Бекітемін: ____________________ Сынып: 8аКүні: 17.09.16 ж Пәні: Биология Сабақтың тақырыбы: Жасушаның құрылысы Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жасуша жайлы оқушыларға тереңірек мағлұмат беру Дамытушылық: Жасушаның органикалық және бейорганикалық заттардың ерекшеліктеріне көңіл аудару. адамның әлеуметтік тұлға ретіндегі ерекшеліктерін оқушыларда қалыптастыру Тәрбиелік: Жасуша тірі ағзалардың тіршілігі мен құрылысының ең кіші бірлік өлшемі екендігіне көз жеткізуге тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап Сабақтың көрнекілігі: слайд, парақшалар, кесте, тірек- сызба. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі: амандасу, түгендеу, журнал толтыру. Білім алушылардың көңіл-күйін сұрау. Психологиялық ахуал туғызу. II. Үй тапсырмасын тексеру:
Мүше дегеніміз не?
Асқорыту мүшелер жүйесін атап шық?
Организм қандай заттардан құралады?
Тыныс алу жүйесінің мүшелері?
III. Жаңа сабақ материалын түсіндіру: Жасушалардың құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылымды цитология деп атайды. Адам организмі жасушаларының пішіні- домалақ, ұзынша, жалпақ, төртқырлы, көпқырлы, призма тәрізді және т.б. Жасуша мөлшері мен пішінінің әр түрлі болып келуі атқаратын қызметіне байланысты. Мысалы, қанның эритроцит жасушалары сұйық ортада болғандықтан домалақ; тері жасушалары көпқырлы; бұлшықет жасушалары ұзын; жүйке жасушалары көп өсінділі (жұлдыз тәрізді) және т. б. Жасушалардың мөлшері де түрліше: адам ағзасындағы ең ірі жасушалар – жұмыртқажасушасы мен жүйке жасушасы. Қан мен лимфада болатын ең кішкене жасушалар – лимфоциттер.
Жасуша плазмалық жарғақша, цитоплазма, ядро және органоидтардан (эндоплазмалық тор, рибосома, митохондрия, лизосома, Гольджи жиынтығы, жасуша орталығынан) тұрады.
Плазмалық жарғақша(мембрана) (латынша «membrano» – жарғақ, қабық) жасушаның сыртын қаптайды, май мен нәруызды заттардан түзілген. Өсімдіктердің плазмалық жарғақшасының сыртында цитоплазмадан бөлінген өлі заттан түзілетін жасунықты (целлюлозалы) қалың қабықшасы болады. Мұндай қабықша жануарлар мен адамның жасушаларында болмайды. Олардың жасушалары тек плазмалық жарғақшамен ғана қапталады.
Жарғақшаның қызметі: 1) жасушаның ішіндегі барлық қоректік заттар мен қажетсіз өнімдер жарғақша арқылы өтеді. Себебі плазмалық жарғақшаның өте жұқарған жерін саңылау дейді. Заттардың барлығы саңылаулар арқылы өтеді; 2) плазмалық жарғақша жасушаның ішіне қажетті заттарды оңай өткізіп, зиянды заттарды өткізбейді; 3) жарғақша арқылы жасуша қоршаған ортамен қатынас жасайды. Әр түрлі заттар тек жасушаның ішіне ғана өтпей, көршілес жасушаларға да өтеді. Қатар жатқан екі жасушаның цитоплазмалары саңылау арқылы бір-біріне өтеді.
Цитоплазма (грекше «kytos» – жасуша, «plasma» – іркілдек сұйықтық) – плазмалық жарғақшамен ядроның орталығын толтырып тұратын іркілдек сұйықтық. Жасуша мен сыртқы орта арасында жүретін зат алмасуды қамтамасыз ететін жасушаның қажетті бөлімі. Цитоплазма жасушаның ішінде үздіксіз қозғалады. Егер қоршаған ортаның температурасы көтерілсе (жоғарыласа) цитоплазманың қозғалысы да күшейеді, төмендесе – баяулайды. Жоғары температурада цитоплазмада зат алмасу процесі (қоректену, тыныс алу) жылдамдайды.
Ядро – жасушаның реттеуші орталығы. Пішіні – домалақ, таяқша, үрмебұршақ тәрізді, екі жағы қысыңқы және т. б. эритроциттер (қан жасушасы) мен тромбоциттерде (қанның пластинкасы) ядро болмайды. Ядроның сыртын цитоплазмадан бөліп тұратын екі қабат жарғақша қаптайды. Ядроның ішінде толтырып тұратын іркілдек ядро шырыны болады. Ядро қабықшасында да өте ұсақ саңылаулар бар. Ядро саңылаулар арқылы цитоплазмамен байланысады. Ядро цитоплазмамен тығыз байланысып, жасушаның барлық тіршілік әрекеттеріне (өсу, көбею, зат алмасу) қатысады. Ядро қабықшасы (жарғақшасы) заттардың қозғалысын (ядроға енуі, ядродан шығуы) реттейді. Ядро шырынында хромосомалар мен ядрошықтар болады.
Хромосома(грекше «chroma» – түсі, «somа» – дене, тез боялатын дене) – тұқымқуалау қасиетін сақтайтын жіп, таяқша тәрізді түзіліс. Адамның дене жасушаларында хромосомалардың саны тұрақты – 46, жыныс жасушаларында 23. Хромосоманың бөліктерін – «ген» дейді. Гендер хромосоманың ұзындығына қарай түзу сызық бойымен орналасқан. Олар тұқымқуалау белгілерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырады.
Ядрошықтар– кейбір жасушаларда пішіні мен құрылымын өзгертіп тұратын тығыз түзіліс (денешік). Жасушалардың бөлінуге дайындық кезеңінде ядрошық жойылып, басқа кезеңінде қайта түзіледі. Ядрошық нуклеин қышқылының синтезіне қатысады.
IV. Жаңа сабақты бекіту, меңгерту: 1.Семантикалық картамен жұмыс:
Ж
А
Х
Р
П
Р
И
Ц
С
У
О
М
М
З
И
Т
Ш
А
О
А
А
Я
О
П
Л
С
О
М
Д
Р
О
А
З
М
А
2. Сұрақтар: 1. Адам организмі жасушаларының пішіні? Домалақ, ұзынша, жалпақ, төртқырлы, призма тәрізді 2. Тері жасушаларының пішіні? Көпқырлы 3. Адам организміндегі ең ірі жасушалар? Жұмыртқа жасушасы 4. Қанда болатын ең кіші жасушалар? Лимфоциттер 5. Жасуша құрылысын ата? Плазмалық жарғақша, ядро, цитоплазма, ядрошық, эндоплазмалық тор, митохондрия.
3. Биологиялық диктант: 1._______________________________ жасушаның сыртын қаптайды, май мен нәруызды заттардан түзілген. Плазмалық жарғақша 2.Плазмалық жарғақшаның өте жұқарған жерінде ұсақ тесікшелер- __________________ болады. Шұрықтар 3.Цитоплазма- жасуша ішін толтырып тұратын ________________________ . 4.Ядроның ішіндегі тығыз түзіліс - ___________________ . Ядрошық
V. Жаңа сабақты қорытындылау:
Бүгінгі сабақта біз жасуша құрылысымен танысып, олардың қандай қызмет атқаратындығын білдік. VI. Үй тапсырмасын беру: §3 оқу. Деңгейлік сұрақтарға жауап беру.