kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Урок по тему" Тас ж?не ?ола д?уірілеріндегі ?аза?стан

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кіріспе. 1- саба?.

Жа?а саба?  Лекция №-1

  1. Модульге кіру. Жоспармен таныстыру.
  2. Тас ж?не ?ола д?уірілеріндегі ?аза?стан
  3.  

О?ушы нені білуі  керек.

1.Ежелгі тас д?уірі

2.Ежелгі тас д?уіріндегі адамдарды? ?о?амды? ??рылысы

3.Со??ы тас д?уірі

4.Неолит кезе?і ескерткіштеріні? зерттеуі

Саба?ты? ма?саты:

Білімдік: -Жер бетіндегі ал?аш?ы адамдарды? пайда болуы мен дамуына то?тала отырып, ?аза?стан жеріндегі ежелгі д?уір кезе?деріні? ерекшелгін к?рсету. Со??ы тас д?уірі ?ш кезе?ге б?лінетінін, оны? ерекшеліктерін, таби?атта?ы ?згерістерді? адам тіршілігі мен ?міріне ?келген жа?алы?тарын к?рсету. Шаруашылы? т?рлеріні? дамуын, ал?аш?ы металл-мысты пайдалануды? зор ма?ызын т?сіндіру. ?ш кезе?ні? м?дени ескерткіштеріне то?талып ?ту.

Дамытушылы?: -О?ушыларды? ?здігінен ж?мыс істеу ар?ылы оларды? ой-?рісін дамытып, ?зіне деген сенімін, п?нге ?ызы?ушылы?ын арттыру.

Т?рбиелік: Отанын с?юге, тарихи м?дени ескерткіштерді ?адірлеп, ма?танышпен ?арау сезімін ояту.

  Саба?ты? к?рнекілігі: ?Р-саяси картасы, «?аза?стан б.з.д.VII- б.з.VI ?.?.» карта, Интерактивті та?таны? к?мегімен  тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану

Адам баласыны? пайда болуы ж?не оны? дамуы.

Адам баласыны? дамуы миллионда?ан жылдар?а созыл?ан. ?азіргі ?ылымда ?арапайым с?т?оректілерге жататын адам т?рпатты маймылдарды? т?рт т?рі бол?ан деген болжам бар. Оларды? ?ш т?рі толы? жойылып кеткен, тек адам т?різдес гоминит т?рі ?ана са?тал?ан. Осы гоминиттерді? біртіндеп ?алыпты (эволюциялы?) жолмен дамуы барсында б?гінгі адамдар?а ??сас «Саналы адам» Homo sapiens пайда болды. Гоминиттер т??ымдасыны? ?алыпты дамуын паллеонтрополгтар басты т?рт кезе?ге б?леді. Оны? бірінші кезе?іне ?алымдар рамопит текті жат?ызады ж?не оны «бізді? тікелей ата тегіміз» дейді. Рамапитекті? ?а??асы ?ндістан, Кения, ?ытай ж?не Греция жерінен табыл?ан.

Ежелгі тас д?уірі. Б?л д?уір ?ш кезе?ге б?лінеді:ерте палеолит-шель-ашель,орта палеолит-ашель-мустье, со??ы палеолит-мустье.

Ерте полеолит Б.з.д 1млн жылдары ?аза?станны? климаты жылы болып, субтропиктік ормандарда ?рт?рлі жануарлар мекендеген.

Орта палеолит кезе?і адамзатты? ?алыпты дамуыны? со??ы ашель-мустье кезе?іне с?йкес келеді. ?аратау баурайында ж?ргізілген зерттеу ж?мыстары, б?л айма?та адам баласыны? мустье кезе?інен неолитке дейін ешбір ?зіліссіз ?мір с?ргендігін к?рсетеді.

Со??ы палеолит кезе?і жо?арыда атап ?ткендей, б?гінгі адамдар?а ??сас Homo sapiens т?рі пайда болды. Осы кезден бастап адам баласыны? шын м?ніндегі тарихи ?мірі басталды. Ол 1868 жылы Францияны? Кроманьон ??гірінен табылып, кейін онда зерттеу ж?мыстары ж?ргізілді.

Ал?аш?ы е?бек ??ралдары

  • ?аз?ыш тая?
  • ?шкір тас
  • шо?пар

Со??ы тас д?уірі: мезолит (ортатас), неолит (жа?атас) ж?не энеолит (мыстас) кезе?дерінен т?рады.

Мезолит (гр. Мезос-орта, лит, я?ни орта тас дегенді білдіреді) ?аза?станды? археология ?ылымында аз зерттелген. Тор?айда ж?ргізілген зерттеу ж?мыстары мезолитті? кейбір белгілерін сипаттап отыр. Осы кезе?ні? хронологиясы мен сипатына байланысты ?рт?рлі пікірлер бар. Соны? ішінде тас д?уіріні? мамандары Ж.Тайма?анбетов, В.Н. Логвин мен А.М. Кисленко ?з зерттеулерінде: «Тобыл ?зеніні? аума?ында?ы мезолит кезе?іні? хронологиялы? ше?бері б.з.д. 12-10-5 мы?жылды?тар?а жатады» деген пікірді ?сынады.

Мезолит д?уіріні? ерекшеліктері:

  • жануарлер ?ол?а ?йретілді
  • д?нді да?ылдар ?сірілді

Терімшілік егіншілік шы?ты. А? аулаудан мал ?сіру ?алыптасты. Егіншілік б?дан 10 мы? жыл б?рын пайда болды.

Неолит д?уірі (б.з.д. 5мы?-3 мы? ж.ж.)

Неолит д?уіріні? басты ерекшелігі- ?німді е?бекті? пайда болуы.

  • Егіншілік пен мал шаруашылы?ы ?алыптаса бастыды.
  • ?ыш ??мыра (керамика) жасауды ?йренді
  • Керамикалы? ыдыстар?а ?рнектер салды кен к?сібімен айналысты.
  • Мата то?ыды
  • Киім тігуді ?йренді
  • Шыбы?ты шарба? то?уды ме?герді

Неолит «?ыш ??мыралар заманы»-деп аталды

Негізгі аулайтын а?дары аша т?я?ты, жайлымын жиі ?згертетін бол?анды?тан, а?шылар жылжып к?шіп отыр?ан. Сарыар?аны? Солт?стігі, Ертіс,Есіл, аралы?ында орналас?ан т?ра?тар:

Усть-Нарым ( Шы?ыс ?аза?стан)

?ара?анды Зеленая Балка( Орталы? ?аза?стан)

Пеньки (Солт?стік ?аза?стан)

Энеолит д?уірі (Мыс тас ?асыры б.з.д. 3000-2800ж)

Металдан жасал?ан ??ралдар игеріле бастады. Е? бірінші ?олданыл?ан металл- мыс ( б?дан 7 мы? жыл б?рын) Мыстан жасал?ан ??ралдар: ?анжар, балта, с?нді ?шекей б?йымдар т.б.

?о?амда?ы ірі ?згерістер:

  1. Е?бек б?лінісі пайда болды
  1. Аталы? ру ?стемдігі ?алыптасты

Е? ал?аш?ы ?о?амды? е?бек б?лінісі

  • Егіншілік
  • Мал шаруашылы?ы

 

Энеолит д?уіріні? ескерткіштері

Ботай т?ра?ы (Солт?стік ?аза?стан) Аума?ы -15 га жер, б.з.д. 3-2- мы? жыл. Т?ра?тан 158 ?й ж?не жыл?ы с?йектері к?п табылды. Ботайлы?тар –жыл?ы малын ?ол?а ?йретушілер.

Шебір т?ра?ы (Ма??ыстау)

Мекенні? ма?ынан тас пен ?ыш е?бек ??ралдары табылды. Ыдыстарды? т?бі ж?мырт?а т?різді, тара? т?сті ?рнекпен ?шекейленген.

       Лкция № - 2   Жа?а саба?

Жоспар:

О?ушы нені білуі тиіс

   ?ола д?уірі туралы т?сінік ж?не оны? ерекшеліктері

   Бе?азы-Д?ндібай м?дениеті (б.з.д.XVII?.?.)

   Солт?стік ж?не Батыс ?аза?стан ру-тайпаларыны? археологиялы? ескерткіштері

   Шы?ыс ?аза?стан ру-тайпаларыны? ?ола д?уіріндегі ескерткіштері

   О?т?стік ?аза?стан мен Жетісу ру тайпаларыны? археологиялы?  ескерткіштері

Ма?саты:

Білімдік: ?ола д?уірі туралы т?сінік бере отырып,б.з.д. 2- мы?жылды?ты? со?ы мен 1-мы?жылды?ты? басында далалы? ??ірде к?шпелі мал шаруашыл?ыны? дами баста?анын к?рсету.

 Дамытушылы?: О?ушыларды? ?ызы?ушылы?ын арттыра отырып, ?з бетінше ж?мыс жасауына, шы?армашылы?пен айналысуына ы?пал жасау, ба?ыт-ба?дар беру. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Урок по тему" Тас ж?не ?ола д?уірілеріндегі ?аза?стан»

Бірінші курс

I -II тарау. Тас және қола дәуірілеріндегі Қазақстан

Модуль №1



Модуль

құрылымы

Сағат саны

Модульдің мазмұны

уақыты

Ескертпе



Кіріспе

1сабақ



2сабақ


Модульдің мақсаты мен міндетін түсіндіру

Лекция тірек-схемаларымен тақырыпты түсіндіру

Оқулық дәптермен жұмыс

Қорытынды, үйге тапсырма


90 минут

Оқушылар дәптерге жазады, картамен жұмыс істейді




Сұхбат



3сабақ





4сабақ



5 сабақ


Оқу материалын меңгерту. «Қарлы кесек» ойын сабағы

Қорытынды, үйге тапсырма

Жеке топтық жұмыс

«Миллион кімге бұйырады» ойын сабағы

«Кім жылдам?» ойыны

Қорытынды, үйге тапсырма

40минут



5минут




45минут



45минут


Оқушылар өз беттерінше жұмыс жасайды

Осы тараудан алған білімдерін ойын сабағы арқылы қорытындылайды.

Қорытындылау

6 сабақ

  1. Тест

  2. Мәнжазба қорғау

45минут


Алған білімдерін сынақ тапсыру арқылы қорытындылайды.





Кіріспе. 1- сабақ.

Жаңа сабақ Лекция №-1

  1. Модульге кіру. Жоспармен таныстыру.

  2. Тас және Қола дәуірілеріндегі Қазақстан

Жоспар:

Оқушы нені білуі керек.

1.Ежелгі тас дәуірі

2.Ежелгі тас дәуіріндегі адамдардың қоғамдық құрылысы

3.Соңғы тас дәуірі

4.Неолит кезеңі ескерткіштерінің зерттеуі

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: -Жер бетіндегі алғашқы адамдардың пайда болуы мен дамуына тоқтала отырып, Қазақстан жеріндегі ежелгі дәуір кезеңдерінің ерекшелгін көрсету. Соңғы тас дәуірі үш кезеңге бөлінетінін, оның ерекшеліктерін, табиғаттағы өзгерістердің адам тіршілігі мен өміріне әкелген жаңалықтарын көрсету. Шаруашылық түрлерінің дамуын, алғашқы металл-мысты пайдаланудың зор маңызын түсіндіру. Үш кезеңнің мәдени ескерткіштеріне тоқталып өту.

Дамытушылық: -Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу арқылы олардың ой-өрісін дамытып, өзіне деген сенімін, пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Отанын сүюге, тарихи мәдени ескерткіштерді қадірлеп, мақтанышпен қарау сезімін ояту.

Сабақтың көрнекілігі: ҚР-саяси картасы, «Қазақстан б.з.д.VII- б.з.VI ғ.ғ.» карта, Интерактивті тақтаның көмегімен тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану

Адам баласының пайда болуы және оның дамуы.

Адам баласының дамуы миллиондаған жылдарға созылған. Қазіргі ғылымда қарапайым сүтқоректілерге жататын адам тұрпатты маймылдардың төрт түрі болған деген болжам бар. Олардың үш түрі толық жойылып кеткен, тек адам тәріздес гоминит түрі ғана сақталған. Осы гоминиттердің біртіндеп қалыпты (эволюциялық) жолмен дамуы барсында бүгінгі адамдарға ұқсас «Саналы адам» Homo sapiens пайда болды. Гоминиттер тұқымдасының қалыпты дамуын паллеонтрополгтар басты төрт кезеңге бөледі. Оның бірінші кезеңіне ғалымдар рамопит текті жатқызады және оны «біздің тікелей ата тегіміз» дейді. Рамапитектің қаңқасы Үндістан, Кения, Қытай және Греция жерінен табылған.

Ежелгі тас дәуірі. Бұл дәуір үш кезеңге бөлінеді:ерте палеолит-шель-ашель,орта палеолит-ашель-мустье, соңғы палеолит-мустье.

Ерте полеолит Б.з.д 1млн жылдары Қазақстанның климаты жылы болып, субтропиктік ормандарда әртүрлі жануарлар мекендеген.

Орта палеолит кезеңі адамзаттың қалыпты дамуының соңғы ашель-мустье кезеңіне сәйкес келеді. Қаратау баурайында жүргізілген зерттеу жұмыстары, бұл аймақта адам баласының мустье кезеңінен неолитке дейін ешбір үзіліссіз өмір сүргендігін көрсетеді.

Соңғы палеолит кезеңі жоғарыда атап өткендей, бүгінгі адамдарға ұқсас Homo sapiens түрі пайда болды. Осы кезден бастап адам баласының шын мәніндегі тарихи өмірі басталды. Ол 1868 жылы Францияның Кроманьон үңгірінен табылып, кейін онда зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Алғашқы еңбек құралдары

  • Қазғыш таяқ

  • Үшкір тас

  • шоқпар

Соңғы тас дәуірі: мезолит (ортатас), неолит (жаңатас) және энеолит (мыстас) кезеңдерінен тұрады.

Мезолит (гр. Мезос-орта, лит, яғни орта тас дегенді білдіреді) Қазақстандық археология ғылымында аз зерттелген. Торғайда жүргізілген зерттеу жұмыстары мезолиттің кейбір белгілерін сипаттап отыр. Осы кезеңнің хронологиясы мен сипатына байланысты әртүрлі пікірлер бар. Соның ішінде тас дәуірінің мамандары Ж.Таймағанбетов, В.Н. Логвин мен А.М. Кисленко өз зерттеулерінде: «Тобыл өзенінің аумағындағы мезолит кезеңінің хронологиялық шеңбері б.з.д. 12-10-5 мыңжылдықтарға жатады» деген пікірді ұсынады.

Мезолит дәуірінің ерекшеліктері:

  • жануарлер қолға үйретілді

  • дәнді дақылдар өсірілді

Терімшілік егіншілік шықты. Аң аулаудан мал өсіру қалыптасты. Егіншілік бұдан 10 мың жыл бұрын пайда болды.

Неолит дәуірі (б.з.д. 5мың-3 мың ж.ж.)

Неолит дәуірінің басты ерекшелігі- өнімді еңбектің пайда болуы.

  • Егіншілік пен мал шаруашылығы қалыптаса бастыды.

  • Қыш құмыра (керамика) жасауды үйренді

  • Керамикалық ыдыстарға өрнектер салды кен кәсібімен айналысты.

  • Мата тоқыды

  • Киім тігуді үйренді

  • Шыбықты шарбақ тоқуды меңгерді

Неолит «қыш құмыралар заманы»-деп аталды

Негізгі аулайтын аңдары аша тұяқты, жайлымын жиі өзгертетін болғандықтан, аңшылар жылжып көшіп отырған. Сарыарқаның Солтүстігі, Ертіс,Есіл, аралығында орналасқан тұрақтар:

Усть-Нарым ( Шығыс Қазақстан)

Қарағанды Зеленая Балка( Орталық Қазақстан)

Пеньки (Солтүстік Қазақстан)

Энеолит дәуірі (Мыс тас ғасыры б.з.д. 3000-2800ж)

Металдан жасалған құралдар игеріле бастады. Ең бірінші қолданылған металл- мыс ( бұдан 7 мың жыл бұрын) Мыстан жасалған құралдар: қанжар, балта, сәнді әшекей бұйымдар т.б.

Қоғамдағы ірі өзгерістер:

  • Еңбек бөлінісі пайда болды

  • Аталық ру үстемдігі қалыптасты

Ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісі

      • Егіншілік

      • Мал шаруашылығы


Энеолит дәуірінің ескерткіштері

Ботай тұрағы (Солтүстік Қазақстан) Аумағы -15 га жер, б.з.д. 3-2- мың жыл. Тұрақтан 158 үй және жылқы сүйектері көп табылды. Ботайлықтар –жылқы малын қолға үйретушілер.

Шебір тұрағы (Маңғыстау)

Мекеннің маңынан тас пен қыш еңбек құралдары табылды. Ыдыстардың түбі жұмыртқа тәрізді, тарақ түсті өрнекпен әшекейленген.


Лкция № - 2 Жаңа сабақ

Жоспар:

Оқушы нені білуі тиіс

    • Қола дәуірі туралы түсінік және оның ерекшеліктері

    • Беғазы-Дәндібай мәдениеті (б.з.д.XVIIғ.ғ.)

    • Солтүстік және Батыс Қазақстан ру-тайпаларының археологиялық ескерткіштері

    • Шығыс Қазақстан ру-тайпаларының қола дәуіріндегі ескерткіштері

    • Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу ру тайпаларының археологиялық ескерткіштері

Мақсаты:

Білімдік: Қола дәуірі туралы түсінік бере отырып,б.з.д. 2- мыңжылдықтың соңы мен 1-мыңжылдықтың басында далалық өңірде көшпелі мал шаруашылғының дами бастағанын көрсету.

Дамытушылық: Оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз бетінше жұмыс жасауына, шығармашылықпен айналысуына ықпал жасау, бағыт-бағдар беру.

Тәрбиелік: Отанынға деген сүйіспеншілігін арттыру, тарихи мәдени ескерткіштерді қадірлеп, қорғауға баулу, Отанына мақтанышпен қарау сезімін ояту.

Қола дәуірі туралы түсінік және оның ерекшеліктері.

Археологиялық зерттеулерге қарағанда, жерімізде қоладан бұйымдар жасауды б.з.д екінші мыңжылдықтың ортасында өмір сүрген ру-тайпалар игерген. Бұл дәуірдің тұрғындарының қоғамдық құрылысы мен отбасылық некелік қатынастарында көптеген өзгерістер болды. Себебі мал шаруашылығы мен металл өндірудің қарқынды дамуы еңбек бөлінісін күшейтті.

Андронов және Беғазы –Дәндібай мәдениетінің зерттелуі. Андронов мәдениетіне Сібірдің, Жайық өңірінің Қазақстанның және Орталық Азияның ұланғайыр жерін мекендеген ру-тайпалардың барлық жағынан ұқсас мәдениеттерін жатқызуға болады. Осы мәдениеттің алғашқы ескерткішін Ачениск маңындағы Андронов селосының жанынан 1914 жылы археолог А.Я.Тугаренов ашқан. Андронов мәдениеті сол селоның атына байланысты аталады.

Беғазы-Дәндібай мәдениеті (б.з.д.X-VII ғ.ғ) Бұл мәдениеттің тұрғындары өздерінің бастарынан даму сатысының өтпелі, дамыған және соңғы кезеңдерін өткізген.

Андрон тайпалары Қазақстанның барлық аймағын мекендеген.Негізгі қоныстанған ауданы-Орталық Қазақстан. Бұл өңірден 30-дан астам қоныс, 150-дей оба зерттелді.

Солтүстік және Батыс Қазақстан ру-тайпаларының археологиялық ескерткіштері.

Солтүстік және Батыс Қазақстан аумақтарында б.з.д. 2- мыңжылдықта Андронов мәдениетінің Алакөл кезеңінің ру-тайпалары мекендеген. Олардың шаруашылығының негізі- бақташылық пен кетпенді жер шаруашылығы болды. Осы облыстарда қола дәуірінің 150 –ден аса қоныстары мен 200 –ден аса қорымдары белгілі. Аталған аймақтарда 60 –тан аса тұрғын үйлер зерттелген.

Шығыс Қазақстан ру-тайпаларының қола дәуіріндегі ескерткіштері

Аймақта қола дәурінің мәдениеті алдыңғы, ортаңғы, соңғы болып үш кезеңге бөлінеді. Ескерткіштер өзен-көлдердің бойында кездеседі. Атап айсақ, Ертістің оң жағалауындағы Қанай ауылының іргесіндегі Сарыкөл, Қаражал, ескерткіштері, Нұрманбет қорымы. Осы қорымда ерлі –зайыпты екі адам бір қабірге жерленген.

Археолог А. Оразбаевтың пікірі бойынша, бұлай жерлеу аталық рулық құрылыстың күшіне енгендігін көрсетеді.

Шығыс Қазақстан жерінен табылған қола дәуірінің соңғы кезеңіне жататын ескерткіштерге Трушникова, Малокрасноярск қонсытары және Зевакино қорымы жатады.

Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу ру тайпаларының археологиялық ескерткіштері

Бұл аймақтарда қола дәуірінің ескерткіштері өте аз зерттелген. Жалпы, Оңтүстік Қазақстанда Таутары қорымы, ал Жетісу аймағында Қарақұдық қорымы мен Қапал және Биағаш ауылының жанынан табылған қорымдар белгілі. Солтүстік-Шығыс Жетісу аумағында дамыған және ерте темір дәуіріне жататын Қапал, Мыңшұңқыр-3 қоныстары мен қорымдары ашылған.



Таблица және тірек схемлары арқылы түсіндіру




Қай жерден табылған

Тұрақтар

Зерттеудегі жаңалықтар

1

Оңтүстік Қазақстан облысы

Қараүңгір(б.з.д.6-5мыңжылдық)

Үңгір-екі бөлмелі,

Тастан жасалған құрылыстар, сүйектен жасалған ине мен біз, Қыш ыдыстар

2





3

Маңғыстау облысы

Ойықты,Төлес

Қарқұдық (б.з.д.5-4 мыңжылдық)

Тұрмыста тері, сүйек, ағаш өңдеу кеңінен қолданылған.Қыш ыдыстар, сыртына геометриялық өрнектер салынған.

Шақпақ және жай тастардан жасалған көптеген бұйымдар. Тарақ тәрізді өрнекпен

4

Ақмола облысы


Атбасар мәдениеті- Қарлыға, Жабай

200- жуық тұрақ табылған. Жартылай көшпелі шаруашылық.

5

Торғай облысы

Маханжар, Тұздыкөл, Дүзбай, Сор

Ыдыстар ерекшелігі-жіңішке қылта мойын, конус тәрізді. Өрнектері –тарақша.



















3-сабақ: «Қарлы кесек» оқыта үйрету сабағы ( 45 минут)

Сынып бес топқа бөлінеді: А,Б,В,Г,Д. Ойын бес турдан тұрады. Әр топқа жеке тапсырмалар беріледі. Тапсырмаға дайындалуға 3-5минут беріледі. Дайындыққа берілген уақыт аяқталған соң 1-тур жарияланады. Оқушылар әр турда басқа топ мүшелеріне оқығанын түсіндіреді де, бірін-бірі бағалайды. 5-турдан соң оқушылардың жалпы ұпайы есептеледі.


А-тобына берілетін тапсырмалар:

  1. Адам баласының пайда болуы және оның дамуы

2. Қола дәуіріндегі Қазақстанның археологиялық ескерткіштері

3. Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениетінің зерттеуі.


Б- тобына берілетін тапсырмалар:

  1. Ежелгі тас дәуіріндегі адамдардың қоғамдық құрылысы.

  1. Солтүстік және Батыс Қазақстан ру-тайпаларының археологиялық ескерткіштері

  2. Неолит кезеңі ерекшеліктерінің зерттеуі


В-тобына берілетін тапсырмалар:

  1. Қола дәуіріндегі ру-тайпалардың шаруашылығы, қоғамдық қатынастары және мәдениеті.

  2. Қола дәуіріндегі қоғамдық қатынастар

  3. Ботай мәдениеті

Г-тобына берілетін тапсырмалар:

1.Орталық Қазақстандағы тайпалардың қола дәуіріндегі ескерткіштер.

2.Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу ру-тайпаларының археологиялық ескерткіштері.

3. Шығыс Қазақстан ру-тайпаларының қола дәуіріндегі ескерткіштері.


Д- тобына берілетін тапсырмалар:

  1. Қола дәуіріндегі ру-тайпалардың шаруашылығы

  2. Қола дәуіріндегі ру-тайпалардың металл өндіруі.

  3. Қола дәуіріндегі ру-тайпалардың үй-жай кәсібі және қолөнердің дамуы.

Қорытындылау.

Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма беру


4- сабақ. Жеке топтық жұмыс

Деңгейлік тапсырмалар.

Әр оқушыға 3 деңгей тапсырмалары таратылады. Әр деңгейде 2 тапсырмадан берілген. Оқушы қалған деңгей тапсырмасын орындап, мұғалімнің рұқсатымен дайын жауап үлгісін пайдаланып өз жауабын салыстырып, тексереді. Аяқталған соң келесі тапсырманы орындайды. Осылайша қалаған деңгей тапсырмасын орындап, өзін-өзі бағалайды.



III деңгей.

  1. Ғалымдар адам баласының біртіндеп дамуын қанша кезеңге бөледі? Оны қалай дәлелдеп отыр?

  2. Ежелгі тас дәуірі қанша кезеңге бөлінеді? Оларды атап шығыңдар.

II деңгей

  1. Орта палеолит кезеңі адамзат дамуының қай кезеңіне сәйкес келеді?

  2. Бұл кезеңнің тұрақтары Қазақстанның қай аймақтарынан табылған?

I деңгей

  1. Соңғы палеолит кезеңін ғалымдар адамдардың шын мәніндегі тарихи өмірінің бастауы деп не себептен айтқан, дәлелдеңдер.

  2. Неолит кезеңінде адамдардың тас құрал жасауда ең жоғары сатыға жеткенін немен дәлелдей аласыңдар?

Сабақты қорытындылау

Оқушыларды бағалау



5- сабақ : «Миллион кімге бұйырады» ойын сабағы (25 минут)

Мақсаты: Оқушылардың қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру арқылы, олардың жан-жақтылығын дамытып, логикалық ойлау қабілеттерін ашу және оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы деңгейлерін анықтау

Түрі: Деңгейлік тапсырмалар, сайысы

Көрнекіліктер: Тақырыбы, кезеңдері және жеңілдіктер, шарттары интерактивті тақтаға жазылып көрсетіледі.

Барысы: Құрметті оқушылар! Миллион кімге бұйырады? Атты тарихи –танымдық жарысқа қош келдіңіздер.( Ойынның әділдігін саралайтын әділ-қазылар алқасын сайлап алуымыз қажет)

Кезеңдері: 1. Іріктеу. Шарттары: ойынға қатысушыны таңдау үшін іріктеу кезеңіндегі сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушы ойыншы орындығына жайғасады.

Ойынды бастау.

Шарттары: Сұрақтар деңгей бойынша беріледі: жеңіл, орташа, күрделі. Жеке ойыншыға үш жеңілдік қарастырылған. Кез- келген уақытта ойында тоқтату мүмкіндігі бар.

Жеңілдіктер: (50-50, көрермендер көмегі, досыңа телефон шалу)

Іріктеу кезеңіне арналған сұрақтар:

  1. Алғашқы адамдардың қалыпты дамуын айтып баріңдер?

  2. Ерте полиолит кезеңінің қонастары қай жерден табылған?

  3. Соңғы палиолит кезеңі құралдарының ерте поллиолит кезеңінің құралдарынан ерекшелігі қандай?

  4. Соңғы полиолит дәуірінде құрал жасаудың қандай жаңа тәсілдері пайда болған?

  5. Ежелгі адамдардың қоғамдық құрылысы туралы не білесіңдер?

  6. Ежелгі тас дәуірінің кезеңдерін салыстыр?

  7. Мезолит дәуірі адам өміріне қандай жаңалық алып келді?

  8. Мезолит дәуірінің тұрақтары қай жерден табылды, олардың өзіндік ерекшеліктері қандай?

  9. Неолит кезеңі адам өміріне қандай жаңалықтар алып келді?

  10. Неолит кезеңінің қоныстары қай жерде орналасқан, «неолит революциясының» тарихи маңызы қандай?

Ойынды бастау . 1-ші ойыншыға сұрақтар

Жеңіл сұрақтар

  1. Екі жағынан да өңделген палеолиттік шапқыш құрал

  2. Оңтүстік Қазақстаннан табылған палиолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері

  3. Жебелі садақ пен бумеранг пайда болған дәуір.

  4. Қай кезеңде шаруашылық еңбек қалыптасып өнім өндіру шықты?

  5. Рулық қауым кезіндегі меншіктің түрі.

Орташа сұрақтар:

  1. Андроновтықтардың алғашқы ескерткіштері

  2. Қаратау жартастарынан табылған 49 сурет нені бейнелейді?

  3. Беғазы қонысы табылған аймақ

  4. Андронов қоғамындағы негізгі топ.

  5. Андронов селосы қай жерде орналасқан?

Күрделі сұрақтар:

  1. Энеолит кезеңіндегі мәдениеттер туралы айтып бер.

  2. Адам баласы дамуының барысында энеолит кезеңінің қандай тарихи маңызы болды?

  3. Ботай мәдениеті туралы не айтасың?

  4. Ежелгі тас дәуірінен кейін адам өмірінде қандай жаңалықтар болғандығы тыралы айтып бер.

  5. Ә.Марғұлан бастаған экпедицияның жоспарлы зерттеуі қандай мақсатты көздеді?

2-ші ойыншыға сұрақтар

Жеңіл сұрақтар:

  1. Қола дәуірінің ерекшеліктері қандай?

  2. Қоланың пайда болуы адам өміріне қандай өзгерістер алып келді?

  3. Беғазы Дәндібай мәдениетінің Андронов мәдениетінен қандай ерекшелігі бар?

  4. Солтүстіе және Батыс Қазақстандағы ерекшеліктердің зерттелуі туралы не білесің?

  5. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймағындағы ескерткіштердің маңызы неде?

Орташа сұрақтар:

  1. Қола дәірінде шаруашылықтың қандай түрлері дамыды?

  2. Қола дәірінде метталл өндірудің дамығандығын неден көруге болады?

  3. Үй- жай кәсібі мен қолөнердің дамуы неге байланысты болды?

  4. Қола дәуріндегі қоғамдық қатынастардың дамуын неден көруге болады?

  5. Қола дәуріндегі діни-наным сенімдер неге байланысты болды?

Күрделі сұрақтар:

  1. Арал маңын мекендеген сақ тайпалары қалай аталады?

  2. Археологиялық қазба деректер кезінде қай тайпаның әйелдер жататын қабірінен қару-жарақтар табылды?

  3. «Мұртты обалар қай мәдениетке жатады, олар қай жерден табылды»?

  4. Тигарахауда сақтары қай жерлерден табылды?

  5. Сақтар туралы жазба деректер жазған ғалым, сақтардың жаугершілік жорықтарға барғандығын немен дәлелдейді?

Осындай ретпен бірнеше студентті ойынға шығарып, көп ұпай жинаған студентті жеңімпаз атап, марапаттаймыз.

Кім жылдам ?(Ауызша сұрақтарға жауап алу және белгілі уақыт ішінде кестені толтрып үлгеру) (15 минут)

1.Б.з.д. 1-ғасырда Мидия шекараларына дейін жеткен қай тайпа?(Роксаландар)

2.Қайсы тайпада әйелдердің қабіріне қару-жарақ қойылған?(Сарматтар)

3. «Патша қорғандар» қай қорымнан көп табылды?( Бесшатыр қорымынан)

4.«Мұртты обалар» қай мәдениетке тән ескерткіштер( Тасмола)

5.«Аңдық стиль» сақтарға қай аймақтан тарады?(Алдыңғы Азия мен Ираннан)

6.Сақтардың құрбандық заттары қай аймақтан көбірек табылды? (Жетісу, Оңтүстік Қазақстан, Іле аңғары, Ыстықкөл маңынан)

7. Құрбандққа шалынған 13 жирен жылқы қаңқасы қай қорымнан табылды? ( Берел)

8.Тасқа салынған суреттер ғылыми атауы (Питроглиф)

9.Қола дәуіріндегі питроглифтер көп табылған жерлер?( Таңбалы, Ешкіөлмес, Тарғабатай)

10.Қола дәуірінде Қаратау жартастарына ненің 49 суреті салнған? (соғыс арбаларының)


Кесте толтыру

Дәуір

Адамдар дамуы

Еңбек құралдары

Шаруашылығы, кәсібі

Тарихи шеңбері

Ежелгі тас дәуірі

Ерте полеолит





Орта палеолит





Кейінгі палеолит





Орта тас дәуірі





Кейінгі тас дәуірі





Бағалау

Үйге тапсырма беру.



6- сабақ Сынақ-тест тапсырмалары:

1.Алғашқы еңбек құралының атауы

А)Чоппер

Ә)Болас

Б) Гарпун

В) Ретушь

2. Тік жүретін адам қай дәуірде өмір сүрген?

А) Ежелгі палеолит

Ә) Мезолит

Б) Неолит

В) Мустьер

3. Жебелі садақ пен бумеранг қай дәуірде пайда болды?

А) Палеолиттте

Ә) Мезолитте

Б) Неолитте

В) Қола дәуірінде

4. Андронотық тайпалар қай тілде сөйлеген?

А) Үнді-еропалық

Ә) Үнді-ирандық тіл

Б) Түркі тілі

В) Монғол тілі

5. Андронов мәдениеті Қазақстанның қай жерінде дамыды?

А) Батыс Қазақстан

Ә) Оңтүстік Қазақстан

Б) Солтүстік Қазақстан

В) Шғыс Қазақстан

6. Беғаз Дәндібай мәдениеті Қазақстанның қай жерінде дамыды?

А)Батыс Қазақстан

Ә) Оңтүстік Қазақстан

Б) Солтүстік Қазақстан

В) Шғыс Қазақстан

7. Қола дәуіріндегі адамдардың тұрмыс мен әл-ауқаты қандай жағдайға тәуелді болды?

А) Адамдар арасындағы жағдайға

Ә) жануарлар дүниесіне

Б) өсімдіктер дүниесіне

В) табиғи жағдайға

8. Неолит дәуірінде адамдар қандай жетістіктерге қол жеткізді?

А) саз балшықтан

Ә) ағаштан таяқ жасау

Б) тастан соққы жасау

В) тастан ыдыс жасау

9. Адам баласы алғаш рет металдан қандай түрінен құрал жасауды үйренді?

А) темір

Ә) алтын

Б) мыс

В) күміс

10. Қола дәуірінің Орталық Қазақстанда табылған қоныстары:

А) Чаглинка, Ақмола

Ә) Арқайым, Төңкеріс

Б) Трудниква, Қанай

В) Дәндібай, Беріккөл

11. Қос өркешті түйе бнйнесі арқылы андроновтар қандай құдайға табынған?

А) Соғыс құдайы

Ә) Күн құдай

Б) Күн күркіреу құдайы

От құдайы

12. Қола дәуірнде мыс кендері қай жерде өндірілді?

А) Степняк, Ақжал,

Ә) Атасу, Қалба,

Б) Қаратау, Таңбалы

В) Жезқазған, Зырян


13. Қола дәуірі мәдениетінің гүлденуіне қой елдер мәдениеті әсер етті?

А) Батыс Европа елдері

Ә) Жерорта теңізі мен Кіші Азия елдері

Б) Орта Азия елдері

В) Қара теңіз жағалауларындағы елдер

14. Теңсіздіктің шығуы қай кезеңде болды.?

А) Палеолит

Ә) Мезолит

Б) Қола

В) Неолит

15. Отпен уату арқылы кен өндіру әдісі қай дәуірде қолданылған

А) Тас дәуірі

Ә) Қола дәуірі

Б) Темір дәуірі

В) Мыстытас дәуірі








Мәнжазба жазу

  1. Тас, қола дәуірлері туралы түсінік және олардың ерекшеліктері

  2. Адам баласы дамуының барысында энеолит кезеңінің қандай тарихи маңызы болды.

Қорытындылау.

Бағалау.











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Урок по тему" Тас ж?не ?ола д?уірілеріндегі ?аза?стан

Автор: Отаралы Ж?мас?лу

Дата: 02.02.2016

Номер свидетельства: 286904


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства