретін балықты не деп атаймыз ?

А) Шортан балық В) Химера балық

С) Акула балық Д) Бекіре балық Е) Скат балық


5. Баяу қозғалатындықтан қозғалу қызметін атқаратын құйрығы жойылып, жыртқыштарға жем бола бастайтын балықты не деп атаймық ?

А) Скат балық В) Химера балық

С) Акула балық Д) Бекіре балық Е) Шортан балық


6. Су түбінде бейімделіп тіршілік етуге көшкен электрлі балықты не деп атаймыз ?

А) Шортан балық В) Химера балық

С) Акула балық Д) Бекіре балық Е) Скат балық

7. Орыс ғалымы А.Н. Северцов тірі табиғатта болатын прогрессивті эволюция бағыттарын биологиялық прогресс және морфофизиологиялық прогресс деп қай жылы екі топқа бөлген ?

А) 1925 жылы В) 1920 жылы

С) 1930 жылы Д) 1935 жылы Е) 1915 жылы


8. Организмдердің жеке жүйелік топтардың тіршілік үшін күрес жолында құрылысы мен тіршілік әрекеттерінің күрделеніп жетістіктерге жетуін не деп атаймыз ?

А) Биологиялық прогресс В) Морфофизиология

С) Дегенерация Д) Аллогенез Е) Катагенез


Органикалық дүние эволюциясының негізгі бағыты мен жолдары.

ІІ нұсқа

1. 1925 жылы тірі табиғатта болатын прогрессивті эволюция бағыттарын биологиялық прогресс және морфофизиологиялық прогресс деп екі топқа бөлген орыс ғалымы ?

А) В. О. Ковалевский В) К.М.Бэр

С) А.Н. Северцов Д) И.И. Шмальгаузен Е) Ч. Дарвин


2. Организмнің құрылысы мен қызметін күрделендіруге, құрылымы мен тіршілік ету қабілетінің жалпы деңгейін көтеруге әкелетін эволюциялық өзгерісті не деп атаймыз ?

А) Арогенез В) Аллогенез

С) Катагенез Д) Морфофизиология Е) Биологиялық прогрес


3. Биологиялық құрылым деңгейін күрделендірмей, өзгертпей тіршілік үшін күресте организмдердің өзіне пайдалы белгілі бір орта жағдайына бейімдеушілігі.

А) Арогенез В) Аллогенез

С) Катагенез Д) Морфофизиология Е) Биологиялық прогрес


4. Су түбінде тіршілік етуге көшкен шеміршекті балықты не деп атаймыз ?

А) Шортан балық В) Химера балық

С) Акула балық Д) Бекіре балық Е) Скат балық


5. Бүркеніш рең беретін балық ?

А) Шортан балық В) Химера балық

С) Акула балық Д) Бекіре балық Е) Скат балық


6. Эволюциялық дамудың неше бағыты ?

А) 4 В) 3

С) 2 Д) 5 Е) 1


7. Организмдердің бейімделгіштік өзгерісін не деп атаймыз ?

А) Дегенерация В) Аллогенез

С) Катагенез Д) Морфофизиология Е) Биологиялық прогрес


8. Организмдердің жеке жүйелік топтардың тіршілік үшін күрес жолында құрылысы мен тіршілік әрекеттерінің күрделеніп жетістіктерге жетуін не деп атаймыз ?

А) Биологиялық прогресс В) Морфофизиология

С) Дегенерация Д) Аллогенез Е) Катагенез


Органикалық дүние эволюциясының негізгі бағыты мен жолдары.

І нұсқа

ІІ нұсқа

1

Е

1

С

2

А

2

А

3

А

3

А

4

Е

4

Е

5

А

5

Е

6

Е

6

В

7

А

7

А

8

А

8

А


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру – 35 минут.

1.Оқытушы оқушыларға: П1 Жер тарихы және оны зерттеу әдістері.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Жердің құрылуы туралы түсінік.

  2. Архей заманында тіршіліктің дамуы.

  3. Протерозой заманында тіршіліктің дамуы.

Эволюциялық процестің болғандығын ертедегі тіршілік жайлы ғылым— палеонтология көз алдымызға елестетеді. Палеонтолог ғалымдар геологиялық замандарда жер қабатындағы тасқа айналып сақталып қалған организмдердің қаңқа қалдықтарын зерттейді. Сондықтан геологиялық қабаттар Жер тарихының шежіресі болып саналады. Қазба қалдықтар мен тау жыныстары қабатының жасын айыру үшін геохронология әдісі қолданылады. Әрбір геологиялық заманның өзіне тән өсімдіктері мен жануарларының қалдықтарын анықтау үшін, қабаттардың орналасу тәртібінің нұсқасын жасайды. Жердің ертедегі қабатының жасын айыру үшін радиоактивті изотоптарды пайдаланады. Ғалымдар организмдердің пайда болу реттілігін және жер қыртысы қабаттарының жасын ажыратып, ғаламшар тарихының хронологиясын (тарихи оқиғаның уақытын белгілеу), тіршіліктің тарихи дамуын сипаттап жазады.

Жер-тіршілік бар жалғыз ғана ғаламшар. Күн жүйесіндегі 8 ғаламшардың бірі. Жер - Күнге жақын тұрған үшінші ғаламшар. Атмосфера, су, оңтайлы климат және Күннен қолайлы қашықтық жағдайы Жерде тіршіліктің пайда болуына себепкер болды.



Жер. Жердің пайда болуы.

Толық мақаласы: Үлкен жарылыс

Жер бұдан 4,6 миллиард жыл бұрын пайда болды. Әлем бұдан 13,7 миллиард жыл бұрынғы «Үлкен Жарылыс» деп аталатын аса күшті ғарыштық жарылыс нәтижесінде пайда болды. Ғаламшардың біртіндеп кеңеюі процесінде Күн, Жер және басқа ғаламшарлар пайда болды.

Жердің жас шамасы

Жердің жас шамасын радиоактивтік ыдырау немесе радиокөміртектік мерзімдеу әдісін пайдалана отырып, есептеп шығуға болады. Осы әдістердің көмегімен тау жынысының және органикалық заттардың жас шамасын есептеп шығуға және Жердің жас шамасы туралы шамалас түсінік алуға болады

Жердің құрылуы

Күн пайда болған кезде орасан зор шаң - тозаң мен газдар жиналып бұлтқа айналған. Шаңдар мен газдардың осы жиынтығы сығымдала келе тас ядроға айналып, одан Жер қалыптасқан. Ядроның ортасында температураның жоғары болғаны сондай, одан химиялық заттар бөлініп шығып, үстіне көтерілген. Осылайша су, газдар және атмосфера пайда болған. Алғашқыда Жердің атмосферасы қалыңдау болған және күн жылуын көбірек сіңіріп отырған. Жер тарихы (ұзақ уақыт аралығы) — заманға, заман — кезеңге, кезең—дәуірге, дәуір—ғасырға бөлінеді. 

Заманның аттары:
Криптозой
1. Архей — ежелгі заман
2. Протерозой — алғашқы тіршілік

Фанерозой
1. Палеозой — ертедегі тіршілік
2. Мезозой — ортадағы тіршілік
3. Кайнозой — жаңа өмір

Архей заманында тіршіліктің дамуы

Архей заманында аспанды түнерген қара бұлт қаптап, найзағай жарқылдап, жанартаулар атқылаған.

Криптозой
1. Архей — ежелгі заман

2. Протерозой — алғашқы тіршілік

Фанерозой.

1.Палеозой — ертедегі тіршілік

2. Мезозой — ортадағы тіршілік

3. Кайнозой — жаңа өмір

Ауада оттек болмаған, көмірқышқыл газының көптігі тіршілікке қолайсыз болған. Миллиондаған жылдар өткенде жылы суда мембранасы мен ядросы жоқ тірі нәруыздың түйірлері, іркілдек тамшылар пайда болып, суда еріген органикалық заттарды бүкіл денесімен сіңіре бастаған. Осылайша алғашқы тірі организмдер — гетеротрофтар (дайын органикалық қосылыстармен қоректенушілер) пайда болған. Канада, Аустралия, Африка, Орал, Сібірден 

табылған бағана тәрізді әкті түзілістер строматолиттер (ертедегі шөгінді жыныстар) көк-жасыл балдырлар мен бактериялардың әрекеті екендігі анықталған.

Көк жасыл балдыр Архей заманында тіршілік еткен

Көк-жасыл балдырлар мен бактериялар архей заманында тіршілік еткен. Көк-жасыл балдырлар мен бактерияларда оқшауланған ядро болмаса да көбеюге қабілетті болған. Жер бетіндегі тіршілік эволюциясында  фотосинтез процесінің рөлі өте зор, өйткені фотосинтез органикалық дүниенің жануарлар және өсімдіктер деп бөлінуіне себепші болды. Ең алғашқы фотосинтездеуші организмдер прокариоттар — көк-жасыл балдырлар болды. Ауаға мұхиттан бос оттек бөліне бастады. Тірі табиғат эволюциясындағы басты ароморфоз (күрделі өзгеріс) фотосинтез процесінің жүруімен тығыз байланысты. Архей заманының соңында шоғырлы (колониялы) балдырлардың тіршілік еткендігіне Аустралия мен Африка құрлығынан тасқа айналған олардың қалдықтарының табылғаны дәлел бола алады. Архей мен протерозой заманының ауысатын кезеңінде екі ірі эволюциялық өзгеріс болғандығы анықталды.

1. Жыныстық жолмен көбею процесінің пайда болуы.

2. Көп жасушалы организмдердің пайда болуы.

Көп жасушалылардың бір тобы — белгілі бір орынға бекініп тіршілік етуге бейімделіп, губка тектес организмдерге айналды. Олардың екінші тобы — кірпікшелерінің көмегімен козғалып, олардан жалпақ құрттар пайда болды; үшінші еркін жүзіп тіршілік ететін, ауыз қуысы бар организмдер тобынан — ішекқуыстылар келіп шықты.

Протерозой - Жердің тарихи дамуындағы ең ұзаққа созылған заман. Архейде пайда болған прокариоттар — көк-жасыл балдырлар және бактериялармен қатар бір жасушалы жасыл балдырлар пайда болды. Бұлар нағыз эукариотты организмдер болып саналады. Протерозой заманында тіршілік еткен организмдердің басым көпшілігі — теңіз ішекқуыстылары, буылтық құрттар, ұлулар болды. Бұл заманның соңында хордалылар пайда болды. Олардың бір өкілі қандауырша (ланцетник) осы күнге дейін тіршілік етеді. Протерозой заманындағы хордалылардың пайда болуы ең ірі ароморофоздық құбылыс, өйткені ароморфоздың ерекшеліктері:

  • бұлшық еттері бекіну үшін тірек болатын хорданың пайда болуы;

  • түтік тәрізді орталық жүйке жүйесінің болуы жануарлардың белсенділік қабілетін арттырады;

  • суда тыныс алатын желбезектің дамуы.

Бұл күрделі ароморфоздық белгілер хордалылардың жаңа кластарының пайда болуына себепші болды. Протерозой заманында табылған жыныстардан фотосинтез процесінің нәтижесінде су мен атмосферада оттектің көп жиналғандығы анықталды. Бактериялар мен бір жасушалы балдырлардың тіршілік әрекетінен су жағалауларында топырақ түзілу процестері байқала бастады.

Палеозой заманындағы тіршіліктің дамуы

Палеозой заманы — 6 кезеңнен тұрады:

  • кембрий,

  • ордовик,

  • силур,

  • девон,

  • тac көмір,

  • пермь.

Кембрий (организмдердің қалдығы алғаш табылған жердің аты) кезеңі. Бұл кезеңде топырақ болмағандықтан тіршілік, негізінен, сулы ортада дамыды. Өсімдіктерден жасыл диатомды, алтын түсті балдырлар теңіздерде еркін жүзіп, ал қызыл, қоңыр балдырлар теңіз түбіне бекініп тіршілік еткен. Кембрийдің бас кезінде құрлықтан шайылған тұздар теңіз суының тұздылығын арттырып, әсіресе теңізде кальций, магний тұздарының мөлшері көбейе бастаған. Мұндай минералды тұздарды теңіз жануарлары денесіне еркін сіңіреді.

Трилобиттер Кембрий кезеңінде тіршілік еткен

Бұл кезеңде буынаяқтылардың ертедегі өкілі (осы күнгі құрлықта кездесетін есекқұртқа ұқсас) — трилобиттер пайда болды. Оның денесі хитинді-сауытты, 40—50 бунаққа бөлінген, теңіз түбінде жорғалап жүріп тіршілік еткен. Кембрийде — губкалардың түрлері, маржандар, ұлулар, теңіз лилиясы, кейініректе теңіз кірпісі пайда болды. Сондықтан да кембрийді — омыртқасыздардың даму кезеңі деп атайды.

Ордовик (қазба қалдықтар табылған жерді мекендеген тайпалардың аты) кезеңі. Бұл кезеңде теңізде коңыр, кызыл балдырлар, трилобиттер тіршіліктерін жалғастырып дами берді.

Бауыраяқты ұлулар Ордовик кезеңінде тіршілік еткен

Қазіргі сегізаяқ, кальмарлардың туысы алғашқы басаяқты ұлулар пайда болды, сонымен бірге иықаяқты, бауыраяқты ұлулар да тарала бастады.

Басаяқты ұлулар. Ордовик кезеңінде тіршілік еткен

Тұщы су жағалауларында өсетін споралы өсімдік — псилофиттер өсе бастады. Геологиялық қабаттардан қазіргі миногалардың, миксиндердің арғы тегі болып саналатын жақсүйексіз омыртқалылардың қаңка қалдықтары табылды.

Силур (тайпаның атауы) кезеңі. Бұл кезеңде тау түзілу процесі қарқынды болғандықтан құрлықтың көлемі артты, ең алғашқы омыртқалылар пайда болды. Буынаяқтылардан ұзындығы 2 метрге жететін 6 жұп аяғы бар, оның ауыз айналасына орналасқан ең алдыңғы жұбы, қорегін ұстап ұсақтау үшін қысқышқа айналған алып құршаяндар тіршілік ете бастады. Силурда ішкі қаңқасы шеміршекті, денесі сүйекті сауытпен қапталған алғашқы омыртқалы жануарлар — сауытты балықтар пайда болды. Олардың жұп жүзбеқанаттары болмағандықтан су түбінде жатып тіршілік етті. Олар тек пішіні жағынан балыққа ұқсағанымен шын мәнінде жақсүйексіздер (дөңгелекауыздылар) класына жатқан. Өте баяу қозғалуы ары қарай дамуына мүмкіндік бермей бірте-бірте жойылды.

Осы күні дөңгелекауыздылар — миногалар мен миксиндер сол сауытты балықтардың жақын туысы болып саналады. Судың азайып таяздануынан ең алғаш құрлыққа шыққан өсімдік — псилофиттердің құрылысы көп жасушалы жасыл балдырларға ұқсас болған, олардың нағыз жапырақтары болмаған. Олар жіңішке жіп тәрізді өскіншелері арқылы топыраққа бекініп, су мен минералды тұздарды сіңірген. Өсімдіктердің құрлықка шығуы, эволюцияның ең негізгі күрделі өзгеріс кезеңі болды. Бактериялар мен көк-жасыл балдырлардың әрекетінен құрлықта псилофиттер қорек қорын алатын биогенді қабат — топырақ түзіле бастады. Ең алғаш құрлықта псилофиттермен қатар өрмекшітектес буынаяқтылар да тіршілік ете бастады.

Девон кезеңін Оңтүстік Англияның Девоншир графтық атағының құрметімен атаған. Девон кезеңін — балықтар кезеңі деп те атайды. Бұл кезеңде теңіздің көлемі азайып, ауа райы құрғап, шөлді-шөлейтті жерлер көбейе түсті.

Миногалар Акула

Теңіздерде шеміршекті (осы күнгі акулалар, тұтас жүзбеқанаттылар, химералар) және сүйекті балықтар пайда болды. Жүзбеқанаттарының құрылысына қарай сүйекті балықтар сәулеқанаттылар (жүзбеқанаттары желпеуіш тәрізді) және саусаққанаттылар (жүзбеқанаттары саусаққа ұқсайды) деп бөлінді. Саусаққанатты балықтардың жүзбеқанаттары етті әрі қысқа, олар: 2 көкірек, 2 құрсақ жүзбеқанаттарының көмегімен жүзіп қана қоймай, суы құрғай бастаған көлдерден су іздеп жорғалап жүруге де бейімделген. Тым таязданып кеткен суларда олар атмосфералық ауамен тыныс алуға бейімделе бастады. Олар қан тамырларымен торланған торсылдағы арқылы тыныс алды. Жұп жүзбеқанаттары біртіндеп жүруге көбірек икемделіп 5 саусақты аяққа, ал торсылдағы өзгеріп өкпеге айналған. Көпке дейін саусаққанатты балықтарды палеозойдың соңғы кезенінде жойылып кеткен деп келген еді. Бірақ 1938 жылы Оңтүстік Африканың мұражайына ұзындығы 1,5 метр, салмағы 50 кг балық тапсырылған. Ғалымдар латимерия бұдан 300 млн жыл бұрын пайда болған деп есептейді. Латимерияның дене кұрылысында қосмекенділердің, басқа да омыртқалы жануарлардың (5 саусақты аяқтары) белгілері сақталған.

Стегоцефалдар Девон кезеңінде құрлыққа шыққан

Девонның соңында саусаққанатты балықтардан алғашқы қосмекенділер — стегоцефалдар кұрлыққа шыққан. Девон кезеңінде өсімдіктерден — споралы қырықбуындар, плаундар, қырықжапырақтар пайда болды. Тұқымды қырықжапырақтар көптеп тарала бастады. Құрлықтағы жасыл өсімдіктер ауаны оттекпен байытып әрі жануарларды қорекпен де камтамасыз етті.

Тас көмір кезеңі — жерде тас көмірдің қалың қабаты болғандықтан солай аталған. Бұл кезеңде ауа райы ылғалды, жылы болып, батпақты жерлердің көлемі арта бастады. Биіктігі 30—40 м ені 1-2 м ағаштектес плаундар-лепидодендрон мен сигиллярия, каламиттер қалың орман болып өскен. Тас көмірдің орта кезінде жер бетінде өсімдіктер кеңінен таралды. Тұқымды қырықжапырақтардан ашықтұқымдылар таралып, эволюцияда өсімдіктердің тұқыммен көбею жолы пайда болды. Девонның соңында пайда болған стегоцефалдар (сауытбасты қосмекенділер) кең тарала бастады. Стегоцефалдардың дене пішіні қазіргі тритондар мен саламандраларға ұқсаған әрі олар уылдырық шашып көбейген. Олардың итшабақтары суда дамыған әрі желбезекпен тыныс алғандықтан қосмекенділердің дамуы осы күнге дейін сумен тікелей байланысты.

Пермь кезеңінің аты сол кезеңнің тау жыныстары табылған қаланың атымен аталған. Пермь кезеңінде тау сілемдері түзіліп, құрлықтың көлемінің ұлғаюы ауа райының өзгеруіне де әсер етті. Экваторда ылғалды тропиктік, одан солтүстікке қарай ыстық әрі құрғақ ауа райы болғандықтан, батпақты, ылғалды жерде өскен ормандар, қырықбуындар, қырықжапырақтар, плаундар біртіндеп азайып жойылды. Олардың орнын тұқымды өсімдіктер басты. Ең алғашқы тұқымды өсімдіктер — ашықтұқымдылар болды. Жануарлар дүниесінде де едәуір өзгерістер байқалды. Трилобиттер, палеозой маржандары, құрғақ ауа райына төзе алмаған қосмекенділер де жойылды.

Құрбақа Тритон Саламандра Аяқсыз қосмекенділер

Тек бақа, құрбақа, тритон, саламандра, аяқсыз қосмекенділер ғана сақталып қалды. Жойылған қосмекенділердің орнына құрлыққа жақсы бейімделген терісі мүйізді қабыршақпен немесе сырты қатты қабықпен қапталған, сары уызға бай жұмыртқа салып көбеюге бейімделген, тыныс алуы, қан айналымы жақсы жетілген бауырымен жорғалаушылар пайда болды. Олар жер бетіне кең тарала бастады. Бауырымен жорғалаушылардың ішінде қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың аралық формасы ұзындығы 25 см, денесі кесірткеге, басы бақаға ұқсаған балықпен қоректенетін бақакесірткелер тіршілік етті.


ГЛОССАРИЙ

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Жер тарихы

История земли

The history of the earth

Протерозой

Протерозой

Proterozoic

Архей

Архей

Archaea


ІV. Жаңа тақырыпты пысықтау – 10 минут.

Миға шабуыл сұрақтар:

  1. Палеонтолог ғалымдар нені зерттейді?

  2. Геологиялық қабаттар бұл...?

  3. Қазба қалдықтар мен тау жыныстары қабатының жасын айыру үшін қандай әдісі қолданылады?

  4. Жердің ертедегі қабатының жасын айыру үшін нені пайдаланады?

  5. Жер бұдан неше миллиард жыл бұрын пайда болды?

  6. Әлем бұдан неше миллиард жыл бұрынғы қалай аталатын   аса күшті ғарыштық жарылыс нәтижесінде пайда болды?

  7. Жер тарихы ұзақ уақыт аралығы қандай ғасырға бөлінді?

  8. Замандарды қалай атайды?

  9. Палеозой заманы неше кезеңнен тұрады?

  10. Көк-жасыл балдырлар мен бактериялар қай  заманында тіршілік еткен?

Жауаптары:

  1. Палеонтолог ғалымдар геологиялық замандарда жер қабатындағы тасқа айналып сақталып қалған организмдердің қаңқа қалдықтарын зерттейді.

  2. Геологиялық қабаттар Жер тарихының шежіресі болып саналады.

  3. Қазба қалдықтар мен тау жыныстары қабатының жасын айыру үшін геохронология әдісі қолданылады.

  4. Жердің ертедегі қабатының жасын айыру үшін радиоактивті изотоптарды пайдаланады.

  5. Жер бұдан 4,6 миллиард жыл бұрын пайда болды.

  6. Әлем бұдан 13,7 миллиард жыл бұрынғы «Үлкен Жарылыс» деп аталатын аса күшті ғарыштық жарылыс нәтижесінде пайда болды.

  7. Жер тарихы ұзақ уақыт аралығы — заманға, заман — кезеңге, кезең—дәуірге, дәуір—ғасырға бөлінеді. 

  8. Архей — ежелгі заман

Протерозой — алғашқы тіршілік

Палеозой — ертедегі тіршілік

Мезозой — ортадағы тіршілік

Кайнозой — жаңа өмір

  1. Палеозой заманы — 6 кезеңнен тұрады: кембрий, 2 ордовик, 3 силур, 4 девон, 5 тac көмір, 6 пермь.

  2. Архей заманында тіршілік еткен.

V. Сабақты қорытындылау – 5 минут.

Өткен және жаңа тақырыптарды игергендігі бойынша білім деңгейі тексеріліп, критериге сәйкес қойылған бағалар оқушыларға мәлімделеді.

VІ. Үйге тапсырма -5 минут.

Дәрісті оқу. Тақырыбы: Органикалық дүние эволюциясының негізгі бағыты мен жолдары.

Ғаламтордан осы тақырып бойынша іздену




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жер тарихы және оны зерттеу әдістері.

Автор: Матаева Алтынай Кожановна

Дата: 09.04.2018

Номер свидетельства: 465543

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) "химия ж?не биология саба?тарында интерактивті ?арым ?атнас "
    ["seo_title"] => string(68) "khimiia-zh-nie-biologhiia-sabak-tarynda-intieraktivti-k-arym-k-atnas"
    ["file_id"] => string(6) "164434"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1422635762"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(106) "?аза?станда к?шпелі ?ркениетті?  пайда болуы ж?не оны? дамуы "
    ["seo_title"] => string(67) "k-azak-standa-koshpieli-orkieniiettin-paida-boluy-zh-nie-onyn-damuy"
    ["file_id"] => string(6) "159434"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421906983"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(146) "?аза?станда?ы этносаяси ?рдістер, ?аза? хал?ыны? халы? болып ?алыптасуыны? ая?талуы "
    ["seo_title"] => string(94) "k-azak-standag-y-etnosaiasi-urdistier-k-azak-khalk-ynyn-khalyk-bolyp-k-alyptasuynyn-aiak-taluy"
    ["file_id"] => string(6) "183302"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425815381"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) ""Урок по тему" Тас ж?не ?ола д?уірілеріндегі ?аза?стан"
    ["seo_title"] => string(61) "urok-po-tiemu-tas-zh-nie-k-ola-d-uirilierindieghi-k-azak-stan"
    ["file_id"] => string(6) "286904"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454414186"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "реферат по тему "Экология  ?ылымыны? даму  тарихы" "
    ["seo_title"] => string(53) "riefierat-po-tiemu-ekologhiia-g-ylymynyn-damu-tarikhy"
    ["file_id"] => string(6) "179184"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1424959621"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства